«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»



бет5/7
Дата28.06.2017
өлшемі1,16 Mb.
#20425
1   2   3   4   5   6   7

Тақырып бойынша сұрақтар.

1.Ортақ тіл дегеніміз қандай тіл?

2.Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің ерекшелігі неде ?

3 .Тіл нормасы дегеніміз не?

4.Әдеби тілдің қандай белгілерін білесің?

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.К.Аханов.Тіл білімінің негіздері.-А..Санат,1993.

2.Ә.Болғанбаев.Қазақ тілінің лексикологиясы.-А.,1988

3.І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев.,Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962.

4.Ә.Болғанбайұлы,С.Қалиұлы.Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеолгиясы.-А.,Санат,1997.

5.І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.-А.,1995.



№8 Дәріс

Тақырыбы:Лексикография.

Мақсаты:Тілдегі сөздердің жиналуы мен сөздіктердің жасалуы жөнінде мәліметтер беру.

Жоспары:

1.Түсіндірме сөздік, жасалу мақсаты, практикалық мәні.

2.Аударма сөздік, жасалу мақсаты, практикалық мәні.

3.Терминологиялық сөздік,диалектологиялық сөздіктердің жасалу мақсаты, практикалық мәні.

4.Фразеологиялық,синонимдер сөздігі.

5.Орфоэпиялық,тарихи сөздіктер.

6.Этимологиялық сөздік.

Тілдегі сөздер мен фразеологизмдерді жинап-теріп, олардың теориясымен шұғылданатын тіл білімінің саласын-лексикография дейді. Яғни, сөздік жасаудың әдістемесімен техникасын үйрететін ғылым деген сөз.Лексикография теориясы сан алуан сөздік жасаудың мол тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде , лексикалық зерттулер мен солардың жетістіктеріне сүйене отырып жасалады. Демек, лексикография мен лексикология бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болатын егіз ғылым салалары. Сөздіктердің сапасы осы ғылымдардың қаншалықты және қандай дәрежеде зерттелуіне байланысты.Зерттеу жұмыстары неғұрлым жоғары әрі жемісті болса, шығарылған сөздіктер де соғұрлым сапалы болмақ. Бүгінгі таңда сөздіктің практикалық мәнімен қоса, оның ғылыми сапасына да ерекше назар аударылды. Сондықтан сөздік кез келген мекемеде емес, осы мамандықты жете меңгерген ғылыми маман кадрлардың шоғырланған жерінде жасалады.

Біздер орыс сөздіктерінен лексикографиялық еңбектердің тек әдістемесі мен құрылымын ғана үйреніп отырғанымыз жоқ. Қазан революсиясы тудырған барлық жаңа ұғымдарды осы тілден кейде сөзбе-сөз тікелей қабылдасақ , кейде өз сөзімізбен аударып алдық. Сол арқылы қазақ тілінің сөз байлығы шексіз молайып, жан-жақты кемелденеді. Қазіргі кезде өз ана тілімізде қандайлық мәдени-рухани тілектерді , пікірлерді білдіру керек болса, соның бәрін де нақтылы, әрі емін-еркін дәл жүзеге асыруға болатындай дәрежеге жеттік. Соның нәтижесінде тіліміздегі сөз байлығын жиып-теріп, хатқа түсіріп, іштей саралап, алуан түрлі сөздіктер жасауға мүмкіндік туды. Қазақ тілі біліміндегі сөздіктердің құрылысы мен әдістемесі жылдан-жылға жақсарып келеді.Тіліміздегі сөздерді стильдік арақатынасына қарай іштей саралай отырып, оларды белгілі бірнормаға келтіру бірінші орынға қойыла бастады. Бірақ сөздік жасауда қиындық , одан туған олқылықтар аз болған жоқ. Ең алдымен сөздердің жазылуында бірізділік сақталмай келеді. Әсіресе, біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арақатынасы жөнінде бірыңғай көзқарас болмады. Лұғат жасалмай тұрып, сөздік құрастыруға болмайтындығын ескерсек, бір сөһздің кейде бірге, кейде бөлек жазылуы сөздік жасауға үлкен қиындықтар келтіретіндігін түсіну қиын емес. Көркем шығармаларда орын алған диалектизмдер мен жарыспа сөздерді орынды-орынсыз кез-келген сөздікке ендіруге жол берілді. Әдеби тілдің сөздігіне алынатын грамматикалық тұлғалар да күні бүгінге дейін сараланып болды деуге келмейді. Сөз мағыналарының түп-төркіні жіктеп бөліп, оларға дәл түсінік беру, сөздердің қолданылу жүйесін айқындап, стильдік белгі қою, фразалық тіркестерді жай тіркестерден ажыратып, көрсету т.б. сөздік жасау ісіндегі жауапты мәселелер болып табылады.

Қазақ лексикографиясы қазақ тіл білімінің өзге салалары тәрізді негізінен соңғы 50-60 жыл ішінде туып қалыптасты. Ұлт мәдениетінің дамып, ғылым мен техниканың өркендеуі, әдеби тілдің қалыптасуы сөздіктердің әр түрін шығаруға жағдай жасады. Революсияға дейін бізде не бары екі тілді шағын сөздіктер ғана болса, онан бергі кезеңде 10-15 түрлі сөздік түрлері пайда болды. Солардың ішінде ең көп шыққан түрі- екі тілді аударма сөздіктер. Лингвистикалық сөздіктердің түрлері өте-мөте көп. Олар әр алуан мақсат-мүддеге лайықталып жасалады. Лингвистикалық сөздіктер бір тілдік, екі тілдік және көп тілдік болып бөлінеді. Түсіндірме сөздік тілдің өз сөзімен түсіндіріледі. Ал екі немесе көп тілдік сөздіктер өзге тілдердің сөздерімен түсіндіріледі. Бір тілдік лингвистикалық сөздіктер академиялық нормативті сөздік және анықтағыш сөздік болып іштей екі салаға жіктеледі.



Аударма сөздіктер.Қазақ халқының сөз байлығын ең алғаш жинап-теріп жеке сөздік етіп шығару тәжірибесі өткен ғасырдығ 2 ші жартысынан бері ғана басталды. Орыстың атақты ғалымдары академик В.В.Радловтың Түркі тілдерінің сөздігін жасаудағы тәжірибе атты төрт томдық сөздігі мен профессор Н.И.Ильминскийдің Қазақ тілін зерттеудегі материалдар деген арнаулы еңбегі ана тіліміздегі сөздерді жинақтап, сөздік етіп шығарудың үлгілерін көрсетті. Қазақстанда да екі түрлі сөздік жасау мәселесі кең жолға қойылды. 1945 жылға дейін бастауыш және орта мектептерге арналған екі тілдік шағын нормативті сөздіктер жасаумен ғана шектеліп келген болсақ, 1946 жылы екі томдық орысша - қазақша сөздік, ал 1954 жылы бір томдық Х.Махмудов пен Ғ.Мұсабаевтың шағын Қазақша - орысша сөздігі басылып шықты.

Терминологиялық сөздіктер. Белгілі біртілдегі ғылым мен техника саласындағы арнаулы атулардың сөдігі. Терминдер топталып бір сөздік түрінде де, белгілі бір ғылым саласына байланысты жеке кітап болып та шыға береді. Мәселен, 1931 жылы шыққан Атаулар сөздігі, 1936 жылы шыққан Терминологиялық сөздігі ғылым мен техниканың жеке бір саласына ғана арналған сөздіктер.

Орфографиялық сөздіктер.Емле бір тілдегі дұрыс жазу нормаларын белгілейді. Ал дұрыс жазудағы негізгі мақсат ойды жазба түрде айқын етіп, дәл жеткізу. Сол үшін емле ережелерін тұрақтандыру сауатты жазудың бірден-бір кепілі деп танылады. Неғұрлым көлемді Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі 1953 жылы жарық көрді.

Түсіндірме сөздіктер. Түсіндірме сөздіктің алға қоятын мақсаты-бір тілдің белгілі дәуірдегі жалпы халықтық стильдік әрі грамматикалық жан-жақты сипаттамалар беріп, тілдің қазіргі даму тұрғысындағы сөздік құрамның сан мөлшерін біршама анықтау.

Диалектологиялық сөздіктер.Қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілінде қыруар жергілікті ерекшеліктер бар. Бұлардың көпшілігі фонетика мен грамматикадан гөрі лексика саласында жиірке ұшырасады.Ж.Досқараевтың Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері атты тұңғыш сөздігі 1955 жылы басылып шықты.

Синонимдік сөздіктер.Әр халықтың тіліндегі мәндес сөздерді жинақтап, жеке сөздік етіп шығару тәжірибесі озық мәдениетті елдердің көбінде бар.Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігі тұңғыш рет1962 жылы шықты.

Этимологиялық сөздіктер.Белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінін , олардың бастапқы дыбысталу түрі мен мағынасын анықтайды.Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі 1966 жылы жарық көрді.

Фразеологиялық сөздіктер.Тілдегі сан алуан тұрақты сөз тіркестерін қамтиды.Қазақ тілінің тұңғыш фразеологиялық сөздігі 1977 жылы І.Кеңесбаевтың авторлығымен жарыққа шықты.

Орфоэпиялық сөздіктер.Сауттылық сөздерді белгілі ережелерге сәйкес дұрыс жазумен ғана көрінбейді, оларды дұрыс оқумен де бағаланады.К.Ниеталиеваның Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі 1977 жылы жарық көрді.Сөздікке тәжірибеде жиірек бұзылып айтылып жүрген 15 мыңға жуық сөздер мен сөз тіркестері енген.

Тақырып бойынша сұрақтар.

1.Лексикография дегеніміз не?

2.Сөздіктердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

3.Әрбір сөздіктің қандай ерекшеліктері бар?



Пайдаланылған әдебиеттер.

1.К.Аханов.Тіл білімінің негіздері.-А.,Санат,1993.

2.Ә.Болғанбаев.Қазқ тілінің лексикологиясы.-А.,1988.

3.І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев., Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962.

4.Ә.Болғанбайұлы,С.Қалиұлы.Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962.

5.І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.-А.,1995.



№9 Дәріс

Тақырыбы: Фразеологизмдердің зерттелу тарихы.

Мақсаты:Фразеологизмдердің зерттелу тарихына шолу жасай отырып, оны жан-жақты сипаттау.

Жоспары:

1.Түркі және қазақ фразеологизмдерінің зерттелуі.

2.Қазіргі тіл біліміндегі зерттеу бағыттарына шолу.

3.Ш.Балии,В.Виноградов, Н.Шанский, М.Молотков, В.Телия зерттеу еңбектері.

Фразеология лексикологияның арнаулы бір саласы бола отырып, тұрақты сөз тіркестерінің түрлерін , олардың құрамы мен құрылысын және жасалу жолдарын зерттейді.

Қазіргі тіл білімінде фразеологиялық сөз тіркестеріне лексикалық жақтан ажыратылмайтын, беретін мағынасы құрамындағы сөздердің мағынасынан тумайтын тұрақты тіркестерін жатқызумен бірге, мақалдар мен мәтелдер, афоризмдер мен қанатты, нақыл сөздерді де фразеологияға жатқызуға қалыптасты деуге болады. Бірақ фразеологияға қатысты терминдер әлі бір ізге келген жоқ. Мысалы, орыс тіл білімінде В.Виноградов тұрақты фразеологиялық сөз тіркестерін құрылысына және құрамындағы сөздердің мағыналарының ұласу дәрежесіне қарай фразеологиялық тұтастықтар фразеологиялық бірліктер және фразеологиялық тізбектер деп үш топқа бөліп, мақал, мәтел, және қанатты сөздерді фразеологиялық единицалардың ешқайсысына жатқызбайды. Ал қазақ тіл білімінде академик І.Кеңесбаев фразеологиялық тіркестерді идиомға, фразаға, мақал- мәтел деп топтастырады.

Профессор А.И.Ефимов мақал мен мәтел , қанатты сөздердің тілде әбден орнығып, қалыптасып кеткенін ескертіп, мақал мен мәтел сөздерді фразеологиялық единицалардың айрықша түрі ретінде қарайды. Фразеологиялық тұтастықтарды кейде идиомалар деп те атайды.

І.Кеңесбаев: Идиом тобындағы сөздер өзінің жеке тұрғандағы негізгі мағынасынан айырылып қалады да, өзара жымдасып, бір ғана негізгі лексикалық ұғым береді - деп көрсетеді. Қазіргі қазақ тілі деген еңбегінде. Фразеология деген термин негізінен екі түрлі иағынада қолданылады.



Бірінші мағынасы, тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады.

Екіншісі, бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.

Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды.Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Соңғы 30-40 жыл көлемінде түркі тілдерінде фразеология проблемалары әжептәуір зерттеліп, бірқатар еңбектер жарық көрді. Әсіресе, академик І.Кеңесбаевтың Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі атты көлемді еңбегін тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркітануға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. Автор аталған сөздіктің Қазақ тілінің фразеологизмдері туралыбөлімінде фразеологизмдердің теориялық мәселелерін жан-жақты қарастырып, біраз ілгері дамытқан.

Фразеологизмдерге тән үш түрлі ортақ белгілер бар, бірақ бұлар бір- бірінен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы, біреуінен ап- айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншілерінен өте солғындау болып кездеседі. Сондықтан фразеологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады.

Зерттеушілердің бір тобы тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың ара-қатынасына қарай жіктеп бөлсе, екіншілері құрылым-құрылысы жағынан топтастырады, орыс тіл білімінде академик В.Виноградовтың классификациясын негізге алып бөледі. Қазақ тіл білімінде арқау еіп келе жатырмыз. Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып, негізінен үш топқа жіктеледі.

Орыс тіліндегі фразеололгизмдерді зерттеуші Н.М.Шанский аталған классификацияны қолдай келіп, фразеологиялық оралымдардың төртінші түрі фразеологиялық сөйлемше деп есептейді.

Тақырып бойынша сұрақтар.

1.Фразеологизм дегеніміз не?

2.Фразеологизмнің зерттелу тарихы жөнінде не білесің?

3.І.Кеңесбаевтың фразеологизм саласына қосқан үлесі айт

4.Фразеология жеріне жеткізе зерттелген ғылым деп ойлайсың ба?

5.Фразеология термині қандай мағынада қолданылады?



Пайдаланылған әдебиеттер.

1.К.Аханов.Тіл білімінің негіздері.-А.,Санат,1993.

2.Ә.Болғанбайұлы, С.Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.-А.,Санат,1997.

3.І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.-А.,1995.

4.К.Аханов. Қазақ тілі лексикологиясының мәселелері.-А.,1995.

5.Г.Сұмағұлов. Фразеологизмдердің варианттылығы.-А.,1996.

6.Н.Уәлиев. Фразеология және тілдік норма.,-А,1996.

13 Дәріс



Тақырыбы:Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері.

Мақсаты:Қазақ фразеологиясының қолданысы мен оның стильдік ерекшеліктерін көрсету.

Жоспары:

1.Фразеологизмдердің лексикографиялық стильдік сипаттары.

2.Эмоционалды-экспрессивті реңк әсерлеріне қарай тұрақты тіркестердің түрлі стильдік қабаттары.

3.Ауызекі және қарапайым сөйлеу стиліндегі фразеологизмдердің ара қатынасы.



Мазмұны:

Фразеологизмдер сөзді жандандырып, тілімізге өткірлік сипат, ұлттық ажар беретін стильдік мәні айрықша құрал болып саналады.

Тұрақты сөз тіркестері қанатты сөз, мақал-мәтелдер, идиомдар аз сөзбен көп мағынаны білдіреді, тілдің стильдік сапасын арттырады.

Мақал-мәтел-астарлап, кестелеп айтатын ойдың бейнелі көрінісі.

Мақал көбінесе тиянақталған қорытынды ой ретінде , сөйлем түрінде келеді.Мысалы, көп сөз - көмір, аз сөз- алтын, жақсыдан үйрен , жаманнан жирен, аңдамай сөйлеген ауырмай өледі т.б.

Мәтел формасы жағынан бейнелеп сөйлеудің элементі сияқты. Онда ой аяқталмай келте қайырылады.Ұзын арқау, кең тұсау, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен.

Сөз өнерінің асылы мақал-мәтелдер ақын- жазушылардың стилінің қалыптасуына ықпал жасайды. Бұл жайында М.Горкий Менің жазуды қалай үйренгенім жөнінде деген мақаласында былай деп жазады: Асылында, мақал- мәтелдер еңбекші халықтың тұрмысындағы басынан кешіргенін, көргенін, саяси-* әлеуметтік тәжірибесін қалыпқа шебер құяды, сол себепті жазушының бұл материалмен таныуы өте қажет, өйткені бұл материал бес саусақты жұмып, жұдырығыңды түйгендей сөзді сығымдауға үйретеді, өзгелердің солай сығымдап айтқан сөздеріндегі астарын аша біліп, дәуіріміздің міндеттеріне зиянды өлі пікірлерді әшкерелеуге үйретеді. Өз басым мақалдан көп нәрсе үйрендім, басқаша айтқанда, ойларымды нақыл сөзбен жұп-жұмыр етіп бере білуді үйрендім.

Фразеологизмдер-сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де көп қолданылатын қажетті құрылыс материалы. Ал оның бейнелегіш- мәнерлегіштік сипаты әсіресе көркем және публицистикалық шығармаларда айқын көрінеді. Фразеологизмдер- сөз шеберлері суреткердің көркем образ жасу үшін қолданатын эмоционалды-экспрессивті құралы.

Ғылыми стильде тұрақты сөз тіркестері образдылық-мәнерлегіштік қызмет атқармайды, олар көбінесе белгілі бір заттың , ұғымның аты ретінде жұмсалады. Ал көркем шығармада, публицистикада, фразеологизмдер белгілі стильдік мақсатта, жалпы халықтық формада және өңдеумен қолданылады.

Тұрақты сөз тіркестерін жалпы халықтық формада қолдану- жалпыға танылғн белгілі тәсіл. Бұл тәсіл айтылып не жазылып жеткізілетін ойға көркемдік сипат беру мақсатын көздейді. Мәселен, жалпы халықтық формада жұмсалған тұрақты сөз тіркестері автордың тілін жандандырып мәнерлігін арттырады.

Жалпы халықтық формадағы фразеологизмдер көркем шығармада кейіпкер тілін ерекшелендіріп, даралық сипат беру мақсатымен де қолданылады.... Ер қарасы болып, мен де біреудің соңына еріп, сойылын соққан шығармын.


  • Бес саулыққа сатып алған қайыршының кірменің қызы құрырайын деген екенсің..

  • Қырық жетіге сатып алған сенің нең артық менен?

  • Құдайға шүкір төрт балам бар.

  • Құдай берсе, төрт балаңа бір балам татыр әлі!

  • Әркімнен қалған салдақы, бала біте қояр саған!

  • Сен етегіңе намаз оқып жүр ме ең, кіші қызың қойшының аузынан түскендей...

  • Қыздырма тілімді.

Бұл мысалдардағы қыл үстінде, сай-сүйегі сырқырау, төбе ашы тік тұрды, сойылын соғу, қырық жеті, құдайға шүкір, етекке намаз оқу, аузынан түскендей, ауыз қыздыру дегендер өздерінің бұрынғы белгілі қалпы мен мағынасында қолданылған.

Фразеологизмдердің ерекшеліктері- мақалдардың қолданылуы бұдан гөрі өзгешелеу.Мақалдар көбінесе көркем цитат ретінде пайдаланылды.Мысаллы, Қал қасым келіп отырған соң, Шығанақ мәтелдей жөнелді.Қаз орғанына семіреді. Қара құс тойғанына семіреді. Біз қара құс емеспіз. Асқанды айтпа, сасқанды айт, епті айтпа, ниетті айт деген. Бәрі де болады.Енді орныңнан қозғалма.

Фразеологизмдер – ойды сығымдап, көркем бейнелі жасайтын мәні бар құрал. Авторлық өңдеу мен қолдануға фразеологизмдер әр түрлі өзгеріске ұшырап, жаңа көркемдік сапаға ие болады. Мысалы, Қар төсеніп, мұз жастанып, дамыл алмай жүріп, жылқыға шүйгін болатын жерді ерте бастан есептеп білетін.

Фразеологизмдердің авторлық өңдеу мен қолданылуының төмендегідей жолдары бар.

1.Тұрақты сөз тіркестері өзгертілмей, сол қалпында қосымша мағынаға ие болады.

2.Тұрақты сөз тіркесінің бір компоненті өзгертіліп, жаңа мазмұнда қолданылады.

3.Тұрақты сөз тіркесінің бір компоненті өзгертіліп өз мағынасында қолданылады.

Тұрақты сөз тіркесінің құрылысы жағынан өзгеріске ұшырауы- әсіресе өлең сөзге тән құбылыс.

Әр халықтың өзінің дәстүрлі тіл өнері болады.Жалпы халықтық тіл қолдану мен жазушылардың тілді қолдану тәсілі бір-бірімен тығыз байланыста болады.Сөйтіп, көркем шығарма тілі жалпы халықтық тіл өнерінің жалғасы ретінде дамып жетіледі.

Сөйтіп, фразеологизмдер әр түрлі жолмен жұмсалып, пайдаланылады.Олар кейде жалпы халықтық форма авторлық өңдеумен өзгеріп қолданылады.Фразеологизмдерді қолданудағы бұл тәсілдер әр түрлі стильдік мақсатты көздейді.Сонымен қатар әр жазушы тұрақты сөз тіркесінің жаңа үлгісін жасап, фразеологиялық қорды байытуда өздерінің үлесін қосады.



Тақырып бойынша сұрақтар.

1.Фразеологизмдердің стильдік мәні қандай?

2.Фразеологизмдердің қандай ерекшеліктері бар?

3.Фразеологизмдердің қолданылу аясы жөніндегі өз пікір.



Пайдаланылған әдебиеттер.

1.К.Аханов.Тіл білімінің негіздері.,-А,Санат.,1993.

2.І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.-А.,Ғылым,1997.

3.Г.Сұмағұлова.Фразеологизмдердің варианттылығы.-А.,1996.

4.Н.Уәлиев.Фразеология және тілдік норма.-А,1998.

5.Ә.Болғанбайұлы,С.Қалиұлы . Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.-А.,Санат,1997.

14 Дәріс

Тақырыбы: Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық маңызы бар түпдеректер.

Мақсаты: Қазақ ұлтының мәдени өмірінің көрінісі – фразеологичлық қордан ерекше байқалатындығы. Қазақ фразеологизмдері – халық өмірінің айнасы екендігі. Әр ұлттың мәдени ағымындағы тілдік құбылыстар тамырланып, қалыптаскы үшін оның көптеген алғышарттары мен салалары болады. Қазақ фразеологизмдерінің мәдени ақпарат көздері. Ұлттың дәстүрлі мәдениет үлгілеріндегі дағдылы ұлттық рәсімдердегі тұрақты айтылатын тіркестер. Мәдени деректер түсінігіндегі – мақал-мәтелдер. Образ әталонға айналған тұрақты теңеулер тіркесі. Троп түрлеріндегі образды тіркестердің фразеологизмдерге айналуы.

Жоспар:


  1. Қазақ фразеологизмдерінің мәдени ақпарат көздері.

  2. Ұлттық дәстүрлі мәдениет үлгілеріндегі дағдылы ұлттық рәсімдердегі тұрақты айтылатын тіркестер.

  3. Мәдени деректер түсінігіндегі мақал-мәтелдер.

  4. Тұрақты теңеулер тіркесі.

  5. Қазақ тіліндегі сөз символдар, символдық мәні бар сөздер мен сөз тіркестері.

  6. Троп түрлеріндегі образды тіркестердің фразеологизмдерге айналуы.

Мазмұны:

Фразеологизмдер – ұлттық тілдің айқындығын, дәлдігін, икемділігін, бейнелегіштік күшін көрсететін фразеологиялық тұлғалар. Тілдегі мұндай мағыналас тіркестерді пайдаланып, шығарманың көркем тілінің керегіне жарату сөз шеберлерінің міндеті. Ал белгілі бір жазушы тіліндегі мағыналас фраеологизмдерге талдау жасау – оның тұрақты тіркестерді талғап, таңдап пайдалану принциптері мен озіндік стиліне тән сөз қолдау ерекшеліктерінен көп мағлұмат береді. Мәселен, пародия, шымшыма шумақтар, әзіл-оспақ төңірегінде мұндай өзгешеліктер бірден көзге шалынады. Мұндағы фразеологиялық синонидер үлесі – ойдың тереңдігі мен ішкі қуатын күшейтуде таптырмайтын тіркестер екендігі. Тегінде көркемдік тұрғысынан көркем мәтіннің тілдік талдауларының ең сүбелі жері – фразеологизмдер. «мәтін ішінде мәтін» болатын тұрақты тіркестер табиғаты, окказионалдық қолданыста тым образддылыққа негізделім,сөйлеу стандартына сай келмей тұрғандай болады. Бірақ мұнда мына ерекшеліктерге назар аудару керек. Фразеологизмдер өз табиғатында қоршаған айналаны, дүниені қабылдауда адамның ұлттық мәдени ойлау ерекшелігін аңғартып жүреді. Рухани әлемнің үзік-үзік бөліктері сол ұлттың мәдениетінде сақталып қалады.



  • Түйені түгімен жұтып, шелектеп арақ ішкен сенен гөрі иманды. Қартайса да аттан түспей, көштен қалмай келеді (О.Бөкеев).

  • Өліспей беріспек емес, тастай қатып, халықтың барша дәулеті құйылған қазанның құлағынан айрылар сыңай танытпайды

«Мұндағы қазаның құлағынан айрылмау» соны образ, жаңа тіркес, авторлық қолданыстың сәтті үлгісі. «Қазан» сөзінің коннатациясына орай, соңғы уақытта қазақ тілінде тұрақталған тіркестер бар. Мысалы: «қара қазанда қайнап өсу», «қазанның құлағын ұстау», «қазанның құлағынан айырылмау». Абай фразеологиясын зерттеген ғалым Р.Сыздық «Фразеологизмдер – сандаған жылдар мен ғасырлардың қазынасы, бұл бір жағынан, екінші жағынан, ол жеке қаламгердің табысы, еңбегі, ізденісі» - дейді. (1995, 95).

Фразеологиялық материялдар үшін ұлттық мәдени маңызы бар түп деректер төркінінің бірі – қазақтардың қазіргі интелектуалдық рухани мұрасы екенін естен шығармау керек.

Авторлық қолданыста окказионал фразеологизмдердің мағыналарында ұлттық мәдени ойлау ерекшеліктер, стереотиптер арқылы тұтастай ұлт менталдығын айқындайтын тұрақты тіркестер тобы жиі корінеді. Уақыт өте келе олар фразеологиялық қорға қосылуы мүмкін.

Тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми бағыттары туралы мынаны айтуға болады. Ғалымдардың айтуына қарағанда, «мәдениет» сөзіне екі жүзден астам ғылыми анықтама берілген екен. Әдетте материалдық және рухани деп екіге бөлінетін бұл ұғымның соңғы жылдары жан-жақты зерттеле бастауы – ұлттың өркениет заманынында өз орнын анықтауға, өз орнын алуға ұмтылуымен сипатталады. Бұрынғы кеңестік дәуірдегі «Кеңестік мәдениетке» біріктірілген көп ұлттың төл мәдениеті (ұлт мәдениеті) біртұтас идеологиядан құтылып, тіл арқылы өз тамырын туған топырағынан іздестіруде.

Мәдениет көптеген пәндер жиынтығында қарастырылады. Мәселен, қазақ мәдениеті туралы айтса, көшпелі қазақтың материалдық өндіріс жүйесі, оның өткен өмірі – тарихымен, жер жағдайы – географиясыиен, дүниетанымы – философиямен, ойлау жүйесі – психологиямен, өнері - әдебиетімен, т.б. ғылыми салаларымен ұштасып жатады.

Мәдениеттің рухани түрі ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Бұл әдетте, дәстүр, дәстүр жалғастығы деп танылады. Соған орай, әр ұлттық өзіндік бітім-болмысын, қадыр қасиетін, басқалардан ұлт ретінде айырмашылықтарын, бүгінгі тілмен айтсақ, менталитетіне қарап ажыратады.

Мәдениет пен өркениет (цевилизация) кей тұста бірінің орнына бірі ауыстырылып қолданыла береді. Тіпті мағыналас болып кеткендей. Алайда бұл екі сөзді шатыртырмау керек. ХХ ғасыр өркениет ғасыры десек, бұл кездегі мәдениет өзіндік ерекшеліктерімен басқалай дамыды. Өркениеттілікке тән жағдай қоғамның жоғары әлеуметтік, материалдық дамуы десек, мәдениет ұғымы бұл арада ұлттық рухани түсіністіктен табылады.

Бірақ белгілі жағдаймен қазақ ұлтының рухани мәдениетінің дамуында кері үрдіс пайда болды. Үзіле жаздаған дәстүр жалғастығы, салт ұғымдары дәл бүгінгі таңда ана тілі арқылы өзіндік мәдени таным түсінігін қайтадан түгендеуде.

Бұл ретте тұтастай мәдениет деген ұғымды қалыптастыратын материалдық және рухани мәдениет үлгілері бір-бірімен тығыз байланысты. Бұлар ешуақытта өз бетімен бөлек дамымайды. Өркениеттің қай сатысында болмасын рухани жіне материалдық мәдениет ұдайы бірін-бірі толықтырып отырады. Бірақ кейде өркениет мықтап дамығанда оның адамзат қоғамына әкелетін түрлі зияндарынан бастап, ұлт тілі мен мәдениетіне төндірген қаупі де болады. Мәселен, аз ұлттың жойылуы, аты-жөнінің өзгеруі, рухани мәдениеттің сақталмауы, ары қарай жасалмауы т.б..

Қазақ халқанаң ұлттық ерекшеліктерін итанып білу үшін кейбір факторларды ескеру керек. Олар: мотивациялық және танымдық. Қазақ еліндегі дала заңдарының ерекше ықпалымен қалыптасқан рухани мәдениеттің бертін келе дәстүр жалғастығы биігіне көтерілуі және оның өміршең боп сақталуы тек тілге ғана қатысты. Демек, мәдениеттің қай түрін алсақ та, оның түрі мен мазмұны тек сөз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілген. Енденше тіл арқылы мәдениеттану – ұлттың, халықтың кешегісі мен бүгінгісін тану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет