МЖӘ инфрақұрылымдық жобаларының, стресті активтер мен венчурлік
қаржыландырудың жергілікті нарығын дамыту:
○
ҚКМ-ның венчурлік қаржыландыру нарығын дамытуға қатысуы
Жаһандық венчурлық капитал нарығындағы белсенділіктің төмендеуіне қарамастан,
Азиядағы экономикалық және саяси тұрақсыздықтан туындаған инвесторлардың белгісіздігіне
байланысты компания дамуының кейінгі кезеңдерінде (D кезеңіндегі венчурлық капитал
активтері) тәуекелі аз инвестициялар көлемінің тұрақты өсуі байқалады. Сондай-ақ кейбір
факторлар мен болжамдарға байланысты өсіп келе жатқан технологиялық компанияларды
қаржыландыру нарығының даму перспективалары байқалады:
1. Экономикалық тұрақсыздық кезінде инновацияларға сұраныстың артуы;
2. Халықтың ақпараттық технологиялардың инновациялық өнімдеріне белсенді көшуі
(қолма-қол ақшасыз төлемдер, электрондық коммерция және қаржылық технологиялар мен
тұтыну қызметтерінің өзге де қызметтері);
3. Үкімет тарапынан нарықтық белсенділікті арттыратын қаржылық және қаржылық емес
қолдау шаралары;
4. Стартаптарды дамытуға және инвестициялық белсенділікті арттыруға ықпал ететін
бизнес-инкубаторлар желісін дамытуды мемлекеттік қолдау;
5. Венчурлік қаржыландыру нарығының халықаралық қатысушылары үшін
тартымдылығын арттыратын венчурлік инвестициялардың жаһандық қорларымен мемлекеттің
ынтымақтастығы;
6. Білім беру, ауыл шаруашылығы, логистика және тау-кен саласындағы инновациялардың
күтілетін өсімі. Мұндай инновациялар үлкен деректермен және жасанды интеллект
құралдарымен байланысты болады.
Сондай-ақ, инновациялық экономиканы дамыту жөніндегі нарықты қаржыландырудың
қосымша мүмкіндіктерін ұсынатын мемлекеттік бастамалар Қазақстанда венчурлік
қаржыландыру нарығын дамытудың кейбір катализаторлары болып табылатынын атап өткен
жөн.
Алайда, қазақстандық стартаптардың халықаралық нарықтағы шектеулі бәсекеге
қабілеттілігі қазақстандық венчурлік қаржыландыру нарығындағы негізгі қиындықтардың бірі
болып табылады. Сонымен қатар, отандық бизнес-креаторлардың өзінің негізгі қызметінің
толық қаржыландырылмау проблемаларына ие және нәтижесінде көрсетілетін қызметтердің
сапасы нашар және олардың спектрі шектеулі болып табылады.
Технологиялық бизнес үшін венчурлік инвестициялардың қолжетімділігін қамтамасыз ету
мақсатында мыналар қажет:
- венчурлік қорларға сыртқы инвестицияларды тарту;
- Қазақстанның технологиялық компанияларына инвестициялау;
- венчурлік қорлар инвесторлары үшін инвестицияланған капиталдың жоғары кірістілігін
алу;
- венчурлік қаржыландыру нарығын дамытуға жәрдемдесу.
Халықаралық қорлар қоры ретінде және ТИ GPCA халықаралық қауымдастығының мүшесі
ретінде ҚКМ жаһандық венчурлік қорлармен ынтымақтастықтың артықшылығына ие, бұл
қазақстандық жобалардың жаһандық нарықтағы тартымдылығын одан әрі арттыруға
көмектеседі. ҚКМ ерте (жеке инвестициялардан инвестициялық қорларға көшу кезеңінен кейін)
48
сатыларда және өсу сатыларында, сондай-ақ масшабтау әлеуеті жоғары салаларда (тұтыну
тауарлары мен қызметтері сияқты) инвестицияларға назар аудара отырып, венчурлік
қаржыландыру сегментін дамытуға қатысатын болады.
Осыған байланысты қосымша капиталды тарта отырып, ағымдағы инвесторлармен
бірлесіп инвестициялау, венчурлік қорларда жауапкершілігі шектеулі әріптес ретінде қатысу
жолымен венчурлік қаржыландыру нарығын дамытуға қатысу бойынша жұмыс
жалғастырылады. Венчурлік қорларды басқару саласындағы өз құзыреттерін одан әрі ұлғайту
және басқару үшін комиссия (management fee) есебінен кірісті өндіру мақсатында венчурлік
қорлардың басқарушы компаниясы (GP) ретінде жұмыс жүргізілетін болады.
|