32. Эксперимент дегеніміз не , оның міндеті мақсат түрлері.
Эксперимент - белгісіз және анық емес нәтижелермен түсіндірілетін ғылыми-зерттеу жұмысы.Білім беру жүйесінде эксперимент деген түсінік-«іздену», «іздену жұмыстары», «тәжірибе», «тәжірибелі эксперименттік жұмыс», «зерттеу жұмыстары» т.б.
Педагогикада эксперимент деп нені атайды ?Эксперимент- болжауды (гипотеза) тексеру.
Эксперимент-бір ізденушімен шығарылған әдістеме немесе жаңа шарттармен жасалған технология , өлшем жүйесі.Эксперимент- білім мекемесіндегі іздену жұмыстары.Эксперимент-мектепті басқарудағы, балаларды дамытудағы, тәрбиедегі, жаңа технологияларды апробациялау және бағыттау, бақылау.Эксперименттеу ,демек ол даму, қазіргі уақытта білімдегі принциптерді дамыта алатындар және білім саласында ізденушілер.Эксперименттік алаң- бұл болашақта мектептің дамуына жол сілтейтін , бірақ қазіргі уақыттағы қажеттілігі байқалмайтын процесс.Эксперименттік жұмыс білім мекемесіндегі кешенді көп функциялы әдістердің әртүрлі міндеттерді шешуді және шығармашылық қабілет деңгейлерін көрсетеді:Модификациялық- белгілі әдіс –тәсілдерді өзгеіске ұшыратып, түрлендіріп, жаңашаландырып көрсету.Комбинаторлық- жаңа элементтерді танымал бұрынғы әдістермен кіріктіру. ( бұл тиімді эффект береді немесе жаңа технология туындайды)Радикалдық - (инновациялық) принципті түрде жаңашылдықты тудыратын наваторлық жағынан қарау,бұрын –соңды қайталанбаған жоба.
Эксперимент деңгейі. Зерттеу жұмысының сұрау деңгейі мен білімінің дамуы үшін нәтиженің маңыздылығы деңгейімен анықталады. Бір ғана білім беру ордасында бірнеше эксперимент жүргізілуі мүмкін. Мысалға қазіргі таңдағы көкейкесті мәселе бейіндік білім беру және бейін алды дайындау. Бейін алды дайындау бірнеше деңгейде өтуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |