Қазына Капитал Менеджмент


-диаграмма: Басқарудағы стресті активтерінің көлемі, өңірлер бойынша бөліністе



Pdf көрінісі
бет18/55
Дата28.02.2023
өлшемі1,59 Mb.
#170473
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55
Байланысты:
Стратегия развития кк
қыз сыны (2), Қазақстанның индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы, Химия пәнінен тест тапсырмалары жинағы (1)
22-диаграмма: Басқарудағы стресті активтерінің көлемі, өңірлер бойынша бөліністе 
 
 
 
Стресті активтердің әлемдік нарығы көптеген жылдар бойы, атап айтқанда 2007-2008 
жылдардағы қаржы дағдарысы кезеңінде және 2019-2020 жылдардағы жалпы экономикалық 
ахуалдың нашарлауы кезеңінде өсті. Стресті активтер нарығының ең үлкен өсуі (61%) 2007 
жылы байқалды, кейіннен 2009 және 2010 жылдары тиісінше 19% және 22%-ға (қаржы 
дағдарысынан кейін бірден) едәуір ұлғайды. 2020 жылы басқарудағы стресті активтердің көлемі 
414 млрд АҚШ долл. жетті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1%-ға өсуге сәйкес келеді. Бұл 
экономикалық құлдырау жағдайында стресті активтердің көлемі өсіп, инвестициялар үшін жаңа 
мүмкіндіктер ашқанын көрсетеді.
Өңірлік бөліністе Солтүстік Америка стресті активтерге инвестициялар бойынша 
көшбасшы болып табылады, одан кейін Еуропа, Азия және басқа аймақтар. 2020 жылы 
Солтүстік Америкада басқарылатын стресті активтердің көлемі 7,9%-ға айтарлықтай өсті.
2011 жылғы желтоқсанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк 
қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша тәуекелдерді азайту бөлігінде 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 
қабылданғаннан кейін банктердің көпшілігі жұмыс істемейтін қарыздардан банк қордынын 
түсіру мақсатында САБК-ның еншілес компанияларын құрды. САБК активтерінің қоржыны 
негізінен жылжымайтын мүлік және құрылыс нысандарымен ұсынылған.
Кейбір ЕДБ активтер сапасының реттеуші көрсеткіштерін жақсарту үшін САБК-ны 
пайдалана алды, бірақ САБК проблемалық қарыздарды шешудің тиімді құралына айналмады, 
өйткені проблемалық несиелердің едәуір саны (құны 0,9 млрд АҚШ долл.) 2020 жылдың 
соңындағы жағдай бойынша САБК теңгерімінде қалуды жалғастыруда. 
Өз қызметін 2020 жылғы қаңтарда бастаған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 
(ҚНРДА) қазіргі уақытта несиелік қызметті күшейту және жергілікті банктердің назарын 
проблемалық несиелерді басқарудан жаңа несиелеуге көшіру үшін корпоративтік және
ШОБ-қа проблемалық несиелерге ерекше назар аудара отырып, проблемалық несиелердің 
жергілікті нарығын дамытуға бағытталған.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің екінші деңгейдегі 26 банкінің несие 
қоржынының көлемі 15 792 млрд теңгені (жиынтық активтердің 47,6%) құрады. Оның ішінде 
жұмыс істемейтін қарыздар көлемі 1 077 млрд теңгені немесе жалпы несие қоржынының


22 
6,8%-ын құрады (2020 жылдың басында - 1 200 млрд теңге немесе 8,14%). Бір жыл ішінде 
жұмыс істемейтін қарыздар көлемі 123 млрд теңгеге немесе 10%-ға төмендеді. 
NPL-дің неғұрлым ірі көлемдері мыналарға тиесілі: – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ – 185,6 
млрд теңге (несие қоржынының 3,8%-ы); – "KASPI BANK" АҚ – 103,4 млрд теңге (несие 
қоржынының 6,7%-ы); – "Сбербанк" АҚ ЕБ – 97 млрд теңге (несие қоржынының 5,4%-ы); - 
"Банк ЦентрКредит" АҚ - 71 млрд теңге (несие қоржынының 6,3%-ы). 
Бүгінгі таңда нарықта ПНҚ-мен ұсынылған стресті активтерді басқару жөніндегі 
мемлекеттік қор жұмыс істейді. 2020 жылдың соңындағы жағдай бойынша ПНҚ басқаруындағы 
стресті активтердің жиынтық құны 267,7 млрд теңгені (ПНҚ қаржылық есептілігі) құрады. 
Қордың қоржыны негізінен жылжымайтын мүлік объектілері болып табылады. Бұдан басқа, 
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-ның (бұдан әрі - ҚИҚ) 
еншілес ұйымы болып табылатын 2021 жылғы тамызға дейін стресті активтерді басқару 
жөніндегі тағы бір қорды атап өту қажет. 2019 жылдың соңында ҚИҚ басқаруында мемлекеттік 
қорлардың барлық стресті активтерінің 49%-ға жуығы (301,7 млрд теңге) болды. Қоржын 
мынадай индустрияларда шоғырланған: ауыл шаруашылығы (27,3%), металлургия және өндіріс 
және қайта өңдеу (тиісінше 13,6%), тамақ өнімдері, тоқыма және былғары өндірісі және 
құрылыс материалдары (тиісінше 9,1%) және басқалар. Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға 
арналған кешенді жоспары шеңберінде ҚИҚ құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шарттары 
бойынша ҚИҚ-тың ҚДБ алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдікті 
сақтай отырып, электрондық аукцион нәтижесінің қорытындылары бойынша жеке секторға 
берілді. 
Қазақстандағы стресті активтер нарығының мамандандырылған қор басқарушылары 
тұлғасында белсенді қатысушылары жоқ (ЕДБ, ПНҚ және САБК басқа). Алайда, стресті 
активтер нарығының мөлшері айтарлықтай үлкен және жақсы әлеуетке ие. Ол негізінен 
коммерциялық банктер мен мемлекеттік қорлармен ұсынылған.
Қазақстандағы стресті активтер нарығы негізінен экономикалық құлдыраудан, қарыз 
алушылар тарапынан сапасыз менеджменттен және т. б. туындаған 2016-2018 жылдары өсуді 
көрсетті. ҚНРДА жұмысының қорытындысы бойынша қазақстандық банктердегі стресті 
активтердің көлемі 15,5%-ға (497 млрд теңге) төмендеп, 2020 жылы 2,3 трлн теңгені құрады.
Айта кету керек, қазіргі уақытта стресті активтер нарығы жақсы ойластырылған 
нормативтік базаны, жұмыс істемейтін қарыздарды қалпына келтіру бойынша 
инфрақұрылымды және мемлекеттік қорлар мен ЕДБ арасындағы ынтымақтастықты жақсарту 
үшін коммерциялық жағдайларға қатысты құрылымдалған әдіснаманы қажет етеді. 
ҚКМ стресті активтер нарығын сауықтыру мақсатында стресті активтер қорларына 
қатысатын болады, олар өз кезегінде стресті активтерге, оның ішінде өз борыштарына қызмет 
көрсете алмайтын компаниялардың немесе өтімділікпен проблемалары бар және операциялық 
өзгерістерді қайта құрылымдау және жүзеге асыру үшін қосымша капиталды қажет ететін 
компаниялардың борыштық міндеттемелеріне инвестицияланатын болады. Осы сегментке 
инвестициялау үшін бөлінген қаражаттың қолжетімді капиталын тиімді басқару үшін ҚКМ 
сенімді бизнес-моделі және елеулі ішкі құны (intristic value) бар компанияларға қайта 
құрылымдау есебінен пайда алу мақсатында инвестициялайтын тәуелсіз және тәжірибелі GP 
тартуды жоспарлап отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет