47
Бұдан басқа, ҚКМ және ЕҰ кәсіпорындардың технологиялық деңгейін арттыру және ұйым
қызметінің негізгі көрсеткіштерінің тиімділігін арттыруға, жаңартуға, технологиялық қайта
жарақтандыруға және еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін технологиялық шешімдерді
енгізу үшін технологиялық сараптама бойынша қызметтер көрсететін болады. Бұл қызметтің
тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорындардың жұмысына енгізілуі мүмкін жаңа шешімдер
мен технологияларды нарықта табу үшін тиімді құрал болып табылады.
Инновацияға инвестициялар мен өнімділіктің өсуі арасындағы қатынастар сызықты емес
және жаңа технологияларға инвестициялардың белгілі бір сыни массасына қол жеткізілгеннен
кейін ғана тұрақты оң байланысқа ие болатындығын атап өткен жөн.
•
Достарыңызбен бөлісу: