Азат елдің ономастикасы – мемлекетіміздің рухани қазынасы атты ғылыми-тәжірибелік конферецияның материалдары



Pdf көрінісі
бет8/22
Дата11.11.2019
өлшемі2,08 Mb.
#51559
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
19 Асанбаева
SBORNIK-80-leti-Nez-RK-16

 
 
ЗАМАНАУИ ОНОМАСТИКА ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ  
 
Досманбетов Б.С.,  экономика ғылымдарының докторы 
Насимов М. Ө.,   саясаттану ғылымдарының кандидаты,  «Болашақ» университеті, 
Қызылорда қаласы. 
 
Қазақстан  георграфиялық  тұрғыдан  Еуразия  құрлығының  кіндік  ортасына 
орналасқандықтан  шығыс  пен  батысқа  талай  ғасырлар  бойы  транзиттік  өлке  болып 
қалыптасты.  Осы  өлке  арқылы  шығыстан  батысқа  қарай  жөңкіле  көшкен  ғұндар,  далалық 
өлкені  жайлаған  қыпшақтар,  күншығыстағы  теңіз    жағалауын  әбден  билеп-төстап  барып 
батыстағы  «соңғы  теңізге»  дейінгі  бағындыруға  ұмтылған  моңғол  тайпалары  бүгінгі 
қазақтың  Ұлы  Даласының  үстінен  өтті.  ХҮІІІ  ғасырдан  бастап  қазақ  даласына  батыстан 
слваян  жұрты  келіп  қоныстана  бастап,  кеңес  дәуірінде  идеологиялық  қысымның  әсерінен 
қатты күшейіп кеткені кешегі тарихтан белгілі. 
Халықтар  көші  қазақ  жерінде  тілдік  тұрғыдан  да,  тарихи  жәдігерлер  қатарынан  да  өз 
белгілерін қалдырды. Сондай белгілер  ономастика саласында да бар. Бұл ауқымы кең мәселе 
болғандықтан  біздер  осы  бағытта  жұмыс  жасайтын  бірнеше  саланың  бағыт-бағдарын 
белгілеп, болашақтағы зерттеулерге жол бастайтын жосықтарды атап өткіміз келеді және ол 
зерттеулер  бірнеше  ғылымның  тоғысында  жүзеге  асырулуы  тиіс  деп  санаймыз.  Айталық 
ономастиканың мына салалары бүгінгі гуманитарлық саладағы ғалымдардың бірлесе отырып 
зерттейтін назарын аударуы тиіс: 
Жалқы есімдер әлемі 
Тайпа, халық есімдері, яғни этнонимика 
Аталмыш  екі  мәселені  ерекше  бөліп-жарып  атап  өтуіміздің  өзіндік  себебі  бар. 
Біріншіден, қазақтың жалқы есімдерінің табиғаты сан-алуан. Онда ғасырлардан көктей өтіп 
жеткен сырлар бар. Екіншіден, қазақтың тарихы ру-тайпалардың бірігу, құралу  тарихынан 
тұрады.  Заманауи  тілдерде  көптеген  заттардың  аты  мен  көріністерін,  табиғат  құбылыстары 
мен  өміріміздің  басқа  қырларын  танытатын  жалқы  сөздер  кездеседі.  Бұдан  бөлек,  түрлі 
есімдер  мен  атаулардың  жекелігін  танытуды  көздейтін  сөздердің  ерекше  әлемі  бар.  Жалқы 
есімдер  бұрыннан  қарапайым  адамдар  мен  кәсіби  зерттеушілерді  қызықтырды.  Бүгінде 

62 
 
жалқы  есімдерді  түрлі  ғылым  салаларының  өкілдері  талдайды:  лингвистер,  географтар, 
тарихшылар, этнографтар, психологтар, әдебиеттанушылар. 
Ономастикалық зерттеулер түрлі халықтардың миграция жолдары, тілдік және мәдени 
байланыстары,  тілдердің  ежелгі  кезеңдегі  ахуалы  мен  олардың  диалекттік  қатынастарын 
айқындауға  көмектеседі.  Топонимия  (әсіресе  гидронимия)  жоғалып  кеткен  тілдер  мен 
халықтар туралы ақпараттың жалғыз көзі болып табылады.  
Біз  өмір  сүріп  отырған  әлемді  есімдер  мен  атаулар  әлемі  деп  атауымызға  болады. 
Өйткені  әрбір  шынайы  нысан  (кейбір  кезде  ойлап  табылған)  өзінің  жеке  атауына  ие.  Бір 
атаулар  өте  ескі  болғандықтан  оларды  өзінен  өзі  пайда  болды  деп  қабылдауымыз  мүмкін. 
Өйткені,  оның  авторы  белгісіз,  кейде  бұл  сөздің  халқы  мен  тілін  анықтай  алмай  жатамыз. 
Мұндай  атаулар  тарихы  (мәселен  Мәскеуді  алайық)  бізден  уақыт  бүркеуінде  жасырылған. 
Сонымен бірге, кейбір өзен, теңіз, таулар, жұлдыздар атауы ерекшеленеді. 
Ономастика  әлемінің  біздің  сөз  қолданысымыздағы  осындай  ерекше  белгілерін 
анықтайтын шекарасы тәжірибелі зерттеушінің де назарынан тыс қалуы мүмкін: статистика 
мұнда  тегіс  барлық  мәселелерді  қамти  алмайды.  Мәселен  орыс  фамилияларының  белгілісі 
200 мыңнан асады. 
Ономастика  жалқы  есімдер  категориясы,  аталынатын  нысандар  сипатына  сәйкес 
бірнеше  бөлімдерге  бөлінеді:  географиялық  нысандардың  атауын  топонимика  зерттейді; 
адамдардың  жеке  аттарын  антропонимия  зерттейді;  ғаламшар  кеңістігі  аймағы,  ғылым  мен 
халық  аузындағы  атауларды  космонимика  сараптайды;  жеке  аспан  денелері  атауын 
астронимика  қарастырады;  жануарлардың  жалқы  есімдерін  зерттеумен  зоонимика 
айналысады;  материалды  мәдениет  заттарының  жалқы  есімін  хрематонимика  айналысады. 
Ономастикада бұдан бөлек көркем әдебиет пен халық ауыз шығармашылығындағы, диалект 
пен ресми-іскерлік сөздердегі жалқы есімдерді талдайтын арнайы бағыттар да бар. 
Этнонимика  (грекше  йthnos  –  тайпа,  халық  және  уnyma  –  есім,  атау)  ономастиканың 
этнонимдердің  пайда  болуы  мен  қызметін,  ұлттар,  халықтар,  тайпалар,  тайпалық  одақтар, 
рулар  және  өзге  этникалық  қауымдастықтарға  қатысы  бар  мәселелерді  зерттейтін  бөлімі. 
Этнонимика  этнонимдердің  тарихы,  олардың  қолданылуы,  таралуы  мен  қазіргі  ахуалын 
зерттейді.  Этнонимика  мәліметтері  этникалық  тарих,  этно  және  лингвогенез  мәселелерін 
шешуде  ерекше  маңызды.  Этнонимдерді  зерттеу  есімдер  эволюциясын  анықтауға,  оның 
пайда  болуын  түсіндіруге  мүмкіндіктер  жасайды.  Этнонимика  нәтижелерін  этникалық 
қауымдастықтарды  барлық  қырынан  зерттейтін  тарихшылар,  этнографтар,  демографтар, 
лингвистер,  антропологтар  мен  археологтар  пайдаланады.  Ежелгі  терминдерден  тұратын 
этнонимдер  құнды  тарихи  және  лингвистикалық  ақпарат  болып  табылады.  Ірі  этникалық 
қауымдастықты  зерттейтін  макроэтнонимдер  және  кіші  бірлестіктерді  құратын 
микроэтнонимдерге  бөлінеді.  Этнонимикадағы  ерекше  топ  ретінде  халықтар  немесе 
тайпалардың  өзіндік  атаулары  көрші  тайпалар  немесе  халықтардың  атауларының  қарама-
қайшылықтарын  атап  өтуімізге  болады.  Мәселен  германдық  тайпалар  тобындағы  «неміс» 
немесе  «финндер» секілді этнонимдер өз тілдерінде сәйкесінше Deutschen және Suomalaiset 
деп  аталады.  Этнонимдерге  топонимдерден  тұратын  жергілікті  атаулар  (этникондар), 
тұрғындар тобының бейресми атаулары жақын. Этнонимдер көбінесе макротопонимдермен 
тығыз  байланысты.  Бұл  байланыстар  тікелей,  яғни  мемлекет  аты  этнонимдерден  тұрса 
(Франция  франкілері,  Чехия  чехтары,  Греция  гректері)  және  кері,  этнонимдер  мемлекет 
атауынан басталады (Америка американдық, Австралия австралиялық, Украина украиндық). 
Ономастикалық  зерттеулер  аспектілері  өте  кең.  Ерекшелеп  айтуымызға  болады: 
ономастикалық зерттеулердің объективті негізі болып табылатын, жиналған материалдардың 
жалпыфилологиялық  талдауы  мен  лингвистикалық  түсіндірмесін  жүргізетін  сипаттамалы 
ономастика;  ономастикалық  жүйелер  дамуының  жалпы  заңдылықтары  мен  қызметін 
зерттейтін  теориялық  ономастика;  есімдер  беру  тәжірибесі,  атаулар  және  оны  өзгертумен 
байланысты  мәселелерді  қамтитын,  картограф,  биограф,  библиограф,  заңгерлерге 
тәжірибелік  ұсынымдар  беретін  қолданбалы  ономастика;  поэтика  бөлімін  құратын  көркем 
шығармалар  ономастикасы;  есімдер  атауларының  тарихын  және  сол  кезеңдердегі 

63 
 
көріністерін  сипаттайтын  тарихи  ономастика;  этностар  мен  олардың  бөлімі  атауларының 
пайда болуын зерттейтін этникалық ономастика. 
Заманауи  ономастика  –  бұл  өзіндік  мәселелері  мен  әдістері  бар  кешенді  ғылыми 
лингвистикалық  пән.  Ономастикалық  зерттеулер  жеке  этностардың  миграция  жолдарын 
анықтауға,  бұрынғы  орындарын  айқындауға,  жеке  тілдердің  ежелгі  ахуалы  мен  түрлі 
этностардың тілдік және мәдени байланыстарын айқындауға септігін тигізеді [1]. 
Ономастика  ғылымдарындағы  барлық  мәселелердің  жоғары  деңгейдегі  теориялық 
зерттеліп  жатқанына  қарамастан,  ғылыми  әдебиеттерді  терең  талдау  көрсеткендей  мәселе 
бойынша  шешімін  таппаған  көптеген  күрделі  сауалдар  бар.  Ономастикалық  зерттеулер 
бағыттарына  байланысты  сұрақтарды  шартты  түрде  теориялық  және  қолданбалы  деп 
бөлуімізге болады. 
Ономастиканың  ғылым  ретінде  қалыптасу  тарихынан  бастап  жеке  есімдерге  қатысты 
мазмұндық  пікірлер  бойынша  таластар  өте  көп.  «Семантика»  мен  «мағына»  ұғымдарына 
қатысты  біржақты  түсінік  жоқ,  ономастикалық  зерттеулерде  қос  түсінік  синонимдес. 
Онимдерге  «тілдік  мәртебелік  толық  ынтасыздық»  себептеріне  байланысты  екі 
тұжырымдама  пайда  болады:  онимдердің  толық  асемантикалығы  және  жоғары  деңгейдегі 
маңыздылығы. Егер біріншісі жалқы есімдердің «қатарластығын» ескермесе, екіншісі тілдік 
маңыздылық  энциклопедиялық  маңыздылықпен  немесе  нысандар  туралы  ақпаратпен 
ауыстырылады.  Сөздердің  заманауи  теориясы  көрсетіп  отырғандай,  онимистикалық 
семантиканың  диалектикалығы  күрделілік  туындатады.  Жалқы  есім  өзінің  толықтай 
сипаттамалық  белгілеріне  байланысты  лингвистикалық  және  экстралингвистикалық 
жоспарларға сәйкес шектесетін болса, мағына аталып отырған нысан туралы мәліметтермен 
шырмалған күрделі кешенге айналады. 
Ономастика теориясының заманауи тіл біліміндегі дамуы В.И. Суприн есімімен тығыз 
байланысты. Ономастикалық  алаңның өзі  онимикалық  бірліктер жиынтығы иерархиясымен 
қатар,  оның  семантикалық,  қызметтік  қауымдастығының  ядролық-перифериялық 
қатынастардың болумен сипатталады. В.И. Супринның пайымдауынша, онимияның ядросы 
болып  антропонимдер  саналады.  Ядролық-перифириялық  қатынастар  жеке  ономастикалық 
топтар  ішінде  де  көрініс  табады.  Мәселен,  антропонимдер  ішінде  маңызды  рөлді  жеке 
есімдер, фамилиялар мен әкесінің аты атқарады. 
ХХ  ғасырдың  70-жылдары  онимикалық  семантика  дамудың  жаңа  сатысына  өтті. 
Антропонимдермен айналысқан В. Бланар оның абстрактылық, есептілік, рухты, ұжымдық, 
топтасқан,  көптігі,  тұлғалылығы  кешенді  талдауын  көрсетті.  Антропонимияның 
семантикалық  және  қызметтік  бейгомогенділігі  өзекті  және  әлеуетті  антропонимияның 
қарсылығын көрсетті.[2, 153-154 бб.]. 
Жалқы  есімдердің  мағыналық  мазмұны  мен  мәнінің  болуы  немесе  болмауы  туралы 
түрлі  ғылыми  негіздемелер  бар.  Мәселенің  тарихы  туралы  А.В. Суперанскаяның  «Общая 
теория  имени  собственного»  атты  монографиясында  көрсетілген.  Жалқы  есімдердің 
лексикалық мағынасының мазмұнын ашуда мынадай әдістер көрсетіледі: 
1.  Жалқы  есімдердің  лексикалық  мағынасы  болмайды  (Дж.Ст.  Милль,  В.  Рассел,  А. 
Гардинер, А.А. Реформатксий, О.С. Ахманова және т.б.). Жалқы есімдердің негізгі  қызметі 
ретінде  атаулы,  номинантты  саналады.  Жалқы  есімдер  денотат  көрсетіп,  онимдер 
маңыздылығын айқындай түседі. 
2.  Жалқы  есімдер  тек  сөйлеуде  ғана  мағынаға  ие,  ал  тіл  деңгейінде  ол  семантикалық 
бос  белгілер  ретінде  қарастырылады.  (О.  Есперсен,  А.  Петерсон,  Е. Курилович,  А.А. 
Уфимцева, Н.Д. Арутюнова және т.б.).  
3.  Жалқы  есімдер  тілде,  сөйлеу  деңгейінде  мағынаға  ие  және  бұл  мағыналар  жалпы 
есімдермен ерекшеленеді (Л.В.Щерба, А.А. Суперанская, С.Д. Кацнельсон және т.б.). 
4.  Есім  –  бейсанаға  қатысты  кілттердің  бірі.  Жаңа  есім  таңдау  барысында  біз 
контекстке  мән  береміз,  адам  санасындағы  континуал  ағындарына  бойлап,  оның  рухына 
енуді жүзеге асырамыз. А.Ф. Лосев жазғандай: «Миф – толық сиқырлы есім» [3, 7-8 бб].  
Лингвистер жалқы есімдердің тіл мен сөйлеудегі келесі қызметтерін атап көрсетеді: 

64 
 
- дескриптивті (сипаттамалық) қызмет этимологиялық ерекшеліктерге сүйенеді; 
- индивидтердің бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын қызметі (айырмашылық); 
- әлеуметтік қызмет; 
- есімдердің мағынасын көрсетуді сипаттайтын идеологиялық қызметі; 
- эмоционалды  (экспрессивті),  эстетикалық,  стилистикалық  қызмет  –  негізгілерден 
бөлек екінші дәрежедегі туынды сапасындағы қызмет [4].  
Қорыта айтқанда, берілген мәселе бойынша туындаған көптеген проблемалар заманауи 
ономастиканың  өзекті  тұстарын  көрсетеді.  Мәселемен  барлық  әлеуметтік-гуманитарлық 
ғылымдар  саласының  өкілдері  айналысуы  керек  деп  ойлаймыз.  Сонымен  қатар,  көрші 
Ресейде  ономастика  мәселесіне  байланысты  терең  зерттеулер  жүргізіліп  жатқандығы 
байқалады.  Ономастика  байланысты  көптеген  электрондық  ресурстар  жұмыс  жасайды. 
Ономастиканың  өзекті  мәселелеріне  байланысты  халықаралық  деңгейдегі  ғылыми 
тәжірибелік 
конференциялар 
ұйымдастырылып 
тұрады. 
Кейбір 
білім 
беру 
бағдарламаларында  пәндер  енгізілген.  2004  жылдан  бастап  «Вопросы  ономастики»  атты 
халықаралық  ғылыми журнал жарық  көріп келеді. Мұның барлығы біздің елімізде де орын 
алып  жатса  осы  саланың  дамуына  оң  ықпалын  тигізетіні  анық.  Түптеп  келгеде,  Елбасы 
Н.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты бағдарламалық  мақаласындағы 
ұлттық құндылықтардың жаңғыруы ономастика саласында да қатысы бар екендігі анық. 
 
 
Пайдаланылған
 
әдебиеттер

1.Что 
такое 
онамастика? 
// 
Электрондық 
ресурс. 
– 
Көру 
режимі 
h
ttp://onomastika.ru/terms/onomastika 
 Скребнева Т.В. Актуальные проблемы современной фамильной антропонимики // 
 2. Веснік Віцебскага Дзяржаўнага універсітэта. – 2006. - №2. – С. 153-156. 
3.Васильева С.П., Ворошилова Е.В. 
Литературная ономастика. – Красноярск
, 2009. – 138 с. 
4.Ходан  М.  Актуализация  проблем  ономастики  //  Электрондық  ресурс.  –  Көру  режимі: 
http://www.poet-severyanin.ru/library/leksiko-semanticheskie-sredstva28.html 
 
 
АЗАТ ЕЛДІҢ ОНОМАСТИКАСЫ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ҚАЗЫНАСЫ 
 
Ұлықпанова Ә. Ж.,  Ақтөбе қ., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік 
университетінің аға оқытушысы, г.ғ.м. 
Досмұхаммедова А. М.,  Ақтөбе қ., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік 
мемлекеттік университеті, филология факультетінің 2-курс студенті.
 А
қтөбе қаласы 
 
Жер-су  атаулары  –  біздің  тарихымыздың  айғағы.  Өткеннің  ізі  сайрап  жатқан  жеріміз 
талай заманның жаңғырығын  осы атаулар арқылы бізге жеткізгені  анық.  Бүгінде егемен ел 
болып, қабырғамыз қатайған кезде  сол жоғымызды іздей бастадық. 
Қазақ  елінің  көптеген  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұлттық  ономастика  жүйесі  ХІХ 
ғасырдың екінші жартысынан бастап түбегейлі өзгерістерге ұшырады және патша үкіметінің 
отаршылдық  мүдделеріне,  кейіннен  кеңес  жүйесінің  тоталитарлық  саясатына  қызмет  етуге 
мәжбүр  болды.  Отаршылдық  пен  тоталитарлық  режимдердің  идеологтары  ономастиканы 
қоғамның тарихи-мәдени санасына әсер етудің саяси құралына айналдырды. 
Ономастика  –  жер-су  атаулары,  адам  есімдері,  халық,  ру-тайпа  атаулары,  мемлекет 
атаулары,  әртүрлі  мәдени-тарихи  нысандар,  яғни  «тиражға»  түспеген  атаулардың  (жалқы 
есімдердің)  жиынтығын  зерттейтін  тіл  ғылымдарының  ерекше  саласы.  Мұндай  атаулар 
тілдің басқа жүйелерінен ұлттық сипатымен, пәнаралық кешенділігімен ерекшеленіп тұрады. 
Ономастикалық  атаулардың  қызметін  олардың  тек  адрестік  функциясына  байланысты  деп 
түсінсек,  оның  түпкі  мазмұнына,  ұлттық  сипатына,  қалыптасу  тарихына  бойламағанымыз 
болып саналар еді. 

65 
 
Халқымыздың  ағартушы  ғалымы  Шоқан  Уәлиханов:  «Көне  түркі  салт-сана,  әдет-
ғұрпының  қаймағы  бұзылмаған  қазақтарда  өмірдің  бір  саласын  қамтитын  тарихи 
оқиғалармен  байланысты  жер-су  атаулары,  адам  аттары,  тағы  да  басқалары  есте  сақталып, 
атадан  балаға  жалғасып  жатады»  [1,  142  б.]  деп,  жер-су  атаулары  елдің  болмысы,  салт-
дәстүрі, тілі, діні екенін айтып, атаулар ешқашан жөн-жосықсыз кездейсоқ қойылмайтынын 
аңғартты.  
Халқымыз:  «Үш байлығыңды – елің мен жеріңді және тіліңді құрметте!»- деп бекерге 
айтпаған.  Міне,  сондықтан  да  қазақ  өзінің  өсіп-өнген  жеріне,  тауы  мен  тасына,  өзені  мен 
көліне, сай-саласына дейін ат қойып, айдар тағып отырған, тарихын тасқа қашаған. Сөйтіп, 
өзінің болмыс-бітімін, ежелден келе жатқан дүниетанымын, далалық дүниетанымын, тілі мен 
ділін,  мәдени  ерекшелігін,  рухани  құндылықтарын  шашасын  шығармай  болашақ  ұрпаққа 
аманаттай  білген.  Белгілі  жазушы,  ғалым-этнограф  Ақселеу  Сейдімбектің  тілімен  айтсақ: 
«...атау  арқылы  белгілі  бір  жаратылыс  пен  құбылыстың  мазмұндық  мәнін  танып-түсінуге 
жол 
ашылады, бағдар айқындалады» 
[2, 49 б.]. 
Қазақ  тілінің  ономастика  саласының  көптеген  секторларының  ішінде  салыстырмалы 
түрде  жетік  зерттелгені  –  топонимика  мен  антропонимика  саласы.  Бұл  салалардың  көбірек 
зерттелуінің  себебі-олардың,  біріншіден,  сан  жағынан  басымдылығы,  екіншіден,  өзектілігі 
мен  қоғам  өміріндегі  саяси,  мәдениәлеуметтік  маңызының  жоғары  болуымен  байланысты. 
Сондықтан да бұл жұмыста қазақ тілінің топонимдік және антропонимдік тобына баса назар 
аударылып  отыр.  Ономастиканы  тіл  білімінің  жеке  саласы  ретінде  жетістіктеріне  тоқталар 
болсақ,  оларды  мазмұнына,  сипатына  сай  шартты  түрде  үш  кезеңге  төмендегідей  бөліп 
қараймыз: 
 1-кезең (1950-1970 ж.ж.). Ономастиканың қазақ тіл біліміндегі ғылыми бағыт ретінде 
қалыптаса  бастауына  географ-ғалым  Ғ.Қоңқашбаевтың  1948  жылы  «Қазақтың  халықтық 
географиялық  терминдері»  атты  тақырыпқа  қорғаған  кандидаттық  диссертациясы  мен  осы 
тақырып төңірегінде жазылған көптеген мақалалары ұйытқы болды.  
Қазақстан  топонимдерін  тарихи-лингвистикалық  аспектіде,  басқа  туыстас  тілдермен 
салыстыра тұңғыш зерттеген А.Əбдірахманов 1955 жылы кандидаттық диссертация қорғап, 
ғылыми  дәреже  алды.  Ол  осы  диссертацияның  негізінде  1959  жылы  жеке  монография 
жариялады.  Автор  бұл  еңбегінде  Қазақстандағы  ірі  объектілік  географиялық  атаулардың 
ішінен  800ден  аса  қала,  ауыл,  поселке,  аудан  және  темір  жол  стансаларының  атауларына 
талдау жасады. 1954 жылдан Т.Жанұзақов қазақ антропонимдері жайлы зерттеу жұмыстарын 
жүргізіп,  1961  жылы  «Лично-собственные  имена  в  казахском  языке»  атты  қазақ 
антропонимдері мәселесіне арналған алғашқы еңбегін жазды [3, 275 б.]. Алайда сол кездегі 
Одақ  көлемінде  жүргізілген  ономастикалық  зерттеулерді  қамтыған  ғылымитеориялық 
проблемалар  аясы,  оны  шешудің  әдістемелік  деңгейін,  ал  қазақ  ғалымдарының  зерттеулері  
де    кеңестік  ономастиканың  теориялық,  әдістемелік  жетістіктеріне  сүйенгендігін  ескерсек, 
қазақ  тіл  білімінде  ономастика  саласы  ғылыми  бағыт  ретінде  бой  көтеріп,  орныға 
бастағандығын айтуға болады.  
2-кезең (1970-1990  ж.ж.)  1971 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының жарлығымен 
Тіл  білімі институтында ономастика бөлімі  ашылып, бөлім қызметкерлері: А.Əбдірахманов 
1975  жылы  «Топонимика  және  этимология»  атты  еңбек  шығарды.  Е.Қойшыбаев  «Краткий 
толковый  словарь  топонимии  Казахстана»  (1974)  атты  сөздік  шығарды.  Қазақ 
ономастикасының  ұлттық  лингвистика  ғылымында  дербес  сала  ретінде  түпкілікті  нық 
орнығуына  Т.Жанұзақовтың  1976  жылы  қазақ  антропонимия,  этнонимия,  космонимия, 
зоонимия  салаларын  жан-жақты  тілдік  тұрғыдан,  әсіресе,  этнографиялық  деректерге 
молынан  иек  арта  отырып  зерттеген  «Основные  проблемы  ономастики  казахского  языка» 
атты докторлық диссертациясы ұлттық ономастикадағы кезеңдік жұмыс ретінде айтарлықтай 
үлес қосты [3, 277 б.].  
1984  жылы  қазақ  атауларынан  сыр    шертетін,    тартымды  тілмен  жазылған  ғылыми-
публицистикалық  сипаттағы  екі  кітап  жарық  көрді.  Оның  бірі  белгілі  жазушы 
Б.Нұржекеевтің «Өзендер өрнектеген өлке. Ел-жұрт, жер-су және Жетісу жайында тараулар» 

66 
 
атты,  екіншісі  Е.Керімбаевтың  «Атаулар  сыры»  (1984),  осы  жылдары  «Тюркская 
ономастика»,  «Қазақ  антропонимикасының  мәселелері»,  «Қазақ  есімдері»  (1988),  «Есіміңіз 
кім?»  (1989),  «Орталық  Қазақстанның  жер-су  аттары»  (1989)  атты  кітаптар  қазақ 
ономастикасының  қоржынын  толықтыра  түсті.  Жалпы,  бұл  онжылдық  қазақ  ономастика 
саласының  толыққанды  қалыптасып,  Одақ  көлемінде  танымал  болған  ірі  түркологиялық 
ономастика  орталығы  ретінде  қалыптасуымен  ұлттық  ономастиканың  даму  тарихындағы 
орны зор айтулы кезең болды.  
3-кезең (1990-қазіргі кезең). 90-жылдардың соңғы тұсы Кеңес Одағындағы қайта құру 
кезеңімен  сәйкес  келіп,  ұлттық  республикаларда  саяси,  мәдени  реформалар  қолға  алына 
бастады.  Қайта  құру  кезеңі  жер-жерде  ұлттық  сананың  бой  көтеруіне,  рухани  жаңғыруға 
қозғау  болды.  Қазақстан  егемендікке  ие  болған  20  жылдың  ішінде  ұлттық  ономастика 
саласының  фактологиялықдеректік  базасын  байытып,  әдістемелік  және  ғылымитеориялық 
негіздерін  толықтырған  кезең  болды.  Оның  қазақ  ономастикасы,  тіл  білімі  үшін  нәтижелі 
болғандығы  туралы  осы  аралықта  қорғалған  20-дан  астам  диссертациялардың  саны  мен 
сапасы  куә  [3,  278  б.].  Қазақ  ономастикасы  үшін  бұл  кезеңді  (1991-2011)  ұлттық 
ономастиканың  фактологиялық  базасы  мен  ғылыми-теориялық  әдістемелік  негіздері  жақсы 
жетілген жемісті кезеңі деп бағалау орынды болмақ. 
Тәуелсіздік  туы  желбірегеннен  кейінгі  жылдарда,  1998  жылы  республиканың 
шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен болған  кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: 
«ономастикалық саясатты босаңдатуға  болмайды. Жалтақтай беретін ештеңе жоқ. Отаршыл 
заманды  еске алып, халықтың намысына тиетін атауларды да,  тілдің өзіндік заңдылығын, 
табиғи  үндестігін  бұзып  тұратын  атауларды  ауыстырмай  болмайды»  деген  ойын    естен 
шығармағанымыз  абзал  болар.  Өз  кезінде,  өткен  ғасырдың  басында    ұлы  Ахаңның:  «Тілі 
жоғалған жұрттың өзі де жойылады» дегені бүгінгі күні де өзектілігін сақтап тұр. Мектептегі 
жасөспірімдердің  16-ға  толуына  байланысты  төлқұжаттары  ресімделетіні  белгілі.  Олар  – 
бәрінен де бұрын, болашақ ата-ана. Сондықтан мәңгілік елдің мәңгілік ұрпағы  тегі мен аты-
жөнін  өздерінің  тұңғыш  құжаттарында  сауатты,  ұлттық  нышанда  ресімдеуіне    назар 
аударатын болсақ, ол да біздің елдігіміздің белгісі болар еді. Осыны ойдан шығармасақ екен! 
Мәңгілік елдің  мәңгілік тілі сонда ғана сөнбейді,  әрі қарай ұрпақтан ұрпаққа мирас етіледі. 
Елбасының  соңғы  Жолдауы  да,  жоғарыда  аталған  Жарлығы  да,  ойланып  көрсек,  
болашақтың мүддесін көздеп тұр. Елдігіміздің бір белгісі ретінде байқалатын жер атаулары 
қашаннан  бабаларымыздың  бұл  мәселеге  байыппен  қарап,  табиғи  ерекшеліктер  мен  өлке 
өзгешелігін тап басып, сол арқылы түйін жасағанын білдіреді. Тәуелсіздіктің арқасында қала, 
облыс,  ауыл,  көшелерге  тарихи  атаулары  қайтарылып  жатыр,  соның  нәтижесінде  қазақ 
халқының бай мұрасы сақталады.  
«Өзіңді өзің сыйласаң – жат жанынан түңіледі» дегені бар. Мәңгілік ел боламыз десек, 
Тәуелсіздік  жемісін  қастерлеп,  мақтан  етіп,  қолдана  білейік.  Түптеп  келгенде,  атаулар  – 
тіліміз бен ұлтымыздың айнасы, мәңгілік елдің  өшпес ажары. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы, 1985. – 560 б. 
2.  Сейдембеков А. Сонар. – Алматы, 1989. – 352 б. 
3.  Тәуелсіз  Қазақстан  кезеңіндегі  қазақ  тіл  білімі.Алматы:  «Қазақ  энциклопедиясы»,  2011, 
274-279 б. 
4.  Т.Жанұзақ,  Қ.Рысберген.  Қазақ  ономастикасы:  жетістіктері  мен  болашағы.  -  Алматы, 
2004. 124 бет. 
5.  «Жаңарған ел – жаңғырған атаулар» - Астана, 2012. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет