Қазына Капитал Менеджмент


Халықаралық қаржы корпорациясы



Pdf көрінісі
бет35/55
Дата28.02.2023
өлшемі1,59 Mb.
#170473
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55
Байланысты:
Стратегия развития кк

Халықаралық қаржы корпорациясы
(бұдан әрі – ХҚК) даму мәселелерімен 
айналысатын және экономикасы дамушы елдердің жеке секторына ғана бағытталған 
Дүниежүзілік Банктің компаниялар тобының мүшесі болып табылады. ХҚК негізгі салалық 
бағыты қаржы секторы, денсаулық сақтау және инфрақұрылымдық жобалар болып табылады. 
Қазақстанда қызмет еткен жылдары ХҚК жалпы сомасы 1,4 млрд еуроға 55-тен астам жобаны 
қаржыландырды. ХҚК үлестік, борыштық қаржыландыру және бірлескен кәсіпорындарды құра 
отырып инвестициялайды. Орта есеппен ХҚК жобаларға 70 млн АҚШ долларына дейін 
инвестиция салады. 
Еуразиялық даму банкі
(бұдан әрі – ЕАДБ) алты елде (Армения, Беларусь, Қазақстан, 
Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясы) экономикалық өсуге және өзара сауданы 
кеңейтуге көмектесетін халықаралық қаржы ұйымы болып табылады. ЕАДБ өз қызметін ірі 


40 
клиенттермен ынтымақтастықты құра отырып, күшті интеграциялық әсері бар жобаларды және 
ұлттық даму жобаларын қаржыландыруға шоғырландырады. ЕАДБ-ның негізгі салалық бағыты 
индустриялық сектор (машина жасау, авиация секторы) және МЖӘ болып табылады. 2020 
жылы банк Қазақстанда 300 миллион доллардан астам сомаға 7 жоба қаржыландырды. 
Қазақстанда қызмет еткен жылдары ЕАДБ 21 жобаны қаржыландырды. Бір жобаға салынған 
инвестициялардың орташа сомасы 30 млн АҚШ долларынан асады. 
 
 
1.5 "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мемлекеттік экономикалық саясаты мен стратегиясының 
негізгі бағыттары
ҚКМ Даму стратегиясының негізіне экономиканың шикізаттық емес салаларына 
инвестиция тарту, ШОБ дамыту, агроөнеркәсіптік кешенін дамыту сияқты индустриялық-
инновациялық даму саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары және Қазақстан 
Республикасының Президенті мен Үкіметі қойған міндеттер қойылған. 
"Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты 2014 жылғы 17 
қаңтардағы Қазақстан халқына 
Жолдауында
, сондай-ақ Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 
мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі 
тұжырымдамада 
мемлекет дамуының негізгі бағыттарын 
айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан 
Назарбаев іске асырылуы Қазақстанның әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына кіруіне 
ықпалын тигізетін бес стратегиялық бағытты белгіледі. 
1) адами капиталды дамыту - инновациялардың басты қозғаушысы; 
2) бизнес пен кәсіпкерлік бастамаларды дамыту үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін 
институционалдық ортаны жетілдіру; 
3) ұзақ мерзімді болашақта ғылымды қажетсінетін экономикаға көшу үшін қажетті салалық 
базаны қалыптастыруға негізделген кезең-кезеңімен тәсілді қабылдай отырып, ғылымды 
қажетсінетін экономика салаларын дамыту; 
4) ұлттық инновациялық жүйені құру, инфрақұрылымды жаңғырту және энергия 
тиімділігін арттыру арқылы ғылымды қажетсінетін экономика құруды қолдайтын 
инфрақұрылымды жедел қалыптастыру; 
5) халықаралық қатынастар жүйесіне интеграцияны тереңдету. 
Даму стратегиясы аясында ҚКМ инфрақұрылым (МЖӘ), стрестік активтер және венчурлік 
қаржыландыру нарықтарына белсенді қатыса отырып, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 
елінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада баяндалған барлық стратегиялық бағыттарды 
іске асыруға қатысады. Даму стратегиясы ТИ жергілікті нарығында адами әлеуетті дамытуды, 
заңнамалық бастамалар және ТИ инфрақұрылымының компоненттерін дамыту арқылы 
институционалдық ортаны жақсартуды, инновациялық бағыттар мен инфрақұрылымдық 
жобаларды 
қолдау 
жөніндегі 
жобаларға 
инвестицияларды, 
ТИ 
халықаралық 
қауымдастықтарына қатыса отырып, ТИ жаһандық инфрақұрылымына бірігуді көздейді. 
ҚКМ қызметі Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Даму 
стратегиясында 
қойылған Қазақстанды өңірлік хабқа және озық әлемдік тәжірибелерге сәйкес ТИ қазақстандық 
инфрақұрылымын жетілдіру жолымен технологияларды дамыту тәжірибесімен алмасу үшін 
жоғары инвестициялық тартымдылығы бар елге айналдыру міндеттерін іске асыруға ықпал 
етеді. "
Қазақстан-2050
" даму стратегиясын іске асыру аясында ҚКМ энергетикалық және 
әлеуметтік қауіпсіздікті арттыру бөлігінде оның негізгі мақсаттарының біріне қол жеткізуге, 
сондай-ақ тиісті нарықтардың қатысушыларына қаржыландыруды ұсына отырып, 
технологиялық инновацияларды дамытуға белсенді үлес қосады. 
"
100 нақты қадам - Ұлт жоспары
" және "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" 
акционерлік қоғамының 2014-2023 жылдарға арналған Даму 
стратегиясына 
(бұдан әрі - 
Холдингтің Даму стратегиясы) сәйкес, ҚКМ экономиканың шикізаттық емес салаларында орта 
бизнесті қолдауға бағытталған "Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - ұлттық чемпиондар" 
бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарының 62-қадамын орындауға қатысады. 


41 
Даму стратегиясы аясында ҚКМ қатысатын қорлар Қазақстан Республикасында да, өңірлік 
және халықаралық нарықтарда да бәсекеге қабілеттілік бойынша көшбасшы бола алатын өсу 
болашағы бар табысты отандық бизнес-компанияларға инвестициялайды. 
Оның 
негізгі 
мақсаты 
экономиканы 
әртараптандыру 
болып 
табылатын 
"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу" ұлттық 
жобасына сәйкес, Холдинг өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту, 
сондай-ақ өндіріс көлемін ұлғайту және өңдеуші өнеркәсіп тауарларының номенклатурасын 
кеңейту сияқты міндеттерді іске асыру жөніндегі негізгі операторлардың бірі болып табылады. 
"Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық 
жобасына сәйкес ҚКМ "QazTech Ventures" АҚ еншілес ұйымымен бірлесіп венчурлік қорларды 
құру және ерте (жеке инвестициялардан инвестициялық қорларға көшу жұмыстарынан кейін) 
сатылардағы және өсу сатыларындағы инвестицияларға назар аудара отырып, венчурлік 
қаржыландыру сегментін дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысуды 
жалғастырады.
Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына көмек көрсету бойынша Холдингтің 
миссиясы аясында ҚКМ Холдингтің Даму стратегиясында қойылған негізгі міндеттерді жүзеге 
асыруға қатысады, оның ішінде: 
1) экономиканың шикізаттық емес салаларын дамыту; 
2) кәсіпкерлікті (экономиканың жеке секторын) дамыту; 
3) шикізаттық емес өнімнің экспортын қолдау; 
4) өнімділігін арттыру; 
5) АӨК-дегі қаржыландырудың қолжетімділігін, өндірісті техникалық жабдықтау мен 
қарқындату деңгейін арттыру; 
Келесі стратегиялық бағыттардағы ТИ құралдары арқылы ҚКМ белсенді қатысуы 
Холдингтің Даму стратегиясы аясында қарастырылған: 
1. Кәсіпкерлікті қолдау; 
2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту 
ҚКМ іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар аясында экспорттық әлеуетті арттыру 
бойынша Холдинг қызметінің стратегиялық бағыттарын іске асыруға қолдау көрсетеді. ҚКМ 
ТИ-ды Қазақстан Республикасының Ұлттық жобаларында белгіленген салалық басымдықтарға 
сәйкес жүзеге асырады. 
Баламалы қаржыландыру көздерімен, оның ішінде тікелей инвестициялар қорларының 
құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында ҚКМ шикізаттық емес сектордағы қазақстандық 
кәсіпорындарды үлестік қаржыландыру құралдарының көмегімен қолдауды жалғастырады. 
ҚКМ Қазақстан Республикасының басым индустрияларын ынталандыру арқылы 
экономиканы әртараптандыру және елдің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында Қазақстан 
Республикасының кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды жалғастыруды жоспарлап отыр. 
Сондай-ақ ҚКМ Қазақстан нарығында даму әлеуеті бар активтердің баламалы кластарына, атап 
айтқанда, МЖӘ инфрақұрылымдық жобаларына, стресті активтерге және өсіп келе жатқан 
технологиялық компанияларға (венчурлік қаржыландыру) инвестициялайтын болады. 
Өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды және экспортқа бағытталған жобаларды дамыту 
мақсатында, сондай-ақ компаниялардың капиталына ТИ жүзеге асыру есебінен кәсіпкерліктің 
тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету үшін, ҚКМ BVF және BVM еншілес 
ұйымдарымен бірлесіп, соның аясында бизнеске жеңілдетілген талаптармен капиталға тікелей 
инвестиция салу мүмкіндігін беретін жеңілдікті үлестік қаржыландыру бағдарламасын іске 
қосты. 
Бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында, ҚКМ Бағдарлама операторы болып 
табылатын SDF I КСМ қорын құрды. Осы қордың аясында қаржыландыру агроөнеркәсіптік 
кешен, өңдеу өнеркәсібі, денсаулық сақтау, энергетика, ақпарат және байланыс салаларында ел 
экономикасының тұрақты дамуын ынталандыруға бағытталған жобаларға беріледі. 


42 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет