6-әрекет.
БӨЛІНГЕН КӨШБАСШЫЛЫҚ туралы мәлімет беру. Ой қозғау, директордың жұмысын жеңілдету бойынша не істеуге болады?
Ойлануға арналған сұрақ: Сіздің жағдайыңызда мектеп директорларына жүктелген жауапкершілікті азайту үшін қызметкерлер қандай үлес қоса алады?
Ойлануға арналған сұрақ: Сіздерде мектепті басқару жауапкершілігін бөлуге адамдарды тарту үшін қандай ынталандыру шаралары бар?
Ойлануға арналған сұрақ: Мектептерде қандай проблемаларды немесе мүмкіндіктерді бөлінген көшбасшылық арқылы тиімді шешуге болады?
Миға шабуылда мұғалімдер бөлінген көшбасшылық бойынша өз ойларын еркін айтып, мысалдар келтіреді.
|
5 минут
|
7-әрекет.
Әріптестер, сол қолдарыңызбен бір ақ парақ алып екінші қолдың көмегінсіз сол парақты ұмаждап алақаныңыздың ішіне кіргізіп жіберулеріңізді сұраймын. Мұғалімдер парақты солай жасап болған соң қайтадан сол қолымен ештеңенің көмегінсіз қағазды қайта дұрыстайды. Өз қалпына келтіреді.
Бұл тәсілді не үшін сіздерге істеттім. Кім біледі. Өз ойларыңызды айтыңыздар.
|
Мұғалімдер сол қолменен парақты алақынының ішіне көрінбей кеткенше кіргізіп, сосын ол парақты қайта қиналып ашады. Соңында өз ойларын білдіреді. Мысалы: Сол қолмен жамандық жасаймыз. жамандықты болдырмау үшін өзімізді тәрбиелеуіміз керек. Адамның көңілін қалдырамыз, ол қайта бұрынға қалпына келмейді. Көшбасшы абайлап байқап сөйлеу керек, ол мұғалімдерді басқармайды, бағыт бағдар береді.
|
10 минун
|
8-әрекет.
Директор мен көшбасшының айырмашылығын анықтау. Мұғалімдерге тапсырма беріледі көшбасшының іс әрекетімен директордың іс әрекетін ажратып постер сызады. Соңында сәйкестендіріп дұрыс жауаппен тексереді.
|
Мұғалімдердің қолына берілген көшбасшымен директордың айырмашылығын мұғалімдер постерге ажыратып жазады. кейін қорғап береді.
|
5 минут
|
|