Қазына Капитал Менеджмент


Венчурлік қаржыландыру нарығы



Pdf көрінісі
бет34/55
Дата28.02.2023
өлшемі1,59 Mb.
#170473
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
Байланысты:
Стратегия развития кк

 
Венчурлік қаржыландыру нарығы
EQT Ventures
- EQT AB бөлігі (Швед ТИҚ) 2016 жылы құрылған, міндеттемелердің жалпы 
сомасы 566 млн еуро. Инвестициялар ауқымы өзінің қызметін жаңадан бастаған және 
кеңейтетін компаниялардың миноритарлық үлестерін сатып алуға бағытталған 2-ден 50 млн 
еуроға дейін құрайды. EQT Ventures тез дамып келе жатқан, инновациялық және технологиялық 
компанияларға барлық салаларда инвестиция салады. 2019 жылғы қарашада екінші EQT 
Ventures II қоры құрылды, ол бойынша міндеттемелердің жалпы көлемі 660 млн еуроны 
құрайды. EQT Ventures II, бірінші қор сияқты барлық салалардағы жылдам дамып келе жатқан, 
инновациялық және технологиялық компанияларға бағытталған. 
Quest Ventures
– бұл ерте сатыдағы венчурлік инвестицияларға мамандандырылған 
Азиялық инвестициялық басқарушы компания. Компанияның бірінші қоры негізінен Сингапур 
мен Вьетнамға арналған инвестицияларға, ал екінші қоры Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия 
елдеріне бағытталған инвестицияларға бағытталған. Жақында Quest Ventures компаниясы 
алғашқы жабылуымен 50 миллион АҚШ долларын құрайтын "Asia Fund II" іске қосты. Аталған 
қор қаржыландыруды Pavilion Capital (Сингапурлық ТИҚ) және "QazTech Ventures" АҚ-дан 
("Қазына Капитал Менеджмент"АҚ-ның еншілес компаниясы) алды. Қор Оңтүстік-Шығыс 
және дамушы Азиядағы ерте кезеңдегі венчурлік инвестицияларға бағытталған (Индонезия, 
Мьянма және Филиппин сияқты қосымша нарықтарға шығуды жоспарлап отыр). 2021 жылғы 
қарашада Қор Қазақстандық СТОgram стартап жобасына 500 мың АҚШ долларын 
инвестициялады. 2011 жылдан бастап Quest Ventures-тің IRR (жалпы) 40%-дан асады.
МЖӘ инфрақұрылымдық активтер нарығы
ХҚҰ инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға белсенді қатысады. Төменде 
инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салатын таңдаулы ХҚҰ тізімі берілген. 
Еуропа қайта құру және даму банкі
(бұдан әрі – ЕҚҚДБ) – халықаралық қаржы ұйымы 
1991 жылы 40 елде және екі халықаралық ұйымда 34 елдегі нарықтық экономиканы қолдау үшін 
құрылған. ЕҚҚДБ Орталық Еуропадан Орталық Азияға дейінгі 30-дан астам елде экономиканы 
дамытуды қолдау қызметін кеңейтті. Қазақстанда ЕҚҚДБ инфрақұрылымға, жасыл 
энергетикаға баса назар аудара отырып, жалпы сомасы 8,9 млрд еуроға 290-нан астам 
инвестициялық жобаны қаржыландырды. ЕҚҚДБ басқа әріптестермен бірлесіп қаржыландыру 
арқылы жобаларға инвестиция салады. Орта есеппен ЕҚҚДБ бір жобаға 35 млн еуро көлемінде 
қарыз қаржыландыруды ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет