2. ҚКМ миссиясы және пайымы ҚКМ миссиясы - тұрақты және тиімді басқарылатын компаниялар құра алатын, тұрақты
табыс деңгейін алатын және экономиканың өсуі мен жаңғыртылуына көмектесетін мықты
командаларға инвестициялау жолымен Қазақстанда тікелей инвестициялар экожүйесін
дамытуда жетекші рөл атқару.
ҚКМ пайымы – ұзақ мерзімді тәуекел капиталын икемді орналастыру және үздік әлемдік
тәжірибелерді қолдана отырып, нарықта жетекші компанияларды дамыту мақсатында серпінді
ТИ экожүйесін құру, сондай-ақ ұлттық экономиканың тұрақты дамуына белсенді қатысу.
Қазақстанда экономиканың тұрақты дамуына көмек көрсету бойынша өз миссиясын жүзеге
асыру аясында ҚКМ шешетін негізгі міндеттер мыналар болып табылады:
1. Инвестицияланатын капитал, байланыстардың іскерлік желісі, ҚКМ қызметкерлерінің
тәжірибесі мен білімі арқылы ТИ әлеуетін активтер класы ретінде іске қосу.
2. Өңірдегі нарық көшбасшысы болуға әлеуеті зор кәсіпкерлік субъектілерін дамыту.
3. Халықаралық танылған экологиялық, әлеуметтік және басқару стандарттарына (ESG)
негізделген тұрақты бизнесті дамытуға көмектесу.
4. АӨК-дегі қаржыландырудың қолжетімділігін, өндірісті техникалық жабдықтау мен
қарқындату деңгейін арттыру.
5. МЖӘ инфрақұрылымдық жобаларының, стресті активтер мен венчурлік
қаржыландырудың жергілікті нарығын дамыту.
6. Әр инвестиция бойынша кірістіліктің оң нормасын тәуекелсіз мөлшерлеме деңгейінен
жоғары белгілеуге және инвестициялар портфелінің 1-ден жоғары құнының жылдық
мультипликаторына қол жеткізуге бағыт алу.
Бұл міндеттер ҚКМ-ның мынадай үш стратегиялық бағытын жүзеге асыру жолымен
шешіледі:
1. Қазақстанда ТИ нарығын және ұлттық экономиканы ілгерілету және дамыту;
2. ҚКМ инвестициялық портфелін ұлғайту;
3. Ұйымның өнімділігін арттыру.
Стратегиялық бағыттардың әрқайсысы бойынша осы Даму стратегиясының 4-бөлімінде
2023 жылға арналған нысаналы мәнін айқындай отырып, БКМ қызметінің ПӘК-і көзделген.
Іс-шаралары бар егжей-тегжейлі кіші тапсырмалар жұмыс құжаты болып табылатын ҚКМ
әзірлеген Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде көзделетін
болады.