46
конъюнктураның ағымдағы өзгерістерін ескере отырып, ҚКМ МЖӘ инфрақұрылымдық
жобаларына инвестициялау, стрестік активтер мен венчурлық қаржыландыру сегментіне
қатысу арқылы инвестициялық мандатты кеңейту туралы шешім қабылдады.
Осы стратегиялық бағытты іске асыру үшін мынадай стратегиялық міндеттер айқындалды:
* Өңірдегі нарық көшбасшысы болу үшін үлкен әлеуетке ие кәсіпкерлік субъектілерін
дамыту.
Қазақстандағы ішкі экономикалық процестерге ықпал ететін әлемдік макроэкономикалық
жағдайдың өзгеруі жағдайында инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде салалық талдау
нәтижелерін кейіннен қолдану үшін экономиканың шикізаттық емес секторындағы салалардың
инвестициялық тартымдылығына тұрақты талдау жүргізу қажет.
Осыған байланысты ҚКМ тұрақты негізде Қазақстанның басым экономикалық
секторларының бәсекеге қабілеттілігіне диагностика жүргізу арқылы инвестициялау үшін
тартымды салаларды анықтау, сондай-ақ салалық ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс
жүргізетін болады
.
Сонымен қатар, негізгі салалардағы байланыстардың іскерлік желісін дамыту, кэптивті
қорлармен бірлесіп жұмыс істеу және инвестициялық активтерді сатып алуда GP командаларын
қолдау арқылы портфельдік компаниялардың қосымша құнын құру талап етіледі.
Портфельдік компанияларда тәуелсіз басқарушы командалармен өзара іс-қимыл жасау
арқылы олардың дамуына белсенді қатысу арқылы қосымша құнды құруға болады (атап
айтқанда, стратегиялық репозициялау, бизнестің тиімділігін арттыру, капитал құрылымын
оңтайландыру және кірістерге салық салу).
Қосымша құнды құрудың негізгі үш бағыты шеңберінде, (i) күшті компанияны сатып алу
және кейіннен құнды құру үшін бірнеше қосымша сатып алу (Buy and Build strategy), (ii)
синергия және біріктірілген операциялық мүмкіндіктер есебінен құнды құрайтын стратегиялық
бірігулерді жүзеге асыру, (iii) жаңа нарыққа/өңірге шығу (компанияның нарықтағы үлесін
ұлғайту мақсатында, оның ішінде экспорт есебінен), (iv) қолда бар өнімді (көрсетілетін
қызметті) кеңейту немесе жаңасын іске қосу (мысалы, әлемдік нарықтардағы қолда бар өнімді
масштабтау), (v) портфельдік компанияның басқару командасын жақсарту және оның
стратегиялық шешімдер қабылдау процесіне қатысу деңгейін арттыру арқылы ҚКМ-ның
басқарушы компанияларға кейбір бастамаларды жүзеге асыруда көмек көрсету арқылы
портфельдік компанияларды дамытуда әлеуеті бар. Осы тәсілдердің әрқайсысы ҚКМ- нан тиісті
дағдылардың болуын және нақты салаларда сарапшылардың іскерлік желісін құруды талап
етеді. Мұндай жағдайда өсу жолында ҚКМ портфельдік компанияларға ілесіп, өз
сараптамасымен бөлісе алады және портфельдік компанияларды басқаруға тартуда ашығырақ
қолжетімділікке ие болады.
•
Достарыңызбен бөлісу: