Қазына Капитал Менеджмент



Pdf көрінісі
бет36/55
Дата28.02.2023
өлшемі1,59 Mb.
#170473
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55
Байланысты:
Стратегия развития кк

1.6 SWOT-талдау
SWOT-талдау стратегиялық жоспарлау құралы болып табылады және компанияның 
бәсекеге қабілеттілігін бағалау және оның әрі қарай даму стратегиясын жасау үшін 
қолданылады. Бұл талдау ҚКМ қызметінің ағымдағы жай-күйіне әсерін тигізетін ішкі және 
сыртқы факторларды бағалайды, сондай-ақ ҚКМ институционалдық даму жолында тұрған 
тәуекелдер мен мүмкіндіктерді түйіндейді. 
8-кесте: SWOT-талдау
Strengths
Weaknesses
1. Холдингтің атынан жалғыз акционер тарапынан және 
Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан қолдау. 
2. ТИ нарығының халықаралық ойыншыларымен 
ынтымақтастық және осы серіктестердің тәжірибесі мен 
сараптамасына қол жеткізу. 
3. ТИ саласындағы бІрегей инвестициялық мандат. 
4. Қазақстан нарығындағы қорлардың қоры ретіндегі 
инвестициялық қызметтің 14 жылдан астам тәжірибесі. 
5. Алдағы бірнеше жылға әлеуетті жобалардың 
айтарлықтай санының болуы. 
1. 
Елдегі 
макроэкономикалық 
көрсеткіштерге 
инвестициялық қызмет нәтижелерінің тәуелділігі. 
2. Инвестициялардың жалпы портфелінің төмен 
тиімділігі. 
3. ҚКМ кэптивті ТИҚ белсенді инвестициялық 
стратегияны ұстанбайды. 
4. Өңірдегі мүмкіндіктерді барынша кең қамтымай, 
Қазақстандағы жобаларға инвестициялық фокусты 
шектеу. 
5. Лимиттелген қаржы ресурстары. 
6. Кэптивті қорлар (BVF, DBKEF, SDF КСМ) 
деңгейінде жобаларды таңдауға стратегиялық тәсілдің 
жоқтығы. 
Opportunities
Threats
1. ТИ сияқты қаржыландырудың балама көздеріне 
қазақстандық кәсіпорындардың қажеттілігі. 
2. Инвесторларды валюталық тәуекелдерден қорғай 
алатын және халықаралық ойыншылар тарапынан 
инвестициялық 
белсенділікті 
арттыруға 
ықпалын 
тигізетін экспортқа бағытталған жобаларды дамытуға 
қатысу. 
3. Институционалдық инвесторлардың инвестициялары 
(зейнетақы қоры және сақтандыру компаниялары) 
нарықтың белсенділігін және оның өтімділігін арттыруға 
көмектеседі. 
4. Экономиканың осы бағытын дамытуға ықпалын 
тигізетін ірі мемлекеттік бағдарламаларды енгізу және 
халықаралық келісімдер жасасу есебінен экономиканың 
шикізаттық емес секторына салынатын инвестициялар 
көлемін ұлғайту. 
5. Қазақстан нарығында даму әлеуеті бар активтердің 
баламалы 
кластарына, 
атап 
айтқанда, 
МЖӘ 
инфрақұрылымдық жобаларына, стресті активтерге және 
өсіп келе жатқан технологиялық компанияларға 
(венчурлік қаржыландыру) инвестициялау мүмкіндігі. 
6. Тәжірибелі GP-мен ынтымақтастықты кеңейту: бірлесіп 
қаржыландыру және бірлескен коммерциялық қорларды 
құру. 
7. Құрылған сауда алаңын - KASE Private Market дамыту 
есебінен қор биржасының белсенділігін арттыру. 
1. 
Мұнайға 
әлемдік 
бағаның 
төмендеуі, 
коронавирустық 
пандемия 
сияқты 
сыртқы 
факторларға байланысты елдегі макроэкономикалық 
жағдайдың нашарлауы. 
2. Ұлттық валютаның одан әрі әлсіреуі және елдік 
тәуекелдердің артуы елдің шетелдік инвесторлар үшін 
тартымдылығына теріс әсерін тигізуі мүмкін. 
3. Баяу өсу қарқынымен сипатталатын жеткіліксіз 
дамыған ТИ нарығы. 
4. Инвестицияларға арналған сапалы жобалардың 
шектеулі саны. 
5. Қор биржасында өтімділіктің және белсенді 
ойыншылардың болмауына байланысты жобалардан 
шығудың шектеулі мүмкіндіктері. 
6. Қазақстандағы кәсіби GP шектеулі саны. 
7. Қазақстандағы ТИҚ қызметін дамыту бөлігіндегі 
қазақстандық заңнаманың кемшіліктері 
ҚКМ ТИ саласындағы бірегей инвестициялық мандатты және ірі мемлекеттік 
бағдарламаларды іске асыруға көмектесу және экспортқа бағытталған жобаларды дамытуға 
қатысу есебінен экономиканың шикізаттық емес секторына инвестициялар көлемін ұлғайту 
үшін инвестициялық қызметтің айтарлықтай тәжірибесін пайдалануды жалғастыратын болады, 
осылайша, өңірлік нарықта үлкен әлеуетке ие кәсіпорындарды дамытады. 
Сондай-ақ, ҚКМ Қазақстан нарығында даму әлеуеті бар активтердің баламалы кластарына 
(МЖӘ инфрақұрылымдық жобалары, стресті активтер және венчурлік қаржыландыру) 


43 
инвестиция салатын ТИҚ-ға қатыса отырып, кірістілік деңгейін арттыру және капитал көздерін 
әртараптандыру жөніндегі жұмыстарды жүргізетін болады. 
Алайда, халықаралық және жергілікті нарықтардағы экономикалық және нарықтық 
конъюнктураның ағымдағы өзгерістері (мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі, ұлттық 
валютаның құбылмалылығы, коронавирус пандемиясы және басқалары) ҚКМ қаржылық 
жағдайын қиындатады. 
Бұл ретте, ҚКМ-нің өңірлік және халықаралық әріптестермен көптеген ынтымақтастығы, 
инвестициялық 
қызметке 
жауапты 
инвестициялау 
стандарттарын 
(ESG) 
енгізу 
қаржыландыруды тарту кезеңінде де, жобалардан шығу кезеңінде де Қазақстанның ТИ әлемдік 
нарығындағы инвестициялық тартымдылығын арттыруға көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет