Қазіргі кездегі экологиялық білім берудің Ғылыми педагогикалық негіздері


Мектепке дейінгі ересек топ балаларының табиғатпен қарым-қатынасы



бет10/12
Дата13.01.2022
өлшемі60,41 Kb.
#111489
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
СТУД КЗ 2 ИНФОРМАЦИЯ

2.2 Мектепке дейінгі ересек топ балаларының табиғатпен қарым-қатынасы.

Табиғат адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктермен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат , бойына күш, көңіліне шабыт береді. Ересек топ балаларын экологиялық білім мен қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу, жалпы тұлғаның ой-өрісін дамытудағы педагогикалық бағыттардың бірі болып саналады[24].

Әрбір ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт – дәстүрі, тілі болады. Халқымыздың әдет-ғұрыптарын, дәстүрін, тарихын қадірлеп, болашағымыздың нәрлі қайнарына айналдыру ұстаз қауымының борышы. Біздің тәрбиеміз сол салт-дәстүрлерден, ананың ақ сүтінен, әлдиінен, ұлылардың ұлағатты сөздерінен бастау алады:

Әл Фараби: « Тиянақты білім аламын десең, табиғаттың ұлы кітабын оқы » деген табиғаттың құдіреттілігін білдіретін сөзі бүгінгі күнге дейін мәнін сақтап келеді[25].

Мектепке дейінгі естияр топ балаларының табиғат жайлы түсініктерін қалыптастырусабақ барысында жүргізудің маңызы өте үлкен.

Мысалы:


Табиғат дегеніміз не?

Мақсаты: табиғат және адам қолымен жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету; қоршаған ортаның тәжрибелік және эстетикалық құндылығын көрсету, оны тануға деген қызығушылықтарын арттыру; өлі және тірі табиғат туралы ұғым беру, экологияның тірі табиғат үшін маңызын түсіндіру; адам еңбегін бағалауға және табиғатты аялап, қорғауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: ағаштан, қағаздан, металдан жасалған заттар, « Табиғат қандай болады ?» кестесі.

Сөздік жұмыс: эколог, тірі және өлі табиғат нысандарының атаулары.

Сабақ барысы

1. Айналаны бақылау.

- Біз айналамызда не көріп тұрмыз?

- Күннің қалай шыққанын көрген қандай қуаныш!

- Ал күннің шығуына не көмектеседі?

- Дұрыс, жаңа күн тау шыңынан шыққан алғашқы күн сәулелерімен басталады. Ол бізге мейрімді күлкісімен : « Қайырлы таң! »- дейді. Қане, біз де күнмен сәлемдесейік. « Қайырлы таң ! »-деп атайық.

Армысың, ардақты Аспан ата!

Армысың, мейірімді Жер-Ана!

Армысың, шұғылалы алтын күн!

Күліп шықты күн бүгін,

Қуан бізді таңырқап,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Қане айтыңдаршы, таңертеңгі күннің сәулелері жарық па? Күнге қолдарыңды созыңдар да айтыңдар. Оның сәулелері таңертең ыстық па? Таңертеңгі аспанның түсі қандай? Онда бұлттар бар ма?

2. «Қайырымды тастар» дидактакалық ойыны.

-Біз қайда жүреміз? ( жерде ). Қане, жердің иісі қандай екенін кім айтады?

Балаларға әртүрлі тастарды көрсетіп, қолдарына ұстап, алақанына салып көруге мүмкіндік беру. Тастардың ауыр не жеңіл, қатты не жұмсақ , жылы не суық, дөңгелек не қырлы екенін сұрау.

Балалардан табиғат үшін қандай пайдалы және қайрымды іс-әрекет жасаауға болатынын өз тастарына айтуды сұрау.

-Табиғат әлемі керемет, ал адамдар – оның бір бөлігі.

-Табиғат әртүрлі және қызық. Ол әр адам өмірінде маңызды орын алады. Табиғат адамға сұлулықпен жақсы көңіл күй беріп қана қоймайды, сонымен қатар табиғатсыз адамның тіршілік етуі мүмкін емес. Ал нақтырақ айтсақ, ол не?

3. Жұмбақтар.

Ақ сандағым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

(Күн)

-Адам күннің жарығы және жылуынсыз өмір сүре алама?



-Ал жануарлар мен өсімдіктер ше?

Дәмі де жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.

(Су)


-Ал ауасыз тіршілік ектуге бола ма?

Өмірде одан мол ештеңе болмайды,

Құшақтасаң құшағың тек болмайды.

(Ауа)


-Дұрыс, күн, ауа, су, гүлдер, ағаштар – бұның барлығы табиғат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет