ҚазақТҰтынуодағЫ


“Капиталдың” үш томының құрылымы



бет14/25
Дата05.11.2016
өлшемі2,72 Mb.
#817
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25

5.4 “Капиталдың” үш томының құрылымы.


«Капитал» - Маркстің 1851 жылдан бастап өмірінің соңына дейін жасаған негізгі еңбегі. 1857-1858 жылдары «Капиталдың» тұңғыш нұсқасы, алғашқы жобасы – «Саяси экономия сыны» қолжазбасы жарық көрді. Онда алғашқы рет тауар арқылы жүзеге асқан, еңбектің екі жақтылық сипаты туралы ереже алға жылжытылды, тұрақты және өзгермелі капитал түсінігі, абсолютті және салыстырмалы қосымша құн түсінігі енгізілді, «қосымша құн» және «пайда» категорияларының арқатынасы қарастырылды. 1859 жылы алғашқы рет және жалғыз басылым – «Саяси экономия сыны» жарыққа шықты, осыдан кейін Маркс зерттеушілік қызметпен және үлкен біртұтас туынды «Капиталды» жарыққа шығару жұмыстарымен айналысты.

Маркстің «Капиталының» бірінші томы 1867 жылы жарық көрді. Жеті бөлімнен, 25 тараудан тұратын бірінші том – абстрактылық категориялардан бастап және нақты экономика туралы тұтастай түсініктермен аяқталды (3үлгіні қараңыз).



Қорытындысында К. Маркс капиталзмнің табиғи түрде құруы және жұмысшы табының жеңісі туралы идеяға келеді.

Бірінші томдағы зерттеу пәні қосымша құн өндіру мен капиталды жинақтау процесін құрайды. Талдау, тауарлық өндірістің неғұрлым абстрактылы категориясы – тауар категориясынан басталады. Маркс тауардың ішкі қарама қайшылықтарының дамуын құн формасының дамуы: кездейсоқтықтан толық ақшалай арқылы дамуын қарастырады. «Капиталдың» бірінші томының бірінші тарауында «құн» және «айырбас құны» түсінігінің айырмашылығы айқын түрде ажыратылады.


3 үлгі

«Капиталдың» негізгі идеиялары

Бұл тауардың арнайы бөлімі тауар фетишизмін сипаттауға арналған. Бірінші томның екінші бөлімінде ақшаның капиталға айналу процесі қаралады және өзіндік сипатты тауар «жұмыс күшін» сату, сатып-алумен байланысты капиталдың жалпыға бірдей формуласындағы қарама қайшылық қалай шешілетіні көрсетілген (4 үлгіні қараңыз).



4 үлгі

Тауар – «жұмыс күшін» көрсету, алғашқы рет еңбек құн теория тұрғысынан, қосымша құнның өмір сүретінін түсіндіруге мүмкіндік берді, Маркс капиталистік өндіріс процесінің екі жақтылық сипатын көрсетті, тұрақты және өзгермелі капиталды, қосымша құнның екі формасы – абсолюті және салыстырмалы формаларды, олардың қарапайым кооперация, мануфактура және фабрика жағдайларында дамуының жалғастық кезеңдерін сипаттады.

«Капиталдың» бірінші томында құн формасының жұмыс күшінің бағасына айналуы ретінде қатысатын – кесімді және мерзімді еңбекақының негізгі екі формасы зерттеледі. Маркс капиталистік жинақтау процесі: капитал құрылымы, жинақтау үлгілері, жинақтау процесінің жұмысшы табының жағдайына тигізетін әсерін талдауға үлкен көңіл бөлді. «Капиталдың» бірінші томы капиталистік жинақтаудың тарихи үрдістерін зерттеумен аяқталады.

«Капиталдың» бірінші томы жарияланғаннан соң Маркс екінші томның қолжазбасымен жұмыс жасады, алайда өкінішке қарай оның мезгілсіз қазасы, бұл істі аяқтауға мүмкіндік бермеді. Екінші томның материалдарын өңдеуде оны жарыққа шығаруда Ф. Энгельс өлшеусіз үлкен жұмыс атқарды.

«Капиталдың» екніші томы 1885 жылы жарыққа шықты. Ол алдымен жеке, содан соң қоғамдық капиталға қолданылатын, өндіріс пен айналымның біртұтастығы ретінде ұдайы өндіріс процесін зерттеуге арналған (5 үлгеге қараңыз).

Маркс капиталдың ақшалай, өндірістік және тауарлық үш функционалдық формасының айналымын талдады. Осы томда негізгі және айналым капиталы, сондай-ақ айналым шығындары категорияларын енгізді. Өндірістік капиталдың екі жақты сипатын қарастыра отырып, Маркс мерзімді экономикалық циклдер ретінде нақты айналымды атап көрсетеді.



Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісін зерттей отырып, осыған орай Ф. Кэненің «Экономикалық кестесіне» («қисық сызықтары») сүйену арқылы, Маркс қарапайым және кеңейтілген ұдайы өндіріс схемасын құрды. Онда қоғамдық өндірістің екі бөлімі: өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттары өндірісі арасындағы айырбастың қалай жүзеге асырылатындығы көрсетілген.

5 үлгі

«Капиталдың» үшінші томын баспаға даярлау Энгельстен, екінші томға қарағанда, әзірлікті әлде қайда көп талап етті. Қолжазба материалдары қайта терең өңдеу негізінде бірдей болып шықпады. Кейбір бөлімдері, одан әрі жұмыс істеу үшін ескертпелер түрінде нұсқа ғана болды. Көптеген сұрақтар экономиканың өзгерістерімен байланысты, түзетулер мен нұсқаулар енгізуді талап етті. Сауда капиталы мен несиеге арналған қолжазба бөлімдері маңызды түрде жетілдіруді тіледі. Жекелеген тарауларға Энгельс, капитализмнің даму жаңа сатыдан өткендігін атап отырып, акционерлік компаниялар шеңберінде өндірісті қоғамдастырудың неғұрлым жоғары формаларын атап көрсетті. Төртінші тарауды Энгельс толықтырып өзі жазып шықты, бұл тарау пайда нормасына әсер ететін факторларды талдауға арналған. Энгельстің «Құн заңы мен пайда нормасы» және «Биржа» тақырыптары каитализм экономикасындағы жаңа құбылыстарды сипаттайтын мақалалар. Бұл «Капиталдың» үшінші томына толықтыру болып саналады. Сөйтіп, Энгельсті «Капиталдың» екінші және, ерекше түрде, үшінші томдардың тең авторы деп айтуға болады.

«Капиталдың» үшінші томы 1894 жылы басылып шықты. Онда капиталистік өндіріс, барлық күрделілігімен, оның үстіртін экономикалық формалары мен күнделікті экономикалық өмір қандай болса, сол түрде зерттелді (6 үлгіні қараңыз).

Ең алдымен, мұнда қосымша құнның өндіріс бағасына айналу процесі көрсетілген. Содан соң сауда және сауда капиталы, олардың өнеркәсіп капиталымен байланысы және соларға сәйкес кірістер – сауда пайдасы мен ссудалық пайыз егжей-тегжейлі талданды. Ауыл шаруашылығында және кен өндіруші өнеркәсіптегі ренталық қатынастардың дамуына «Капиталдың» үшінші томында ерекше назар аударылған.



6 үлгі

Дифференциалдық және абсолюттік рентаны талдай отырып, Маркс еңбек құны теориясының негізінде (абсолюттік) рентаның өмір сүруін түсіндірді. Сөйтіп, «Капиталдың» бірінші, екінші және үшінші томдарында неғұрлым қарапайым абстрактылық категориялар мен анықтамалардан нақты экономикалық өмірдегі олардың көрінісі мен өзара байланысын талдауға дейінгі қозғалыс нәтижелерін білдіретін тұтастай теориялық экономикалық жұмыс баяндалды.

«Капиталда» Маркс буржуазиялық саяси экономияның классикалық мектебінің бетпе-бет келген қайшылықтарын шешуге және сол арқылы оның шеңберінде басталған зерттеулерді аяқтауына мүмкіндік туды. Экономикалық ілімдер тарихында «Капитал» сан мыңдаған жалдамалы жұмыскерлер табының экономикалық мүдделерін білдіретін тұтас теория ретінде ғана емес, сонымен бірге экономика саласындағы іргелі (фундаменталды) зерттеу үлгісі ретінде айрықша маңызды орын алады.

«Капиталдың» төртінші томын («Қосымша құн теориясы») Маркс 1863 жылы жазып бітсе де, ол тұңғыш рет К. Каутскийдің көмегімен 1905 жылы неміс тілінде басылып шықты. Кітапта, меркантилистер мен физиократтардың ілімінен бастап қосымша құн жасау мен оның көрінуінің әртүрлі формаларына салыстырмалы түрде реформалық буржуазялық саяси экономия өкілдерінің көзқарастарымен аяқталатын экономикалық теорияның тарихи-сын очерктері берілген. Маркс, классикалық буржуазиялық саяси экономия қалай пайда болды, ол қалай дамыды және оның шыңы –Д. Рикардоның экономикалық теориясына қалай қол жеткізілгенін баяндайды. Содан кейін барып рикардолықтардың қалай ыдырағаны, сондай-ақ буржуазиялық экономиялық теорияның реформалануын көрсетті. Ол экономикалық теория сынымен қатар, негізінен, жалпы өндіріс пен капиталистік өндіріс процесі үшін, капиталистік экономикадағы циклдар, экономикалық дағдарыстар мен олардың мерзімділігінің материалдық негіздері үшін өнімді және өнімсіз еңбек категорияларына қатысты өзіндік ой-пікір, көзқарастарын дамытқан. Бұл көзқарастар үшінші томда кеңінен баяндалған, мұнда Маркстің абсолюттік рента мәселесі көрініс тапты.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет