Зат есімдердің жекеше, көпше түрлері (Единственное, множественное число имен существительных)
Екі тілде де зат есімдерге жекеше, көпше форма тән. Жекеше форма заттын біреуін немесе бірнеше заттың жиын-
Қазақ тілінде заттың біреу емес, көп екенін білдіру үшін, яғни көпше форманы көрсету үшін көптік жалғаулары (-лар-лер, -дар-дер, -тар-тер) қолданылады. Мысалы: мектептер, адам-дар т.б.
Орыс тіліне де көпше форманы білдіретін көитік жалғаулары тән (-а, -я, -ья, -и, -ы, -е). Мысалы: окна, поля, зве-нья, матери, отцы, граждане т.б.
Орыс тілінде тек кана жекеше формада қолданылатын зат есімдер болады. Оларға мыналар жатады:
Сүйық заттардын, өлшенетін заттардың, өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың, үнтақ заттардың, майда заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаула-ры (грязъ, мясо, золото, горох). Алайда заттың түрін білдіру барысында кейбір аталған зат есімдер көпше түрде қолданылады. Мысалы: марочные вина, лечебные грязи т, б.
Дерексіз үғымдарды білдіретін заттардың атаулары (здоро-вье, грамотностъ т. 6.). Бірақ дерексіз зат есімдер заттын магынасын нақтылау барысында көпше түрде де қолданылады: красоты природы.
Заттың жиынын тоитап атайтын зат есімдер: зелень, детво-ра, листва т.б.
Жалқы есімдердің көбі жекеше түлғада қолданылады. Қазақ тілінде де тек жекеше түлғада қолданылатын зат
есімдер бар. Олар көптік мәнді есімдер деп аталатын өз алдына дербес категория болып танылады дейді - А.Ысқақов.
Көптік мәнді зат есімдерді топтауда қазақ тілінде кейбір айырмашылықтар кездеседі.
Қазақ тілінде тек қана жекеще формада қолданылатын зат есшдср төмсндепдей топтастырылады:
Сүйык заттардың атаулары: шай, су т. б.
Газ тектес заттардың аттары: туман, азон т. б.
Уақ, үнтақ заттардың, үйысқан майда заттар мен бытыран-ды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: жун, сақал, шаш,
Дерексіз үғымдарды білдіретін заттардың атаулары: қуаиъпи, ой т. б. Өздігінен табиғи белшектенбейтін кесек заттардың атаула-ры: күміс, қола т.б. Бұлар жекеше тұлғада қолданылып көптік мағынаны білдіреді. Мысалы: Таза күміс денсаулыща пайдалы.
Жаратылыс қүбылыстарының атаулары: жауын, жел т.б.
Табиғи жүп болып келетін зат есімдер: көз, кулак, етік т.б.
Кісі, жер-су аттары: Әлия, Көкшетау т. б.
Қазақ тілінде тек кана көнше түрде қолданылатын зат есімдер кездеспейді.
Ал орыс тілінде ондай зат есімдер төмендегідей топтасты-рылады:
Жұп болып келетін зат есімдер: брюки, ножницы т.б.
Загтың жиынын топтап атайтын зат есімдер: боеприпасы, девчата т.б.
Заттың салмағын, жасалған затты білдіретін зат есімдер: дрожжи, чернила т.б.
Топтау мағынада б§рілген дерексіз зат есімдер: сумерки, бе-га т.б.
Кейбір жалқы зат есімдер: Сарыозеки, Весы, Сокольники.
Тәуелдік категориясы (Категория принадлежн ости)
Қазақ тілінде тәуелдік мағына морфологиялық жолмен, яғни жақтық жалғаулар арқылы беріледі:
/. Тәуелдік жалғаулар арқылы: меніц досым. сенің досыц т.б. 2. Меншіктілік мағынаны білдіретін -нікі, -дікі, -тікі
жүрнақтары арқылы: кітап менікі, үй сенікі т.б. Бүл жүрнақтардың ерекшеліктері мынадай:
а) сингармонизм заңына бағынбайды;
б) меншіктелетін затқа емес иесіне жалғанады.
Орыс тілінде тәуелдік мағына синтаксистік жолмен беріледі:
Тәуелдік есімдіктер арқылы: мой друг, твой друг т.б.
Тәуелділік сын есімдер арқылы: отчий дом, бабушкин пла-ток т.б.
Септік категориясы (Категория падежа) Септік агглютинативті тілдер тобында да, флективті тілдер тобында да маңызы зор грамматикалық категория больш табылады. Түркі тілдсрінде септік категориясы форма тудырушы категория болып есептеледі, тек қана сөздер арасында грамматикалық байланыс қызметін атқарады.
Қазақ тілінде 7 септік, орыс тілінде 6 септік бар. Қазак тілінде Жатыс септігінен басқа септіктердің бәрі септеулік шылаулармен қатар қолданылады. Ал орыс тілінде Атау септігінен басқа септіктердің бәрі септеулік шылаумен бірге пайдаланылады.
Орыс тілінде Предложный падеж айқындауыш және мекендік мағыналарды білдіреді (изъяснительный, местный). Предложный падсжде негізгі қызметті септеулік шылаулар атқарады, ал басқа септіктерде шылаулар негізгі мағынаны нақтылаушы, толыктырушы ретінде қолданылады.
Қазақ тілінде септіктерді мағынасы мен синтаксистік қызметіне қарай екі топқа топтастырып қарастыруға болады: мекендік мағыналы және грамматикалық мағыналы септіктер. Мекендік магынадағы септіктерге Барыс септік, Жатыс септік, Шығыс септік жатады. Ал грамматикалық мағынадағы септіктерге Атау септік, Ілік септік, Табыс септік, Көмектес септік жатады. Бірақ мекендік мағынадағы септіктер грамматикалық мағына да білдіреді. Мысалы: Б.с. - шешеме, ойга т.б.
Ал орыс тілінде септіктер тек қана грамматикалык мағынада қолданылады.
Екі тілде де сөздердің жалғауларды қабылдап, өзгерту жүйесі сөздердің септелуі деп аталады.
Қазақ тілінде зат есімдер және олардың қызметін атқаратын басқа есім сөздер тәуелденбей де, тәуелденіп те септеле береді. Осыған байланысты септіктің екі түрі қолданылады: жай еептеу, тәуелдеулі септеу. Жай септеуде де, тәуелдеулі септеуде де 7 түрлі түлға бар, 6 түрлі жалғау бар.
Атау септік. Жай септеуде де, тәуелді септеуде де атау септіктің өзіне тән арнаулы косымшасы жоқ. Атау түлғадағы сөз кім?, кімдер?, не?, нелер? деген сүрауларға жауап береді де. жекеше, көпше жәпе тәуелді түрдс де қолданыла береді. Ата> септіктегі сөз сөйлемде негізінен бастауыш қызметін атқарады: Қыз қуанды. Қызым кеиіе келді. Тұрған орнына қарай баяндауыш та болады: Біз оқушымыз.
Ал баска бір есіммен қосымшасыз тіркессе, анықтауыш та болады: Қабырга сагаты жоц.
Атау септік тұлғасындағы сөздер септеулік шылаулар-мен де жұмсала береді: адам үшін, қала арқылы т.б.
Орыс тілінде де Атау септік (Именительный падеж) негізгі тұлға ретінде қаралады да, кто?, что? деген сұрақтарға жауап береді. Тек (род) категориясына байланысты Атау септікке (И.п.) нөлдік жалғау, -а-я, -о-е жалғаулары тән: дом, поле, книга, окно, тетрадь т.б.
Атау септігіндегі (И.и.) сөз сөйлемде негізінен бастауыштьщ қызметін атқарады: Дети должны заботиться о родителях.
Осы аталған ерекшеліктерге байланысты қазақ тілінде Атау септікте түрған сөздер орыс тіліне басқа септіктермен берілуі мүмкін, яғни Атау септік пен Именительный падеждің түлғалары сөйлемде сәйкес келе бермейді. Мысалы: Конферен-ция болмады. —Конференции не было (А.с. —Р.п.). Демек, сөздің бастапқы тұлғасы мен септеулік піылаулардың тіркесі Атау сеитіктің қолданылу өрісін кеңейте түседі.
Ілік септік (Родительный падеж). Қазақ тілінде Ілік септік тәуелдеулі есім сөзбен не субстантивтенген сөзбен бай-ланысты болады: оқушымның қаламы, кщкендердің орны т.б. Сондықтан атау тұлғадағы әрбір сөзге жалғанатын Ілік септіктің қосымшасы не меншікті, не басқа бір қатынасты білдіреді: сту-денттің багасы, қала көлігі т.б. Ілік септік жалғауы жалғанып та, жасырык да тұрады: ата-ана парызы, қыздың міндеті т. б.
Ілік септіктегі сөз әрқашан анықтауыш болады: Елдің атын ер шыгарады. Мемлекет мүддесі т. б.
Кейде ілік септіктегі сөз озінен соңғы тәуелдеулі сезбен тіркесіп, бір күрделі мүше болып та кызмет атқарады. Мысалы: Абай көшесі - ең әдемі көше.
Ал орыс тіліндегі Ілік септік есім сөзбен де, етістіктермен де байланысты болады. Осыған байланысты анықтауыштық Ілік септік (х одительньш определительныи^, етістіктік Ілік септік (Родительный приглагольный) деп екі топқа бәлінеді. Анықтауыштык Ілік септік (Родительный определительный) бағалаутылық, өлшемдік, жасқа байланысты мағына білдіреді. Мысалы: Она была оченъ красивой. Это был мужчина средних лет. Он выпил стакан водки.
Ал етістік мағыналы Ілік септік (Родительный приглаголь-ный) болымсыздық мағына білдіретін етістіктермен, заттың бір бөлшегінің іс-қимылын білдіретін етістіктермен, добиваться, ждатъ, желатъ, искать, просить, требоватъ т.б. етістіктермен байланысады. Мысалы: Мы еще не видели этого парня. Он вы-пил немножко молока. Будет добиваться любви, искать встре-чи.
Орыс тілінде үстеумен байланысқан создер де Ілік септігінде (Родительный падеж) қолданылады. Мысалы: Любовъ выше смерти.
Орыс тілінде Ілік септік тұлғасындағы сөздер септеулік шылау-лармен жұмсала береді. Мысалы: Для меня это болыиая ра-достъ. Ради учебы бросил работу. У мастера -руки золотые, у певца - язык золотой.
Барыс септік (Дательный падеж). Қазақ тілінде Барыс септіктегі сөз етістік мүшемен тікелей немесе жанай байланы-сып, іс-қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді. Мысалы: Біз ертең Алматыга кетеміз. Ол оқуга келді. Мағынасына қарай Барыс септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та болады. Мысалы: Маган кітап керек. Ол су ішу ушін колдің жагасына келді.
Барыс септіктегі сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшелері болса, септіктің қосымшалары (жай септеуде де, тәуелді септе-уде де) бәріне бірдей, не тек соңғысына ғана жалғанып қолданылады. Мысалы: Ол әке-шешесіне, туган-іпуысқандарына комектеседі.
Орыс тілінде Барыс септіктегі (Дательный падеж) сөздер негізінен етістіктермен. ал кейде зат есімдермен де байланыса-ды. Мысалы: Они в этом году оказали болыиую помощь роди-теляч. Пламенный привет всем соотечественникам!
Барыс септік (Дательный падеж^ формасындағы сөздер шылаулармен де жұмсалады. Мысалы: Подойти к другу, подъе-хать к другу, ехатъ по дороге. Аталған ерекшеліктерге байланысты қазақ тілінде Барыс септік формасында тұрған сездер орыс тіліне басқа септік фор-малары арқылы берілуі мүмкін. Мысалы: Ол екеуіне екі кітап берді. - Он дал им обоим две книги. (Б.с. - Д.п.) Су ішкен қудыгыңа түкірме. — Не плюй в колодец, из которого пил воду (Б.с. - В.п.). Күлме досыңа, келер басыңа. - Не смейся над дру-гом, беда придет и к тебе. (Б.с. - Тв.п.) Жаспшрга бәрі кызық. — Для молодежи все интересно. (Б.с. - Р.п.)
Табыс септік (Винительный падеж). Қазақ тілінде Та-быс септіктегі сөз етістікпен байланысып, сөйлемде тура то-лықтауыш болып қызмет аткарады. Мысалы: Адамды қорлауга болмайды.
Қазак тілінде Табыс септіктің жалғауы бірде ашық, бірде жасырын түрде қолданылады. Мысалы: Кітапханадан кітап алдық. Біз кітапты тастап кеттік.
Табыс септіктегі сөздер сөйлемде бірыңғай мүше ретінде келгенде, септіктің қосымшалары (жай септеуде, тәуелді сеп -теуде де) не бәріне бірдей қосылады, не соңғысына ғана жалғанады. Мысалы: Мен ата-анамды, нагашы жүртымды, туган-туысқандарымды қатты сагындым. Ол кітап, қалам, дәптерлерін дайындады.
Орыс тілінде де Табыс септіктегі (Винительный падеж) сөз тікелей етістікпен байланысып, сөйлемде толықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Он написал сочинение.
Орыс тілінде Табыс септіктегі (Винительный падеж) сөздер шылаулармен де қолданылады. Мысалы: Он обратил внішанне на ее скромность..
Осыған байланысты орыс тіліндегі Табыс септік (В.п.) ны-сықтауыштық қатынасты білдіре алады. Мысалы: Они пришли
иОи уГгірО.
Қолданылу өрісі жағынан, қазақ тіліндегі Табыс сентік формасындағы создерге орыс тілінде Винительный падеж, Предложный падеж формаларындағы сөздер және толықтауыш бағыныңқы сөйлем (придаточное дополнительное предложение) сэйкес келуі мүмкін. Мысалы: Шын жомарт жщтыгын білдірмейді. - Истинно щедрый не покажет своей бедности. (Т.с. — В.п.) Қарга баласын аппагым дер, кірпі баласынжүмсагым дер. ~ Ворона говорит о своем дитя: мой беленький; ежиха говорит о своем дитя: мой мягонький. (Т.с. - П.п.)
Жатыс септік (Местный падеж). Қазақ тілінде бүл септіктегі сөздер мезгілдік, мекендік, көлемдік мағына береді. Осыған байланысты сөйлемде толықтауыш та, мезгіл пы-сықтауыш та, кейде баяндауыш та бола береді. Мысалы: Уни-верситетше қазір ешкім жоқ. Байлық — денсаулықта. Бақытты балальщ шагым есімде қалды. Жатыс септіктегі создер сөйлемнің бірьвдгай мүшесі болғанда, олардың қосымшалары түсірілмей де, түсіріліп те қолданыла береді. Мысалы: Ол мектепте де, университетте де жақсы оқыды. Ол мектеп пен университетте жақсы оқыды.
Қазақ тіліндегі Жатыс септік формасына орыс тілінде шылаулармен қолданылатын Табыс (Винительный), Ілік (Роди-тельный), Предложный падеждер және когда жалғаулығы арқылы жасалатын мезгіл багыныңқылы сөйлемдер сойкес ке-леді. Мысалы: Ол сагат бестерде келіп қалар. - Он может ' быть часов в пять придет. (Ж.с. - В.п.). Кішкентай кезінде ол ән айтқанды үнататын. ~ В детстве ему I нравилось петь. (Ж.с. ~ П.п.). Олар оқып журген кезде, біздің үйде тагы бір қыздар түрды. -Когда они учились, в нашем доме \ жили и другие девушки. (Ж.с. - временное придаточное пред-ложение). Естіген қүлақта жазық жоқ. - У слышавшего уха | нет вины. (Ж.с. -Р.п.).
Шығыс септік (Исходный падеж). Қазақ тілінде| Шығыс септік қимыл-әрекеттің шыққан орнын, себебін, мезгілін, мөлшерін таш басқа әр түрлі мағыналарды білдіреді. Осыған байланысты бүл септіктегі сөздер толықтауыш та, пы-сықтауыш та, кейде баяндауыш та бола алады. Мысалы: Алгашқы устазымнан уйрендім. Әр жерден кісі келді. Біз қаладанбыз.
Орыс тілінің из, с, от, после шылауларымен (предлогта-рымен) тіркесіп берілетін Ілік септік (Р.п.); в, на, за, с шылаула-рымен (предлогтарымен) тіркесіп берілетін Табыс септік (В.п.); по шылауымен (предлогымен) тіркесетін Барыс септік (Д.п.); түлғалары және с тех пор как тіркесі қазақ тіліндегі Шыгыс'' сеитік түлғасына сәйкес келеді. Мысалы: Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шыгады. — Если будешь говорить приветливо, змея из норы выползет. (Ш.с. — Р.п.). Пәуескеге торт аттан! - По четыре лошади в повозку! (Ш.с. - В.п.). Ол оны жақтан тартып жіберді. - Он ударил его по щеке. (Ш.с. - Д.п.). Сол кеткеннен әлі келген жоқ. - Еще не возвращался с тех пор, как уехал тогда. (Ш.с. - с тех пор как сөз тіркесі).
Көмектес септік (Творительный падсж). Қазақ тілінде Көмектес септік іс-амалдың құралы мен тәсілін, мекені мен мезгілін, бірлесу, үштасу, ортақтасу сияқты қатынастарды және баска да түрлі мағыналарды білдіреді. Осыған байланысты Көмектес септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та бола алады, Мысалы: Мен қызъшмен қонаща бардъш. Колдің жагасымен эюүр.
Бұл формадағы сөздер сөйлемнін бірыңғай мүшелері ретінде жұмсалғанда, қосымшалары олардың әрқайсысына не тек соңғысына жалғанады. Мысалы: Көкшетауга автобуспен, ушақпен, поездбен келуге болады.
Орыс тілінде де Көмектес септік (Творительный падеж) қазақ тіліндегі сияқты мағыналарды білдіріп, сөйлемде то-лықтауыш, пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Он нас удивил своим умом. Нужно идти берегом.
Орыс тілінің Көмектес септік (Творительный падеж) формасы казақ тілінің Көмектес септік формасымен сәйкес кел-генімен, кейбір жағдайларда Комектес септік формасы орыс тілінің Барыс (Дательный), Ілік (Родительный), Предложный падеж формаларына сәйкес келеді. Мысалы: Біз қайықпен жүздік. - Мы плыли на лодке. (К.с. - П.п.). Ол Лйгулмен жақсы араласады. - Она с Айгуль общается хорошо. (К.с. - Т.п.). Сен тура жолмен жүр. - Ты едъ по прямой дороге. (К.с- - Д.п). Бугін мен бас ауруымен ештеңе істей алмадым. - Сегодня я из-за головной боли ничего не смогла сделатъ. (К.с. - Р.п.).
Предложный иадеж формасындағы сөздер қазақ тіліне Жатыс септік формасы және туралы, жөнінде, жайында сеп-теулік шылаулары арқылы беріледі.
Сонымен, қазақ тілінде септелмейтін зат есім сөздер жоқ. Мысалы: палъто, палътоның, пальтога т. б. Орыс тілінде бірталай кірме сөздер септік жалгауларын қабылдамайды, яғни септелмейді. Мысалы: кофе, алоэ, резюме, джип, шоу, метро, фоііе т.б.
Кейбір украин және басқа да ұлттардың фамилиялары да септелмейді: Гюго, Верди, Короленко, Шевченко т. 6.
Қазақ тілінде септік жалғаулары сөздің соңғы дыбысы-ның әуенімсн үндесіп жұмсалады. Яғни септік форманттарыньщ үндестік заңы және ілгерінді ықпал заңдарына сәйкес қалыптасқан фонетикалық варианттары бар. Мысалы: септік -ныц, -ніц, -дың, -діц, -ңа, -ке, -дан, -ден, -тан, -тен. Тек Көмектес форманттары ғана үндестік заңына бағынбайды: пы-шаңпен, тіспен.
Орыс тілінде мұндай фонетикалық варианттар жоқ. Оның есесіне мүнда жалғаулардың морфологиялық варианттары бар: -ом, -ой, -елі, - а, -я, -ы т.б.
Зат есім қазақ тілінде көптік, тәуелдік жалғаулы түлғада түрып септеле береді. Мүның озі септіктердің өрісін кеңейтеді.
3 а т есімнің сөзжасам жүйесі (Система словообразования имен существительных)
Қазақ тілінде зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады.
Лексикалық тәсіл аркылы жасалған зат есімдерге байырғы зат есімдер, кірме зат есімдер, суистантивтекген зат есімдер жатады.
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге екі не одан да көп түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқаруы арқылы және лексикалану негізіпде пайда болған к^пггеді зат есімде" жатз^ы.
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге басқа ; сөз таптарына жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды зат есімдео жаталы.
Қазак тілінде зат есім зат есімнен, сондай-ақ өзге сөз тапта-рынан тиісті жұрнақтар арқылы жасалады. Зат есім жасайтын өнімді жүрнақтар төмендегідей:
Кәсіп иелерінің, мамандықтардын атауларын, адамның белгілі бір дағдыға айналған іс-әрекеті мен қабілет-қасиеттерінің аттарын білдіретін зат есімдер -шы-ші жүрнағы арқылы жасалады: тарихшы, өсекші т.б.
-Шылық-шілік жүрнағы: адамшылык, тіршілікт.б.
Кейде -шылық-шілік жүрнағы жеке-жеке бөліне алатын дара жүрнақтар ретінде жүмсалады: -шы-лық, -ші-лік: егін-ші-лік, бас-шы-лық т.б.
Абстракт үғымды атау сөздер, деректі зат есімдер, мекендік, мезгілдік, сандық, мөлшерлік мағыналарды білдіретін зат есімдер -лық-лік, -дық-дік, -іпық-шік жүрнақтары арқылы жасалады: туысқандық, өсімдік, жүздік т.б.
-ыл-іл, -л жүрнағы арқылы: қаңқыл, гүріл т. б.
-гар-гер, -қар-кер жүрнагы арқылы: айлакер, саудагер т.б. Есімдерден зат есім жасайтын өнімсіз жүрнақтарға мыналар жатады:
-дақ-дек, -лақ-лек, -тақ-тек: тоқылдақ, шіңкілдек т. б.
-кеш, -паз, -қор, -қой, -хана, -стан жүрнақтары: өнерпаз, жемқор, арбакеш, шайхана, Тәжікстан т. б.
-т, -ат, -іт, -айт, -ейт, -паң, -қал жүрнақтары: қырат, шатқал, шөлейт т.б.
Төмендегідей өнімді жүрнақтар арқылы етістіктерден зат есімдер жасалады:
1. -ма-ме, -ба-бе, -па-пе жүрнағы арқылы: тжіме, тапсырма т.
б.
2. -м, -ым-ім жүрнагы арқылы: білім, бие сауым т.б.
-'. -қы-кі, -гы-гі жүрнағы арқылы: сүзгі, шапкы т.о.
-ыс-іс, -с жүрнағы арқылы: үрыс, айтыс, бекініс т.б.
-у қосымшасы арқылы: байқау, ауру т.б.
-қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек қосымшалары арқылы: тарақ, бүйрық т.б.
/, -һпіды -інді -нды. -нді косымщалапы -ын жане -ды гЬопма-ларынан қүралған қүранды жүрнақ: жуынды, ертінді т.б.
8- -гыіи, -гіш, -қыш, -кіш (-қаш, -кеш, -гаш, -геш) жүрнақтары апкылы: сьшыигыш. баскыш т. б.
-ыш, -іш, -ш жүрнақтары арқылы: өкініш, жубаныш т. б.
-уыш, -уіш жүрнақтары арқылы: туйреуіш, баяндауыш т. б. Етістіктерден мына өнімсіз жүрнақтар арқылы да зат есімдер жасалады:
-мац, -мек, -бац, -бек, -пац, -пек жүрнағы арқылы: піспек, цыспац т. б.
-сып -сін жүрнағы арқылы: бөгесін, бүрцасын т. б. -мыс, -міс, -мыш, -піш: цылмыс, жазмыш т.б. -мал-мел жүрнағы: туиемел, орамал т.б. -ман, -мен, -бан, -бен: аларман, шабарман т.б. -р, -ыр, -ір, -ар, -ер: уңгір, шуңцыр, кәмір т.б. -ыт -іт, -т: бөгет, ишбыт т.б.
-уыл -уіл формасы -у және -ыл қосымшаларынан қүралған: царауыл, шабуыл т. б. -цын, -кін, -гын, -гін: тасцын, шалгын т. б. -асы -сі: шыгасы, бересі т. б. -ын -ін, -н: серпін, жиын, цорган т. б.
-уір, -а, -е: атпацыл,
-шац -шек: бөлшек, мацтаншац т. б.
-ашац -ешек: алашац, кәрешект. б.
-пацыл, -мекіл, -мацыл, -пекіл, -уыр, шымшыуыр, суңгуір, жара, куйе т. б.
Қазақ тілінде жаңа сөз тудырмай, сөздерге әр қилы эмоция-лық әсер, экспрессивтік рең үстейтін, қосымша семантикалық мағыналар жамайтын төмендегідей жүрнақтар бар: 1. -еке, -ца, -ке: аіпеке, шешекет.б.
-й: апай, әкей т. б.
-тай: агатай, цалцатай т, б.
-жан: көкежан, атажан т. б.
-цан: балацан, ботацан т. б.
гиекеи т. о.
-иіац -шек: інішек, цулыншаці. б.
-шыц шік: тобешік, цатиыц т. б.
-ша ше: кітапша, әгізше т. б,
-ш: Сәулеш, Төлеш т. б.
-сымац: ацынсымац, куйеусымац т. б.
-шыгаш -шігеш: байшігеш т. б.
Орыс тілінде зат есім көбінесе жүрнақ арқылы жасалады. Орыс тілінде сөзжасам жүйесі тек категориясы, септік категориясы, жекеше, көпше формалар сияқты грамматикалық категориялармен тығыз байланысты. Мысалы, спутник -ник жұрнағы ер тегі (м.р.), жекеше форма, Атау септіктің (Именительный па-
деж) көрсеткіші, ал спутница - әйел тегі (ж.р.), жекеше форма-
дағы, Атау септіктегі (Именительный падеж) -ница жұрнағы
арқылы жасалған. Осыған байланысты орыс тілінде зат есімдер
ер адамдар мен әйел адамдардың аталуын білдіретін болып екі
топқа бөлініп, орқайсысының жасалу жолы төмендегідей топта-
стырылады:
I. Кәсіп иелері мен мамандық атауларын, жалпы адамға
байланысты атауларды білдіретін зат есімдер былайша
жасалады:
1. -щик -щица, -чик -чица, -ник, -ница, -ичка, -ец, -к, -телъ -
тель - ница, -ист -ка жүрнақтары арқылы. Мысалы: летчик
- летчица, комсомолец - комсомолка, учителъ - учительни-
ца, связист, идеалист, идеалистка т.б.
2. Мекенжайға байланысты адам атауларын білдіретін зат
есімдер -ец, -ка жүрнағы арқылы жасалады. Мысалы: ал-
маатинец - алмаатинка т.б.
-тор -атор, -ор, -ер кірме жүрнақтар арқылы. Мысалы: диктатор, прокурор. Бүл жүрнақтар арқылы жасалған зат есімдер ер тегінде (мужской род) қолданыла береді, бірақ кондуктор+ша, лифтер+ша деген зат есімдерді есте сактаған жөн.
-ик-к кірме жүрнағы арқылы. Мысалы: техник, физик, ака-
і/сииіЧ і.и. и^л /гү у рпагч аргчгллгм /іүаСалгагі оаі ииішДердііі
кейбіреулері ғана әйел тегінде (женский род) қолданылады. Мысалы: химичка, шехничка т.б.
5. -ак-як, -анин-янин -чанин, -ин, -ач, -арь, -енок, -чонок, -ыш, -
еныш, -ич, -ович онімсіз жүрнақтары. Мысалы: парижанин,
бедняк т.б. Әйел тегіндегі (женский род) зат есім -ка
жүрнағы арқылы жасалады. Мысалы: москвичка, беднячка
т.б.
7. -ач, -яч, -ак, -як жүрнақтары арқылы: ткач, рыбак т.б. Әйел тегінде (женский род) -ка, -иха жүрнақтары қосылады. Мы
8. -енок, -чонок жұрнақтары арқылы. Мысалы: ребенок, маль-чонок т.б.
II. Жан-жануарлар атауларын білдіретін зат есімдер жасай-
тын жұрнақтар:
-гща, -иха. Мысалы: курица, медведица, зайчиха.
-ок, -ек, -ик, -чик, -ак, -як, -ец. Мысалы: хорек, гусак, хомяк т.б. Бұл жұрнақтар арқылы жасалган зат есімдердің әйел тегінде (женский род) ьш формасы көбінесе кездеспейді, бірақ гусыня деген зат есім формасын есте сақтаған жон. Кейбір әйел тегі (женский род) формасындағы зат есімдер -ка жұрнағы арқылы жасалады: белка, чернобурка, курсант-
ка т.б.
-онок-чонок; -ыш: зайчонок, верблюжонок, гаденыш т.б.
-юк, -арь, -ух: индюк, глухаръ, петухт.5.
-ко, -ка, -енка, -анка, -янка. Мысалы: буренка, гнедко т.б.
III. Заттьвд атауын білдіретін сөздер тәмендегідей
жүрнақтар арқылы жасалады.
-ник, -лъник, -щик, -чик, -тель, -лка, -ло, -тор, -атор: будиль-ник, передатчик, двигатель, веялка, косилка, ингалятор т.б.
-ик, -ник, -овик, -ница: грузовик, салатница, чайникт.6.
-ня, -лъия, -ка, -(н)ица, -ник: читалъня, красилъня, темница, телятник т.б.
-ок, -ек, -ие, -ъе: переулок, перешеек, взморъе, подножие т.б.
-ина-ина: долина, перекладина т.б.
-ище, -лище, -бище, -ъе, -ие: сборище, пастбище, кочевъе т.б.
-ов (ник), -ина, -ина, -ика, -ица: шшшвник, клубника, сморо-дина т.б.
-ина, -атина, -ятина ~ ет атауларын білдіретін зат есімдер: баранина, телятина т.б.
Іс-қимылдыц аяқталуы нәтижесінде пайда болған зат атау-лары -ок жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: огрызок, ос-таток т.б.
Іс-қимыл атауын білдіретін ырықсыз есімшеден (страда-тельное причастие) жасалған зат есімдер -ка жүрнағы аркылы жасалады. Мысалы: клеенка, стеганка т.б.
11. Топталған, ұсақталған зат атауларын білдіретін сөздерден
жасалған зат есімдер -ина жүрнағы арқылы жасалады. Мысалы: горошина, льдина т.б.
Заттың шығу тегін, сапасын білдіретін зат есімдер -ник, -анка жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: сырник, ов-сянка т.б.
Ғылыми терминдер -ит кірме жүрнағы арқылы жасалады. Мысалы: бронхит, метеорит т.б.
Сан атауларын білдіретін зат есімдер -ка жүрнағы арқылы жасалады. Мысалы: двойка, двадцатка т.б.
IV. Дерексіз зат есімдер жасайтын жүрнактар төмендегідей:
-ние, -нье, -ание, -ение, -ование, -анье: хождение, просвеіце-ние, умничанье.
-ка, -ба: варка, рубка, резьба т.б.
-овка: грунтовка, фасовка т.б.
-тие (чпье, -тьё): мытъе, открытие т.б.
-еж, -ёжка: грабеж, дележка т.б.
-ня, -от, -ет, -отня: брехня, шепот, трескотня, лепет т.б.
-тельство: свидетельство, доказателъство т.б.
-ация, -яция, -фикация: акклиматизация, электрификация т.б.
-ость, -естъ, -емость: старостъ, смелость, сплоченностъ т.б.
-ство: упрямство, детствот. б.
-ие, -ье: веселье, остроумиет.б.
без-, не- сөз алды қосымшасы (приставкасы) мен -ица жүрнағы арқылы. Мысалы: безработица, небылица.
-ота, -ина: вышина, высота т.б.
-изна (-изна): крутизна, дороговизна т.б.
V. Рухани, саяеи кезқараетар, әлеуметтік мәртебені
білдіретін зат есімдер мен ғылыми терминдерді
білдіретін зат есімдер жасайтын жүрнақтар:
-ство (-ианство, -янство, -чество): кантианство, гегелъян-ство, народничество т.б.
-изм: футуризм, империализм, планеризм т.б.
-іцина: казенщина, Черниговщина т.б.
VI. Топтау мағынада қолданылатын зат есімдерді жасайтын
-цгл/гтп ь-тяп*
1 ■ -ство, -есіпво: человечество, правителъство т.б. 2. -ъе, -ня: бабье, родня т.б.
-ура: профессура, магистратура т.б.
-ат: деканат, секретариат т.б.
VII. Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жүрнактар:
-ка, -енка, -енька, -онъка, -очка, -еночка, -оночка, -ушка, -юшка, -ица, -ичка, -урка: ножка, реченъка, девонъка, кадоч-ка, матушка, дядюшка, водичка, водица, дочурка т.б.
-ок, -ек, -ик, -чик, -ец, -шек, -шок, -ышек, -очек, -ечек, -еночек: глазок, чаек, часик, малъчик, супец, камек, воробы-шек, ребеночек т.б.
-ко-ко, -ечко-ечко, -це, -цо, -ышко-ушко: ушко, крылечко, зеркальце, словцо, перышко т.б.
-ёнко, -онка, -ушка, -юшка, -шика, -ашка, -ешка, ёшка, -ка, -ишко: девчонка, лошадёнка, избушка, картишки, рыбёшка, Ванъка, голосишко т.б.
5. -тца, -ища, -ина, -шце: силища, холодина, носище т.б.
Алайда бүл жүрнақтар жаңа зат есімдер жасамайтынын, тек
реңк мәнін тудыратынын ескерген жөн. Бүл ойды К.С.Аксаков, А.А.Шахматов сиякты тіл білімінін белгілі ғалымдары өз еңбектерінде ерекше атап еткен'.
Достарыңызбен бөлісу: |