Азат елдің ономастикасы – мемлекетіміздің рухани қазынасы атты ғылыми-тәжірибелік конферецияның материалдары



Pdf көрінісі
бет22/22
Дата11.11.2019
өлшемі2,08 Mb.
#51559
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
19 Асанбаева
SBORNIK-80-leti-Nez-RK-16

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1Қайдар Ə. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998.-3046. 
2.Əлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі. Словарь социолингвисти- ческих терминов. 
Сүлейменова Ə. Д., Шаймерденова Н.Ж., Смағұлова Ж.С., Ақанова Д.Х. — Астана: Арман-
ПВ, 2008. — 392 б. 
3.РысбергенҚ.Қ.  Қазақ  топонимиясының  лингвокогнитивтік  және  этномәдени  негіздері. 
Филол. ғыл. доктор.дисс.авт. Алматы, 2010. 64 б. 
4.Нұржекеев Б. Өзендер өрнектеген өлке. - Алматы: Жалын, 1987. - 228 бет. 
5.Жанұзақ  Т.  Қазақстан  географиялық  атаулары.  Алматы  облысы.  -  Алматы:  Арыс,  2005.  - 
256 бет. 
6.Жүнісов Д. Өзен-көл атаулары. - Алматы: Қазақстан, 1991.- 128 бет. 
7.Артықбаев Ж. О., Сабданбекова Ə. Ə., Елемесов Ə. Қ., Дауенов Е. Н. 
8.Дәстүрлі қазақ этнографиясы: оку-әдістемелік құралы. -Павлодар: «Кереку»,2008.-Б. 2.-260 
9.Керимбаев Е. А. Казахская ономастика в этнокультурном, номинативном и 
функциональном аспектах. -Алматы, 1995. - 248 с. 
10.Қайдар Ə. Ұлтты ұйыстыратын құдіретті ұйытқы. - Алматы, 2003. -319 6. 
 
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ 
ДИНАМИКАСЫ 
 
Әбдуәлиұлы Б. 
Л.Н.Гумилев 
атындағы 
Еуразия 
ұлттық 
университетінің 
профессоры, 
филология 
ғылымдарының докторы 
 
Ономастикалық  саясат  –  ұлттық  саясаттың  бір  бөлігі  ретінде  аса  маңызды  рөл 
атқарады. Қазақстан ономастикалық  кеңістігін жаңа сапаға көтеру бағытында бүгінге дейін 
атқарылған  жұмыстар  мен  жинақталған  тәжірибе  ономастиканы  дамытудың  жаңа  әдістерін 
дүниеге  келтірді.  Бұл  орайда  мынандай  екі  мәселеге  назар  аударуға  болады:  біріншіден, 

159 
 
алдағы  болашақты  сауатты  жоспарлау;  екіншіден  атқарылған  жұмыстарды  жалпылай  ғана 
емес,  статистикалық  тұрғыдан  нақты  бағалап  отыру.  Осы  арқылы  қазақ  ономастикасының 
даму динамикасы туралы дәл ақпараттар алуға болады.   
Бүгінге  дейінгі  тәжірибеміз  сауатты  жоспарланған  ономастикалық  жұмыстар  тілдік 
саясатта да, мемлекеттік саясатта да, жалпы алғанда ұлттық саясатты жүргізуде де маңызды 
рөл атқаратынын көрсетіп отыр. Елімізде көпұлттың өкілдері тұрып жатқандықтан, ғылымда 
да  ұлтаралық  қатынастар  мәселесіне  назар  аударылып,  ол  қоғам  дамуындағы  аса  маңызды 
факторлардың бірі ретінде қарастырылып келеді. Кез келген мәселені шешудің тиімді жолы 
болып  табылатын  ғылыми  тұжырымдар  екенін  білеміз,  сондықтан  ономастикалық  саясатта 
да  сауатты  жоспарлаудың  жолдарын  анықтауды  ғылымның  қатысуынсыз  елестету  мүмкін 
емес.  
Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарынан-ақ  мемлекеттік  саясат  ономастикалық  атауларға 
баса  мән  берген  болатын,  алайда  бұл  біртұтас  сипатта  жүзеге  асқан  жоқ.  Еліміздің  әр 
аймағында тұрып жатқан халықтың ұлттық құрамының бұған әсер еткендігін жоққа шығара 
алмаймыз.  Екінші  сөзбен  айтқанда  халықтың  қалауына  көбірек  мүмкіндік  берілді.  ҚР  «Тіл 
туралы»  Заңының  баптарында  көрсетілгендей  атау  беру  мен  қайта  атау  кезінде  жергілікті 
тұрғындардың пікірі ескерілді. Біздің ойымызша Қазақстан халқының туған жерінде ұлттық 
бөтенсіту  болмайтынына  және  алдағы  болашағын  жоспарлауына  ешқандай  кедергі 
келтірілмейтініне сенуіне үшін жүргізіліп отырған мемлекетік саясаттың тікелей осы сипатта 
өрбуі қажет те еді. Соның ішінде дұрыс жоспарланған тілдік, яғни ономастикалық саясаттың 
да  өзіндік  орын  алғаны  шындық.  Саясаттың тұрақтылығы  халық  сенімінің  нығаюына  алып 
келеді.  Алдын  ала  болжанып,  сауатты  жүргізілген  тілдік  саясат  немесе  қадам  маңызды  әрі 
нәтижелі  болуы  мүмкін  дейтін  болжамды  бүгінгі  күн  көрсеткіштері  растап  отыр.  Келесі 
кезеңде  осы  саясат  халықтың  сеніміне  ие  бола  отырып,  батыл  қадамға  бастауы  мүмкін. 
Алайда  бір  күмәнсіз  нәрсе  –  түрлі  халықтардың  тарихи  және  тілдік  мүддесі  ескерілген 
жағдайда халықаралық қатынас мәдениетіне алып баратын дұрыс бағыт айқындалады. Əрбір 
мемелекет  ұлттық-тілдік  саясатын  өз  ішінде  қалыптасып  отырған  тілдік  жағдайына, 
халқының  ұлттық  құрамына,  ұлттық  дәстүріне,  төл  мәдениетінің  даму  тұжырымдамалары 
мен  болашағына,  сондай-ақ  түрлі  ұлттардың  құнды  бағдарларына  сәйкесендіре  отырып 
жүзеге  асыруы  тиіс.  Б.Я.  Шарифуллин  «Тілдік  саясат  және  тілдік  ахуал  тұрғындардың 
әлеуметтік,  экономикалық  және  мәдени  өмірінің  жақсаруындағы  маңызды  фактор  болып 
табылады», – деп атап өтеді [1; c.172]. Қазақстан Республикасының тілдік саясаты мен тілдік 
жоспарларының бағдарламалары қазақ тілінің рөлін нығайту мен беделін көтеруге баса мән 
береді  және  сонымен  қатар  өзге  тілдерге  көзқарас  тұрғысынан  толеранттылық  саясатты 
сақтай  отырып,  қалыптасқан  тілдік  ахуалды  реттеуге,  тілдік  тетіктерді  жетілдіруге,  жалпы 
алғанда  әлеуметтік-коммуникативті  кеңістікті  қалыптастыру  мен  дамытуға  арналған. 
Ономастикалық  саясат  тек  қана  мемлекеттік  немесе  басқа  да  институционалдық  ресми, 
бейресми  зерттеулермен  ғана  айналыспайды,  көзқарастар  орталығында  сонымен  қатар 
қоғамдық қатынастар мен тәжірибеге әрі қарай да ықпал ете беретін тарихи-мәдени оқиғалар 
мен үдерістер тұрады.  
Тәуелсіз  әрі  экономикалық  жағынан  дамыған  елімізде  қазір  ономастикалық  саясатқа 
қоғам  қалыптасуының  ажырамас  бөлігі  ретінде  баса  мән  беріліп  отыр.  Қазақ 
ономастикасының  бүгінгі  жетістіктері  бұған  дейін  жоспарланған  саясаттың  нәтижелері 
болып табылады. Бұл  саясаттың жүйесі  мен  жүзеге асырылу тетіктері  құқытық құжаттарда 
нақты  айқындалған  болатын.  Тіл  туралы  құқықтық  құжаттардағы  ономастикалық 
жоспарлардың  және  оладың  дамуы  мен  қызмет  ету  үдерісінің  тілдік  ахуалға  әсер  етуші 
бастау  көз  ретінде  қозғаушы  күшке  айналған  жерінде  мемлекеттің  тілдік  саясаты 
қалыптасады.  Мемлекеттілік  пен  ұлттық  мүддеге  негіздей  отырып  жүргізілген  салиқалы 
тілдік  саясаттың,  осыдан  біршама  уақыт  бұрын  алға  жоспарланған  стратегиялық 
болжамдары қазіргі кезде өзінің тиімді нәтижелерін беріп жатқанын шамалаймыз. 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ономастика мәселелері шешімді сипатқа ие 
болып,  жалпы  ел  саясатына  «құпия,  бейресми»  ықпал  етуші  қызмет  атқарып  келеді.  Қазақ 

160 
 
ономастикасын  жүйелеу  мен  дамытуға  арналған  түрлі  жобалар  мен  тұжырымдамалар 
енгізілді.  Тілдік  құқыққа  негіздей  отырып,  ресми  және  бейресми  тарап  өкілдерінің 
ұйымдастыруымен көптеген жұмыстар атқарылды. Алға қойылған мақсаттың орындалуына 
ең  бірінші,  жүзеге  асуы  мен  дамуы  барысына  тікелей  ықпал  ететін  үдерістердің  жеке 
табиғатын,  оны  құраушы  элементтерді,  лингвистикалық  және  экстралингвистикалық 
факторларды  терең  түсіну  мен  тұжырымды  пікірлер  қажет,  әрине  тілдің  жайлы  жағдайда 
дамуы мен қызмет етуіне ыңғайлы орта қалыптастырудың да маңызы зор.  
Тіл  табиғатына  саналы  әрі  белгілі  бір  мақсат  аясында  ықпал  ете  отырып,  оның 
функционалдық жүйесіне сәйкес өзгерістер енгізіп, қызметін реттеуге болады. Осыған орай 
оның әлеуметтік-маңыздылығы нығайтылады және әртараптандырылады. Түрлі тараптардың 
ішінде ономастика мәселесі де тұр.  Мемлекеттің алға дамуымен бірге атау беру саясатының 
күрделі жүйесі қатар жүреді. Қала нысандарына атау беру – мемлекеттік органдарды реттеу 
тәсілдерінің  бірі.  Жүргізіліп  отырған  тілдік  саясатқа  байланысты,  мәселені  құқықтық 
реттеуді  орталықтандыру  дәл  осы  жолмен  жүзеге  асырлады.  Еліміздегі  ономастикалық 
жоспарлау, оның жүзеге асырылуы негізінен құқықтық құжаттар талабына негізделе отырып 
жүргізіліп  келеді.  Орталықтандырылған  жүйенің  негізінде  Қазақстан  онмастикалық 
кеңістігінің  біртұтастық  сипаты  орнығып,  даму  бағыттары  да  өзіндік  жолын  айқындады. 
Сауатты жоспарлау дегенде біз еліміз басынан кешіріп жатқан ұлттық ономастикаға тікелей 
ықпал  етуші  экономикалық  дамудың  қарқын  алып  тұрған  қазіргі  жағдайын  ойға  аламыз. 
Мемлекеттік  мекемелерге,  яғни  ресми  орындарға  қатысты  атаулардың  негізгі  бөлігіне 
бүгінде  ұлттық  сипат  берілген.  Олар  негізінен  құқықтық  қамтамасыз  етілген,  тисті 
талаптарға сай жүзеге асырылып келеді.  
Ал ҚР «Тіл туралы» Заңында көрсетілгендей, мемлекеттік емес мекемелер немесе т.б. 
жекеменшік  нысандардың  атау  таңдау  еріктері  өздеріне  берілген.  Экономика  нарық 
заңдарына  орайластырылғанда  алдағы  күнді  жоспарлау  да  осы  мақсатқа  құрылады.  Бұл 
тұрғыдан  қарағанда  қазақ  ономастикасы  мен  экономикалық  дамудың  арасындағы  тығыз 
байланыстың  белгілері  көрінеді.  Нарық  заңдары  негізінен  әлеуметтің  материалдық 
сұранысын  қамтамасыз  етуге  бағытталады  да,  рухани  құндылықтар  екінші  орынға  қарай 
ығысады.  Нарыққа  жалпы  адамзатқа  ортақ  қажеттіліктер  шығарылатындықтан,  оларды 
тұтынушылардың да бір алаңға жиналуына ықпал етеді. Бұндай жағдайда ұлттық белгілердің 
өзіндік бояуы солғындай бермек. Ол жекелеген тұлғалардың да тілдік санасына ықпал етеді. 
Ономастикалық  атаулардың  айналасындағы  дау,  соның  ішінде  мемлекеттік  тілдегі 
нұсқасының  көбіне сынға ұшырап жататынын міне осы екі мәселеге байланысты: кәсіпкерге 
берілген  еркіндік  пен  жалпыға  ортақ  нарық  талаптары  көбіне  ұлттық  жағдайды  ескеруге 
мұрша  бермей  кетеді.  Жинақтай  айтқанда  қазіргі  Қазақстандағы  ономастикалық  саясат  сөз 
болып  отырған  осы  екі  бағыттың  (мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес)  аясына  топтасады. 
Əуелгі  жоспарлау  мен  жолға  қоюдың  нәтижесін  қазіргі  қазақ  ономастикасының  жалпы 
сипатынан көрінеді.  
Біз  бұл  орайда  еліміздің  оңтүстік  шығысы  мен  батыс  өңірлеріндегі  ресми  бекітілген 
атаулардың  жалпы  даму  барысына  назар  аударғанбыз.  Тәуелсіздік  алғанымызға  шиек 
ғасырдан асса да көп мәселелердің шешімі табылмай келе жатқанына қынжылатынымыз бар, 
алайда статистикалық мәліметтерге қарағанда жағдай сондайлық ушығып тұрмаған сияқты. 
Əрине  атаулар  жиі  ауысады,  сондықтан  нақты  мәліметке  қол  жеткізудің  де  өзіндік 
қиындықтары бар. Дегенмен, нақты бір нәрсені айтуға болады ол  – алынған статистикалық 
ақпарат  қаншалықты  ескіріп  қалды  дегенімізбен,  өзгерістер  тек  жақсы  жаққа  қарай 
жүргізілетіні  белгілі  және  қарқыны  да  асығыстыққа  жол  беріп  жатқан  жоқ,  сондықтан  дәл 
болмағанмен, осы мәліметтер арқылы қазіргі жағдайды бағамдауға болады. Енді төменде сол 
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс 
Қазақстан  облыстары  бойынша  атаулардың  жалпы  саны,  өзгерістері,  ұлттық  құрамы 
қамтылған мәліметті назарға ұсынамыз: 
 
 

161 
 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ 
  
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ 
 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ 
 
Аудандар 
саны 
Ауылдар 
саны 
Өзгертілген 
атаулар саны 
Атаулардың тілдік ерекшеліктері 
Қазақша 
Өзге тілдегі 
 
16 
 733 
 
 
134 (17,4%) 
699 (82,7%) 
 44 (5,7%) 
 
Қалалар атаулары:  Алматы, Қапшағай, Талдықорған Есік, Жаркент, Қаскелең, Сарқан, Талғар, 
Үшарал, Үштөбе. Барлығы: 10
Аудан орталықтары: Райымбек ауданы (44 ауыл), Еңбекші қазақ (79 ауыл), Ескелді ауданы(33 
ауыл),  Іле  ауданы  (35  ауыл),    Қарасай  ауданы  (63  ауыл),  Қаратал  ауданы  (35  ауыл),    Кербұлақ 
ауданы  (64  ауыл),    Сарқан  ауданы  (35),  Талғар  ауданы  (56  ауыл),    Ұйғыр  ауданы  (25  ауыл),  
Панфилов ауданы (44 ауыл),  Жамбыл ауданы (61 ауыл),  Көксу аудны (34 ауыл),  Ақсу ауданы 
(50 ауыл),  Алакөл ауданы (57 ауыл),  Балқаш ауданы (18 ауыл).
 
Аудандар 
саны 
Ауылдар 
саны 
Өзгертілген 
атаулар саны 
Атаулардың тілдік ерекшеліктері 
Қазақша 
Өзге тілдегі 
 
10 
 
536  
 
256 (47%) 
 
518 (95%) 
 
28 (5%) 
 
Қалалар атаулары: Жаңатас, Қаратау, Шу, Тараз. 
Аудан орталықтары: Байзақ (46 ауыл), Жамбыл (43 ауыл), Жуалы (50 ауыл), Қордай (39 
ауыл), Меркі (44 ауыл), Мойынқұм (26 ауыл), Сарысу (25 ауыл), Т.Рысқұлов (41 ауыл), 
Талас (24 ауыл), Шу (44 ауыл).  
Аудандар 
саны 
Ауылдар 
саны 
Өзгертілген 
атаулар саны 
Атаулардың тілдік ерекшеліктері 
Қазақша 
Өзге тілдегі 
11 
881 
431 ( 49%) 
864 ( 98%) 
17 ( 2%) 
Қалалар 
атаулары:  Жаңатас, Қаратау, Шу, Тараз. 
Аудан  орталықтары:  Байзақ  (46  ауыл),  Жамбыл  (43  ауыл),  Жуалы  (50  ауыл),  Қордай  (39 
ауыл), Меркі (44 ауыл), Мойынқұм (26 ауыл), Сарысу (25 ауыл), Т.Рысқұлов (41 ауыл), Талас 
(24 ауыл), Шу (44 ауыл).
 
Аудандар 
саны 
Ауылдар 
саны 
Өзгертілген 
атаулар саны 
Атаулардың тілдік ерекшеліктері 
Қазақша 
Өзге тілдегі 

368 
38 (10%) 
95 ( 98%) 
19 (4%) 
Қалалар атаулары: Қызылорда, Арал, Қазалы 
Аудан 
орталықтары: Байзақ (46 ауыл), Жамбыл (43 ауыл), Жуалы (50 ауыл), Қордай (39 ауыл), Меркі 
(44 ауыл), Мойынқұм (26 ауыл), Сарысу (25 ауыл), Т.Рысқұлов (41 
ауыл), Талас (24 ауыл), Шу (44 
ауыл). 

162 
 
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ 
 
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ 
  
 
АҚТӨБЕ  ОБЛЫСЫ 
 
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ 
Статистикалық мәліметтер  – 2017 жылы мамыр айында атқарған жұмыстарымыздың 
нәтижесі,  «Атау  кз»  порталынан  алынды.  Атаулар  базасын  жасаудың  алғашы  қадамдары 
жасалып,  Қазақстан  бойынша  ресми  бекітілген  атаулар  бір  орталыққа  жинақталған.  Қазіргі 
Аудандар 
саны 
Ауылдар 
саны 
Өзгертілген 
атаулар саны 
Атаулардың тілдік ерекшеліктері 
Қазақша 
Өзге тілдегі 

64 
18 (25%) 
70 (97%) 
2 (3 %) 
Қалалар атаулары:  Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко 
Аудан  орталықтары:  Бейнеу  (12  ауыл),  Қарақия  (8  ауыл),  Маңғыстау  (28  ауыл), 
Мұнайлы (10 ауыл), Түпқараған (4 ауыл). 
Аудандар 
саны 
Ауылдар 
саны 
Өзгертілген 
атаулар саны 
Атаулардың тілдік ерекшеліктері 
Қазақша 
Өзге тілдегі 

471 
62 (15%) 
442 (94%) 
29 (6 %) 
Қалалар атаулары: Атырау, Құлсары. 
Аудан  орталықтары:  Жылыой  ауданы  (15  ауыл),  Индер  ауданы  (18  ауыл),  Исатай 
ауданы (22 ауыл), Құрманғазы ауданы (114 ауыл), Қызылқоға ауданы (143 ауыл), Мақат 
ауданы  (13  ауыл),  Махамбет  ауданы  (37  ауыл).  Атырау  қаласына  қарасты  ауылдар  (34 
ауыл) және селолық округтер (75)  
Аудандар 
саны 
Ауылдар 
саны 
Өзгертілген 
атаулар саны 
Атаулардың тілдік ерекшеліктері 
Қазақша 
Өзге тілдегі 
12  
362  
108 (28%) 
337 (90 %) 
25 (10 %) 
Қалалар атаулары: Ақтөбе   
Аудан орталықтары: Алға (26 ауыл), Əйтеке би (24 ауыл), Байғанин (27 ауыл), Қарғалы 
(16  ауыл),  Қобда  (42  ауыл),  Мәртөк  (44  ауыл),  Мұғалжар  (37  ауыл),  Ойыл  (16  ауыл), 
Темір (26 ауыл), Ырғыз (20 ауыл), Хромтау (40 ауыл), Шалқар (44 ауыл) 
Аудандар 
саны 
Ауылдар 
саны 
Өзгертілген 
атаулар саны 
Атаулардың тілдік ерекшеліктері 
Қазақша 
Өзге тілдегі 
12  
361  
47 (13 %) 
323 (86 %) 
38 (14 %) 
Қалалар атаулары:  Орал, Ақсай 
Аудан орталықтары: Алға (26 ауыл), Əйтеке би (24 ауыл), Байғанин (27 ауыл), Қарғалы 
(16  ауыл),  Қобда  (42  ауыл),  Мәртөк  (44  ауыл),  Мұғалжар  (37  ауыл),  Ойыл  (16  ауыл), 
Темір (26 ауыл), Ырғыз (20 ауыл), Хромтау (40 ауыл), Шалқар (44 ауыл). 

163 
 
кезде оған кез келген адам кіріп, өзіне қажетті мәліметтерді ала алады. Біз ұсынып отырған 
статистика  атауларды  өзгертудің  елеулі  дәрежеде  жүзеге  асқанын  көрсетеді.  Мысалы, 
шамамен  барлығы  3856  атаудың  1049-ы  (27%)  өзгерген,  яғни  ұлттық  сипатқа  ие  болған. 
Соның  ішінде  3654-і  (95%)  қазақ  тілінде,  қалған  202-і  (5%)  орыс  тілінде  екен.  Əрине  бұл 
қарастырылып  отырған  облыстарда  құрамы  жағынан  негізінен  жергілікті  ұлттың  өкілдері 
тұрады,  сондықтан  жалпы  оңтүстік-шығыс,  оңтүстік  және  батыс  аймақтардың  мәліметтері 
бойынша  біртұтас  Қазақстан  ономастикасының  даму  бағыттарын  көрсету  қиын.  Біздің 
назарымызды  аударып  отырған  ауыстырылған  27  пайыз  бен  басқа  тілдегі  5  пайызды  алып 
тастағанда  қалатын  68  пайыз  байырғы  атауларымыз,  яғни  шамамен  осынша  көлемдегі 
атауларымыз сақталып келеді екен. 
Түрлі  ақпарат  көздері  (соның  ішінде  «Атау  кз»  порталы  да  бар)  ұсынып  отырған 
материалдарды  пайдалана  отырып,  қазақ  ономастикасын  қолданбалы  лингвистикалық 
тұрғыдан  зерттейтін  тың  мәселелер  туындап  отыр.  Ол  байырғы  қазақ  атаулары,  кеңестік 
жүйе тұсында қазақша қойылып, сақталып қалған атаулар, өзгертілген атаулар және олардың 
мағыналық  ерекшеліктері  мен  атау  беру  принциптеріне  сәйкестігі,  шығу  уәждері  т.б. 
бойынша  топтастыра  отырып,  қазақ  ономастикасының  даму  бағыттарын  айқындау. 
Сөзіміздің басында атап өткеніміздей, сауатты жоспарлау мақсатының бұл орайда да өзіндік 
орны бар. Бізде осыған дейін стратегиялық жоспар ретінде құқықтық-нормативтік құжаттар 
басшылыққа  алынып  келді.  Бірорталықтандырушы  тетік  ретінде  оның  маңызы  жоғары,  ал 
ендігі кезекте қолданбалы тілдік жоспарлауды да күн тәртібіне қоюымыз керек. Сонда ғана 
алдыға қойылған мақсат өз мәресіне жете алады.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Шарифуллин Б.Я. Языковая политика в городе: право языка vs. языковые права человека 
(право  на  имя).  -  Юрислингвистика-2:  русский  язык  в  его  естественном  и  юридическом 
бытии. - Барнаул, 2000. - С. 172-181. 
2.  Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. І том. – Астана: «1С-Сервис» ЖШС, 2006. – 400 бет. 
Бияров Б. Жер-су атауларының сөзжасамдық үлгілері. Монография. – Алматы: Мемлекеттік 
тілді дамыту институты, 2012. – 460
 
 
 

164 
 
ƏОЖ  81.373.2 (063) 
КБЖ 81.2-3 
А-29 
Редакция алқасы: Əбсадықов А.А., фил. ғыл. докторы, профессор 
Көлбаева М.,
 
филология магистрі аға оқытушы 
Айткужинова С.Н., педагогика магистрі 
Мұратбеков М.Ф., филология магистрі 
 
 
 
 
 
 
Ғылыми басылым 
 
А  49 «АЗАТ ЕЛДІҢ ОНОМАСТИКАСЫ – МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ 
РУХАНИ ҚАЗЫНАСЫ» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының 
материалдары 
 
ISBN 978-601—7933-75-3                              
 
Конференция  жиағын  дайындаушы  редакция  алқасының  түпнұсқа-макетіне  сәйкес 
«Қостанай мемлекеттік университеті» баспасының қатысумен басылды. 
 
                                                                                             ƏОЖ  81.373.2 (063) 
                                                                                              КБЖ 81.2-3 
                                                                                               А-29 
 
Баспаға берілді. 20.10.2017 г. 
Форматы60×84 1/8 Əріп түрі Times Neu Roman 
Баспа –ризограф. Қағазы  офсеттік 
Физ.басп.т 164. Шартты.басп.т.39,5 
Тираж 30  дана.Заказ №12 
 
 
 «Қостанай мемлекеттік университеті» типографиясында басылды. 
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., А.Байтұрсынова көш., 47 
 
 
 
 
ISBN 978-601—7933-75-3                              © Қостанай мемлекеттік университеті, 2017 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет