Азат елдің ономастикасы – мемлекетіміздің рухани қазынасы атты ғылыми-тәжірибелік конферецияның материалдары



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата11.11.2019
өлшемі2,08 Mb.
#51559
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
19 Асанбаева
SBORNIK-80-leti-Nez-RK-16

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.“Қазақтың дәстүрлі 
этнографиясы” Алматы 
кітап

2006 ж, А.К.Саматұлы 
56-57 б 
2.“Қазақ әдебиеті” Алматы кітап, 2005 ж 65-67 б 
3.Сен білесің бе?” 
Энциклопедиясы, К.Ж.
Райымбеков, Қ
.Т.Байғабылова 
252-256 б 
 
 
 
 

74 
 
ТОРҒАЙ ӨҢІРІ ТОПОНИМИКАСЫ: ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНГІСІ ЖӘНЕ 
БОЛАШАҒЫ 
 
Елеусов
 
Б. А., Ы.Алтынсарин атындағы АрМПИ Қазақстан тарихы, құқық және 
экономика негіздері кафедрасының аға оқытушысы.,Аркалык қаласы.. 
 
Адамзат  қоғамы  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  топонимдердің  күрделі  әлемінде 
өмір  сүреді.  Топонимдер  уақыт  өткен  сайын  ұмыт  болуы  немесе  өзгертілуі  мүмкін. 
Соған  қарамастан,  кейбір  топонимдердің  «жасы»  бірнеше  ғасырды  құрайды. 
Топонимдер  белгілді  аумақты  мекен  еткен  алуан  түрлі  халықтардың  тілдерінде, 
әртрлі  факторлар  әсерімен  қалыптасады.  Күнделікті  өміріміздегі  оқиғалар,  көптеген 
маңызды  ақпарат  географиялық  атаулармен  байланысты  болып  келеді.  Соған 
қарамастан  бізге  бұрыннан  таныс,  өзіміз  жиі  қолданатын  географиялық  атаулардың 
мағынасы мен шығу тегін жетік біле бермейміз. 
Торғай  өңірінің  топонимикасына  зер  салсақ,  оның  да  тарихы  ертеден  келе 
жатқанын  байқау  киын  емес.  Ең  алдымен  Торғай  атауына  келер  болсақ,  бұл  атау 
тарихта  XV  ғасырдан  бастап  кедесе  бастайды,  негізінен  Торғай  өзеніне  байланысты 
қойылған.  Бұған  дейін  бұл  өзен  Сауық  деп  аталған.  ХVІІғасырда  бұл  атау  Торғай 
болып қайта өзгертілді. Мұндай дерек ХVІғасырдың орта кезінде өмір сүрген Хафиз 
тыныш бин Мир Мухаммад әл-Бухаридің «Шараф-намейни шахи» (яғни «Абдаллах-
наме»)  атты  белгілі  шығармасында  айтылады.  Мұнда  Жәнібек  ханның  немересі 
Абдаллах ханның 1582 жылы мамырдың  19-22 жұлдызында Торғай  мен Жыланшық 
өзендері бойында болғанын, кейін Ұлытауға қарай өткенін ашық жазады. 
Ел  аузындағы  аңыздар  «Торғай»  сөзі  жер  шарына  көп  тараған  кішкене  әнші 
құстың атауымен аталған дейді. Енді  бір аңыздарда бұл  өңірде Торғай деген атақты 
батыр  болыпты  деген  айтылады.  Біреулер  оның  атын  кәдімгі  қазақ  сөзінен  шықты 
десе, екінші біреулері Еділ қалмақгарынан келген атау ретінде қарастырады. Ал енді 
өзімізге белгілі  тіл  маманы Сейітбек Нұрқанов бұл  сөзді  торы қыпшақ пен оғыздың 
қай  тайпасының  одағынан  яғни  «торы»  және  «қай»  деген  сөздердің  біреуінен  деп 
жорамал  жасайды.  Осы  пікірді  соңғы  жылдары  қазақ  тарихы  жайлы  мағыналы  да, 
өнімді  еңбектер  жазып  жүрген  екінші  бір  жерлесіміз  Қойшығара  Салғарин  де 
қолдайды,  өйткені  өзені  бастау  алатын  Ұлытаудың  теріскейінен  бастап,  Қабырға 
бойында торы торы тармағы тұрып келген. Бірақ, осы жерде мойындайтын бір нәрсе 
Торғай атауының өзенге катысты емес екендігін мойындауымыз керек. 
Қалай  болғанда  да,  Торғай  да  Ұлытау  секілді  қазақтың  көне  өлкелерінің  бірі, 
оның  тіршілік  тынысы  ертеден  басталатыны  айдан  анық.Қазақтың  кең,  сайын 
даласын зерттеуде және оны тарих беттерінде қалдыруда тарихтың атасы Геродоттың 
(б.з.б.Vғ.),  одан  кейінгі  П.Карпини,  В.Рубрук,  М.Поло  тағы  басқа  жиһанкез, 
саяхатшы,  зерттеушілердің  еңбектерін  қайталап  жатудың  реті  жоқ  сияқты.  Дей 
тұрғанмен қазақ жерінің, оның ішінде Торғай жерінің алғашқы картаға түсуі жөнінде 
сирек  кездесетін  еңбектерді  айта  кеткен  жөн  сияқты.  Шығыс  Европа,  Батыс  Сібір 
және  Қазақстан  даласының  ХV-ХVІІ  ғасырдағы  тарихи  географиялық  кескінін 
көрсетуде  1627  жылы  Афанасий  Мезенцев  жасаған  «Үлкен  сызба  кітабы»  ерекше 
роль атқарады. 
Торғай  өлкесінің  жер,  суын,  табиғат  байлығын  зерттеу  де  ерте  басталған.  XVIII 
ғасырдың  1730-1740  жылдары  К.Миллер  1825-1844  жылдары  Торғай  өлкесі  туралы 
біршама мәліметтер келтіреді. 
1910  жылы  Б.А.Скалов  және  басқа  саяхатшылар  мен  зерттеушілер,  ғалымдар 
осы ұлан-байтақ өлкенің топырақ қабатын, өсімдігін, жан-жануарлар әлемін зерттеп, 
тарихта Торғай өлкесі жайында зор ғылыми мәліметтер қалдырды. 

75 
 
Торғай  өлкесі  аталған  бұл  жер  бұрынғы  жер  бөлінісіндегі  қазіргі  Торғай 
қақпасы,  Наурызым,  Бестауды  қоса,  Ырғыз,  Ұлытаумен  шектесе,  Терісаққан, 
Қарынсалды, Тасты өзендерінің кең алқабын қамтыған. 
Көне Торғай жерінің топономикасы әлі зерттелмеген, сол себепті оның көптеген 
құпиясы толықтай ашыла қоймаған. Келесі сэз еткелі отырған Торғай даласының бір 
өңірі  Арқалық  қаласы,  1941жылга  дейін  Қызылқозы  атанып  келген  еді.  Ертедегі 
атауларға көз салсақ қазақтың кемеңгерлігіне таң қаласыз. «Дәмді», «Мойынды» тағы 
басқа атаулармен бірге «Қызыл қозы» да неткен дәлдікпен қойылған. 1956 жылдың 24 
тамызында  Арқалық  қаласын  шын  мәнінде  қала  етіп  салуға  комсомол  десанттары 
келе бастады. Күн өткен сайын өндірісі өсіп, құрылысы жандана түскен қаланың сол 
бір  кездері  орысша  аталып  кетуі  мүмкін  еді.  Қазақ  зиялылары  осының  алдын  алып, 
қала  Арқалық  деген  атауға  ие  болды.  Арқалық  топонимикасының  қойылу  тарихына 
келер  болсақ,  сол  кездегі  поселкелік  кеңестің  төрағасы  болып  істеген  марқұм 
Құрманғали  Қасымов  бүл  жайында:  «Кейбіреулер  ертеде  осы  маңды  Арқалық 
батырдың  мекені  болған  екен,  сол  үшін  осылай  аталыпты»  дегенді  айтады.  Енді 
біреулер, ертеден байлар жайлауға көшер жолда осы араға кідіреді екен. Яғни, ел мен 
жайлау  арасын  қосатын  арқалық  тәрізді  екен»  деседі.  Мұның  бәрі  де  дұрыс  емес. 
Алғаш  келгенде  байқағанымыз  бұл  жер  белес-белес,  арқа-арқа  екен.  Кен 
басқармасының алғашқы директоры Абдолла Тоқсанбаев, геолог М.Қойманов бәріміз 
ақылдаса келіп, Арқалық деп атауға келіскенбіз. Содан осы атау қалыптасып кетті.[1]. 
Торгай  өңірінің  тарихы  ерекше  ол  -  Жанкелдин  ауданы.  Бұл  бұрынгы  Торғай 
облысы, қазаргі Қостанай облысының оңтүстік бөлігіндегі бұрын Торғай ауданы деп 
аталатын  өңір.  1956  жылдан  бастап  бұл  аудан  халқымыздың  тұңғыш  революционер 
большевигі,  даңқты  жерлесіміз  Əліби  Тоқжанұлы  Жангелдиннің  қүрметіне  оның 
есімімен аталып келеді. [2,1236.] 
Қазіргі  «Торғай»  совхозының  территориясында  «Дәуітбай  сары»,  «Тұрлығұл 
сайы», деп аталатын жерлер бар. Бұл 1723 жылы қазақ-жоңғар соғысында Қошқарұлы 
Жәнібек балаларының мекен еткен жерлер кейін сол кісілер есімімен аталып қалган. 
Жанкслді  ауданы  көлемінде  адам  аттарына  байланысты  жерлер  өте  көп  «Абыл», 
«Айтуар»,  «Айтуған»,  «Манан»,  «Тоңтабай»,  «Оспан  мешіті»,  «Шобан»,  «Андағұл», 
«Сатай»,  «Қарынбай»,  «Байбостан»,  «Тұрсынбай»  тагы  басқалар.  Бұл  негізінен 
алғақда осы жерді мекендеген адам есімдеріне байланысты шыққан атаулар. 
Қостанай  облысының  территориясында  құрылган  1928  жылы  17  қаңтарда 
құрылған ірі ауданның бірі кешегі Батпаққара, бүгінгі Аманкелді ауданы. 1929 жылы 
2  қарашада  сталиндік  геноцидке  қарсы  жаппай  атсалысқанда  осы  Батпаққара 
көтерілісі  болды.  Ауданның  тарихи  оқиғаларының  бірі  даңқты  халық  батыры 
Аманкелді атамыздың есімінің берілуі. Рәсімді жасаған ауданның сол кездегі бірінші 
басшысы  Қайрош  Измаилов.  Бұл  атау  1916  жылгы  ұлт-  азатгық  көтерілістің  20 
жылдығына  орай  берілген.  Көне  Торғай  жері де  еліміздің  басқа  аймақтарындағыдай 
аңыздарға байланысты қойылған топонимикасымен ерекшеленеді. «Торғай» Қостанай 
облысының Жангелдин ауданының орталығы. Облыс орталығынан оңтүстік-батысқа 
қарай  550  шақырым  жерде  Торғай  өзенінің  он  жағалауында  орналасқан  елді  мекен 
және  өзен  атауы.  Іргесі  патшалық  Ресейдің  қазақ  жерін  отарлау  саясатына 
байланысты «Орынбор» атты бекініс есебінде қаланған, 1845 жылы «Торғай» атанып, 
кала  мәртебесін  алды.  Ал  тоқсан  салалы  Торғай  өзенінің  бір  басы  ¥лытау 
сілемдерінен  бас  алатын  Қараторғай,  Сарыторғай,  Жалдама  өзендері  солтүстік 
шығыстан  Есілдің  су  айырык  қырларынан  бастау  алатын  Қарынсалды,  Тасты 
өзендерін  косып  алып,  Сарыөзен  өзені  арқылы  Қостанай  облысының  Үлкен  дәмді, 
Мойылды  өзенін  қосып  алады.  Торғай  -  тарихи  атау.  «Торғай»  атауы  қыпшақтың 
торы  руы  мен  оғыздың  кай  руының  одақтауынан  аталган  атаулар.  Түркі  тіліндегі 
Сары-тор,  Ашу-тор,  Қаракөл  атауларынын  құрамындагы  тор  сөзі  мен  Торғай 
атауындағы  тор  сөзін  төркіндес  деп  қарастырамыз.  Бұған  Ханты-Манси  тіліндегі 

76 
 
тор/сор - «өзен»,  «су»  мағыналарын білдіретінін ескерсек, онда екінші сыңарындагы 
гай,  (қай)  кішірейткіш  мәнді  қосымша  деген  пікірге  қосыла  отырып,  «кең  алкапты 
өзен, су» мәніндегі атау[3]. 
Əбіш  қыстау-  Аманкелді  ауданы  Жаңа  қала  ауылын  оңтүстік-  шығысында  6 
шақырым  жерде  орналасқан  қыстақ.  Аңыз  бойынша  атакты  Нияз  би  Қараторғай 
өзенінің  бойына  қоныстанарда  балаларына  жер  бөледі.  Сонда  баласы  Əбіш  өзіне 
тиесілі жерге аттың басын кесіп, көміп белгі етіп кетеді.Содан бері бұл жер Əбіш көні 
деп аталып келеді. 
Бозайғыр - Жангелдин ауданының солтүстігіндегі 20-30 шақырым шамасында 
орналасқан  елді  мекен.  Бозайғыр  аталу  себебі  аңыз  бойынша  Жәнібек  тарханның 
ұрпағы  Дәуітбай  Шеген  Мұсаұлы  патша  ұлықтарынан  босап,  елге  оралып  келе 
жатқанда  Қарасай  тұсында  аты  сүрініп  өліп  кетеді.  Содан  кейін  бұл  жер  «Бозайғыр 
өлген» немесе «Бозайғыр» деп аталып кеткен екен. 
Көкалат-Жангелдин  ауданынан  шығысқа  қарай  60  шақырым  жерде,  Қабырға 
өзенінің  сол  жағында  орналасқан  елді  мекен  көк  ала  атқа  қойылған  деген  аңыз  бар. 
Аңыз бойынша бір соғыста ауыр жараланған Шәкір батырды, өзі де қатты жараланған 
қасиетті жануары соғыс алаңынан алып шығып, осы елді мекеннің маңайына жеткізіп 
барып өлген екен. Осы оқиғадан кейін, жылқы өлген жерді «Көкалат» деп атаса керек. 
«Көкалат» ауылы тұсында Шәкір батырдың тамы да орналасқан. Іргесі XX ғасырдың 
20-шы  жылдары  Албарбөгет  ұжымшарының  орталығы  болып  қаланды.  Кейін  1960 
жылы Торғай төсінде тың игеру кезінде «Еңбек» кеңшарының орталыгына айналды. 
«Қайғы»  Жангелдин  ауданының  Қызбел  кеңшарынан  60  шақырым  жерде 
орналасқан  елді  мекен.  Елге  сыйлы  «Асан  ата»  Қызбел  тауына  барып,  дұға  оқып 
тұрады  екен.  Бірақ  өзімен  ешкімді  ертпей  және  ол  жаққа  ешкімнің  бармауын  қатаң 
қадағалайды  екен.  Бір  күні  Асан  ата  шаруаларымен  ел  аралап  кетеді.  Жүрерінде 
баласына  Қызбел  тауына  бармауын  қатты  тапсырады.  Əкесінің  айтқанын  тықдамай 
баласы Қызбел тауына барып, дұға оқып, елдің саулығын тілеп, әкесінің не себептен 
барма  деген  өсиетін  білмек  оймен  таудың  үстіне  шығады.  Тау  үстінде  ұзынан 
жарқырап  жатқан  айдаһарды  көреді.  Келе  қылышын  алып,  айдаһардың  құйрығын 
шауып түсіреді. Бұған ызаланған айдаһар батырды атымен қоса жұтып жіберген екен. 
Артынан  іздеп  келген  Асан  ата  айдаһардан  баласын  сұрайды.  Сонда  айдаһар:  «Е, 
саған бала қайғы болса, маган құйрық қайғы»,-депті. Асан қай,ы қолындагы таяғымен 
жерді нұқып қалғанда жер қақ айрылып, айдаһар сол жерге түсіп жоқ болыпты. Осы 
жер  күні  бүгінге  дейін  «Қайғы»  деп  аталады.  Осы  жерде  баласына  арнап  төрт  кере 
тасты жерге енгізіп, белгі орнатыпты. Асан ата осы оқиғадан кейін өз атына «Қайғы» 
атын  қосып,  «Асан  Қайғы»  атанган  екен.  Жылантау  мен  Қызбел  тауының  түйісер 
тұсынан  бастау  алатын  қос  өзеннің  бірі  «Үлкен  Қайғы»,  екіншісі  «Кіші  Қайғы» 
аталады. Алғашқысы Асан атаның, екіншісі баласының құрметіне аталған деседі[4]. 
«Өлкейік»  -  Ақтөбе  облысының  солтүстік-батысы  мен  Жангелдин  ауданының 
оңтүстік  шекарасында  ағып  жатқан  өзен  атауы.  Басы  Торғайдың  Бестауынан, 
Ақтөбенің  Толыбайынан  басталып.  Жалау,  Сарыөзек,  Алакөл  алқабын  толтырып, 
Теліқарадан  Торғай  өзеніне  құятын  Өлкейік  өзенінің  үзындығы  басы  Торғайдың 
Бестауынан,  Ақгөбенің  Толыбайынан  басталып,  Жалау,  Сарыөзек,  Алакөл  алқабын 
толтырып,  Теліқарадан  Торғай  өзеніне  құятын  Өлкейік  өзенінің  ұзындығы  340 
шақырым.  Өзеннің  аяғы  «Су  аяғы  құрдымға»  барып  құяды.  Жағасында  қалың  шөп 
өсетін шағындау мағынасындағы атау. «Өлкейік» атауынада байланысты аңызда бар. 
Асан Қайғының баласы Абат ержүрек, мерген екен. Абат Ноғай ханның қол астында 
қызмет  істейді.  Абаттың  күші  де,  ақылы  да  Ноғай  ханнан  басым  болады.  Сын 
кезеңдерде хан Абаттан жеңіліп қалады. Өзінен ақылы артық Абатты хан жек көріп, 
оны өлтірудің жолын қарастырады. Хан уәзірлерін шақырып алып: «Абатты мақтамен 
бауыздағандай өлтірудің жолын айтыңдар» - депті. Сонда уәзірлері: «Торғай өзенінің 
өлкейіктері  мен  салаларын  санап  кел  дейік.  Ол  жерді  жезтырнақтар  мекендейді. 

77 
 
Санап  жүргенде,  солардың  қолында  мерт  болады.»  -  дегенді  айтады.  Ханнан 
тапсырма алған Абат әкесінен ақыл сұрайды. Асан Қайғы:  «Бар, қасыңа жолдас ерт. 
Түнде  жатқанда  аяқтарыңды  бір  -  біріне  түйістіріп,  бастарыңды  қарама-қарсы 
жіберіп,  екі  басты  адамға  ұқсап  жатыңдар.»,  -  депті.  Əкесінің  айтқанын  орындап 
жатқан жерге түн ортасы жезтырнақ келеді. ¥йықтап жатқан екі басты алып адамды 
көреді.  «Торғайдың  32  өлкейігі  мен  90  саласынан  мұндай  екі  басты  адамды  көрмеп 
едім.  Мынаның  түрі  мығым  болар.  Мерт  болармын.»,  -  деп  қорқып  қашып  кетеді. 
Аңыз  бойынша  «Торғайдың  32  өлкейігімен  90  тарауы  бар»  дегенді  ешкім  санап 
білмеген. Мұны жезтырнақгың аузынан Абат естіп сол ұғым елге таралған екен. 
Түйемойнақ  -  Жангелдин  ауданының  оңтүстік-батысында  60  шақырым  жерде 
Ақшығанақ  ауылының  маңында  орналасқан.  Атаудың  шығу  тарихын  ел  аузындағы 
аңыз бойынша ертеректе ауыл түйелерінің ішінде бір түйе ерекше мойны ақ ала бота 
туыпты деседі. Содан бері осы жерді «Мойны ақ бота туған жер» кейін «Түйемойнақ» 
деп аталса керек. 
Албарбөгет - Жангелдин ауданының солтүстік шыгысында 52 шақырым жерде 
орналасқан  елді  мекен.  Бұл  бөгет  1928  -  1931  жылдары  салынған  күрделі  су 
комплексі.  Мұны  халық  мелиораторы  Айса  Нұрманұлы  халықтың  бірігуі  арқасында 
салдырған  болатын,  құрылысына  600  адам  қатысқан,  ұзындығы  20  шақырым.  Бөгет 
карапайым қолмен салынса да, мықты бөгеттердің қатарына жатады. Ол бүгінге дейін 
бұзылмай  сақталынған.  Бөгеттің  «Албарбөгет»  аталу  себебі,  бөгет  орала,  албарлай 
салынғандықган аталған атау [5]. 
Атанбасы  Ақирек-  Қостанай  облысы  Жангелддын  ауданындағы  жер  атауы. 
Ақкөл мен Қарақұм арасындағы Астау қопа асуынан көтеріле бергенде, дәл сол жақ 
иық  тұсынан  Атанбасы  шаңы  көрінеді.  Шыныда  да  шөгерген  атан  түйенің  басынан 
аумайтын табиғат шебердің өз қолынан құйған мүсіні. Ал, Ақирек болса терең аңғар, 
кең  алқапты  белдіктей  түскен  ақирек  өрнек.  Əртүрлі  құм,  тастардан  құрылған 
қиыршық.  Мұны  кейбіреулер  ертедегі  теңіз  түбі  екен,  содан  қалған  шөгінді  деп  те 
атайды. 
Байтабын  сайы  -Жангелдин  ауданының  Торғай  селосынан  70  шақырым  жерде 
орналасқан.  Байтабын  қыстағының  тарихы  туралы  ел  аузында  мынадай  аңыз  бар. 
1846 жылы Кенесары, Наурызбай әскерінің қырғынына байланысты болған оқиғадан 
кейін  халық  кекшілдері,  хан  жасауылының  бірі  Байтабынды  осы  сорға  қамап 
өлтірген. Осыдан кейін барып, ол жер «Байтабын соры» деп аталып кеткен. 
«Екідің»-Аманкелді 
ауданының 
Сарыторғай 
кеңшарының 
Қараторғай, 
Сарыторғай  атты  екі  өзеннің  қиылысында  қос  биік  төбе.  «Екідің»  деп  аталуы,  ерте 
«Ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұлама»  заманында  қазақтар  жоңғарлармен  отыз 
жылға  жақын  жаугершілікте  болған,  осы  жауласушы  жақты  бітімге  келтіруге  қаз 
дауысты Қазыбек би үш рет барып, ең соңында қыз алысып, берісіп, бітімге келген. 
Екідін сол жаугершілікте екі төбенің орнына орнаған белгі. Екідің бекінісі халықгың 
ел  басына  қатер  төнген  уақытта  өз  қолымен  салған  мұрасы.  Қыз  емшегі  секілді 
қатарлас жатқан қос биік төбенің басына екі бекініс бір ендіктің бойында салынған. 
Сондай-ақ  бекіністердің  қабырғаларында  мылтықты  шығарып  атар  тесіктері  және 
төбесінде қарауыл қарар орны бар. 
«Жолшара»-  деп  аталатын  Торғай  өзенінің  бойында  нар  қамысты  қопа  бар. 
Қалмақтың  батыр  қызы  жекпе-жекте  қазақ  батырының  қолынан  қаза  табады.  Аттан 
құлап,  дулығасы  ұшып  кеткенде  оның  әйел  екенін  білген  қазақ  батыры  өкініштен 
бармагын  шайнайды.  Дұшпанда  болса  ерлігін  бағалаған  қазақ  сарбаздары  копаға 
«Жолшара» атауын берген. 
«Қан  мен  Жалау»-Жангелдин  ауданының  Шилі  ауылының  аумағында  70 
шақырым жерде орналасқан «Қан» деген жер бар. Бұл маңда бір түнде мыңнан астам 
адам құрбандыққа шалынған деген алып-қашты сөздер бар. Көлеміне көз жетіп, санап 
болмас сансыз бейіттер Сәтбай салған қара жолдың оң жақ қапталында жатыр. «Бұл 

78 
 
Кіші жүз ханы Əбілқайыр қолы еді» деген сөзде бар. Осы «Қаң» деп аталатын жерден 
5  шақырым  жерде  қарсы  тұрған  төбеде  «Жалау»  деп  аталады.  Оның  тағдыры 
«Қанмен»  сабақтас  екені  белгілі.  Бірақ,  бұл  атаулардың  сыры  күні  бүгінге  дейін 
зерттелмеген. 
«Қалмақтөбе»-  Жангелдин  ауданынан  Торғай  селосының  батысына  қарай  18 
шақырым жерде орналасқан Шеген ауылы төңірегінде  «Қалмақтөбе»  деген жер бар. 
16  ғасырдың  бас  кезінде  қазак-жоңғар  соғысында  пайда  болған  атау  деседі.  Осы 
қырғын соғыста қаза тапқан қазақтарды бір бөлек, қалмақтарды бір бөлек жерлеп екі 
үлкен оба үйген. Ерекше үлкен обада көп санды қалмақгың мәйіттері жерленген. Сол 
уақыттан бастап, осы жерді «Қалмақтөбе» деп атаған. 
«Қыпшақ  Сейітқұл  терегі»-ХIX  бас  кезінде  сонау  Қаратаудан  Қабырға  өзені 
бойына отыз үйлі кедеймен көшіп келген қазақтың тұңғыш диқаны Қыпшақ Сейіткұл 
осы  жерге  егін  егіп,  терек  отырғызған.  Бұл  терек  бұл  күндері  шіріп,  құлағанымен, 
қазіргі Көкалат кеңшары төңірегінде қасиетті жер саналып, ол жер «Қыпшақ Сейітқұл 
терегі» аталып кеткен тарихи-географиялық топоним. 
«Партизан  сайы»  -  Жангелдин  ауданынан  Торғай  селосының  солтүстік  батыс 
жағындағы  жер  атауы.  1919жылы  ақ  гвардияшылар  мен  қазақ  әскери  топтары 
Торғайда  Кеңес  өкіметін  құлатты.  Кәкімбек  Төкеұлы  бастаған  «17  паризанды»  ақ 
гвардияшылар  осы  сайда  айуандықпен  өлтіреді.  Сол  жылдардан  бері  бұл  жер  қаза 
тапқан партизандар құрметіне байланысты «Паризан сайы» аталып келеді. 
«Сұңқар  өлген  төбе»  -  қазақ  ханы  Кенесарыны  ел  қорғаны  деп  түсінген  қазақ 
батырлары оның маңайына топтаса бастайды.Сондай батырдың бірі Байтабын батыр 
болады.  Байтабынмен  бірге  оның  дала  салты  бойынша  атастырылып  қойған 
қалыңдығы  Ақбөкен  де  Кенесары  тобына  қосылады.  Алайда,  Ақбөкеннің  көңілі,  әрі 
сері, әрі батыр Наурызбайды қалайды. Байтабынның өзі жорықта жүргенде Акбөкен 
мен Наурызбайдың тойы болады. Ақбөкен мен Байтабынның арасындағы жайды сәл 
кешірек естіген хан Кене, өкініштен бармағын шайнайды. Өйткені, Байтабын сұлтан 
тобынан  кететін  болса,  жалғыз  батырынан  ғана  емес,  батырының  соңынан  ерген 
руластарынан,  нағашысы  Жоламаннан  да  айрылатынын  түсінеді  Кенесары.  Қатты 
қиналған, ел бірлігін ойлаған хан қатал шешім қабылдайды. Ол көпшіліктің көзінше 
Байтабынға «мергендігіңді көрсетіп, Наурызбайдың иығындағы сұңқарды атып түсір, 
ок қате кетсе сен кінәлі емессің» деп шарт қояды. Мұнысы «егер Наурызбайда кегің 
болса,  өлтірсең  де  өзің  біл,  бірақ  ел  бірлігіне  сына  қақпа!»  дегені  еді.  Байтабын  да 
мұны  түсінеді,  мәрттік  жасап,  өзіне  кезелген  мылтыктан  жасқанбай  қарсы  қарап 
тұрған жас сұлтанды ажалға қимайды. Сол сәтте ағаттық жасағанын ұқкан Найрызбай 
Байтабынмен  төс  қағыстырып,  дос  болады.  Кейін  әлгі  жер  «Сұңқар  өлген  төбе» 
атанып кетеді. 
«Су  аяғы  құрдым»  -  басын  Мұғалжар  тауынан  алатын  Ырғыз  өзені  мен 
Ұлытаудан  басталатын  Торғай  өзендерінің  аяғы.  «Су  аяғы  кұрдым»  үш  облыстың 
аумағымен  шектеледі.  Шығысы  Торғай,  оңтүстігі  Қызылорда,  ал  батысы  Ақтөбе 
облысы. Арал теңізі мен Қарақұмның теріскей бетінде жатқан Құрдым.Үлкенді-кішілі 
оншақты салаларымен Ырғыз бен Торғайға жұтылып жатқан Құрдым - нағыз су аяғы 
құрдымның  өзі.  Торғай,  Қараторғай,  Қабырға,  Жалдама  өзендерінің  аяғы  Ырғыз 
өзеніне барып қосылып, тура су аяғы Құрдымға барып құяды[7,25б]. 
Ханбасы - Жангелдин ауданы Өлкейік өзенінің Ыргыз жақ қапталында жатқан 
жер.  Қазақтың  Кіші  жүзінің  ханы  Əбілқайыр  есіміне  байланысты  аталған  атау. 
Өлкейік бойында жойқын ұрыс болып, осы ұрыста Кіші жүз ханы Əбілқайыр жасағын 
Барақ  сұлтанның  қолы  жайпап  салады.  Бұл  жер  «Ханбасы»  деп  аталатын  қалың 
қорым.  Жойқын  ұрыстан  бір  мезгілде  қырылған,  жауынгерлерге  үйілген  топырақ 
төбелердің  әрқайсысы  3-5  қанат  үйдің  ауқымындай  болса,  мұндай  қорым  саны 
мыңнан  асады.  Қаптаған  қорым  төбелердің  ұзындығы  2  шақырым,  ені  300  метр. 
Қорым ортасында шикі кесектен төрт бұрышты болып қаланган Əбілқайыр бейіті бар. 

79 
 
Қорытынды да айтар негізгі ой, қазақ жерінің қай пұшпағына үңілсең де, тұнып 
тұрған  тарих.  Жер  тарихы-ел  тарихы  егіз  сөз  ғана  емес,  егіз  ұғым,  егіз  мағына.  Біз 
көтеріп отырған келелі тарихи мәселенің бірі - Торғай өңірінің атауы қазақ жерлерінің 
ең ежелгі тарихи атауларының бірі. Торғай өңірінің топонимі әлі толық зерттелмеген. 
Ол туралы қалам тартып жүргендер көп емес те. Уақыт өткен сайын, ғасырлар бойы 
өз атауларын сақтал келген елді мекендердегі топонимдер ұмыт болуға  тақау тұр[8]. 
Дүние  жүзіндегі  өзге  халықтар  секілді  біздің  де  халкымыздың  өткен  жолы,  тарихы 
көнеден  қалган  топонимикалық  атауларымызда  тұр,  бұл  белгілерді,  атауларды 
жоғалту,  ұмыту  әрине  ұлттық  болмысымызға  орасан  нұқсан  келтіретінін  естен 
шығармау керек. Сондықтан қолда бар асыл құндылықтарымыздан айрылып қалмай 
тұрғанда, оны ғылыми тұрғыда зерттеп, сақтап қалудың жолын қарастырайық ағайын! 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Ы.Сариева «Текті Торғай», Алматы, 2000 жыл 
2. Ж.Қосабаев «Торғай -дуан», Алматы, 1995 жыл 
3. Əсет Ламашев «Ы.Алтынсарин», Алматы, 1995 жыл 
4. «Жер -судың аты-тарихтың хаты» //Торғай таңы 1992 жыл  13тамыз 
5. «Тарихи атауларға- оң көзқарас керек» //Торғай таңы 1994 жыл 12қараша 
6. С.Кенжеахметов «
Ежелгі Торғай тарихынан деректер
» //торғай таңы  
    1991 9 қаңтар 
7. К.Д.Каймулдинова «Топонимика», Алматы, 2011жыл 
8. Қ.Нұрғазин «Өлкейік»// Торғай таңы 1971жыл 2 желтоқсан 
 
 
ОНОМАСТИКА ЖӘНЕ САНДАР ӘЛЕМІ 
 
Ерназар И., ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының 3 курс курсанты
Қасымова С.К., ф.ғ.к ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының 
профессоры, Көкшетау қаласы 
 
 
Ономастика  –  заттарды  жекелеп  атайтын  жалқы  есімді  зерттейтін  тіл  білімі  саласы. 
Ономастика  термині  сонымен  бірге  жалқы  есім  жиынтығын  -  қазіргі  ғылымда  «онимия» 
ретінде  белгілі  онимдерді  (гр.  onoma,  onuma  «есім,  атау»)  атау  үшін  қолданады  [1]. 
Ономастиканың  күрделі  міндеттерінің  бірі  –  жалқы  есімдер  дәрежесін,  жалқы  есімдер 
мағынаға,  мазмұнға  ие  ме,  аталған  нысанамен  байланысы  бар  екендігін  анықтау.  Сонымен 
қатар  әр  халықтың  ономастикасы  бірдей  болмайды,  ол  әртүрлі  хронологиялық  кезең  мен 
әртүрлі  тарихи  оқиғалардың  ықпалымен  қалыптасады[2].  Осы  орайда  біз  тақырыбымызды  
ономастика мен сандардың арасындағы байланысты зерделеуге арнадық.  
 
 
Сан ұғымы өте ерте заманда туған. Бұл ұғым ғасырлар бойы кеңейтіліп әрі жалпылана 
түскен.  Сандар  жүйесіндегі  қазақ  ескіліктерін  жүйеге  түсіріп  жіктеудің  қажеттілігі,  яғни 
микро-макрожүйесінде қарастыру халықтардың рухани өмір байлығының шығу көздері мен 
даму арнасын, тарихи этимологиялық себептер мен әсер етуші факторларды айқындай түсуге 
мүмкіншілік  береді[4].  Қазақ  ескіліктерінің  сандар  жүйесіндегі  тілдік  көріністері 
этнолингвистикалық  арналардың  барлығынан  табылады.  Сандардың  білдіретін  мән-
мағынасы  сөз  тіркестерінде,  тұрақты  тіркестерде,  яғни  мақал-мәтел,  фразеологизм, 
теңеулерде  анық  байқалып  тұрады.  Сандар  жүйесіндегі  тұрақты  тіркестердің  пайда  болу 
жолдары:  біріншіден,  мифологиялық,  астрономиялық,  магиялық  т.б.  наным-сенімдер  мен 
аңыз-әңгімелер,  екіншіден,  қазіргі  таңда  этнофразеологизмдерге  айналған  сан  есімнен 
жасалған  тұрақты  тіркестер  от  ауызды,  орақ  тілді  шешендерден  қалған.  Күнделікті 
өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. 
Əуелі  сандар  сызықшамен  белгіленген.  Кейін  қалыптаса  келе  қазіргі  таңдағы  біздер 

80 
 
қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге 
талай  ғасырларды  бастан  кешірген.  әуелі  олар  табиғи  сандарды  (1,  2,  3,  4,  5,  6,  7,  8,  9) 
меңгерсе,  нөлдің  пайда  болуынан  сандарға  революция  жасалған,  сөйтіп  сандарды  игеруде 
жаңа жүйелерді өмірге әкелді [5]. 
 
Сандардың  ерекше  қолданысқа  ие  болуына  байланысты  бірнеше  тұжырым  ұсынуға 
болады: 
 
 Ерте уақыттахалық әр алуан  құбылысқа  бақылау 
жасайкеліп, олардың ортақ қасиеттерін сипаттарын санмен түйіп,  санамалап  айтып  отырған. 
Мысалы, үш жұрт, төрт қонақ, бес қонақ, жеті жұт. 
ә) Наным-сенімге байланысты “киелі” ұғымдар негізінде пайда болған құбылыс. 
б)  Сан  атауы  сәбидің  ана  құрсағында  пайда  болуы  мен  жарық  дүниеге  келгенге  дейінгі 
аралықтағы уақытқа байланысты ерекше қолданысқа ие болған. 
в)  Метрологиялық өлшемдер адам баласы өмірінде қай кезде де ерекше қызмет атқарған [6]. 
Жиырма, отыз, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан – сан есімдерімен біріккен жалпы атаулар жоқ, 
олар  көбінесе,  жалқы  есімдерде  (ономастикалық  атауларда)  кездеседі.  Бұған 
Т.Жанұзақовтың  «Қазақ  есімдерінің  тарихы»,  Е.Керімбаевтың  «Атаулар  сыры»  деген 
еңбектері және «Қазақстан географиялық атаулар сөздігі» дәлел бола алады. Сан есімдермен 
бірігіп  жасалып  тұрған  жер  -  су  (топонимикалық)  атауларындағы  бірінші  (сандық) 
компонент  өзінің  алғашқы  тура  мағынасынан  ауытқып,  жердің  атын  білдіруге  себепкер 
болып тұр. Шынымен де, бұл  атаулардағы сандар әуелде  (біріккен сөздің құрамына кірмей 
тұрғанда)  сандық  ұғымды  білдірсе  (Алты  ай,  Бес  апан,  Тоғызқұдық,  Жетісу,  т.б.)  Кейіннен 
тарихи атауға айналып, қалыптасып кеткен сөздер [7].  
 
Қазақ халқы сәбиге ат қоюға ерекше мән берген. Осы ат қою дәстүрінен де халықтың 
салт  -  санасы,  арман  -  мүддесі,  эстетикалық  талғамы  көрінеді.  Əдетте  ат  қою  құрметіне 
ауылдың  ақсақалы  немесе  көрші  ауылдың  шежіреші  қариясы  ие  болады.  Ал  «Жаңғырған 
салт-дәстүрлер»  деген  кітапта  былай  делінген:  «Тарихи  мұралардың  көпшілігінде  оғыз 
дәстүріндегі  ат  қою  дәстүріне  үнемі  қобызшы  жырау  Қорқыт  ата  қатысып  отырады. 
Сонымен  бірге  үлкен  қуаныштың  үстіне  келіп  қалған  «құтты  аяқ»  құдайы  қонақтарға  ат 
қойғызатын  дәстүр  бар».  Тағы  бір  айта  кететін  нәрсе  –  санға  қатысты  есімдер  көбінесе 
қыздарға  қарағанда  ұл  балалардың  атында  жиі  кездеседі.  Қазақ  халқында  баланың  туған 
күні,  мерзіміне,  оны  қоршаған  ортаға,  өмір  тіршілігіне  байланысты,  кейде  сандардың 
«қасиеттеріне»  сенуге  орай  сан  есім  сөздер  негізінде  балаға  ат  қойылып  отырғаны 
байқалады[8]. Мысалы:  
 
1.ТОҚСАНБАЙ - тоқсан + бай; бұл есім бала тоқсан жасқа келсін деген тілекпен бірге 
оның әкесі тоқсан жасқа келгенде туғандықтан да қойылған. 
 
2.АЛПЫСБАЙ  -  бұл  баланың  әкесі  не  шешесі  алпыс  жасқа  толғанда  туғандықтан 
қойылған есім. 
 
3. АЛТЫБАЙ - саусағы немесе башпайы алтау боп туған ер балаларға ертеде осылай ат 
берілген. 
 
4. ЖЕТІБАЙ - ерте кезде 3, 7, 9 сандары киелі саналған, соған байланысты ер баланың 
өмір-жасы ұзақ болсын деген тілекпен осындай есімдер жиі қойылған. Қысқарта айтылу түрі 
— Жетен. 
 
5.ЖҮЗБАЙ- бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою. 
 
6.  БIРҒАНЫМ  –  аса  сирек  кездесетін  есімдердің  бірі.  Əдетте, көп зарықтырып  барып 
дүниеге  келген  қызға  қойылады.  Сонымен  қатар  бұл  аттың  түбі  «пірханым»  болуы  да 
мүмкін. Ондайда бұл есімді елдің, әулеттің анасы болсын деген тілекпен қоюы ықтимал.  
 
7. «Үштұрба» - Атырау облысы, Жылой ауданы, Қосшағыл ауылының елді мекені. 
 
8. «Төртқұдық» - Атырау облысы, Қызылқоға ауданына қарасты Төртқұдық қыстағы.  
 
Т.Жанұзақов: «Кісі аттарының бірінші, екінші сыңарларында кездесе беретін бай, бек, 
батыр сөздері сын есім әрі зат есім мағынасында жұмсала береді» деп көрсетеді[9]. Берілген 
күрделі  аталымдардың  құрамындағы  сан  есімдердің  көпшілігінде  сандық  мағынасы 
сақталатындығы байқалады. Сан есім сөздер негізінде жасалған аталымдар арқылы әр түрлі 

81 
 
сөз  таптарының  өз  құрамын  толықтырып  отыратындығына  тіл  деректері  арқылы  көз 
жеткізуге болады[10]. 
 
Қорыта келе айтарымыз,  ономастикалық атаулар – ешкімді де бей-жай қалдырмайтын 
ғажайып  әлем,  өйткені  айшықты  атауларымыз  төл  тарихымыздың  ажырамас 
бөлшегі.  Сонымен қатар  ономастикалық атаулар сан әлемімен де тығыз байланысты. Ұлы 
ғалым  Пифогор:  «Əр  сан  өзіндік  ерекшелікке  ие»  деген  екен.  Ғалымдардың  бұл 
тұжырымдарына сену - сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының 
да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дей тұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір 
маңыз екенін жоққа шығара алмаспыз. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар 
мен  құстарды,  көшпелі  тұрмысқа  қажетті  заттарды  киелі  деп  қастерлеген.  Сондай-ақ  қазақ 
халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі 
көп.  «3,  7,  9,  40»  сандар  тізбегін  өзіміздің  салт-дәстүрімізден,  ырым  -  тыйымдарымыздан, 
нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет