45
Осыған байланысты ҚКМ Жауапты инвестициялау қағидаттары бойынша БҰҰ
қауымдастығына (UN Principles of Responsible investments) кіру бойынша мәселені пысықтайды.
Аталған қауымдастыққа мүшелік ҚКМ жауапты инвестициялау саласында ішкі құзыреттерін
өсіруге және халықаралық институционалдық инвесторлармен және басқа қаржы ұйымдарымен
тәжірибе алмасуға ықпал ететін болады.
Жауапты инвестициялау қағидаттары UN Principles of Responsible investments (бұдан әрі -
Қағидаттар) мыналарды қамтиды: (1) инвестициялық талдау жүргізу және шешімдер қабылдау
процестеріне ESG басқару стандарттарын енгізу; (2) саясатқа және практикалық қызметке ESG
басқару стандарттарын енгізу; (3) инвестицияларды алушылардан ESG басқару стандарттарын
сақтау туралы ақпаратты
тиісінше ашуды талап ету; (4) инвестициялық қызмет шеңберінде
Қағидаттарды қабылдауға және жүзеге асыруға жәрдемдесу; (5) Қағидаттарды жүзеге асыру
тиімділігін арттыру; (6) Қағидаттарды жүзеге асыру жоспарында
қызмет жасау және қол
жеткізілген ілгерілеу туралы хабарлау. Қағидаттарды сақтау қаржылық қызмет көрсеткіштерін
жақсартуға ықпал етеді және компанияның инвестициялық тартымдылығын арттырады.
"Жауапты инвестициялау" моделіне көшу мақсатында ҚКМ инвестициялық процестің
барлық кезеңдерінде-жобалық ұсыныстарды іздеу, инвестициялық шешімдерді қабылдау,
қаржыландырылған жобалардың өмірлік циклінің мониторингі (оның ішінде экологиялық және
әлеуметтік әсерді бағалау) және жобадан шығу – ESG-факторларын
бағалауды енгізуге
ұмтылады. ESG-интеграция әдісі ҚКМ үшін материалдық-маңызды болып табылатын
экологияға, әлеуметтік салаға және басқаруға байланысты факторларды талдаудың нәтижесінде
анықталған тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалауды болжайды.
ҚКМ қажетті ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту арқылы барлық бизнес-
процестерге ESG-ті енгізуді қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, ішкі нормативтік құжаттарға және
GRI (Global Reporting Initiative) есептілігі жөніндегі жаһандық бастаманы орнықты дамыту
саласындағы есептілік жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қаржылық емес есептілікті уақтылы және
сапалы ашуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Жауапты инвестициялау тәжірибесін енгізу институционалдық инвесторлар үшін
ҚКМ-ның көрінуін арттырады және "жасыл" жобалар портфелін өсіру үшін
қосымша
капиталдандыруды тартуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, болашақта климаттық
өзгерістерге қарсы күрес жөніндегі жобаларға бірлесіп инвестициялауға арналған
инфрақұрылымдық-климаттық қор/платформа құру мүмкіндігі қаралатын болады. Сондай-ақ,
гендерлік
теңдікті қамтамасыз етуге, атап айтқанда Қазақстан әйелдерінің экономикалық
мүмкіндіктерін кеңейтуге бағдарланған платформалар/алаңдар құру мәселесі пысықталатын
болады.
Достарыңызбен бөлісу: