44
даму институты болуға, сондай-ақ өзінің нысаналы портфелінің қосымша құнын құруға
көмектеседі. Басқару қағидаттарының әрқайсысын дамыту үш стратегиялық бағыт арқылы
жүзеге асырылады.
3.1 1-стратегиялық бағыт: Қазақстанда ТИ нарығын және ұлттық экономиканы
ілгерілету және дамыту
Мақсаты: Өңірлік және халықаралық әріптестермен ынтымақтастық және
инвестициялық қызметке ESG стандарттарын енгізу арқылы Қазақстанның жоғары
инвестициялық тартымдылығы
Қазақстандағы қаржы нарықтарының даму деңгейінің төмендігі қаржыландыруды тарту
кезеңінде де, жобалардан шығу кезеңінде де халықаралық жеке және институционалдық
инвесторларды тартуға кедергі келтіреді, сондай-ақ экономикалық жүйенің қолда бар
ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік бермейді және қажетті ресурстардың өсу
нүктелеріне ағылуын қиындатады.
Қажетті салалық білімі мен тәжірибесі бар басқарушы компаниялардың дербес кластерінің
болмауы, сондай-ақ кәсіби консультанттар мен сарапшылардың құзыреттерінің жеткіліксіз
деңгейі ТИ индустриясының тәуекелдерін ұлғайтуда.
Бизнеске қаражат салу туралы шешім компанияның қоғамның дамуына қосқан үлесі
негізінде қабылданған кезде халықаралық институционалдық инвесторлар тарапынан
әлеуметтік-жауапты инвестицияларға деген жоғары сұраныс "саналы" капитализмнің пайда
болуын және ESG-инвестицияларының танымалдылығының өсуін көрсетуде.
Елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және ТИ жаһандық нарығында бар
капиталға қол жеткізу мақсатында ҚКМ бірінші стратегиялық бағытты - Қазақстанда ТИ
нарығын және ұлттық экономиканы ілгерілетуді және дамытуды жүзеге асыруда. Осы бағытты
іске асыру ҚКМ қатысуымен ТИҚ арқылы жүзеге асырылатын болады және ҚКМ даму
институтының рөлін іске асыруға және Холдингтің даму стратегиясын іске асыруға
жәрдемдесуге мүмкіндік береді. Ол үшін мынадай стратегиялық міндеттер айқындалды:
*
Достарыңызбен бөлісу: