Азат елдің ономастикасы – мемлекетіміздің рухани қазынасы атты ғылыми-тәжірибелік конферецияның материалдары



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата11.11.2019
өлшемі2,08 Mb.
#51559
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
19 Асанбаева
SBORNIK-80-leti-Nez-RK-16

ТАРИХИ ТОПОНИМДЕР ТАҒЫЛЫМЫ 
Сүлейменов
 
А.,  Қарағанды облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың 
ономастика, сараптама және қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлімінің бас маманы, 
Қарағанды қаласы 
 
Əрбір  атау  -  тарихтың  табы  сіңген  нысаналы  белгісі.  Мұндай  ұлттық  және  рухани 
байлығымыз  саналатын  топонимдерді  зерделеу  бүгінгі  күн  талабынан  туындап  отыр.  Кез-
келген  өңірдің  жер-су  атаулары  өзінің  бойына  көптеген  тарихи  деректерді,  этнографиялық 
мәліметтерді,  географиялық  сыр-сипаттарды  сақтап  отыратыны  белгілі.  Топонимдегі 
деректер  нақты  бір  географиялық  ұғым  атаулары  болғандықтан,  олар  арнайы  сұрыпталған 
лексикалық  қабаттардан  тұрады.  Көне  дәуір  куәсі  болып  табылатын  топонимдер  халықтың 
этнографиялық, қоғамдық, әлеуметтік жай-күйінен, өткен өмір-тіршілігінен әрқилы мәлімет 
береді.  Мұның  өзі  топонимдерді  зерттеудің  өте  күрделі  кұбылыс  екендігін,  ол  істе  зор 
ғылыми ізденістермен ғана мақсат-мұратқа жету мүмкін екендігін көрсетеді. Демек, тіл- дік 
құбылыстың табиғатын тек оның тілдік заңдылықтарына ғана сүйеніп емес, сонымен қатар 
сол  тілде  сөйлеуші  этностың  (халықтың)  дүниетанымына,  салт-  дәстүріне,  ұлттық 
менталитетіне  байланысты  да  айқындауға  болады.  Сондықтан,  белгілі  бір  аймақтың 
топонимиясын  зерттеуді  қолға  алмас  бұрын  сол  жердің  тарихына,  саяси-әлеуметтік 
жағдайына және оны мекендеуші халық өмірінің этникалық мәдени тарихына ерекше көңіл 
бөлу керек екендігін зерттеушілер атап көрсетеді. 
Тарихи  топонимика  саласында  бірінші  кезекте  топтастыру  мәселесі  ерек-  ше  маңызға 
ие.  Топтастыру  мәселесін  анықтау  арқылы  тарихи  топонимдерді  жүйелеу  мүмкіндігі 
туындайды. Қазақстан ғалымдары тарапынан түрлі топ- тастыру модельдері ұсынылып және 
қолданылып  жүр.  Бұл  топтастырулардың  негізгі  принциптерін  анықтап  алмай,  тарихи 
топонимия  мәселесі  өз  шешімін  таппақ  емес.  Топонимика  саласында  алғашқы  топтастыру 
нұсқасын  жасаған  белгілі  ғалым  А.Əбдірахманов  болды.  Оның  топонимдік  атауларды 
мазмұнына қарай бірнеше топқа біріктіруі келесідей: 
Адам есімдері бойынша аталатын географиялық объектілер (антропонимдер); 
Ру атаулары бойынша аталатын топонимдер (генотопонимдер); 
Халықтың атауын көрсететін топонимдер (этнотопонимдер); 
Өсімдік атауы бойынша қойылған топонимдер (фитотопонимдер); 
Жануарлардың атауы бойынша қойылған топонимдер (зоотопонимдер); 
Географиялық объектілердің түр-түсін көрсететін топонимдер; 
Объектілердің санын көрсететін топонимдер; 
Белгілі бір уақыттарда болған оқиғалар бойынша аталған топонимдер
Ұқсастырылып қойылған топонимдер; 
Географиялық немесе басқа да терминдер арқылы қойылған топонимдер; 
Географиялық объектілердің сапасын, қасиетін және көлемін көрсететін топонимдер; 
Басқа тілдерден енген және көне сөздерден қалыптасқан топонимдер; 
Революциядан кейінгі әлеуметтік оқиғалармен байланысты қойылған топонимдер. 
Географиялық  нысандардың  негізгі  атауларының  нақтылы  сыр-сипат,  себеп-  салдары 
нысандардың  түр-түс,  көркін  бейнелейтін  жалпы  есім  сөздерден,  сол  жерде  тұратын 

146 
 
адамдардың  әдет-ғұрып,  салт-санасын  және  діни,  идеологиялық  жағдайларын  сипаттайтын 
сөздерден  қойылып  отыруы  ономастикаға  тән  құбылыс.  Жер-су  атауларының  шығу  тегі, 
ерекшелігі мен тарихи маңыздылығы әр азаматты қызықтырады. Сондықтан топонимдердің 
этимологиясын  зерттеп,  оларды  топтастыра,  біріктіре  отырып  әкімшілік-аумақтық 
бірліктерді  орналасқан  жеріне  қарай  тарихи  атауымен  атасақ,  бұл  әрбір  азаматтың 
отансүйгіштік  сезімдерін  оятуға  әкелері  хақ.  Отанды  сүю  бүгінгі  ұрпақтың  туып-өскен 
өлкесіне деген сүйіспеншілігінен, туған тілін, тарихын, мәдениетін дәріптеуден, оны жақсы 
білу мен құрметтеуден басталуы тиіс. 
Қазіргі таңда ономастика саласындағы кезек күттірмес мәселелердің бірі ұмыт болған 
дәстүрлі  атауларды  жаңғырту,  тарихи  атауларды  қайтару  ісін  жан-  дандыру  қажет  деп 
есептейміз.  Кеңес  заманында  көптеген  отаршылдық  пен  тоталитарлық  мазмұндағы  елді 
мекен  атаулары  пайда  болып,  дәстүрлі  атаулар  тарихи  түп-тамырынан  қол  үзді.  Саяси 
тұрғыдан  алғанда,  тарихи  атауларды  қалпына  келтіру  егемендік  алған  елдің  ұлттық 
идеологиясының  қалыптасуының  алғашқы  белгілерінің  бірі  болып  табылады.  Осы  саяси 
маңызды шараны іске асыруда салмақты зерттеу жұмыстарын жүргізу аса маңызды. 
Тәуелсіздік  алған  алғашқы  жылдары  Қарағанды  өңірінде  атау  беру,  қайта  атау 
жұмыстары  қарқынды  жүзеге  асырыла  бастады.  Əрине,  көптеген  елді  ме-  кендерімізге 
тарихи  атаулары  қайтарылып,  көптеген  ұлы  тұлғалармыздың  есім-  дері  ұлықталғаны 
қуанышты  жағдай.  Дегенмен,  Первое  Мая,  Ростовка,  Петров-  ка,  Дубовка,  Новокарповка, 
Майоровка,  Крегценовка,  Святогоровка,  Русская  Ивановка,  Чапаев,  Комсомольское, 
Тельман, Пионер секілді халқымыздың ұлт- тық сипаты мен елдігімізге сын болар елді мекен 
атауларын  облыс  аумағынан  әлі  де  болса  кездестіруге  болады.  Осы  секілді  елді  мекен 
атаулары  тәуелсіз  елдің  мүддесіне  сай  неге  толық  өзгертілмей  жатыр  деген  пікірлердің 
туындауы да заңды. Бұл тұрғыда ескеретін біраз жайттар бар. Соның бірі аталған атаулардың 
қазіргі  заман  талабына  сай  емес  екенін,  олардың  моральдық  тұрғыда  ескіргенін  халық 
арасында түсіндіру жұмыстары мейлінше қарқынды жүргізілуі тиіс. Бір атауға (қандай болса 
да) құлағы үйреніп қалған қалың жұртшылық оның мәніне бара бермейді. Енді біразы қайта 
ресімдеуге  қаржы  жұмсаймыз  деп  даурығады.  Алайда,  өркениетгің  қарыштап  дамыган 
заманында  әлгіндей  мәселелер  әлде-  қашан  шешіліп  қойған.  Қалай  болғанда  да  моральдық 
ескірген атауларды өзгерту жұмыстары сол өлкенің тарихына деген жанашырлықпен жүзеге 
асырылуы  қажет.  Бұл  өз  кезегінде  ономастика  комиссияларына  да  зор  жауапкершілік 
жүктеуі  тиіс  тұрғыда  терең  зертгеу  жүргізе  отырып  оның  тарихи  атауын  негіздеу  мәселесі 
туындайды. Осы мақсатта, 2001 жылдан бері Республика көлемінде алғаш болып Қарағанды 
облысы  көлеміндегі  әр  ауданға  этнотопонимикалық  зерттеулер  жүргізіліп  келеді.  Тарихы 
жоқ  елдің  болашағы  бұлыңғыр,  сондықтан,  келер  ұрпақ  тарихтан  тағылым  алу  үшін 
елдігімізді  әйгілейтін,  ұлттығымызды  ұлықтайтын  тарихи  атауларымыздың  тарихи 
шежіре екендігін санаға құю  - басты міндет. Өлкеміздегі әр жердің, судың, елді мекендер 
мен мәдени орындардың аттарының қатпарлы сыры - кейінгі ұрпаққа өнеге. Біздің мүдделі 
мақсатымыз  -  бабалар  мұрасына  байыппен  қарай  білу.  Осы  орайда,  тілдерді  дамыту 
жөніндегі 
басқарманың 
бастамашылығымен 
облысымыздағы 
тарихшы, 
тілші 
ғалымдармен, 
өлкетанушылармен 
бірлесіп 
Қарағанды 
облысы 
аудандарының 
топонимикалық  карталарын  жасау  жұмысы  қолға  алынып,  жүргізілуде.  Нәтижесінде 
бүгінгі  таңға  дейін  облысымыздағы  9  ауданның  елді  мекендері  мен  жер-су  атауларының 
тарихи  негіздемелері  дайындалып,  кітап  болып  жарыққа  шығып  отыр.  Топонимикалық 
зерттеудің  негізінде  бұрынғы  орысша  атауды  немесе  науқан  барысында  қойыла  салған 
кездейсоқ  атауды  ыңғайлы  қазақшамен  ауыстыра  салу  емес,  атаулар  өзгерісінің  тарихи 
себептері  мен  заңдылықтарына  үңіле  отырып,  тарихи-этнографияның,  өлкетанудың 
шешілмеген  күрделі  мәселелеріне  жауап  табуға  мүмкіндік  ашылмақ.  Өйткені,  бар  рухани 
мұрасы сан ғасырларды бойлаған елдің тарихы жайлы дерек көзі тапшы келеді. Жер-судың 
аты - тарихтың хаты. Сондықтан, топонимикалық атаулар тарихын зерттеп, олардың нақты 
кеңістіктегі орындарын анықтау және ғылыми тұрғыдан алғанда жаңа тың  
 

147 
 
 
Бұл  атауларды  өзгерту  -  ономастика  жұмыстарына  жарияланған  уақытша  шектеу 
шаралары  тоқтатылған  соң  атқарар  ауқымды  жұмыстың  бір  парасы.  Кешегі  Кеңес 
заманындағы  түрлі  тарихи  кезеңдерге  байланысты  негізсіз  бұрмаланып  кеткен  елді 
мекендердің  тарихи  атауларын  қайтару,  егемендігімізге  сай  қайта  атау  мәселесі  біртіндеп 
шешіліп келеді. Көш жүре
 
түзелетінін ескерсек, жоғарыда аталған міндеттердің жүйелі түрде 
жүзеге асатынына сенім мол. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Əбдірахманов  А.  Қазақстан  этнотопонимикасы  (зерттелу  тарихынан).  Алматы:  Ғылым, 
1979. 
2.Жер-су  атауларының  тарихы  мен  бүгінгі  жай-күйі.  Республикалық  ғылыми-  практикалық 
конференция материалдарының жинағы. - «Сарыарқа» баспасы. - Астана, 2013. 
3.А.Е.Жартыбаев.  Орталық  Қазақстан  аймақтық  топонимиясы.  -  Қарағанды,  «Болашақ  - 
Баспа» РББ, 2008. 
4.Сәуле Иманбердиева. Тарихи ономастикалық кеңістік (Х-ХІҮ ғғ. түркі жазба ескерткіштері 
негізінде). Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2010. 
 
 
 
Тарихи атаулары болған елді мекендер 
Қазіргі атауы 
Тарихи атауы 
Шахтинск қаласы 
Тентек 
Октябрь ауданы (Қарағанды қаласы) 
Майқұдық 
Киевка кенті (Нұра ауданы) 
Құндызды 
Майоровка ауылы (Нұра ауданы) 
Талсай 
Дубовка кенті (Абай ауданы) 
Қаракөл 
Целинный ауылы (Жаңаарқа ауданы) 
Көктал 
Молодежный кенті (Осакаров ауданы) 
Ақбұлақ 
Тельман ауылы (Осакаров ауданы) 
Қаракөл 
Святогоровка ауылы(Осакаров ауданы) 
Сазат 
Крещеновка ауылы (Осакаров ауданы) 
Қарабұлақ 
Покорное ауылы (Бұқар жырау ауданы) 
Елібай 
Ленин ауылы (Жаңаарқа ауданы) 
Талдыбұлақ 

148 
 
АЛАШ  ӘЛЕМІ: АЗАТТЫҚ ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ 
 
Тұрысбек
 
Р., филология ғылымдарының докторы, профессор Л.Н.Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы. 
 
Адамзаттық  тарихтың асыл арқауы  – азаттық  пен жасампаздық  жолы. Оның негізін  – 
бірлік пен татулық, достық пен тұтастық  құрайды. Арғы-бергі тарихта, өркениет дамуында 
азаттықты ту еткен, бостандық  жолын мұрат еткен, осы бағытты таңдаған ұлт пен ұлыстар 
көп-ақ. Алайда, азаттық жолына түсу, тәуелсіздік мұраттарына қол жеткізу оңай болмағаны 
анық.  
 Ел тарихы мен дамуында - Алаш жолы, азаттық пен тұтастық мәселесі кең орын алады. 
Бұл -  тәуелсіздік кезеңінде маңызды факторға айналды. 
Қазақстан  тарихнамасында  –  ұлт  зиялыларының  азаттық  пен  бостандық  жолындағы 
ерен еңбектеріне кең орын беріледі. Бұл ретте, әрине ХХ ғ.б. қазақ оқығандарының қоғамдық 
өмірге, руханият салаларына еркін еніп, бұл бағыттарда елдік мүдде жолында жұмыла еңбек 
етуі  үлгі  етуге  лайық.  Біртұтас  ұлттық  мемлекет  құру  –  Алаш  идеясының  басты  ұстанымы 
болды. 
Алаш  жолы  –  ұлт  тарихының  айнасы,  елдік  мұрат-мүдденің  асыл  арнасы.  Ел 
тарихының арғы-бергі кезеңінің өрнекті өрісі, азаттық арқауы. 
Ұлт  тәуелсіздігі  -  қоғамның  барша  саласына  соны  серпін  берді.  Өмір  мұраты 
айқындалып,  адам  еңбегіне    көп  көңіл  бөлінді.  Мәдени-рухани  арналар  айқындалып,  жаңа 
бағыттар  белгіленді.  Зерттеу  мен  зерделеу  ісіне  кең  өріс  ашылды.  Ұлт  мұраты  мен  елдік 
мүддені,  тәуелсіздік  тағылымын  баянды  ету  сынды  кәделі  де  сауапты  істер,  қалың  көптің 
арман-аңсарларына негізделген игілікті де ізгілікті қадамдар алдыңғы кезекке шықты. 
Алдымен айтарымыз, ел егемендігі тұсында - «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-
сүргін  құрбандарын  еске  алу»,  «Халықтың  тұтастығы  мен  ұлттық  тарих»  жылдарының  // 
1997,  1998  //  ғибраттық-тағылымдық  қырлары  айқындалып,  «Саяси  қуғын-сүргін 
құрбандарын  ақтау  туралы»  Заң    күшіне  енуі  //  «Егемен  Қазақстан»  1998,  6  қаңтар//  арғы-
бергі  кезеңдердегі  халқымыздың  тағдыр-талайын,  әдеби-мәдени  һәм  рухани  салалардағы 
танымал тұлғалардың өмірі мен еңбегін, қоғамдық қызметтерін қайта қарап, жаңа қырларын 
ашу  ісінде  көп  көмегі  болды.  Бастысы,  әрине  31  мамыр  -  саяси  қуғын-сүргін  құрбандарын 
еске  алу  күні  болып  белгіленді.  Еліміздің  жер-жерінде  жазықсыз  жазалағандарды  еске 
түсіретін мемориалдық ескерткіштер ашылды. Аза кітаптары жарық көрді [1].   
Келесі  кезекте  еске  түсіретін  басты  жайттардың  бірі  -  «Қазақстан  Компартиясы 
Орталық  Комитетінің  Мағжан  Жұмабаевтың,  Ахмет  Байтұрсыновтың,  Жүсіпбек 
Аймауытовтың  творчестволық  мұрасын  зерттеу  жөніндегі  комиссиясының  қорытындысы»   
көпшілікке жетті [2]. 
 Онда, 
әсіресе  М.  Жұмабаевтың,  А.Байтұрсыновтың,    Ж.  Аймауытовтың  
творчестволық  мұрасы  туралы  кең  көлемдегі  мәлімет,  дерек  көздерімен    қатар,  атқарылар 
ауқымды  іс-жұмыстарға  да  жан-жақты  орын  берілген:  «Жазықсыз  жазаға  ұшырап, 
республикада  отызыншы  жылдары  орын  алған  зорлық-зомбылықтың,  социалистік 
заңдылықты  бұзудың  құрбаны  болған  аса  көрнекті  ақын  Мағжан  Жұмабаевтың,  ірі  ғалым-
лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың, 
қазақ романының негізін салушылардың бірі,  белгілі лингвист,  ақын-аудармашы Жүсіпбек 
Аймауытовтың    творчестволық  мұрасын  зерттеген  комиссияның  жұмыс  қорытындыларын 
қарай  келіп,  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  Бюрасы  комиссияның  М. 
Жұмабаевтың, 
А. 
Байтұрсыновтың, 
Ж.Аймауытовтың 
қоғамдық-саяси, 
ғылыми-
педагогикалық  және  әдеби  қызметі  туралы  тарихи  шындықты  толық  көлемінде  қалпына 
келтіру,  олардың  жеке  шығармаларын,  баспасөзде  көрсетілген  қателіктері  мен  уақытша 
адасуларын  сын  тұрғыдан  зерделеу  жөніндегі  тұжырымдарымен  келісті,  республикалық 
газеттердің,  журналдардың  редакцияларына,  Қазақ  ССР  Телевизия  және  радио  хабары 
жөніндегі  мемлекеттік  комитетіне  олардың  өмірі  мен  творчестволық  қызметі  туралы 

149 
 
мақалалар  сериясын  жариялау,  радио  мен  телевизиядан  хабарлар  циклын  ұйымдастыру 
ұсынылды.  Орталық  Комитетінің    Бюрасы  сондай-ақ,  Қазақ  ССР  Баспа,  полиграфия  және 
кітап  саудасы  істері  жөніндегі  мемлекеттік  комитетіне  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының 
Тіл  білімі,  Əдебиет  және  өнер  институттарымен  бірлесе  отырып,  М.  Жұмабаевтың,  А. 
Байтұрсыновтың және Ж. Аймауытовтың  таңдамалы шығармалары мен ғылыми еңбектерін 
әзірлеп, басып шығаруды тапсырды» [2]. 
ҚК  ОК  Қорытындысынан  соң-ақ  қазақ  әлемінде,  тарихы  мен  руханиятында  жаңа 
бағыттар  айқындалды.  Соны  зерттеулер  мен  зерделеулерге  кең  өріс  ашылды.  Алаштың 
қайраткер-қаламгерлерінің  //  мысалы,  Ə.  Бөкейхан,  \А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М. 
Жұмабаев,  Ж.  Аймауытұлы,  Х.  Досмұхамедұлы,  Қ.  Кемеңгерұлы,  С.  Сәдуақасұлы  т.б.  //  
қоғамдық  қызметі  мен кезеңі,  өмірі мен шығармашылық мұрасы іргелі  ізденістердің, алуан 
бағыттағы зерттеулердің арқауына айналды. Алдымен, Алаш арыстарының «Шығармалары» 
жарық  көрді  //1998-1990  ж.ж.//,  көптомдықтары  басылып  келеді  (1995-2014).  Зерттеу  мен 
зерделеу  ісі-  жеке  жинақ  пен  ұжымдық  еңбектерден,  кітаптар  мен  библиографиялық 
көрсеткіштерден  орын  алды    (  мысалы,  Алаш-Орда.  Сб.  Документов.  Состав:  Н. 
Мартыненко.- А, 1992; Алаш мирас. Құжаттар жинағы.-А, 1993; Алаш қозғалысы. Құжаттар 
мен материалдар жинағы. 1-3 том. –А, 2004-2007 ж.ж; Алаш ақиықтары. Құраст: Т.Жұртбай.- 
А, 2006; Бес арыс. Естелік, мақалалар. –А, 1992; Қазақстан. Ұлттық энциклопедия.-А, 1997-
2000;  2005;  Алаш  қайраткерлері.  Көрсеткіш.  -  Астана,  2004;  «Алаш»  қозғалысы. 
Анықтамалық.-А, 2008;Город Алаш(Сборник документов).-Семей,2010. – 366 стр;Восточное 
отделение правительства Алашорды(Сборник документов).-Семей, 2010. – 420 стр;Алаштану 
мәселелері(Ғылыми  жинақ).-Семей:    Таным,  2010.  420  бет;Алаш  туы  астында.Танымдық 
басылым.-Астана:Арман  Медиа,2013.-  198  бет;  ХХ  ғасырдағы  Алаштың  ақ  жолы.-
Алматы:Экономика,2013.  - 248 бет, т.т.). 
Алаш    арыстарының  қоғамдық  қызметі  мен  кезеңі,  өмірі  мен  шығармашылығы  - 
«Қазақстан жазушылары:  ΧΧ ғасыр»  //  анықтамалық//  -(Алматы: Ана тілі, 2004.-392  бет), 
«Əдеби өмір шежіресі» // Құраст: Ə.Нарымбетов-Алматы: Ана тілі, 2005.-448 бет;Əдеби өмір 
шежіресі(2007-2012).-Алматы:Ан-Арыс,2012.    -  408  бет)//  атты  көлемді  кітаптардан  да  кең 
орын алып,тарих пен таным арналарының сыр-сипаттары ашылады.  
Отандық  тарих  пен  білім-ғылым  жүйесінде  –  Алаш  тарихы  мен  тағылымы, 
Қазақстандағы алапат аштық пен қуғын-сүргін сырлары,ұлт тәуелсіздігін арман-аңсарларына 
айналдырған танымал тұлғалардың өмірі мен кезеңі,қоғамдық қызметі мен шығармашылық 
мұралары:  Ғ.Ахмедовтың  «Алаш  «Алаш»  болғанда»-1996,  К.  Нүрпейісовтың  «Алаш  һәм 
Алашорда»-1995, Т. Кәкішұлының «Мағжан-Сәкен»-1999, С. Қирабаевтың «Ұлт тәуелсіздігі 
және  әдебиет»-2001,  М.  Қозыбаевтың,  «Ақтаңдақтар  ақиқаты»-1992,  М.  Қойгелдиевтің 
«Алаш қозғалысы»-1995,Ш.Елеукеновтің «Мағжан»-2008, Д. Досжанның «Абақты»-1992, Р. 
Нұрғалидің  «Əуезов  және  Алаш»-1997,  Т.Жұртбайдың  «Талқы»  -1997;  «Ұраным...Алаш!»-
2008,  Т.  Қаратаевтың  «Алаш  және  Алашорда»-1990,  Д.Қамзабекұлының  «Алаш  және 
әдебиет»-2002  ,  Р.Тұрысбектің  «Жүсіпбек»-1997,  «Ар  айнасы»-2000,  А.Исмакованың 
«Возвращение  Плеяды»-2002,Х.  Оралтайдың  «Алаш»-1971,  Т.Омарбековтың  «Зобалаң»-
1994,  С.  Өзбекұлының  «Арыстары  Алаштың»-1998  т.б.  ізденіс,  еңбектерінен  жан-жақты 
көрініс тапты. БАҚ жүйесі мен мұрағат материалдары, естелік - әңгімелер мен хат жазбалары 
т.т. кең көлемде қамтылды. Зерттеу мен зерделеуге кең орын берілді. 
Сондай-ақ, «Мұстафа Шоқай» ( Таңдамалы, 2 том ) 1998; Д. Қыдырәлиевтің «Мұстафа 
Шоқай»-2007;  Шәкәрім  (энциклопедия  )2008;  Шәкәрімтану  мәселелері  (1-6  кітап),  -2006-
2008;  Ғ.  Есімнің  «Данышпан  Шәкәрім»-2008;  Б.  Əбдіғазиұлының  «Шәкәрім» 
(Ғұмырнамалық  баян)-2008;  Е.  Сыдықовтың  «Шәкәрім  және  Алашорда».  -2008;  «Алаш 
қаласының  тарихы».-2010;  Қ.  Салғараұлының    «Ұлы  Қағанат»-2008;  А.  Сейдімбектің  
«Қазақтың 
ауызша 
тарихы»-2008; 
А. 
Ісімақованың 
«Алаш 
әдебиеттануы»-
2009;Д.Қамзабекұлының  «Алаш  және  әдебиет»-2002;  Р.Тұрысбектің  «Жүсіпбек»-1997;  С. 
Сүтжановтың «Алаш және түркі руханияты»-2008; Т.Жұртбайдың «Біртұтас Алаш идеясы» -
2014  ,т.б.  зерттеу  еңбектерінде-Алаш  мұраты,  оның  көрнекті  өкілдерінің  өмірі  мен 

150 
 
шығармашылық  мұрасы, көркемдік құпиясы мен эстетикалық  мұраттар,  уақыт пен кеңістік 
сырлары, тарих пен тағдыр-талайы т.т. жан-жақты танылады. Қысқасы, еске алған еңбектер – 
тәуелсіздік кезеңінің оңды қырларымен қатар, Алаш мұратын, мұрасы мен мирасын танып-
талдауға,  зерттеп-зерделеуге  батыл  қадамдар  жасайды.Тұғырлы  тұлғалардың  есімі  мен 
еңбектерін еске алады.Оны кең көлемде қарастырып, танып-талдап,зерттеп-зерделеудің жаңа 
бағыттарын  айқындайды.  Ал,басты  еңбектердің  қатарында  2004-2008  жылдары  жарық 
көрген – «Қазақ әдебиетінің тарихы» (он томдық) атаған жөн [3].  
Алаштың арман-аңсарын асқақтатып, мақсат-мұраттары мен мұра-мирастарын  жинап -
жариялауда, зерттеп-зерделеуде әрі қалың көпшілікке жүйелі жеткізу мен насихаттау ісінде - 
ЖОО  -  да,  атап  айтқанда:  ҚазҰУ-де-«Алаш»    тарихи-зерттеу  орталығы,  ЕҰУ-де-«Алаш» 
институты,  Семейдегі-«Алаш-Семей»  ғылыми  –  зерттеу  орталығы  т.т.    айтарлықтай  еңбек 
етуде.  Алаш  мұратына,  мұрасы  мен  мирасына  қатысты  құжат-материалдар,  әрі  алуан 
тақырыптағы  жинақ-кітаптар  мен  ғылыми-теориялық  конференциялардың  мақсат-
мазмұнынан  елдік  мүдде,  игілікті  істер  мен  ізгілікті  қадамдар,  жанашырлық  пен 
жауапкершілік сынды сипаттар терең танылады. Асылы, Алаш мұратын, арман-аңсарларын 
өмір-уақыт  шындықтарымен,  тарих  таразысы  тұрғысынан  танып-талдауды  мақсат  етуімен 
бірге  қоғамдық-кезеңдік  көріністерді,  мәдени-рухани  арналарды  кешенді  сипатта,  ұлттық 
мүдде  аясында  сабақтастықта  көрсету  –  бүгінгі  күннің  басты  мәселелерінің  қатарына 
жатады.  Өйткені,  осы  кезең  тұсында:  «...Отаршылдыққа  қарсы  күрес,  елдің  тәуелсіз  даму 
жолына  түсуі,  алдыңғы  қатарлы  елдерге  теңелу,  оқу-білім  үйрену,  халық  тұрмысының 
ауырпашылықтарын ашына сөз ету бүкіл дәуір әдебиетінің ерекшеліктеріне айналды» [4,62]. 
Отызыншы жылдар ойраны, нәубет пен зұлмат зардаптары да ел еңсесін түсіріп, алапат 
аштыққа ұрындырды,қуғын-сүргінге түсірді [5].  
 ХХ  ғ.б.  ақпан  және  қазан  революциясы,  Уақытша  үкімет,  большевиктер  әрекеті  ұлт 
зиялыларының  бірігіп,  азаттық  пен  бостандық  жолына  түсуге  әсер  етті.  Бағыттарын 
айқындап,  ұстанымдарын  нығайтты.  Нәтижесінде,  1917  жылдың  21-26  шілде  мен    5-13 
желтоқсандағы  жалпықазақ  сьездері,  ондағы  мемлекеттік  құрылым,  жер  мәселесе,  халық 
милициясы,  оқу,дін,  сот  т.с.с.  мәселелердің  қозғалуы  –Алаш  тарихын,ұлт  зиялыларының 
табандылығын, бастысы азат ел, тәуелсіз мемлекет құру жолындағы бағыттарын  танытады. 
Еске  түсірсек,  биылғы  жылдың  айшықты,  мерейлі  тұсы  –  Алаш  партиясы  мен  Алашорда 
үкіметінің құрылғанына – 100 жыл  (Орынбор, 1917,  5-12 желтоқсан). Бастысы, бұл тұста – 
Қазақ  автономиясын  құру,  үкіметін  қалыптастыру  мақсат  етілді.  Ел-жерге  қырағылық 
таныту, тарих пен дәстүр, руханият ісіне адалдық пен жанашырлық басым бағыт алды.  Ұлт 
азаттығы,  тәуелсіз  мемлекет  құру    –  басты  бағыт,  берік  ұстанымға  айналды.  Ақиқатында: 
«Қоғамдық белсенді әрекетке, негізінен ХХ ғасыр басында шыққан бұл толқын 1905 жылы 
алғашқы  орыс  революциясы,  1917  жылғы  ақпан,қазан  революциялары,  өкімет  басына 
большевиктердің  келіп,  кеңес  өкіметінің  орнауы  секілді  аспан  жарылып,  жер  сілкінгендей 
ғаламат жарылыстар  тұсында қайрат көрсетті. Осы ұлы ағыстардың баршасы олардың жеке 
өміріне, қоғамдық, шығармашылық тағдырына ықпал жасап, терең із тастады» [6, 6-7 б].  
Алаш мұраты мен ақиқаты, азаттық пен тұтастық негізі де осы. 
Асылы,  Алаш  жолы  оның  арыстарының  өмірі  мен  тағдыр-талайынан  да  терең 
танылады.  Əсіресе:  «...Олар  ақталысымен  елінің  жүрегіне  қазағым,  миллетім,  ұлтым  деген  
сөздер қайта егілгендей болды. Көп ұзамай ұлттық идея тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ көркем 
сөзінің басты тақырыбына айналды. Өздерімен бірге Қазақстанына азаттық туын желбіретіп 
ала келген осы бес арыс па деп те қаламын» [7, 350 б]. 
Мұның  өзі,  сайып  келгенде  ел-жер  тарихына,  дәстүр  мен  дін,  отан  мен  отбасылық 
құндылықтарға адалдықтан танылады. Бұл  –Алаш жолынан, оның қайраткерлері өміріне де 
тән.  Негізі:  «Отан  деген  ұғым  осы  тілден,    содан  кейін  –жерден,  содан  кейін  –азаматынан 
басталады» [8, 4 б]. 
Ұлт  мұратының  асыл  арқауы,  өзекті  арнасы    -  рухани  жаңғыру  бағыттарынан  да 
азаттық мәні, тәуелсіздік нәрі кеңінен көрінеді.ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар:рухани 

151 
 
жаңғыру»  атты  мақаласы  ел  тарихы  мен  дәстүрін,  ұлттық  болмыстың  табиғатын  кең  түрде 
көрсетті [9]. 
Анығында,  әрине  еліміздің  жүріп  өткен  жолы,  жаңа  тарихи  кезеңдегі  саяси  реформа 
мен  экономикалық  даму  үрдістері  басым  бағыттарды  құрайды.  Бұл  бағыттардың  қатарына, 
сөз  жоқ  «Мәдени  мұра»  мен  «Халық-тарих  толқынында»  сынды  бағдарламалар  жүйесін 
жатқызар  едік.  Қазақстан  аумағында  іргелі  ізденістер,  ерен  еңбектер  атқарылды.  Алыс-
жақын  елдердің  мұрағаттарынан  төл  тарихымызға  қатысты  құжаттар  жиынтығы 
жинақталды.  Тарихи-мәдени  ескерткіштер  мен  нысандар  жаңғыртылды.  Ұлттық  мұраттар 
айқындалды.  Озық  дәстүрлер  ұлықталды.  Ұлттық  бірегейлікті  сақтауға,  бәсекелік  қабілетті 
арттыруға  кең  өріс  ашылды.  Қазақстанның  эволюциялық  дамуына  маңыз  берілді.  Рухани 
жаңғыру- ел дамуының өзегіне айналды. 
Бұдан  байқалатыны,  еліміз  жүріп  өткен  жол  –  азаттық  пен  татулықтың  негізі.  Ұлт 
тәуелсіздігінің алтын арқауы, асыл өзегі де осыған келіп саяды.  
Алаш  жолының  бір  қыры,  сырлы  сипаттарының  негізі  де  осы.  Қазақстан 
тарихнамасының бүтін болмысы, даму үрдісі де осыдан терең танылады.   
    

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет