«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет43/54
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153161
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
Байланысты:
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні

Негізгі əдебиеттер

А.Байтүрсынов. Тіл тағылымы. Алматы, 1992. 


2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999. 
3. С.Аманжолов. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1994 
4. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971. 
5. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992. 
6. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004. 


7. Р.Əміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. 
8. Р.Əміров.Г.Əмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997. 
9. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992. 
10.Қ.Жəукенов. Синтаксис. Алматы, 1996. 
№ 14- дəріс.
Тақырыбы: СӨЗТҰЛҒА СИНТАКСИСІНІҢ БІРЛІКТЕРІ 
Синтаксистегі «сөздің» беретін ауқымы өте кең. Ол синтаксисте өзінің 
лексикалық тура мағынасында, сөзжасамдық туынды мағынасында, сондай-
ақ күрделі сөз түрлері ерекшелігі мен түрлі тіркес белгілерінде жұмсалады. 
Сонымен қатар оның түрлі түрленімге түсіп, морфологиялық белгіге ие 
болатыны да бар. Мұндай тілдік бірліктер қазіргі күні əбден танылған. 
Дегенмен қайталап берудің артықшылығы жоқ. 
Сөз – лексикалық бірлік. Кез келген сөздің екі жағы бар. Бірінші – 
дыбыстық, яғни материалдық та, екінші – лексикалық, яғни мағыналық. Жеке 
дыбыстардың тіркесімін қажет ететін сөз олардың нəтижесінен пайда 
болатын мағынаға тəуелді. Сол сияқты белгілі бір мағыналы сөздің 
дыбыстық тіркесімнен құралатыны, демек дыбысқа тəуелділігі туындайды. 
Мұндай байланыстағы тілдік бірлік, яғни сөз, дəл осындай келесі бір сөзбен 
«қиюын 
тауып» 
отырады. 
Бұл 
– 
оның 
синтаксистік 
белгісі. 
А.Байтұрсынұлының көздеуіндегі қиюын табу сөздің сөйлем ішіндегі 
ерекшелігіне байланысты. Сөйлем ішіндегі сөздер тек түрленім нəтижесінен 
ғана қиындасады. Бірақ оның жеке лексикалық мағынасы жойылмайды. 
Мұндай мағынасы жоқ (көмекші сөздер мен одағай сөздер) сөздер жеке 
бірліктен гөрі, тіркестік бірлікке жақын.
Ал К.Аханов «Сөз тіркесінің сыңарларының арасында да байланыс бар
бірақ сөздің бөлшектерінің арасындағы байланыс сөз тіркесі сыңарларының 
арасындағы байланыстан басым да бекем болады» – деп, олардың жеке тұлға 
ретіндегі қызметін нықтай түседі
23
. Мұны ғалым Т.Сайрамбаев та өзінше 
жалғастырып, күрделі сөз бен сөз тіркесін ажыратуда мынадай белгілеріге 
сүйенгенді жөн санайды: «Бірінші – əрбір сөз табының күрделі түрі, оның 
жасалу жолдары бар; екінші – олардың мағыналық ерекшеліктері»
24

К.Аханов енді бір еңбегінде күрделі сөз бен сөз тіркесінің ажырататын 
белгі ретінде мынадай үш топқа тоқталады: 1) Семантикалық тұтастық белгі 
– күрделі сөз құрамындағы əрбір сыңарлардың мағыналық жəне 
грамматикалық дербестілігі күңгірттенеді; 2) Морфологиялық тұтастық белгі 
– күрделі сөз де, жалаң сөз сияқты көптеледі, септеледі, жіктеледі. Ондай 
кезде оның сыңарларының əрқайсысы бөлек-бөлек өзгермей, тұтас күйінде 
түрленіп, бір тұлғаға ие болады жəне 3) Синтаксистік тұтастық белгі. Күрделі 
сөз, біріншіден, оның сыңарларының арасында синтаксистік қатынастар 
сақталмайды; екіншіден, құрамдағы əрбір сыңар өз алдына дербес мүше бола 
23
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет