Азат елдің ономастикасы – мемлекетіміздің рухани қазынасы атты ғылыми-тәжірибелік конферецияның материалдары



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата11.11.2019
өлшемі2,08 Mb.
#51559
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
19 Асанбаева
SBORNIK-80-leti-Nez-RK-16

 
 
 

105 
 
ТУҒАН ӨЛКЕМНІҢ ТОПОНИМДЕРІ  
 
Капанов М.,  ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының 3 курс курсанты  
Қасымов С.К., ф.ғ.к., ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының профессоры.
 
Көкшетау қаласы 
 
Топоним  дегеніміз  - ономастиканың жер  -  су,  елді  мекен  атауларының  шығуы  мен 
пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі 
жағдайын,  грамматикалық, фонетикалық пішінін,  жазылуы  мен  екінші  бір  тілде  берілуін 
зерттейтін  құрамдас  бөлігі.  Бұл  гректің  «топос»  —  орын,  жер,  «онома»  —  атау  деген  екі 
сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз[1]. Топонимдер бізде кеңінен қолданылады. 
Қазақстан жерінде көптеген әйгілі жер, су атауларына байланысты топонимдер бар.  
Өзімнің  туып  өскен  жерім  Бурабай  -  Көкше  өлкесіндегі  ғажайып  мекен.  Бурабай 
аймағында көптеген жер, су, тау атауларына байланысты көптеген аңыз-әңгімелер құралып, 
таралып  келеді.  Бурабай  атауының  өзі  топоним  болып  келеді.  Оның  шығу  тарихына 
байланысты  көптеген  аңыздар  бар.  Сол  ата  заманда  осы  жер  үшін  көптеген  тайпалар 
арасында соғыс болған. Бірақ осы жерде мекен еткен негізгі тайпа болған, олар осы жер үшін 
көптеген  қан  төгіс  шайқастар  өткізген.  Оған  қарамастан  басқа  тайпалар  бірінен  кейін  бірі 
шабуыл  жасай  беретін.  Күндердің  бір  күнінде  осы  қауымның  ерлері  аң  аулауға  қосылып 
барады  да,  ауылды  қорғауға  арасындағы  ең  мықты  Бурабай  атты  батырды  қалдырады. 
Барлық ерлер ауылдан шыққанда ауылдың қасындағы орманда күшін жинап тұрған жаулар 
ауылда ер адам жоқ деп шабуыл жасайды. Бірақ ауылда қалған батыр табиғаттан өте күшті 
болған. Ол шабуыл жасаған жауларға өзі жалғыз мықты төтеп береді де, ауылдың әйел, бала-
шағаларына, мал-мүлкін жинап қашуға жеткілікті уақыт ұтып алады. Ауыл адамдары таудың 
ар жағына көшіп үлгеру үшін ол өз өмірін құрбан етті. Оның есіміне байланысты, сол елді 
мекен еткен халық осы жерді Бурабай деп батыр есіміне байланысты атап кеткен. Одан басқа 
да Бурабай жерінде Жұмбақтас, Оқжетпес, Абылай хан алаңы тағыда басқа тапонимдер бар. 
Жұмбақтас атауының шығу аңызы осындай болып келеді. Бурабайдың сыңсыған қайыңдары 
мен қарағайларының арасында айнадай жарқыраған Күміскөл жатыр. Сол көлдің ортасында 
судан  шығып  келе  жатқандай  көрініс  беретін  жартас  бірден  көз  тартады.  Əрбір  қырынан 
қараған сайын, бұл жартас мың құбылып, әр түрлі жұмбақ мүсінді елестетеді. Бір қырынан 
қайыққа ұқсаса, екінші жағынан шашын жайған ару қыз көрінеді. Содан да болар халық оны 
Жұмбақтас деп атап кеткен. 
Ел  арасында  осы  Жұмбақтас  туралы  талай  аңыз  бар.  Мәселен,  ертеде  мал-жаны 
мыңғырған  бір  бай  өмір  сүріпті.  Оның  көп  ұлдарының  арасында  сұлу,  ақылды  әрі  өнерлі 
жалғыз  қызы  болыпты.  Күндердің  күнінде  сол  елге  әнші  әрі  күйші  бір  сері  жігіт  қыдырып 
келеді. Осында жүріп, ол байдың қызымен танысады. Қыз әкесінің рұқсат бермейтінін білген 
соң  олар  түн  жамылып  Күміскөл  жаққа  қашып  кетеді.  Мұны  естіген  бай  жігітті  өлтіріп, 
қайткенде де қызды тауып алып келуге бұйрық беріп, ұлдарын аттандырады. 
Əке  қаһарынан  қорыққан  ұлдары  қыз  бен  жігіттің  ізін  аңдиды.  Күміскөлді  паналаған 
бірін-бірі  ұнатқан  екі  жасты  қолға  түсірмек  болады.  Жағалауда  жапырақ  жамылып, 
садақтарын  дайындап,  айлап торуылдап жатады. Бір  жолы екі  жас  қайықпен жағаға жақын 
келіп  тоқтайды.  Осы  сәтті  пайдаланған  қуғыншылар  жігітті  садақпен  атып  салады.  Сүйген 
жігітінен  айырылып,  зар  еңірген  жас  ару  батып  бара  жатқан  күнге  қолын  созып,  құдайға 
жалбарынады.  Өзін  қайығымен  қоса  тасқа  айналдырып  жіберуін  өтінеді.  Қыз  тілегі 
орындалып, ол сол сәтте тас мүсінге айналады. Міне, Жұмбақтастың бір сыры осындай. 
Ал  биік  Оқжетпес  тауының  аңызы  осындай  болмақ  -  кезінде  Оқжетпес  атты  баһадүр 
өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы 
тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы 
оның  кеудесіне  әрең  жеткен.  Бойы  ұзын  өзі  батырдың  тірі  кезінде  елден  абыройы  асқақ 
болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Əр күн сайын 
жаудың  бетін  қайтарып,  елін  аман  сақтап  отырған.  Жарақат  алса  жарасын  сол  көлдің 

106 
 
бойында емдеп, Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде жауға қарсы 
соғысады. Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау санында есеп 
жоқ.  Айларға  созылған  соғыстың  салдарынан  Оқжетпес  шаршап,  түнде  тынығып  жатқан 
кезінде жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі  батыр оған да 
көнбей орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең ақырында әлі кетіп, ақыры демі бітті-
ау  деген  кезде,  Оқжетпес  қатты  дауысымен:  «Уа,Тәңірім!  Мен  жау  қолынан  өлтіріп,  ұятқа 
қалдырғанша тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй тұнып, 
Оқжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен. Тағы бір  алып тұрған топониміміз Абылай 
хан алаңы бұл  алаңның атауы өзі  үшін өзі айтып тұр, белгілі тарихи тұлға қазақ хандығын 
басын  қосқан  біздің  атамыз  Абылай  хан.  Қолбасшылармен,  билерді,  ру  басыларын  мына  
қасиетті жерде басын қосып хандықтың тұрмыс жағындағы  қиын мәселелерін шешіп, ендігі 
жауға  қарсы  қабылдайтын  шараларды  талқылаған.  Бурабай  айнакөлі,  ну  ормандары,  таулы 
өлкесі ата-бабамыздың  сүйікті де, қастерлі жерлерінің бірі болған. Топонимдер қазіргі кезде 
бізге  белгілі  бір  жерге  ой  толғау  ретінде  қолданылады.  Топоним  атаулар  белгілі-бір 
физикалық-географиялық  жағдайда  адамның  күнделікті  өмірі,  тұрмысы,  мәдениеті  мен 
тарихына  байланысты  қалыптасып  және  дамып  отырады.  Жердің  табиғаты  мен 
шаруашылығы  жайлы  ақпарат  адамдардың  күнделікті  өмірі  мен  қызметінде  кеңістіктік 
бағдар ретінде қызмет атқаратын сол географиялық объектінің атауы болып тілде сақталады. 
Осылайша  бұл  атауларда  халықтық  географиялық  терминология  кең  қолданылып,  табиғат 
құбылыстары, географиялық  объектінің ерекшеліктері  және ландшафттың ерекше белгілері 
көрініс табады [2]. Географиялық атаулар жүйесі кез-келген тілдің ажырамас элементі болып 
табылады,  сондықтан  тілмен  бірге  дамып  келеді.  Қоғамның  дамуына  байланысты  бұл 
топонимдер  жаңарып,  әрі  ылғи  да  толықтырылып  отырады.  Географиялық  орнының 
ерекшеліктеріне  орай,  республика  аумағы  тарихи  кезеңдерде  Сібір  –  Орал,  Қиыр  Шығыс  - 
Орталық Азия, Орта Азия, Солтүстік Кавказ және Оңтүстік Орыс жазығы  аймағында жүрген 
саяси,  экономикалық  оқиғалармен  тығыз  байланыста  болды.  Ескеретін  мәселе,  еліміздің 
тарихи дамуында Оңтүстік Қазақстан ежелгі отырықшы өркениеттің ошағы болған ұлы өзен 
Сырдарияның аңғарындағы суармалы егіншілік пен қолөнердің, сауда мен қала мәдениетінің 
орталығы қызметін атқарды. Сырдария бойында ежелден бері  Орталық  Қазақстанда тұрған 
көшпенділердің  қыстаулары  орналасатын.  Сыр  бойындағы  шұраттар  мен  қалалар  олардың 
жолдарында ешқашан бөгеп тұрған жоқ, сол себепті көшпенділер мен отырықшы халықтың 
арасында өзен жағалауындағы жер дауы туындаған жоқ [3]. 
Далалық  аймақтар  мен  отырықшы  егіншілік  өркендеген  аудандар  аралығындағы 
шаруашылық  -  мәдени  байланыстары  жөнінен  еліміздің  топонимикасы  аздаған 
айырмашылықтарға  қарамастан  бірін-бірі  толықтырып,  жалғастырып  жатты.  Мақаламызды 
қортындылай  келе  айтарымыз,    Қазақстан  жерінде  көптеген  тапонимдер  жер  -  су  аттарын, 
жазық  даланың,  таулы  өлкелердің  тарихи  болмысын  көрсетіп  айқындайды.  Олар  негізі 
кеңінен  қолданылады  өйткені,  ол  адамның    ойлау  қабілетін,  елестету  қабілетін  арттырып, 
адамның  фантазиясын  оятады  және  де  осы  топонимдер  мына  жерлердің  маңыздылығын 
айқындап,  оларды  қорғау  керек  екендігін  көрсетіп  тұр.  Жалпы  қазақ  халқында  айрықша 
табиғи  нысандарды  қорғау  мақсатында  олардың  атаулары  арқылы  тыйым  салу  дәстүрі 
болғандығын  зерттеушілер  атап  өткен  болатын.   Қазақстан  өңірінде  жергілікті  халықтың 
табиғатты  қорғау  дәстүрлерімен  тығыз  байланысты  атаулар  жүйесі  қалыптасқан.  Исламға 
дейінгі  кезеңде  ежелгі  түркілер  отқа,  Күнге, Айға,  табиғи нысандар  мен  табиғат  күштеріне 
сиынып, табынған. Түркі халықтарының әртүрлі діни сенім-нанымдары мен әдет-ғұрыптары 
өзін қоршаған табиғат ортасын, ондағы жер мен суды, тау мен бұлақты пір тұтуынан айқын 
көрінеді.  Оның  негізінде  табиғатқа  табыну  ғана  емес,  оны  қорғауға  бағытталған  іс-әрекет 
жатыр. Сондықтан ежелгі ата-бабаларымызда қастерлі, қасиетті жерлерді айрықша белгілеп, 
айрықша атаған. Олар осы жерлерді сақтап алдағы келешектегі ұрпақтарға жеткізген.  
Қортындылай келе, қазақ «Жеріңнің аты – бабаңның хаты» деп тегін айтпаса керек. Ел 
мен жер атаулары ұлттық ерекшелігімізді танытып тұруы керек.  Қазақстанның тәуелсіздігі 
елімізде  тұратын  азаматтардың  ұлтына,  жасына,  өңіріне  қарамастан  баршамыз  үшін  қалай 

107 
 
бағалы  болатын  болса,  мемлекетіміздің  егемендігін  танытатын  белгілердің  қай-қайсысы  да 
барлығымыз үшін сондай қымбатты болуы тиісті деп санаймыз.  
 
Пайдаланған әдебиеттер
1. Мурзаев Э.М. Очерки топонимики. – М.: Мысль, 1974. 
2. Нұрмағанбетұлы А. Жер-су аты – тарихтың хаты. – Алматы.:Балауса, 1993. 
3. 
Қойшыбаев 
Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. 
– 
А.: Мектеп, 
1985.  6.Қаймулдинова  К.Д. Қазақ топонимдерінің этноэкологиялық негіздері. Оқу  құралы. 
Алматы, Ғылым. 2001. 
 
 
АЗАТ ЕЛДІҢ ОНОМАТИСТИКАСЫ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ҚАЗЫНАСЫ 
 
Куатбаева А. С.,  Қостанай қаласы, 18-мектеп гимназия 
 
Еліміз егемен болып, атымыз шартарапқа танылып  жатқан кезімізде еліміздің өткенін 
жаңғырту - әр азаматтың қасиетті борышы. Қазақ тарихында XX ғасырдың бас кезі  – түрлі 
оқиғаларға, саяси өзгерістерге толы кезең. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс 
тарихының  өзекті  мәселелерінің  бірі-  Алаш  партиясының  құрылуы,  оның  тарихи  негіздері, 
саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны.  
Қазақ 
халқының 
басын 
құрайтын 
ежелгі 
тайпалардың 
көпшілігі Оғыз 
қағанға бағынғанын ескерсек, “Алты Алаш” деген ұғымды оғыздың алты ұлына ерген ел деп 
те  түсінуге  болады.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  Алаш  деген  ортақ  түріктік  атау Алтын 
Орда (Қыпшақ  мемлекеті)  ыдырағаннан  кейінгі  кезде  қайтадан  жаңғырған  бауырлас  түрік 
халықтарының  басын  біріктіру  ұраны,  ортақ  атауы  да  болған  сияқты.  Ал,  енді  қара  қазақ 
шақыратын  “Алаш”  ұраны  “алаш  -алаш  болғанда,  Алаша  хан  болғанда,  бұл  қалмаққа  не 
қылмадық” деген сөздер кейінгі Алаша есімімен байланысты деу қисынға келеді. Бұл орайда 
Саққұлақ-би 
шежіресін, 
Ə.Диваевтың, 
Г.Н. Потаниннің, 
Ш.Уәлихановтың, 
А.Янушкевичтің, Ш.Құдайбердіұлының, Мұхаметжан  Тынышбаевтың ел  арасынан  жинаған 
аңыз-әңгімелерін, күнделік жазбалары мен мақалаларын атаған жөн. Олардың бірінде-алапес 
болып  туған  бала,  екіншісінде-алашаға  отырғызып  көтерген  хан,  үшіншісінде-Ұлытаудан 
асырып  тастаған  баланың  әскербасы  болғаны,  төртіншісінде-  қалмақты  қорқыту  үшін 
“Алаш” сөзін ұран еткені айтылады. Соның қай-қайсысы да Алаштың хан болғандығын, қара 
халықты соңынан ертіп, айбарының асқандығын дәріптейді. Ескі шежіре деректерінде Алаш 
атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Мыс., Қадырғали Жалаири өз еңбегінде 
қазақтың  орнына  Алаш  атауын  қолданады.  Шежірелердің  бірінде  Алашқа  өзбек,  түрікмен, 
қарақалпақ,  қырғыз,  қазақ,  ноғайды  жатқызады.  “Қамбар  батыр”  жырында  (“Тамашаға 
жиылсын,  Алты  Алаштың  баласы”), Бұқар  жыраудың Абылай  ханға  айтқанында  (“Он  сан 
Алаш  баласын,  жұмсап  бір  тұрсың  қолыңмен”),  Махамбеттің  (“Алты  сан  Алаш  ат  бөліп, 
тізгінін  берсе  қолыма”)  өлеңдерінде  Алаш  сөзі  қазақ  атауының  баламасы  ретінде  берілген. 
“Атамыз-Алаш, керегеміз -ағаш” деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде 
ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды. Соның 
дәлелі  ретінде  “Алаш  қозғалысы”,  “Алашорда”,  “Алаш”  деген  ұғымдарды  атауға  болады. 
“Алаш азаматы” деу қазақ халқының ауыз бірлігіне, елдің, жердің тұтастығына меңзейді. 
Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-
ақ қолға алған болатын. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың 
қамын  ойлаған  саяси  күш  -Алаш  қозғалысы  болатын.  Осы  қозғалыстың  басында  -саяси 
мәдениеті  әлемдік  деңгейге  көтерілген,  оқыған,  сауатты,  кәсіби  даярлығы  заманына  сай 
адамгершілік-имандылық 
қасиеттері 
ата-бабамыздың 
сан 
ғасырлық 
қастерлі 
құндылықтарымен  сусындаған  Ə.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Тынышбаев, 
Ж.Ақбаев,  Б.Қаратаев  сияқты  дүлдүлдер  тұрса,  солардың  ізін  басқан  болашақтың  нарқасқа 

108 
 
ұлдары-Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, 
Ж.Аймауытов,  М.Əуезов  тағы  басқалар  одан  әрі  дамытты.    М.Сералин  бастаған   «Айқап» 
журналы  төңірегіне  шоғырланған  қазақ  зиялылары  ең  өзекті  қоғамдық  мәселелерді 
талқылып,  белгілі бір бағдарламалық  тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру 
жөнінде бастама көтерді. Сонымен, жалпықазақ кеңесін шақырып, онда ұлт өміріне қатысты 
өзекті мәселелерді қарау, соған сай саяси партия құру ісін қолға алуға қажетті алғышарттар 
тек  ақпан  революциясынан  кейін  қалыптасты.  Тұңғыш  жалпықазақ  съезін  шақыру  туралы 
шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд 
оны  даярлауды  Ə.Бөкейханов  пен  А.Байтұрсынов  бастаған  бір  топ  қазақ  зиялыларынан 
құрылған айрықша бюроға тапсырды. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М.Шоқаев өзінің 
естеліктерінде  бұл  жиынға  өзбек  және  татар  елдері  өкілдерінің  де  қатынасып,  өздерінің 
ыстық  ықыласын  білдіргендігін  айтып:  «Сөйтіп  құрылтай  ұлы  түркі  халықтарының  бас 
қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды» дейді. Бірінші жалпықазақ 
съезін  ұйымдастыру  бюросы  «Қазақ»  газетінің  24-маусым  күнгі  санында  съездің  тәртібіне 
қойылатын  мәселелерге  байланысты  ел  талқысына  өз  тұжырымдарын  ұсынды.  Тезистер 
түрінде  баяндалған  бұл  мәселелердің  бәрі  дерлік   кейін  бірінші  жалпықазақ  съезінің  күн 
тәртібіне  енді.  Съездің  күн  тәртібіне  енгізуге  ұсынылған  мәселелердің  бірі  –  «қазақ  саяси 
партиясын  жасау  мәселесі»  болды.  Бұл  мәселелерге  байланысты  бюро  жасаған  тұжырым 
мынау  еді:  Ресейде  осы  күнде  түрлі  саяси  партиялар  бар.  Олардың  көздеген  мақсаттары 
бағдарламасында  жазылған.  Қазақ  мақсаттарын  теріп,  бағдарлама  жасап,  сол  мақсаттарға 
жету  шарасын  қарастырып  қазақ  партиясын  қалай  жасау,  қандай  жол  құру,  оны  осы 
жалпықазақ  съезінде  кеңесуіміз  керек.  Саяси  партия  құруға  байланысты  айтылған  бұл 
тұжырымның   мынадай  мәні  бар.  Біріншіден,  ол  тарихи  деректермен  толық  таныс  емес 
қайсібір  авторлардың   «Алаш»  партиясы  шілдедегі  жалпықазақ  съезіне  дейін-ақ  қалыптаса 
бастады  деген  пікірін  біржола  жоққа  шығарды.  1917  жылғы  жалпықазақ  съезіне  дейін 
қалыптасып дамыған «Алаш» партиясы емес, кейін алаштық атанған ұлттық интеллигенция 
басқарған  ұлт-азаттық  қозғалыс  болатын.  Ал  бұл  қозғалыстың  бастаушы  ұйытқысының 
саяси партияға бірігуі бірінші жалпықазақ съезінен басталғаны тарихи факті. Екіншіден, бұл 
айтылған  тұжырым   «Алаш»  партиясының  саяси  мәнін  кеміту  мақсатында  оны  ресейлік 
кадеттер партиясының филиалы есебінде бағалаушылар пікірінің негізсіз екендігін көрсетеді. 
Империялық езгідегі қазақ қоғамы жағдайында «Алаш» партия ретінде  өзінің идеологиялық 
негізі  етіп,  әрине,  жалпыұлттық  мүддені,  қазақ  шындығын  алуға  тиіс  болды.  Бұл  толық 
табиғи құбылыс және басқаша болуы да мүмкін еместін. Ə.Бөкейханов   «бұл  болып тұрған 
заман  Алаштың  азаматына  зор  жүк.  Бізде  бірлік  болып,  іс  қыла  білетін  шебер  табылса, 
Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті. Кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере-
бере  жүретін  алдымызда  зор  шарттар  бар!  Осыны  аңғар,  жұртым  қазақ!»  деп  көрсетіп, 
бюроның атынан депутаттыққа кандидат деген 43 адамның атын атап, халықтың талқысына 
ұсынды.  Олардың  арасында  Ж.Ақбаев,  А.Бірімжанов,  Х.Досмұхамедов,  Р.Мәрсеков  сияқты 
белгілі  қайраткерлерден  бастап  А.Кенжин,  С.Сабатаев,  М.Төлебаев  сияқты  саясатқа  енді 
араласа  бастаған  жастар;  Уақытша  үкімет  комиссарлары  мен  мұғалімдер,  дәрігерлер  мен 
шығармашылық  интеллигенция  өкілдері  бар еді.  Сонымен,  тұңғыш жалпықазақ  съезі  21-26 
шілде аралығында Орынбор қаласында өтті. Съезд жұмысына Ақмола, Семей, Торғай, Орал, 
Жетісу,  Сырдария,  Ферғана  облыстарынан  және  Бөкей  ордасынан  мәселелер  қойылып, 
олардың  арасында  мемлекет  билеу  түрі,  қазақ  автономиясы,  қазақ  облыстарындағы  жер 
жағдайы,  әскер  құру,  земство,  әйел  теңдігі  және  басқа  мәселелер  бар  еді.  Сөйтіп,  бірінші 
жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы  шешім қабылдағанымен, күзге дейін, 
яғни Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқаны қызғанға дейін ол партияның  түрлі 
деңгейдегі  ұйымдарын  құру  ісімен  ешкімде  айналыса  қоймады.  «Қазақ»  газетінің  1917 
жылғы  5  қазандағы  санында  Ж.Досмұхамедовтың  хаты  жарияланады.  Ол  Құрылтай 
жиналысын  дайындайтын  кеңесте,  «Шура-Исламда»  ,  Бас  жер  комитетінде  және  басқа 
көптеген  орындарда  жалғыз  өзі  жүргендігін  білдіріп,  қазақ  партиясының  бағдарламасын 
жазуға  уақыты  мүлде  қалмайтындығын  айтып  шағым  жасайды.  Уақыттың  тым  аз 

109 
 
қалғандығын  түсіне  отырып,  «Қазақ»  газетінің  басқармасы   Ж.Досмұхамедовтың  хатын 
алған соң, 5-қазан күнгі санында «Алаш партиясы» деген бас мақала жариялап, онда былай 
деп көрсетеді: «Əр саяси партия өз ұранын шақырып, өз ұраны атынан список түзеп, сайлау 
ісіне кірісе бастады.  
Қазақ  партиясының  программасы  жасалмағанымен  жалпықазақ  съезінің  қаулысы 
жасалмақ программаның негізі болсын делінген еді. Съезд қаулысы халыққа мағлұм. Партия 
ұраны  десек,  бабамыздың  «Алаш  »  ұранынан  артық  ұранды  іздесек  те  таба  алмаймыз. 
Сөйтіп,  қазақ  саяси  партияның  атын  «Алаш»  қою,  ойлап  әуре  болмастан  ауызға  түсіп  тұр. 
Жалпықазақ  съезінің  қаулысын  қабыл  етіп,  қазақ  өз  алдына  саяси  партия  болуын 
қостайтындар,  сайлауда  кандидат  списогін   «Алаш»  партиясының  списогі  деп  жүргізулері 
керек».  «Алаш»  партиясының  ұйымдарын  ашу  және  бағдарламасын  жазу  қалай  жүрді. 
Ғылыми  әдебиетте  «Алаш»  партиясы  негізін  сәуір  және  мамыр  айларында  құрылған  қазақ 
комитеттері құрды, ал осы комитеттердің активистері «Алаш» партиясының мүшелері болды 
деген  пікір  бар.  «Алаш»  партиясының  облыстық  ұйымдары  1917  жылдың  қазан  айынан 
қалыптаса  бастайды.  Мәселен,  Ə.Бөкейхановтың  тікелей  ұйымдастыруымен   және 
басшылығымен  қазан  айының  шамамен  12-20  жұлдызы  аралығында  партияның  облыстық 
ұйымдары  алдымен  Семейде,  сонан  соң  Омбыда,  ал  қарашаның  10-на  қарай  Орынборда 
ашылады.  «Алаш»  партиясының  Семей  облыстық  комитетінің  ашылуы  Ə.Бөкейхановтың 
Тамда  8-10  қазан  аралығында  болып  өткен  Сібір  автономистері  съезінен  қайтар  сапарында 
іске  асырылады.  Ол  қайтар  жолында  Семей  қаласына  тоқтап  12-13  қазан  күндері  қала 
жұртшылығымен  кездесулер   өткізіп,  баяндамалар  жасайды.  Ал  оның  соңы  «Алаш» 
партиясының  15-кісіден  тұратын  уақытша  комитетін   ашумен  аяқталады.  Комитеттің 
төрағасы  болып  Халел  Ғаббасов,  хатшысына  Сыдық  Дүйсенбин,  қазынашы  Əнуар 
Молдабаев  сайланды.  Комитет  мүшелері  оған  құрметті  төраға  етіп  Əлихан  Бөкейхановты 
сайлайды.  «Қазақ»  газеті  өзінің  1917  жылғы  14  желтоқсандағы  санында  «Алаш» 
партиясының  Орынборда  Торғай  облыстық  комитетінің  ашылғандығын  мәлімдейді. 
Комитетке мүшелікке Орынбор қаласында «тұратын 10 қазақ һәм 4 уезден 4 қазақ, барлығы 
14  ағза»  сайланады.  Комитеттің  төрағасы  болып  Ə.Бөкейханов,  төраға  серігіне 
А.Байтұрсынов,  хатшысына  М.Дулатов,  қазынашысына  Ж.Жәнібеков  сайланады.  «Алаш» 
партиясының  жарияланбағанымен,  белгілі  дәрежеде  дайындалып  қойған  шартнамасы 
(жарғы)  да  болған.  Ол  жөнінде  партияның  Семейдегі  облыстық  комитетінің  құрылуына 
байланысты  «Қазақта»  жарияланған  материалдан  мынадай  деректі  оқимыз:  «Алаш» 
партиясының  толық  шартнамасы  Орынборда  жасалатын  болды,  дайын  болғанда  жұртқа 
жария  қылынады.  Қазіргі  шарты-комитеттің  айтқанын  екі  қылмайтын,  бұйырғанын  дәл 
орындайтын  «Алаш»  партиясының  программасын  жақтырып,  жөн  көрген  программадағы 
мәселелерді  іске  айналдыруға  тырысатын  кісі  кіреді.  «Алаш»  программасынан  таймайтын, 
өтірік  айтпайтын,  шышынан  қайтпайтын,  жақындық,  туысқандыққа  бүйрегі  бұрмайтын, 
дүниелікке  қызығып  сатылмайтын,  шыншыл,  әділ,  тура  кісі  осы  партияға  кіреді.  Сыртын 
берсе  іші  басқа,  тіліп  берсе  жүрегі  басқа  болатын,  сөзіне  ісін  үйлестірмейтін,  «Алаш» 
жолынан  ауып,  айтысып-тартысуға  жарамайтын,  айнымалы  мінезі  бар  кісі  «Алаш» 
партиясына кірмейді. «Алаш» партиясына кіремін деген кісі осы айтылған шарттарды ойлап, 
толғап,  жүрегі  қалайтын  болса  ғана  кіруге  жөн».  Қорыта  келгенде,  Алаш  -Қазақ  елінің 
мемлекет  құру  тәжірибесі  мен  мемлекетшілдік  мүддесінің  үзілмеген  арқауы.  Алаш- 
Қазақстанның  «Мәңгі  ел»  ел  мұратын  саясат  пен  руханият  тұрғысынан  айқындаған, 
айшықтаған  кезең  атауы.  Ұлт  зиялыларының  қажырлы  еңбегі  кеңестік  мемлекеттік 
мекеменің  негізін  қалады.  Кешегі  Алаш  идеясы-бүгінгі  Тәуелсіз  Қазақстан!  Тәуелсіздік 
алғаннан  кейін  бұрын  тыйым  салынған-  Алаш  қозғалысы  тақырыбы  қазіргі  таңда  отандық 
тарихымыздың  маңызды  құрамдас  бөлігі  ретінде  қайта  зерттелуде.  Алаш  зиялыларының 
өмірі  мен  ісін  мұқият  зерттеп,  олардың  жетістіктерін  бағалап,  қателіктерінен  сабақ  алу, 
даналығын бағамдап, олар ашқан ақиқатты пайымдау қажет.  
 
 

110 
 
Пайдаланған әдебиеттер : 
1.  Абжанов  Х.М.,  Гуревич  Л.Я.  Интеллигенция  Казахстана:  история,  теория, 
современность.- Алматы,1992.  
2.  Кенжин  А.  К  исторической  оценке  деятельности  партии  Алаш.  Известия 
Киробкома ВКП (б). 1993.№1. 
3.  Құдарбердиев Ш. Шығармалары.- Алматы, 1998. 
4.  Озғанбай  Ө.  Ресей  Мемлекеттік  думасы  және  Қазақстан  (1905-1917жж.).- 
Алматы,1997. 
5.  Федюкин С.А. Великий Октябрь и интеллигенция.- М., 1972.  
6.  Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы. Алаш қозғалысы. - Алматы, 2014. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет