Дəріс тақырыбы:
Сөз тіркесінің байланысу тəсілдері мен формалары.
Дəріс мазмұны:
Қиысу, матасу, жанасу, қабысу,
меңгеру формаларының
пайда болуы мен зерттелуі.
Жалғаулар арқылы, орын тəртібі арқылы, интонация мен жалғаулар
арқылы
№ 14 Семинар
Семинар тақырыбы
: Айқындауыш мүшелердің түрлері мен мағыналық
ерекшелігі.
А) Қосалқы айқындауыштар.
Ə) Қосарлы айқындауыштар.
Б) Оңашаланған айқындауыштар.
Семинар мазмұны:
Орын тəртібі амалы да
барынша белсенді қызмет
атқарады. Орын тəртібінің қазақ тілінде жалғаусыз келетін сөзтұлғалар
арасында болатындығы орныққан. Ал
жалғаусыз, орын тəртібі амалына
бағына байланысқан сөздер тобының орналасу реті тұрақты. Олардың орнын
ауыстырып айтуға келмейді.
Ауыстыра қалған жағдайда, сөзаралық
синтаксистік қатынас өзгереді, болмаса мүлдем мағынасыздық туады: Біздің
жоғарғы жағымызда бір топ қыз-келіншектер су бетінде асыр салып жүр еді
(Ə.Нұршайықов).
Орын тəртібі амалын шылаумен келген тіркесімдерден
табу ескерілмей
жүр. Мəселен, септеулік шылаумен келген түйдекті тіркес мəселесі шешілді.
Демек, олар алдыңғы сөзімен бір бірлікке жымдасып,
ендігі жерде
байланыстыру қызметі басқа амалға көшеді. Ол амал, əдетте, орын тəртібі
болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: