Мұғалімдерді автобус, трамвай, троллейбус билеттерінің көмегімен топқа бөледі.
Сары билеттер троллейбус
Көк билеттер автобус
Жасыл билеттер трамвай. Сосын мұғалім билеттерді жинап алады. "Енді Құл Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып жаңа жылда бір дұға жасаймыз. Сондықтан кім барғысы келсе бүгін шеберлік сыныпта белсенді қатысып отырады, сол адамға билет беремін ол кесенеге барып ниетін айтады.
Мұғалімдерге билеттер шетінен таңдап кім қай маршрутта баратынын біліп, сол маршрутқа барып отырады.
Билеттерді қайтып беріп, шеберлік сыныпқа белсенді қатысып отырады.
4-әрекет.
Мінекі, топқа да бөлініп алдық. Ендеше әр топ - бір отбасы, осы отбасының ролдерін бөлісіп алыңыздар. Кім ата болады, кім ана, тағысын тағы. Отбасыңыздың сүретін түсіріп, отбасыңыз туралы айтып беріңіздер.
Кім ата? Ата отбасында қандай роль ойнайды? Ата туралы не айта аласыздар?
Тамаша, осы сіздің тобыңызда көшбасшы кім болды?
Мұғалімдер бөліскен рөлдерін айтып, атаның отбасындағы маңыздылығы, оның қандай рол атқаратындығын ашып, өз ойларын айтады.
Мұғалімдер әр топта көшбасшы кім екендігін айтады. Мысалы: Ата біздің тобымыздың көшбасшысы деп.
Сол кезде мұғалім көшбасшы ата емес ролдерді бөлістіріп сүретке түсіріп, бағыт бағдар берген мұғалімді көрсетеді.
5 минут
4-әрекет.
Мұғалімдерге көшбасшылық туралы видео ролик көрсетеді, олардың ой өрісін біледі.
"Команда" атты бейне таспаны қарай отырып, көшбасшылық жайлы өз ойларын еркін білдіреді.
5 минут
5-әрекет.
Әріптестер, алдарыңыздағы веерге, мына видео роликтен көрген көшбасшының мінез құлқын жазып, яғни көшбасшы қалай болу керектігі туралы жазыңыз.
Енді жазған болсаңыздар көшбасшы қандай адам, сол туралы бізге әр топ өз ойларын айтсын.
Мұғалімдер қағаздан веер жасап, сол веердің әр бір бөлігіне көшбасшыға тиісті қасиеттерді жазады. Және де сол туралы өз ойларын ашып айтып береді.