Қазіргі кезде құрылыс өндірісінде индстрациялау жоғарғы деңгейге жеткен. Индустрациялау əдісімен салынатын құрылыс-монтаждау көлемі өсіп, даму үстінде


-сурет. Көпірдердің айналмалы тұстарын қадалау тəсімі 148



бет45/47
Дата06.02.2022
өлшемі5,32 Mb.
#79897
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Абуова геодезия С-19

78-сурет. Көпірдердің айналмалы тұстарын қадалау тəсімі



148

Жоғарыда айтылғандай көпірлік өтудің айтулы нүктелері болып, тіреулердің ортасы саналады. Тіреулердің ортасын тура қиылыстыру əдісімен көпірлік триангуляцияның екі қосынынан бастап қадалайды.

Осы əдістің мысалын қарастырайық (78-сурет). Тіреулердің ортасын қадалау үшін, белгілі ОА, ОВ, ОС ұзындықтары жəне γ1, γ2 бұрыштары арқылы аналитикалық жолмен ά1 ά2 бұрыштарын есептейді де, теодолитпен А жəне В нүктелерінен қарай оты-рып, осы бағыттардың қиылысқан С нүктесін табады. Сонымен бірге О нүктесінен теодолитпен С нүктесі көпір осінің бойында орналасқанына көз жеткізеді. Тіреу осьтерінің бар қатарда жатпау алшақтығы 1,5 см аспауы керек.


Осы əдіспен табылған тіреу ортасын қарсы бетте D2, D1 бақылау белгілерімен бекітеді. Егер тіреу өзен ортасында болса, арнаулы құрылыммен немесе жүзбелі белгімен (буикпен) бекітеді. Бұл уақытша белгілер қоршау қалқандарды қағу, немесе уақытша аралдарды топырақ, тас төгіп көтеруде бағдар ретінде қолданылады. Тіреудің нақтылы орнын анықтау, дайындық жұмыстары біткеннен кейін атқарылады.


Трассаның бұрылмалы тұстарында тіреулердің ортасын жəне осьтерін келесі əдістердің бірімен атқарады: көпірдің жаппа (пролеты) үштен артық болмаса – көпбұрыш əдісімен (78 а-сурет) немесе тангенс сызығынан (78 ə-сурет); жаппа саны көп болғанда


– тартылған хорда əдісімен (78 б-сурет) немесе полярлық əдіспен (78 в-сурет); күрделі жағдайда триангуляция қосындардан қиылыстыру əдісімен.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет