Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама


Бақылау әдісі ,оның түрлері, жүргізілу реті қандай?



бет28/41
Дата30.01.2022
өлшемі61,07 Kb.
#130163
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Байланысты:
гылыми коллок (копия)

31. Бақылау әдісі ,оның түрлері, жүргізілу реті қандай?

Бақылау – зерттеу барысында дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді:міндеттері мен мақсаттарын айқындау;

бақыланатын объект, оның элементтерін және ситуацияларын тандастыру

бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді іріктеу;

байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;

жинақталған ақпараттарды өңдеу және дәйектеу.

Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау – зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық және жасырын бақылау; тұтастай және таңдамала ыбақылау.Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нәтижеге зерттеушінің тұлғалық - әлеуметтік жеке – дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайлылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет