Азат елдің ономастикасы – мемлекетіміздің рухани қазынасы атты ғылыми-тәжірибелік конферецияның материалдары



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата11.11.2019
өлшемі2,08 Mb.
#51559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
19 Асанбаева
SBORNIK-80-leti-Nez-RK-16

 
 
КІСІ ЕСІМІ ЖӘНЕ КӨНЕ ТҮСІНІК 
 
Әбсадықов А.А., филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай 
мемлекеттік университетінің профессоры.Қостанай қаласы. 
 
Қазақтың, сондай-ақ жер беті халықтарының отбасылық  салтында дүниеге келген жас 
нәрестеге ата-анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. 
Мұның сыры «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады» 
деген  наным-сенімнен  болса  керек.  Қазақ  арасындағы  кiсi  есiмдерiне  қарап  отырып-ақ, 
өзiмiзге  дейiн  өмiр  сүрген  ата-бабаларымыздың  тарихы,  мәдениетi,  тұрмысы,  әдеп-
ғұрыптары  мен  салт-санасы,  дүниеге,  дiнге  көзқарасын,  неге  қол  созып,  неден  үмiт 
күткендiктерiн бiлуге болады. Бұған мысалдар өте көп. Біздің мақсатымыз көне мұралар мен 
фольклорлық  шығармаларда  кездесетін  қаһармандардың  біршама  уақыт  атсыз  жүретін 
көрінісін  талдау болып табылады. 
Жас  нәрестеге  туғаннан  бірден  оған  есім  берілмейтіні  туралы  ақпараттарды  біз  көне 
жазба  деректерден  көре  аламыз.  Түркі-моңғол  халықтарында  дүниеге  келген  жас  нәресте  1 
жасқа толмайынша есңм берілмейтін болған. Бұл ақпарат ХҮІІ ғасырда жазылған Хиуа ханы 
Əбілғазының  «Түрік  шежіресінде»  анық  жазылған.  «Ол  кезде,  -  деп  жазады  «Түрік 
шежіресі»,- моңғолдарда бала бір жасқа шыққанша ат қоймайтын әдет бар еді. Бала бір жасқа 
келгенде,  Қара  хан  елге  сауын  айтып,  үлкен  той  жасады.  Той  үстінде  ұғланды  көпшілікке 
көрсетіп, хан билеріне:  «Бұған қандай ат қоясыздар, баламыз бір жасқа жетті»,-дейді [1, 16 
б.]. 
Келтірілген  мысал  біздерге  ертедегі  адамдар  балаға  дүниеге  келісімен  ат 
қоймағандығын  көрсетеді.  Бұған  себеп  -    ертедегі  адамдардың  көне  түсінігі  мен  наным-
сенімі.  Бұл  орайда,  біздің  мақсатымызды  ашуға  көмектесетін  көне  түсінік  –  ертедегі 
адамдардың  дүниені  үш  тағандық  тұтас  космос  деп  тануы.  Олар  дүниені  тұтас,  бөлінбес 
космос  деп  қабылдап,  оны  жоғары,  орта,  төменгі  дүние  деп  үшке  бөлген.  Аталмыш  таным 
қазақ  арасында  да  сақталған.  Мәселен,  ХІХ  ғасырда  Ш.Уәлиханов  жазып  алған  «Өлі  мен 
тірінің  достығы»  атты  қазақ  ертегісінде:«Аспанда  да  адамдар  өмір  сүреді.  Олар  белдікті 
тамағына  тағынады,  жерде,  ортада  өмір  сүретіндер  біздер  белімізді  буынамыз,  өздерінің 
біздегідей  күн  мен  айы,  жұлдызы  бар  жер  астындағылар  белдікті  аяқтарына  байлайды»,-
деген жолдар бар. 
Осы  үш  тағандық  тұтас  космостағы  жан  иелері  (адам,  кейде  мақұлық)  бір  дүниеден 
екінші бір дүниеге басқа формалармен ауысып жүре береді деп есептелген. Дүниеге келген 
кісі бұл дүниеден озғанда келген жағына қайтадан қайтады, яғни «қайтыс» болады. Сондай-
ақ қайтқан кісі бұл дүниеге басқа кейіпте қайта оралып келеді. Мұндай орлаудың бір жолы  – 
жаңа  туған  нәресте.  Жаңа  туған  нәресте  дүниеден  қайтқан  ата-бабаларының  рухы  арқылы 
келеді  немесе  өлген  адам  жаны  басқа  түрге  еніп  қайтып  оралады  деген  түсінік  көптеген 
халықтардың дүниетанымында бертінге дейін сақталып келген. Біздің халқымыздағы мұндай 
көне  мифтік  түсінікті  отбасы  ғұрыптарынан  анық  байқауға  болады.  Мысалы,  отбасы 
ғұрыпындағы  шілдехана  күзету,  қырқынан  шығарып  бесікке  салу,  тұсаукесер  рәсімдері– 
қайтқан кісінің артынан жасалған қазанамалық рәсімдердің жаңа параллелі. Қаза болған ата-

36 
 
бабасы  жаңа  туған  нәресте  арқылы  қайтып  оралады  деп  санаған  ата-бабаларымыз  қайтқан 
кісінің  артында  атқарылатын  рәсімдерді  (өлікті  күзету,  табытқа  салу,  қырқы  және  жылын 
беру)  жаңа  туған  баланың  өсу  жолында  «шілдехана  күзету»,  «қырқынан  шығарып  бесікке 
салу», «тұсаукесер» болып қайталап отырады. Екінші сөзбен айтсақ, жаңа туған нәрестенің 1 
жасқа  толғанына  дейінгі  орындалатын  ғұрыптары  қайтқан  кісінің  жылына  дейінгі 
қазанамалық  рәсімдерді  тұп-тура  қайталайды.  Ш.Уәлихановтың  жазуынша,  қазақ  арасында 
қайтқан  кісі  бір  жылдан  кейін  тек  өз  отбасының  маңайында  жүрмей,  енді  кеңістікті  емін-
еркін шарлайтын рухқа айналады деген түсінік бар. 
Бір жасқа толғанын ерекше бағалайтын дәстүр кәріс халқында да бар. Бұл да кездейсоқ 
құбылыс емес секілді. Кәріс халқында бар дәстүр өзге Оңтүстік Шығыс Азия (қытай, жапон 
т.б.) халықтарында бар деп жобалауға болады. 
Бала бір жасқа толар-толмас шағында өз бетімен тұрып, талыпынып жүруге ұмтылады. 
Сол кезде көпшіліктің қатысуымен ырымдалатын рәсім – тұсаукесер ғұрпы. Аталмыш ғұрып 
үстінде  айтылатын  жырда  тұрақты  түрде  қайталанып  отыратын  «Қаз,  қаз,  қаз  балам// 
Қадамыңа  мәз  болам»  деген  жолдар  бар.  Ақ  тілекке  оранған  жыр  жолдарында  өз  бетімен 
жүруге  талпынған  сәбидің  талабына  қуану  сезімі  «қаз»  етістігімен  берілген.  Бұл  кездейсоқ 
қалыптасқан  тұрақты  жыр  жолдары  емес.  Зерттеушілердің  пайымынша,  «қаз»  етістігінің 
көне  мағынасы  «еркін  өмір  сүру,  өз  бетімен  күн  көру»  дегенді  білдіреді.  (Бізде 
тұсаукесердегі «қаз» етістігін қазақ арасына кейін ауысқан асыранды құстың бір түрі қаздың 
жүрісіне  балау  орын  алған.  Қазақтар  қазды  асыранды  құс  етіп  бақпаған.  Біз  үшін  қаз 
«аспанда әуелеп ұшқан» жыл құсы. Сонымен қатар, ұлтымыздың «қазақ» атауында да «қаз» 
етістігінен  бастау  алатынын  естен  шығармаған  жөн.  Бұл  этимологияда  «бөлек,  еркін,  азат 
өмір сүру» дегенді мағына бар). Бұл дүниеге тылсым күштердің қолдауымен келіп, алғашқы 
қадамын тәй-тәй басқан сәби халық танымында «енді ол бөтен дүниеден бергі дүниеге (бұл 
дүниеге)  өтті»  деген  қуанышты  білдіреді.  Екінші  сөзбен  айтсақ,  1  жасқа  толған  бала  бұл 
дүниеге толық өтті деп есептеліп, адам санатына қосылады. Еркін, азат адамға айналып, оған 
ат беріліп, айдар тағылады.  
Балаға есім бергенде де қайтқан кісі соңында атқарылатын қазанамалық ғұрыптардың 
атқарылғаны, өтелгенін айшықтап немесе жаңа туған бала өткен кісінің жаңа жалғасы деген 
сынды  түсінікті  ырымдап  қояды.  Мысалы,  Өтеген  (Өтебай,  Өтеулі),  Төлеу  (хан,  жан,  бек, 
бай),  Төлеген  (Төле)  (Төленген),  Жалғас  (бек,  бай),  Жаңабай(бек),  Өмірбек  (бай,  хан), 
Қалқаман деген сынды есімдер жаңа туған бала дүнеден кеткен кісінің орнына келіп отырған 
төлеуі  мен  өтемі,  оның  жалғасы,  жаңа  өмірі  деген  таным-түсінікті  білдіреді  (Аталғандар 
ішінде «Қалқаман» деген есімнің мағынасы ә дегеннен түсініксіз көрінеді. Бұл көнерген сөз. 
Ол  екі  бөліктен  тұрады.  Бірі  –  қалқа,  екіншісі  –  ман.  «Ман»  деген  қосымша  адам  дегенді 
(мысалға,  найман,  аларман)  білдіріп  тұр.  Ал  «қалқа»  деген  «орнына  қалған,  келген»  деген 
мағынаның  айшығы.  Оның  түбірі  «қал»  (қалу,  қалған,  қалмақ)  етістігінен  туындаған. 
Қазақтың  «қалқам,  қалқам-ау»  деген  қаратпа  сөздері  аталмыш  мағынадан  туған,  яғни  бұл 
сөздер  де  «менің  орныма  келген  немесе  қалатын  жан»  деген  елжіреген  мейрімнің  белгісі. 
Пікірімізге  жанама  дәлел  ретінде  ХҮІ  ғасырдағы  Ноғай  Ордасына  қатысты  жазылған  орыс 
жазба  деректерінде  «қалға  (қалқа)»  сөзі  билік  құрған  кісінің  орнына  қалған  мұрагеріне 
қатысты  айтылғанын  ескертіп  кетуге  болады.  «Қалқаман»  деген  көнерген  есімнің  жаңа 
баламасы – Қалдыбек (Қалдыгүл). 
Сонымен,  тұсаукесер  рәсімінен  кейін  жас  нәресте  -  өзге  дүние  байлауынан  босаған, 
тәуелсіз,  өз  еркімен  жүретін,  яғни  «қаз  басқан»  жан  иесі.  Осы  кезеңнен  бастап  оған  бұл 
дүниеге  сай  есім  қоюға  болады.  Нәрестеге  уақыт  сала  келе  есім  қою  салты  фольклорлық  
туындыларға  ауысып,  көркемдік  шарттылық  негізінде  гиперболалық  сипатқа  ие  болады. 
Мысалы,  ХІҮ  ғасырда  жазбаға  түсе  бастаған  «Оғызнаме»,    «Дадам  Қорқыт»  сынды 
батырлық эпостарда басты кейіпкерлер көп уақытқа дейін (әдетте, ерлік көрсеткенге дейін) 
атсыз жүреді.  
«Ол кезде адам өлтіріп, қан төкпесе, балаға ат қойылмаушы еді»[2, 35 б.], – дейді көне 
түркілік оғыз жырлары. Осыны, яғни «адам өлтіріп, қан төкпеген» ерлікті істемеген Байбөрі 

37 
 
баласы  Бәмсі  Байрақ  15  жасқа  дейін  атсыз  жүреді.  Оған  «Бамсы-Байрақ»  деген  батырлық 
есімі  «гәуірлерге  (кәпірлерге  -  А.Ə.)  қылыш  жұмсап,  қырғидай  тигеннен»,  «жаулардың 
басын  кесіп,  қан  төккеннен»  [2,  35-37  б.],  кейін,  той  үстінде  Қорқыт  атаның  қатысуымен 
беріледі. Осыған ұқсас көрініс оғыздардың келесі бір жыры- «Дирес хан ұлы Бұқаш батыр» 
жырында да бар. Онда Дирсе ханның да он беске келгенше атсыз жүрген баласына «Бұқаш» 
деген  есім  Баяндыр  ханның  «оңынан  үш,  солынан  үш  адам  ұстап  алаңға  әкелген»  сүзеген 
бұқасын өлтіргеннен кейін Қорқыттың  ұсынысымен беріледі. 
Балаға  ерлік  істен  кейін  ат  беру  қазақ  батырлық  ертегілері  мен  тарихи  аңыздарында 
сақталған. Мысалы, «Желкілдек» ертегісінде Сарыбай байдың құдайдан сұрап алған баласы 
Желкілдек жеті жасында жылқы бағауға шығады. Оны ел-жұртын жау шауып, кекті болған 
Əзтемір  деген  кісі  «мылтық  атса,  оқ  тимейтін,  қылышпен  шапса,  қылыш  өтпейтін»  бала 
батырды әдейі іздеп келіп, оған «Жеті жасар Желкілдек» деген ат береді [2, 112-118 б.]. Ал 
қазақтың  атақты  ханы  Абылай  туралы  аңызда  болашақ  хан  алдымен  Төле  би  қойған 
«Сабалақ»  деген  атпен  жүріп,  кейін  жау  батырын  жеңгеннен  кейін  «Абылай»  деген  есім 
алады.  
Келтірілген  мысалдар  мазмұнындағы  болашақ  батырға  ат  қоюдың  уақыты  ерлік  іс 
атқарғанша  созылуы  батырлық  эпостың  көркемдік  заңдылығынан  туындағаны  сөзсіз. 
Эпикалық  туындылардың  әсірелеу  мен  дәріптеуге  құралатын  көркемдік  мұраты  балаға 
туғаннан бірден ат қойылмайтын дәстүрді пайдалана отырып оны батыр бейнесі мен ерлікті 
істерді даралау әдіс-тәсілдеріне қолданған.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Əбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы: Ана тілі, 1992.–208 б.  
2.  Қорқыт  ата  кітабы  (Оғыздардың  батырлық  жырлары).  Орыс  тілінен  ауд.:  Ə. 
Қоңыратбаев, М. Байділдаев. –Алматы: Жазушы, 1986. 
3.  Қазақ халық әдебиеті: көп томдық. –Алматы: Жаушы, 1988. Ертегілер. Т.4.-302 б. 
 
 
ҰЛЫ ЖЫЛАНШЫҚ ГИДРОНИМІ 
 
Әбсадықов А.А., филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов атындағы 
Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры. 
Арықбаева Ж., филология магистрі,С.Мәуленов атындағы гимназияның мұғалімі, 
Қостанай қаласы 
 
Торғай даласындағы белгілі ұзын өзендердің бірі – Ұлы Жыланшық. Өзеннің бастауы – 
Ұлытау  сілемдері.  Географиялық  мәліметтер  бойынша,  өзеннің  аңғары  Сарыарқаның 
оңтүстік-батыс  шетіндегі  Ұлытау  таулы  массивінің  теңіз  деңгейінен  750  м  биіктігінен 
басталып, Торғайдың Жанкелді ауданындағы Ақкөл көліне (еңістігі 65 м) құяды. Биіктік пен 
еңістік арасындағы айырмашылық – 695 м. Осы аралықта өзен 426 шақырымдық ұзындықта 
ағып  өтеді.  Жыланшық  Ұлытаудан  аққан  екі  өзен  саласының  бірігуінен  пайда  болады.  Оң 
жақ  саласы  —  Үлкен  Жыланшықтың  ұзындығы  163  км,  сол  жақ  саласы  Кіші  Жыланшық 
немесе Дулығалы Жыланшықтың ұзындығы 140 км. Кіші Жыланшық Ұлы Жыланшылыққа 
сағасынан бастап есептегенде 263 шақырым жерде қосылады. 
Ал Ұлы Жыланшық пен Кіші Жыланшық өзеннің атауы ұзындыққа байланысты немесе 
өзендердің бастау арнасы Ұлытау немесе Кішітаудан басталатынан болса керек. Бұған қоса 
қос  өзен  Торғай  жазығында  қосылып,  арнасы  кең  өзенге  айналады.  Сол  жерде  ол  «Үлкен, 
яғни Ұлы Жыланшық» атанады.  
Ел  арасында  «Жыланшықтың»  атауы  өзенде  жылан  көп  болғандықтан  деген  шыққан 
деген сөз бар. Рас, қазақ жерінде  «Жыланды»  деген жер атаулары  баршылық. Қазақтардың 
негізі танымында жылан - суды мекендейтін емес, ол жерді мекендейтін жәндік.  

38 
 
Қазақ  танымында  «ордалы  жылан»  түсінік  бар.  Ордалы  жыландар  құдықтарда, 
шұңқырларда,  үңгірлерде  мекендейді,  «жүздеген,  мындаған  жыландар  бір-біріне  оралып, 
үйіліп жатады» деген түсінік осы ордалы жыландарға қатысты айтылады. Егер адам ордалы 
жыланның біреуін абайсызда болсын, әдейі болсын өлтіріп алса, онда қалған жыландар әлгі 
адамды қай жаққа кетсе де тауып алып өлтіреді деген түсінік те қазақтың сенім-нанымынан 
орын алған. 
«Ордалы жылан» түсінігі – ежелгі «жылан елі, жыландар мемлекеті» деген түсініктің 
сарқыншағы.  «Ер  Төстік»  ертегісінің  мазмұнын  еске  түсірейік.  Төстік  жер  астына  түсіп, 
жылан патшалығының билеушісі Бапы ханның еліне бармайтын ба еді? Сондай-ақ қазақ үйге 
жылан кірсе, «жер астынан жаман ниетпен шықты» деп басына ақ құйып, шығарып салады. 
Демек,  жылан  -  су  астын  емес,  үңгірін  жер  астынан  дайындап,  азығын  жер  мен  су  үстінен 
жәндік. 
«Жыланды», «Жыландытау» сынды топонимдер қазақ даласының әр тұсынан кездеседі. 
Тіпті,  ХІХ  ғасырда  орыс  саяхатшыларының  Сырдарияның  Арал  теңізіне  құяр  сағасындағы  
Жаңакент қаласының қирауын ханның қолынан жазықсыз қаза тапқан қызының кегі ретінде 
қыздың әкесінің дұға оқып жылан қаптатып қаланы қиратқан деген деректі жазып алғандығы 
белгілі.  
Көшпелі  тірлік  құрып,  мал  шаруашылығымен  айналысқан  қазақ  халқы  өзен-көл 
атауларының түр-түсіне (Ақсу, Ақкөл, Қарасу, Көксу, Сарысу, Сарыкөл), ащы-тұщылығына 
(Ащысай, Дәмді), тасу-қайту белгілеріне (Тентексай, Бұзылық, Жамансай,), өзен бойындағы 
өткел  ерекшеліктеріне  (Атбасар,  Қарғалы),  тереңдігіне  (Тереңсай,  Қайранкөл),  арнасының 
жалпақтығы  мен  жіңішкелігіне  (Жайық,  Жалпақсу,  Қылшақты,  Жақсықылыш),  ұзын-
қысқалығына  (Ұзынкөл,  Шолақсай),  сан  жағына  қарай  (Үш  Қарасу,  Жетісай,  Жетікөл, 
Бестамақ) т.б. 
Ұлы Жыланшық гидронимінде халықтың өзен-су атауының арнасының көлеміне және 
оның  ұзын-қысқалығы  қатысты  таным-түсініктері  орын  алған.  Бұл  жерде  атаудың  «ұлы» 
бөлігі  ұзындыққа  қатысты  болса,  кішірейітпелі  мағына  беретін  «шық»  қосымшасымен 
жасалатын  «жылан»  деген  екінші  бөлігі  өзен  арнасының  жіңішкелігіне  және  ирелеңдеп 
ағатына  байланысты  қалыптасқан.  Басқаша  айтқанда,  қазақ  танымында  «Ұлы  Жыланшық» 
«арнасы  жіңішке  үлкен,  ұзын  өзен»,  ал  «Кіші  Жыланшық»  «арнасы  жіңішке  қысқа  өзен» 
деген мағына береді. 
Мұны біз өзенді спутниктен түсірген фотодан айқын аңғардық:  
 
 
Жыланшық өзенінің космостан түсірілген фотосына зер сала отырып ата-бабаларымыз 
өзен-суларға ат қойғанда ол оның  басты ерекшеліктеріне назар аударғанын байқаймыз.  
 
Ұлы Жыланшық - тарихи мекен. Жыланшық өзенінің бойын қазақтың қыпшақ, найман 
тайпалары  жайлаған.  Патша  заманы  тұсында  Торғай  облысының  тарихын  жазған 
А.Добросмысловтың  «Тургайская  область»  деген  тарихи  очеркінде  Жыланшық  болысы 
аталып,  онда  1984  жылдары  8  ауыл,  1701  отбасы  тұратынын  жазады  [1,  491].  1895  жылы 
Жыланшық  болысындағы    №1  ауылды  бөліп,  №9,  10  ауыл  құрады.  Ал  1896  жылы 
Жыланшық болысының атауын өзгертіп, оны Қайдауыл болысы деп атай бастайды.  

39 
 
1916  жылғы  көтерілістің  негізгі  ошағы  осы  Қайдауыл  болысы  болады.  Көтерілістің 
басшылары  Аманкелді  мен  Кейкі  батыр  Қайдауыл  болысынан  еді.  «Қолмерген»  атанған 
Құлан  Қыпшақ  Кейкі  батыр  ғұмырының  басым  бөлігі  осы  өлкеде  өткен.  Ол  осы  өлкені 
жайлаған Шашанбайдың Рахметінде жылқышы болып қызмет етеді. Шашанбайдың Рахметі 
Торғай  өңіріндегі  бір  шеті  Бұқара-Ташкент  өзбектерімен,  екінші  бір  шеті  Троицк,  Орск, 
Орынбордағы саудагер татарлармен алыс-беріс, сауда-саттық жүргізген аса ауқатты, өте бай 
кісі.  Кейкінің  есімін  атауға  тыйым  салынған  кеңес  дәуірінде  батыр  туралы  «Құланның 
ажалы»  атты  романында  Шашанбайды  «Шарбақбай»  деп  атайды.  Романда  Шашанбайдың 
байлығы  «Шарбақбайлар  бір  жағы  Троицк,  Жаманқалаға  өгіз  айдатып  сатып,  бір  жағы  ана 
шеті Қарсақбай, мына шеті Арақарағай, тіпті туу Қорғаннан жылқы алдырды-ау» [2, 24б.], -
деп суреттелетін тұстар бар.  
Кеңес  үкіметіне  жақпаған  Кейкі  батыр  Жыланшықты  жағалап  Ұлытау  асып  немесе 
Қарақұмға  тығылып,  үкіметтің  қырағы  көзінен  тасаланып  жүрген.  Көтеріліс  кезінде  қанды 
көйлек  жолдасы  болған,  кейін  большевиктер  жағына  өткен  А.Токаревті  өлтіргенен  кейін 
Дудин бастаған жазалаушы отрядтан қашып Ұлытау аспақ болған Кейкі  батыр Жыландыға 
құятын  Жалаулы  өзегінің  бойындағы  Сүтемгеннің  Жәкенінің  қыстауында  өткен  атыста 
қайтыс болады.  
 
Өзен  арнасының  жіңішкелігіне  байланысты  қойылған  гидронимдердің  бірі  – 
Қылшақты.  Бастауын  Щучинск  қаласының  оңтүстік-шығысынан  алып,  Ақмола  облысының 
Бурабай  және  Зеренді  аудандары  жерімен  ағып,  Көкшетау  қаласы  арқылы  Қопа  көліне 
құяды.  Ұзындығы  104  км,  су  жиналатын  алабы  1010  км
2
.  Аңғары  жоғарғы  және  төменгі 
бөлігінде  кең  (2-3  км),  беткейлері  жатық,  орта  ағысында  0,5-1,5  км-ге  дейін  жетеді. 
Арнасының ені 10-20 м, жағасы жарлы, биіктігі 2-4 м. Арнасының жайылмасы 300 м-ге дейін 
жетеді.  Ұзындығы  10  км-ден  астам  14  саласы  бар.  Аңғарында  Жанқара,  Жамантұз, 
Балықтыкөл, Қопа, Ақшасор, т.б. көлдер бар.  
 
Қылшақты – тарихи атау. Аталмыш өзен атауы ХҮІІІ ғасырдағы Абылай ханға қатысты 
орыс  жазба  деректерінде  кездеседі.    Онда  Қызылжардағы    Ақ  үйден  бас  тартқан  Абылайға 
орыс  үкіметі  ханның  Көкшетау  маңындағы  Қылшақты  өзенінің  бойындағы  қыстауына    үй 
салып  бермек  болады.  1765  жылдың  13  мамыр  күні  Қызылжар  (Петрпавловск)  бекінісінен, 
барлығы  21  адам,  оның  16-сы  балташы,  екі  айға  мөлшерлі  ас-суымен,  капрал  Абдуловтың 
бастауымен, Абылай сұлтанға генерал-майор Девиц атынан жазылған хатты алып, 8 арбамен 
оңтүстікті  бет  алады.  «Орта  жүздің  әлуетті  сұлтаны  Абылай  1765  жылы  жартылай 
отырықшы  шаруашылық  бастады.  Петропавл  бекінісінің  қарсысындағы  жайлаулар  соған 
қарайтын…  Абылай  Қылшақты  өзенінен  7  шақырым  жердегі  қыстауында  өзіне  қысқы 
тұрғын-жай салып беруді сұраған», - деп жазады орыс деректемелері.  
 
Зерттеушілердің  пайымдауынша,  Абылайға  салынған  жаңа  қоныс  Петропавл 
бекінісінен  250  шақырым  жердегі  Қылшақты  өзеншесінің  өткелінен  өткен  соң,  7  шақырым 
жерде  орын  тепкен.  «Жаңа  қыстау»  аталған  хан  ордасы  қазіргі  Көкшетау  қаласынан  35 
шақырым  жердегі  «Кенесары  ауылы»  деген  елді  мекеннің  оңтүстігіндегі  шоқылардың 
арасына орналасқан. 
 
Қылшақты  өзенінің  көктемгі  қатты  су  тасқыны  кезінде  арнасынан  шығып  кететін 
кездері  болады.  Аталмыш  өзен  атауының  түбірі  –  «қыл»,  яғни  «жіңішке».  Қазақ  арасында 
«қылдай»,  «қыл  бел»,  «қылшық»  деген  жіңішкелік  мағына  беретін  сөздер  бар.  Демек, 
Қылшақты гидронимі  «жіңішке өзен» дегенді  білдіреді. Дәл осындай гидроним Қызылорда 
облысы Арал ауданының территориясында кездеседі. Онда өзен атауы «Жақсы Қылыш» деп 
аталады.  Өзеннің  «жақсы»  атануы  көктемгі  тасқынға  байланысты  қойылса  керек. 
Тасымайтын  өзен-көлдерге  қазақ  «жақсы»  деген  сын  есімді  қойып,  көктемде  бой  бермей 
таситын өзендерге «жаман, тентек, бұзылық» деген атаулар береді. 
 
Қорыта  келгенде,  қазақ  даласының  гидронимдері  өзен-су  атауларының  географиялық 
ерекшеліктері,  түр-түсіне,  тұрмыс-тіршілікке қажеттілігі,  мезгілдік  белгілері,  су  арнасының 
ерекшеліктеріне байланысты атауларға ие болған. 
 

40 
 
Мақала  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  Ғылым 
комитетінің  гранты  бойынша  «Тобыл-Торғай  өңірінің  фольклоры»  атты  ғылыми 
жобасының аясында дайындалды.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.  Добросмыслов  А.И.  Тургайская  область  (Исторический  очерк).//  Известия 
Оренбурского  отдела  Императорского  русского  географического  общества,  Выпуск  №17. 
Тверь, 1902 
2.  Нұрманов А. Құланның ажалы: Роман.-Алматы: Раритет, 2005.-224  
 
 
ҚАЛА ОНОМАСТИКАСЫНДАҒЫ МЕНСОНИМДЕР 
 
Әділова А.,  Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 
профессоры,филология ғылымдарының докторы. Қарағанды қаласы. 
 
Алаш  зиялылары  көңіл  бөлген  басты  мәселенің  бірі  -  ұлт  тілі  арқылы  этностың 
мәдениетін,  рухани  байлығын  сақтап  қалуы.  Осы  тұрғыда  аса  құнды  мәліметке  бай,  ел 
тарихының сан алуан кезеңінің түрлі өзгерістерін танытатын тілдік деректерді қамтитын сала 
ономастика екені белгілі. 
Ономастикадағы  соны  құбылыстардың  қатарына  қаладағы  мекеме  атауларының 
жиынтығы болып табылатын урбанонимдер мен эргонимдерді жатқызуға болады. 
Көптеген  коммерциялық  және  коммерциялық  емес  ұйымдар,  мекемелердің 
шоғырланған  аймағы  болып  табылатын  қаланың  тілдік-әлеуметтік  кеңістігін  урбанизмдер 
құрайды. Ал олар өз ішінде мекемелердің спецификаларына байланысты жекелеген топтарға 
ажыратылады. Латынның  «urbanus»  -  «қалалық» деген сөзінен шыққан урбанизм терминіне 
қаладағы  мекемелер,  ұйымдар,  бірлестіктер,  білім  беру  мекемелері  және  дүкендердің 
атаулары  эргонимдер,  қалаішілік  желі  нысандары  -  көше,  даңғыл,  бульвар  атаулары 
годонимдер,  қала  аудандарының  атаулары  хоронимдер  біріктіріледі.  Урбанонимдердің  бір 
түрі  -  менсонимдер  дегеніміз  «ас»  ұғымының  аясына  біріктірілетін  азық-түлік  сату  және 
қоғамдық тамақтану нысандарының атаулары. 
Менсонимдердің  тегіне  қатысты  екі  түрлі  пікір  бар.  С.  Қ.  Иманбердиева  өзінің 
«Қаладағы  тағамхана  атаулары»  атгы  зерттеу  еңбегінде:  «Менсоним  (латын  тілінде  шепза 
«тамақ, түстену, асхана, науа (лоток), дүкеншік (лавка)» + грек тілінде опута, опота «ат, атау, 
есім») - азық-түлік сату, көпшілік тамақтану орындарын атайтын жалқы есім, эргонимнің бір 
түрі»  [1:3],  -  десе,  Г.  Б.  Мадиева  «Теория  и  практика  ономастики»  атты  еңбегінде: 
«Различные классы ИС, имеющие денотаты в практической деятельности человека, условно 
объединены под термином прагматоним, который являетя родовым по отношению к эргони- 
мам,  СТЗ  (словесные  товарные  знаки),  хрематонимам,  порейонимам,  фалеронимам  и  др.» 
[2:78-79]  деп,  перифериялық  онимдердің  бір  түрі  болып  табылатын  менсонимдерді 
прагматонимдер қатарына жатқызады. 
Қоғам бір басқыштан екінші басқышқа ауысып, алмасып отыруымен байланысты қала 
ономастиконы  да  өзгерістерге  ұшырайды.  Қала  ономастиконын,  топонимиконын  құрайтын 
менсонимдер  мен  годонимдер  және  т.  б.  қала  аумағына  қарасты  нысандардың  атаулары 
қоғамда  болып  жатқан  өзгерістердің  ықпалымен  стихиялы  түрде  ауысып  отырады.  Жалпы 
алғанда,  ономастиканың  антропонимия  және  топонимия  салаларын  және  олардың  кейбір 
пласттары 
консервативті 
деп 
танылатын 
болса, 
эршурбанонимдер 
тілдің 
экстралингвистикалық  факторларға  аса  тәуелді  динамикалы,  нәзік,  яғни  перифериялық 
қабаты болып саналады. 
Қаланың  ономастикалық  кеңістігінің  елеулі  қабаты  болып  табылатын  менсоним  -  аса 
нәзік, динамизмге бейім өзгермелі тілдік құбылыс. 

41 
 
Менсонимдердің  функцияларын  шартты  түрде  үшке,  ягни  номинативті  немесе 
атауыштық, ақпаратгық және жарнамалық не жарнамалық- шақырушы деп бөлуге болады. 
Менсонимдердің  негізгі  қызметтерінің  бірі  -жарнамалық-шақырушы  қызметін 
спецификалы  функция  деп  тануға  болады.  Денотаттың  онимі  тұтынушының  назарын  өзіне 
аударып,  ассортименттегі  тауардың  өтімділігіне,  яғни  нысанның  нарықтағы  әлеуетін 
танытуға  шешуші  әсер  етеді.  Сол  себепті  номинациялау  актісі  адекватты  ойлау  үдерісінің 
нәтижесінде  нысанға  дұрыс  атау  беруді  талап  етеді  және  білімділік,  креативтілік, 
жауапкершілік секілді сапаларға сүйенетін күрделі үдеріс. 
Қарағанды қаласының ономастикалық кеңістігінде заман талабына лайықталу үдерісін 
жүріп жатқанымен, қаланың шет аймақтарында, әсіресе Майқұдық бөлігінде, тіпті  орталық 
көшелердің  өзінде  кеңес  кезеңіндегі  атаулар  кездесіп  жатады.  Советтік  қоғамда 
эргоурбанонимдер  нақты  мағынаға  ие,  қосымша  реңк-  коннотацияларсыз  тілдік  бірлікпен 
берілді.  Ондай  атаулардан  мекеме  спецификасын  анықтау  қиынға  соқпайды.  Бұл  кезеңдегі 
менсонимдер мекеме иесіне не объектінің орналасқан жеріне және тауарлық ассортиментке, 
денотат  түріне  нұсқау  функцияларын  атқаратын.  Мысалы,  «Кулинария  Аспазхана», 
«Блинная»,  «Пельменная»,  «Продукты  Азық-түлік»,  «Гастрономия  молоко»,  «Степной 
гастроном»,  «Гастроном»,  «Нан  Хлеб»,  «У  Зули»,  «У  Ксюши»  дүкендері,  «У  Петровича» 
мейрамханасы, «Пельменная чп Мырзаболтаев» т.б. 
Тұтынушы  назарын  аударту  үшін  адресант  өз  меншігіндегі  денотат,  объектіні  өзі 
типтес  нысандардан  ерекшелеу  мақсатында  ешкімге  ұқсамайтын  креативті  атау  тудырып, 
таңдауға талпынады. Бұл орайда атаудың мағынасымен қатар оның берілу тәсілі де өзіндік 
рөлге  ие.  Қазіргі  таңда  номинаторлар  атаудың  берілімін  түрліше  ұсынады.  Атауды 
узуализациялауда графикалық амалдар қолданылады. Солардың бірі - графикалық каламбур 
жасау. 
Графикалық  каламбурды  (ойын)  біз  екі  түрлі  графикамен  таңбаланған  «Кули-  нария» 
аспазханасы,  «Тезтамақ»  дүңгіршегі,  «Www  coffee  in  дәмхана»,  «Ақ  оtаu»  мейрамханасы 
атауларынан  және  «Мясная  лаффка»  сияқты  атаулардан  көре  аламыз.  Соңғы  мысалда 
«лавка»  детерминативі  грамматикалық  бұрмалауға  ұшыраған,  бұндағы  мағына  көпшілікке 
түсінікті  болғанымен,  орфографиялық  заңдылық  мақсатты  түрде  бұзылған,  ал  қалғандарын 
гибридті  атаулар  деп  атауға  болады.  Ұсынылған  мысалдар  негізінде  менсонимдердің 
жарнамалық функциясы оның графикалық берілімінен айқын аңғарылады деген қорытынды 
шығады.  
Қала менсонимдерінің едәуір бөлігін антропонимдерден және топонимдерден жасалған 
атаулар  құрайды.  Бул  трансонимизация  процесінің  жемісі.  Антропонимдік  менсонимдер 
көбінесе  әйел  есімдерімен  берілетінін  байқауға  болады.  «Асем»,  «Айнура»,  «Айжан», 
«Мика»,  «Риза»,  «Арнагүл»,  «Бибігул»,  «Нияз»,  «Анжелика»,  «Лева»,  «Алатау»  т.с.с. 
дүкендер атаулары мен «Қазығұрт», «Темирлан», «Алмагуль» мейрамханаларының атаулары 
-  осының  мысалы.  Бұндай  шартты-символдық  атаулар  тәуелсіздікке  дейінгі  кезеңдерде  де 
номинациялау актісінде ұшырасып отырды деуге болады. 
Менсонимизациялаудағы қазіргі үрдіс - өзге тілдік кірме атаулар десек, қа- телеспейміз. 
Қазіргі заман талабы мен тынысы көшедегі атаулардан айқын көрінеді. 
Жат  тілді  менсонимдерді  үш  топқа  бөліп  қарастыруға  болады.  Біріншісі  -  менсоним-
варваризмдер. Оларға донор тіл графикасымен таңбаланған атаулар жатады. Ондай атаулар 
қала  көшелерінде  жиі  кездеседі,  мысалы,  «Avalon»,  «Shkiper»,  «Bomond»,  «Empair  sity» 
мейрамханалары.  Осы  секілді  атаулардың  саны  күннен-күнге  артуда,  алайда  олардың 
мағынасы барлығына бірдей түсінікті деп айтуға болмайды. Егер шет тілін меңгерген адам 
үшін  назардағы  оним  түсінікті,  ұғынықты  болса,  өзге  тілді  білмейтін  қатардағы  қала 
тұрғыны үшін ол уәжсіз болып табылады. 
Екінші  топқа  менсоним-экзотизмдер  жатады.  Бұл  біз  қолданатын  кириллица 
графикасымен берілген кірме аталымдар. Мысалы, «Мерси» азық- түлік дүкені немесе «Арт-
кафе», «Дэвачан» мейрамханасы. 

42 
 
Үшінші  топта  латын  графикасындағы  орыс  не  қазақ  сөздерінен  жасалған  мен- 
сонимдер: «Sozvezdie» мейрамханасы немесе «Salem» дәмханасы.  
Бұл  қатарды  екі  түрлі  тілдік  тұлғалардан  жасалған  гибридтің  менсонимдермен 
толтыруға болады. Ондайларға «Смакfood», «www coffee in дәмхана» т.с.с. атаулар жатады.  
Біздің  мемлекетіміз  көпұлтты,  көпэтносты  мемлекет  және  Қарағанды  қаласы 
полимәдени  аймақ  болып  табылады.  Полимәдениеттілік  әсіресе  басқа  халықтардың  ұлттық 
тағамдарының  жиынтығын  ұсынатын  мейрамханалар  мен  дәмханалардың  субкеңістігінен 
көрінеді.  Ондай  атаулардан  номинатордың  шыққан  тегін,  ұсынылатын  ас  мәзір 
ассортиментін  ажырату  қиынға  соқпайды.  Мысалы,  «Ясар»  мейрамханасы  (шығыс 
тағамдары),  «Мой  Тбилиси»  (грузин  дәмі),  «Наири»  (армян  кухнясы),  «Арзу»  (ұйғыр  асы) 
т.с.с.  Полимәдениеттілік  компоненті  қаланың  ономастикалық  кеңістігінен  орын  табуы  бұл 
орайда заңды құбылыс деп айтқымыз келеді. Қаланың кейбір көшелеріндегі атауларға назар 
аударсақ, сан түрлі  атаулардың өрісінде негізгі  халық  мәдениеті  бұлыңғыр тартып қалатын 
секілді  болып  көрінеді.  Ұлттық  рухтағы  менсонимдер  жоқ  емес,  бірақ  сұранысқа  ие 
нысандар атаулары көбінесе шет тілдік болып келеді. 
Қаланың  орталық  бөлігінде  орналасқан  азық-түлік  дүкені  «Матросская  тишина»  деп 
аталады. Бұл тіркестің мағынасын білетін адамда атаумен байланысты теріс ассоциациялар 
қалыптасатыны  күмән  тудырмаса  керек.  Себебі  бұл  онимдік  тіркес  Мәскеу  қаласындағы 
қылмыскерлер жазасын өтейтін түрменің атауы болып табылады. 
Қазіргі  менсонимдерге  гиперболикалылық  тән.  Қала  ономастикалық  ландшафтында 
заттың ең жоғарғы сапа-белгісін атайтын абсолюттік мағынадағы атаулар қолданыс тапқан. 
Менсонимдерде мир немесе әлем, сити, планета сияқты ауқымдылық, кеңдік мағынасындағы 
сөздерді қолдану кең өріс алғандығын байқауға болады. «Гигант» атауы да соған мысал бола 
алады.  Алайда  ондай  тіркесімді  элементпен  берілген  онимдердің  денотаттары  аталмыш 
сөздердің  мағыналық,  лексикалық  қырларына  жауап  бермейді.  Мысалы,  Н.  Əбдіров 
даңғылындағы  «Мир вкуса» дәмханасы немесе  «Doner city» дүңгіршектерінің атаулары бұл 
талапқа жауап бермейді  деп айтуға болады. Аталмыш сөздердің мағыналық  аясына сай бо- 
луы үшін объектінің көлемі үлкен болуы тиіс деп ойлаймыз. 
Қала менсонимдерінің ішінде көп кездесетін детерминатив шағын маркет немесе мини-
маркет  болып  табылады.  Аты  атап  тұрғандай,  бұндай  нысандардың  масштабы  шағын, 
кішігірім  болуға  тиісті.  Алайда  бұл  заңдылық  сақтала  бермейді.  Мысалы,  Мұқанов 
көшесінде жолдың бойында орналасқан тауарлық ассортименті кең әмбебап дүкен деп атауға 
келетін «Алатау» нысанын шағын- маркет детерминативі мен берген дұрыс емес. 
Осы  орайлас  тағы  бір  мысал:  Строителей  көшесіндегі  саябақтың  қақ  ортасында 
«Акрополис»  атты  жазғы  дәмхана  орын  тепкен.  «Акрополис»  дегенде  Ежелгі  Грекия 
төңірегіндегі  ассоциациялар  пайда  болады.  Сөздің  мағынасы  жоғарғы  қала  немесе  ежелгі 
грекиялық қаланың жоғары орналасқан бекіністі бөлігі, цитадель дегенді білдіреді [3]. Осы 
аттас топоним, яғни ойконим Украина территориясында, яғни Қырымда да бар. Бірақ мекеме 
атауы  екінші  топонимға  байланысты  қойылмағаны  әсте  анық.  Онимнің  нысанға  сәйкестігі 
тиісті  дәрежеде  емес  және  және  үлкен  раритеттік  мәнге  ие  атаудың  мейрамханаға  көбірек 
келетінін атап айтқымыз келеді. 
Объектілерге атау қойғанда меншік иесі  номинациялау актісін белгілі  бір заңнамалық 
кұжат ережелерін қатаң ескеру, заңдық шарттармен шектеуді мақсат етпейді. Бұл жағдайда 
атау  тек  номинатордың  құзіретіндегі  субективизм  жемісі  болып  табьшады  дегіміз  келеді. 
Адресанттың  басты  мақсаты  -  тұтынушының  назарына  ілігетіндей  атау  таңдау  болып 
табылады.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  денотатқа  атау  беруде  түрлі  лексикалық  және 
лексикалық емес графикалық (мысалы, параграфиялық (шрифт, түс) айла-амалдар қолданыс 
табады.  Гибридтік  атауларды  да  осы  қатарға  жатқызуға  болады.  Билингвалды  социумға, 
полимәдени аймаққа тән ондай типтегі онимдерді адекватты ойлаудың, тілдік туындыға тән 
лингвистикалық  және  одан  тыс  әстетикалық  т.б.  ережелерді  қатаң  ескеріп,  сақтаудың 
нәтижесінен  туындаған  деп  тану  дұрыс  емес  деп  ойлаймыз.  Орыс  тіліндегі  предлог  деп 
аталатын грамматикалық категорияның қазақ тілінде баламасы жоқ. Тілімізде оның қызметін 

43 
 
жатыс  септігінің  жалғауы  атқарады.  Мекендік  мағынаны  білдіретін  жатыс  септігін  орысша 
местный  падеж  деп  атайды.  «У»  предлогы  атауларда  да  қолданылғанын  байқаймыз.  «У 
Петровича»  мейрамханасының  маңдайшасындағы  атауға  қарағанда  билингвальды  типке 
жататын  «У  апашки»  атауы  лингвистикалық  білім  дағдылармен  қаруланған  тілшінің, 
сонымен  қатар  потенциалды  тұтынушының  назарын  аударары  сөзсіз.  Бұндағы  түркі 
тілдеріне  ортақ  туыстық  қатынасты  білдіретін  «апа»  сөзі  орысша  мәнерге  салынып, 
«апашка»  деминутивті  түріне  деформацияланган.  Тіркесті  атаудағы  доминант  сөздің 
негізінде  адресат  меншік  иесінің  қазақ  және  ұсынылатын  тағамдар  мәзірі  шығыс,  соның 
ішінде  қазақтың  ұлттық  тағамдарынан  кұралатынын  болжай  алады.  «Апа»  сөзінің  орыс 
тілінде  баламасы  болса  да,  «сестра,  бабушка»  аударма  вариантының  мағынасы  туыстық 
қатынасты  ерекше  бағалайтын  және  сыйластық,  үлкенге  кұрмет  қағидаларын  берік 
ұстанатын  қазақ  халқының  тілдік  лексиконындағы  «апа»  сөзінің  мағыналық  реңкін  толық 
бере  алмайтындықтан,  номинатор  бұл  сөзді  оригинал  нұсқасында  ұлттық  колоритті  сақтау 
үшін стильдік мақсатта қолданған болар деп ойлаймыз.  «У апашки» гибридті  онимін қазақ 
сөзімен берілген орысша атау деп сипаттап, тануға болады. 
Сонымен,  қаланың  ономастикалық  кеңістігі  лингвистикалық  соны  құбылыстардың 
қатарына  жатады.  Қарағанды  қаласының  ономастикалық  кеңістігі  атау  қоюдағы  қазіргі 
тенденция,  соның  негізінде  қоғамда  болып  жатқан  өзгеріс,  жаңалықтардың  көрсеткіштері 
болып табылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет