ҚазақТҰтынуодағЫ


Деңгейлер Кейнсианшылар



бет88/94
Дата05.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#1920
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   94
Деңгейлер

Кейнсианшылар

Монетаристер

Жалпы алғышарттар

Нарықтың тұрақсыздығы және мемлекеттің белсенді араласуы

Еркін нарық жүйесінің ұзақ мерзімді тепе - теңдігі

Экономикалық саясаттың басым бағыттары

Бюджеттік (жиынтық сұранысты ынталандыру үшін мемлекеттік шығындар)

Несиелі – ақшалық бюджеттік жүйелер сонша роль атқармайды, бюджеттік кіріс жағын қараса да жеткілікті

Ақша – несиелік саясатының беру механизмі

Проценттік ставкаға әсері арқылы белсенді дискрециялық сипат

Ақша ұсынысының баяу өсуін қолдау.

Ақша айналысы жылдамдығының тұрақты- тұрақсыздығы туралы мәселе «түйінді» болды. Монетаристік концепция ақшаның сандық теориясына сүйенеді. Оның мәні : тауардың бағалары ақша қаражатының мөлшерімен белгіленеді. Ақша көлемі артса- баға да өседі және керісінше ақша азайса баға да арзандайды. Ақшаның негізгі қасиеті өтімділігі.
Өзінің сандық теориясын түсіндіруде Фридмен әркімнің сұранысы байлықтың мөлшерімен, баламалы активтерге ие болу, пайданы шығарып алуға ұмтылу мен шектелетіндігін көрсетеді.Ақша көп болғанда оны бағалы қағаздар сатып алуға, қосымша пайда алуға пайдаланады.Ақша ұсынысынан ақшаға сұраныс салыстырмалы түрде тұрақты. Ақшалай сұранысқа кірістерден басқа әсер ететіндер: бағаның деңгейі, проценттік ставканың мөлшері. Ақша ұсынысы айналыстағы ақшаның санын білдіреді. Ол ақша эмиссиясының мөлшерімен, коммерциялық банктерін несиелермен, бағалы қағаздардың сату-сатып алумен анықталады. Ақшы массасының сұранысымен ақша ұсынысы арасындағы сәйкестік нарықтың өзін-өзі реттеу механизмін қамтамасыз етеді. Егер ақша ұсыныс азайса, онда несие шарты қатаяды, проценттік ставка көтеріледі. Осының нәтижесінде ақшаға сұраныс біраз төмендейді, ақшаның бір бөлігі пайдалы активтерді сатып алуға пайдаланатын болады. Ақшаға сұраныс пен ұсынысының тепе-теңдігі бұзылады, одан кейін ол жаңа нүктеде тоқтайды. Осы жағдайда орталық банк өз саясатын түзетеді - ақша ұсынысы артады, ставка төмендейді. Процесс кері бағытта жүреді. Осыдан Фридмен мынандай қортынды шығарды:

  1. Нарықтық экономикада, сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңділікті қалпына келтіруге кедергі жасамау керек;

  2. Егер ақша массасының қарқыны тауар массасының өсу қарқынынан артса немесе керісінше ақша массасы тауар айналысының өсім қарқынынан артта қалса, онда жағымсыз ауытқулар пайда болып, экономикалық дамудың тұрақтылығы бұзылады;

  3. Ақша массасының өсуі бағалардың орнықтығын қамтамасыз ететін қарқынмен жүріп, ұлттық жиынтық өнім (ҰЖӨ) динамикасына сәйкес келуі тиіс.

Фридменнің пікірі бойынша ақша саясатының проблемасы сұраныс пен оның ұсынысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде жатыр.
Фридменнің ойынша, ақшаның өсімі ұлттық жиынтық өнімнің өсуіне сәйкес болуы тиіс.
Фридмен айналыста болатын ақша массасының өсу қарқыны іскерлік циклдің қозғалысына байланысты екендігін анықтайды. Ғалым экономикалық циклдің шындарының орташа айналыстағы ақша массасының максимум мен салыстырғанда 16 айда құрайтын заңдылығын анықтады, ал олардың орташа кемуі – оның минимумынан кем 12 ай. Осылардан ол мынандай қортынды шығарды: ақша несие саясаты шеңберінде проценттік ставкаларды емес, ақшалай ұсыныстың өсім қарқынын тұрақтандыру керек. Фридмен монетарлық ережені заңдылықпен белгілеуді жақтады, ақшалай ұсыныс жыл сайын сол қарқында нақты ҰЖӨ әлеуметтік өсімнің жыл сайынғы қарқыны сияқты сол қарқының артуы тиіс, яғни 3-5% не.
Монетарлық теорияға сәйкес инфляцияның негізгі себебі ақша массасының артылуына байланысты – «ақша көп-тауар аз».
Осы артылу әдетте жиынтық сұранысты ақшамен ынталандыру саясатын жүргізгенде пайда болады. Нәтижесінде ақша нарықтың реттеуші құралы рөлін атқармай қалады.
Инфляцияны тудыратын арналарды бітеу үшін монетаристер мыналарды ұсынады:

  • Ақша айналысының өсімін қатаң қадағалау;

  • Қатаң ақша - несие саясатын жүргізу, ақша массасының біртектілік өсу ережесін пайдалану;

  • Тұрақты фискалды саясат жүргізу;

  • Бюджеттің тепе-теңдігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік бюджет дефицтын жою, өйткені ол инфляцияның пайда болу көзі және мемлекеттің нарықтық мехнизмге ақталмайтындай араласуын көзі болып қызмет етеді;

  • Кейбір жағдайларда экономиканың күтпеген әсер ету әдістерін пайдалану (мәселен «шок-терапиясы» әдісі).

Монетаристік саясаттың негізгі принципі – ақша массасының өсімінің тұрақты қарқынына қол жеткізу, бұл нарықтың өзін-өзі реттеу негізінде өндірістің өсіміне және жұмыспен қамтудың жоғарғы дәрежесін сақтайды. Монетаризмді жақтаушылар инфляцияның жалғыз көзі ақша массасының өсімі, ал нөлдік инфляция шартсыз және экономикалық саясаттың анықтаушы мақсаты болып табылады деп есептеді.
Экономикалық ұсыныс теорияның авторлары А. Лаффер, Р. Барроу, П. Эвнс және т.б. 1970-1980ж.ж. АҚШ пен Англияда макро анализ мектебі құрды.
Ұсыныс экономикасының теориктері (монетаристермен қатар) кейнсиандықтарды мына негізгі пунктер бойынша сынады:

  1. Кейнсиандық теория стаганфляцияға ие бола алмайды, себебі олар ортаға жиынтық сұранысты қояды;

  2. Мемлекеттің экономикаға араласуы салық мөлшерінің артуын тудырды – абсолюттік және салыстырмалы түрініс (ұлттық табысқа қарағанда);

  3. Шынында да бұл құбылысты кейнсиандық түсіндіруі дұрыс емес, өйткені салықтардың басым бөлігі ерте ме кешпе кәсіпкерлердің шығындарына айналып, тұтынушыларға жоғарлаған баға ретінде қайта салынады;

  4. Жоғары салықтар және мемлекеттік трансферттер еңбекке деген ынтаны жойып, кәсіпкерлік тәуекелділікті азайтады;

  5. Мемлекеттің құрылымдық реттеу саясаты көбіне бәсекеге қабілетсіз фирмаларды қорғайды, бұл еңбек өнімділігіне залалын тигізеді;

  6. Үкіметтік «жалпы әлеуметтік» реттеу саясаты қоршаған ортаны қорғау өнім сапасын жақсарту, еңбек қорғау және қауіпсіздікті өсіру бизнесті жүргізу шығын арттырды, бұл кәсіпкерлік инициативаны төмендетті.

Ұсыныс экономикасының теоретигі А. Лаффер салық салу деңгейінің төмендеуі инфляциялық дефицитті тудырмайды деп санайды. Оның салық ставкасы мен салық түсімдері арасындағы тәуелділікті бейнелейтін пікір қазір Лаффердің қисық сызығы ретінде белгілі.
Мұның мәні, салық салу деңгейі салық түсімдер белгілі бір деңгейге дейін өседі. Сосын ол төмендейді өйткені салықтың жоғарғы ставкасы экономикалық белсендікті ұстап тұрады, бұл ұлттық табыс өндірістін төмендеуіне әкеледі. Лаффердің пікірі бойынша төмен салық ставкалары кәсіпкерлікті жандандырып қор жинауын және инвестициялар мен инновацияларды жүзеге асыруға ынталандырады.
Бюджет дефицитінің қысқаруы жолдары: - салықтарды жасыру және төлемеу мөлшері қысқарады; - салық салу деңгейінің төмендеуі өндірісті ынталандырып, жұмыспен қамтуды өсіріп үкіметіне трансферттік төлемдерін қысқартады. Салық жоғарғы ставкасы салық түсімдерін арттырады, бірақ оның салықтық антиынталандыруды экономикалық белсенділікті төмендтеді. Керісінше салықтарды төмендету мемлекеттің табыстарының көрсету қысқа мерзімде төмендеуіне әкеледі, бірақ ұзақ мерзімде жұмысқа ынта тудыру, қаржы жинау, инвестициялардың, өсіуі кәсіпкерлік тәуекел және өндірістің ұлғайтуын артырады.

Каталог: attachments -> article -> 712
712 -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет