355
егізіне» айналған. «...Заттық болмыс үшін адамның мәндік күштерінің
болмысына, адамның қызметіне және, әрине оның жеке мәндік
күштерінің болмысына айналуы барысында, барлық заттар ол үшін
өзін-өзі заттандыруы, оның даралығының бекуі мен орындалуы, оның
заттары болып табылады, ал бұл дегеніміз, заттың оның өзі
болғандығын білдіреді»
1
.
Адамдармен қатынастар жүйесіне түскен жануарлар адамдарда
өздеріне деген өсімтал эмоциональдық қатынас тудырмауы мүмкін
емес еді. Олар, Гесиод поэмасында және Заратустра қағидаларында,
табыну дәрежесіне жеткізген еңбек түрі – егіншілік заттарының,
құрал-саймандары мен объектілерінің дәріптелуі сияқты, көшпелі
малшыда дәріптеушілік сезімін тудырмауы да мүмкін емес еді.
Жануарлардың персонификациялануы, оларда адамдық мәннің
болуы, позитивті және негативті этикалық cубстанцияларды және
сипаттарды жануарларға аудару, жануардың сипаттарын адамның
этикалық субстанцияларымен идентификациялау барлық халықтарға
тән болған. Көшпелі халықтардың эпикалық дәстүрлері осыған мысал
бола алады, мұнда эстетикалық бастаулар кең көлемді көрініс тапқан,
мысалы, бас кейіпкер образын толықтыратын, кейде оның егізіндей
болатын, ат бейнесі.
Өнер, болмыс бейнелеуінің ерекше түрі болғандықтан, қоғамға
қажеттіні, маңыздыны шығаруға бейімделген еді. Көшпелілер өнері
мазмұнының анимализмі оның көшпелі әлемнің шаруашылық
қызметімен байланыстылығымен ғана түсіндірілмейді. Белгілі бір
қырынан ол адам мен жануар арасындағы балансты көрсетеді, өйткені
өнер саласына жануар алдын ала әлеуметтік тәжірибе үрдісінде
материальдық және рухани өңдеусіз кіре алмайды.
Өнер адамды әлеуметтендіреді. Онда индивид өзінің қоршаған
адамдармен,
қоғаммен
ортақтығын
түсінеді.
Малшылардың
шығармашылығында коллективизм идеясын түсіну былай болады,
адамдар қауымдастығына, әдетте, тотем және ата тегі ретінде жануар
кіреді. «Жануарлық форма көркем суреттеудің ең басты
ингредиенттерінің бірін құрайды, әйтсе де, дамудың кейінгі
барысында ол рәміз ретінде ғана және адамдық формаларға
байланысты пайдаланылды»
2
, – деп жазды Гегель. Жануар бейнесінің
идеялық-көркемдік өңделуі жануарлық форманы сезімдік-көрнекі
көрсету негізінде де туады.
Жануар табиғат туындысының кемелді үлгісі ретінде өзі де
эстетикалық
қасиеттерді
тасымалдаушы
рөлін
атқарады
–
симметриялар,
пропорциялар,
бөліктер
мен
оны
құраушы
1
Достарыңызбен бөлісу: