Жан Поль Сартр философ қана емес, француздың көрнекті жазушысы. Оның романдары – «Еркіндікке қарай жолдар», «Қабырға», «Бөлме», «Герострат сияқты бірнеше новеллалары әлемге әйгілі. Ж.П. Сартрдың қарастырған негізгі мәселелерінің бірі- адам және оның еркіндігі болғандықтан, гуманизм проблемасын көтеріп, оны басқаша шешкен «Экзистенциализм - ол гуманизм» деген еңбегін атап өткеніміз жөн. Бұрынғы гуманистік идея бойынша адамның мәнін ашып, оның бойындағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығару керек. Біз, амал нешік, күні бүгінге дейін осылай ойлаумен келеміз. Ал шындығында бұл көзқарас адамды тірі жан ретінде емес, оған зат деп қарауға әкеліп соғады. Өйткені біз күні бұрын бірдеңені, айталық, пышақты жасауды, оны қалай пайдалануды ойластырамыз. Яғни біз күні бұрын мақсат қоямыз. Пышақ - сол мақсаттың жүзеге асуы. Ал адам - зат емес. Оны күні бұрын жоспарлап, дайындап, белгілі бір мақсат ретінде жүзеге асыруға болмайды. «Адам деген ол өзін-өзі жүзеге асыру», сондықтан да ол өзіне өзі жауапкершілік артады, өйткені өзіне-өзі ерікті. «Адам дегеніміз – еркіндік». Адам сондай-ақ моральдік зандылықтарды қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін, ол өз еркінде. Өйткені оның өз моралі бар. Осыдан келіп адам - болашақ, болашақтың жобасы болып шығады.
Экзистенциализмді өзінше ілгері дамытып, романдары мен философиялық эсселерінде заманымыздың қайшылыққа толы көкейтесті мәселелерін көтерген ойшыл француз жазушысы Альбер Камю еді. Оның дүниежүзіне белгілі «Бөтен», «Сизиф туралы аңыз», «Бүлікшіл адам», т.б. шығармалары экзистенциализмнің өзіндік бір түрі дүниеге келгенін айқындайды. А. Камюдің көзқарасын абсурд (латын тілінде мағынасыз, қисынсыз) философиясы деуге болады. Осы абсурд философиясын үш кезеңге бөліп қараған жөн. Бірінші кезеңде абсурдтың пайда болып, қалыптасуы. Бұл кезең оның «Бөтен» деген повесі мен «Сизиф туралы аңыз» атты эссесінде толығынан баяндалған. Адам, оның еңбегі, күнделікті күйбең тіршілігі, барлық өмірі - абсурд. Абсурдтық ойлау, абсурдтық шығармашылық. Екінші кезең - абсурдқа қарсы күресу. Бұл мәселе оның «Оба деп аталатын романында көркем тілмен, терең оймен суреттелген. Бірақ күрес, обаға қарсы қолданған тәсілдер уақытша нәтиже беріп, жеңіске әкелгенімен түбінде оба тарататын сабау қүйрық тышқандар қайтадан бой көрсете бастады. Ендеше бұл күрес, қарсылық нәтижесіз, абсурдқа алып келе береді. Үшінші кезең күрес, әрекет, бүлік еш нәтиже бермеген соң «қуғында болу, «айырылысу. Осы кезеңнің мазмұнын «Құлдырау» деген повесі айқындап берді. Бұл дәуірде адамның жалғыздығын, тіршіліктен безушілігін қарастырумен қатар адам мен адамды жақындастыруды сағыну, аңсау сарыны бар.
Экзистенциализм философиясын түйіндей келе, оның XX ғасырдың қайғы-қасыретін, адамның басына түскен ауыртпашылықты терең ой, көркем тілмен суреттеп бергенін атап өткен жөн. Сондықтан да бұл философия адам, оның өмір сүруі мен өмірі туралы философия деуге әбден болады.
3. Неопозитивизм (nео – жаңа, positivus – латын сөзі, оң, дұрыс деген мағына береді) – Батыс философиясының шеңберінде қазіргі ғылымның дамуының барысында пайда болған философиялық-танымдық мәселелерді талдап шешуге бағытталған ағым. Оның түп-тамыры позитивизмнің негізін қалаған француз ойшысы Огюст Конттың (1789-1857жж.) шығармаларына барып тіреледі. Сондықтан, ең алдымен позитивизмнің негізгі қағидаларына тоқталу қажет.
Егер неміс классикалық философиясында пайда болған панлогистік көзқарасқа Шопенгауер Ерікті, ал Кьеркогер жеке адамның тебіреністерін қарсы қойса, Конт оған қарсы ғылыми деректерге негізделген қағидаларды қарсы қоюға тырысады. Конттың ойынша, ғылым – белгілі бір абстракциялық негізден шығарылатын білім жүйесі, ал тарих философиясы – рухтың дүниеге келіп, дамуын суреттейтін ілім ғана емес. Ғылымның негізінде Дүниеде белгілі бір тәртіп пен өрлеу барлығын көрсететін тәжірибелік байқаудың негізінде алынған ғылыми деректер және соларды теоретикалық деңгейге көтеріп талдау іс-әрекеті жатыр.
РЕКЛАМА
Конт адамзат ой-өрісі өзінің даму тарихында 3 сатыдан өтті деген пікірге келеді. Олар: 1. теологиялық (жалғандық) саты – көне заманнан XIV ғ. дейін; 2. метафизикалық саты – XIV-XVIII ғғ; 3. позитивтік саты – XIX ғ. бастан пайда болады. XX ғ. 50 жылдарынан бастап позитивизмнің соңғы сатысы дүниеге келді, оны постпозитивизм (соңғы позитивизм) деп атайды. Негізгі өкілдері – Карл Раймунд Поппер (1902-1994 жж.) , Томас Самюэль Кун (1922 ж.), Имре Лакатос (1922-1974 жж.), Пауль Фейерабенд (1924 ж.) т.с.с.
К.Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципінің жеткіліксіз екенін көрсетеді. Ғылымның дамуында пайда болған ешқандай теория «соңғы ақиқат» емес, күндердің бір күнінде ол теріске шығарылуы мүмкін. Олай болса, ғылымдағы қағидалардың терең табиғаты – олардың болжамдығында, қателік кету мүмкіндігінде. Оны ол фаллибилизм (қателік) дейді. Ғылымдағы білімнің дамуы, негізінен алғанда, неғұрлым әртүрлі гипотезалардың көбірек ұсынылуымен бірге оларды фальсификациялаумен (теріске шығаруға тырысу, оған қарсы бағытталған пікірлерді ұсыну) байланысты. Сонда ғана ғылым дүниетану жолында тереңдей түседі. Өзінің жалпы Дүниеге деген көзқарасында ол «үш әлем» теориясын ұсынады. Олар: физикалық әлем, яғни бізді айнала қоршаған дүние. Келесі – ментальдық әлем (Платонның «идеялар әлеміне ұқсас). Үшінші әлем – адамзат жеткен шынтуайтты өмір сүретін білім әлемі (Орта ғасырдағы Ибн-Роштың адамзат интеллектіне ұқсас). К.Поппердің ойынша, философия ғылым емес, өйткені оның негізгі қағидаларын фальсификациялауға болмайды. Бірақ ол адамға өмірдің мән-мағынасын ашып, сондағы адамның алатын орны: көрсетуге тырысады. Сол үшін ол философияны биік бағалайды.
Постпозитивизмнің келесі ірі өкілі – Томас Кун. Ол ғылым философиясы ағымына жатады. Ғылым дегеніміз – белгілі «ғылыми қауымдастықтың» басын қосып біріктіретін әлеуметтік институт. Олар белгілі бірегей теория, методология, дүниеге деген көзқарас ұстаған, нақтылы ғылыми нормалар мен құндылықтарды мойындаған қауым. Олардың бәрін біріктіретін ғылымдағы парадигма. Өзінің «Ғылыми революциялардың құрылымы» деген еңбегінде Т.Кун: «Парадигма деп мен ғылыми қауымдастыққа белгілі бір уақыттың шеңберінде ғылыми мәселелерді шешу жолдарын көрсететін барлығының мойындаған ғылыми жетістіктерін айтамын», – дейді. Парадигма белгілі бір ғылыми қауымдастықтағы әдістер мен ізденіс жолдарын, ғылыми ахуалдың қайнар көзін құрайды. Ғылыми теорияға келер болсақ, ол парадигмаға қарағанда анағұрлым төменгі дәрежеде, өйткені қайсыбір теория белгілі бір парадигманың шеңберінде пайда болады.
Постпозитивизмнің келесі өкілі Пауль Фейерабендтің ойынша, ғылымда әрқашанда мойындалған теорияларға қарсы бағытталған теориялар жасалуы керек, сонда ғана олардың арасында өзара бәсекелестік пайда болып, ғылымның дамуын тездейді. Ғылыми теорияларда пайдаланылатын терминдер әрбіреуінде тек өзіне ғана тән мазмұнға ие болады. Бір теориядағы терминдер екінші теорияға енгізілсе, олардың мазмұны дереу өзгереді. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып баға беру мүмкін емес. Олай болса, әрбір ғалым өзінің теориясын жасауға мүмкіндік алады. Бәсекелестіктің негізінде жеңіске жеткен теория ақиқатқа жақын, я болмаса оған сәйкес келгенінен емес, ол – соны қолдайтын қауымның насихатының жемісі. Олай болса, ғылым – қоғам өміріндегі басқа идеологиялық институттар сияқты: оның дін, миф, философия т.с.с. айырмашылығы шамалы. Сондықтан олардың бәрі де тең құкылы болуы қажет. Бұл қорытынды неопозитивизм ағымының шығармашылық потенциалының сарқыла бастағанын көрсетеді. Дегенмен неопозитивизм шеңберіндегі әр ағымның өз жағымды жақтары бар – олардың бәрі де ғылым философиясында кеңінен пайдаланылады.
4. Герменевтика шындықты түсінудің ең қызықты тәсілдерінің бірі болып көрінеді. Ол адамның «тарихи түсінетін» болмыс ретіндегі әмбебаптығының жаңа қырларын ашады. Онда адам өмірі, тұлғааралық және мәдениетаралық қатынастар мәселелеріне назар аударарлық шешімдер қарастырылған. Герменевтика білімді әрі қарай дамуға арналған ашық жүйе ретінде қарастырады.
Структурализм - бұл әлеуметтік ғылымдардағы әр түрлі объектілердің құрылымын зерттеуге байланысты бірқатар бағыттардың жалпы атауы. Құрылымдарды іздеу тілде, әдебиетте, өнерде, бұқаралық мәдениетте, қоғамдық қатынастарда, дәстүрлерде және т.б. Философиялық проблематика бұл жерде тәуелсіз емес, бірақ гуманитарлық білімге органикалық түрде енгізілген. Структурализм шеңберінде құрылым ұғымы бір мағыналы емес, бірақ көбінесе құрылымды бүтін элементтер арасындағы қатынастардың жиынтығы деп атайды, олар әртүрлі өзгерістер мен трансформациялар кезінде тұрақтылықты сақтайды.
С.-ның зерттеу объектісі - бұл белгілер жүйесінің жиынтығы ретіндегі мәдениет, олардың ішіндегі ең маңыздысы - тіл, сонымен қатар ғылым, өнер, дін, мифология, әдет-ғұрып, сән, жарнама және т.б. Дәл осы объектілерде құрылымдық-семиотикалық талдау адамның бейсаналық түрде бағынатын жасырын заңдылықтарын табуға мүмкіндік береді. Бұл заңдылықтар адамның санасы мен әлем арасындағы делдалдық қатынас ретінде қарастырылатын мәдениеттің терең қабаттарына сәйкес келеді.
Постмодернизм философиясында оның жақындасуын ғылыммен емес, өнермен атап өтеді. Сонымен, философиялық ой тек ғылымға қатысты аралықтық (маргиналдық) аймағында ғана емес, сонымен қатар 20-шы ғасырдың соңындағы көркем мәдениетте байқалатын түсініктер мен тәсілдердің индивидуалды хаос жағдайында болады. Философияда, жалпы мәдениетте, философиялық жүйеліліктің ыдырауына әкелетін қайта ойлау механизмдері бар, философиялық ұғымдар «әдеби пікірталастарға» жақындауда және «лингвистикалық ойындар», «бос ойлау» басым. Негізінде сенімділік пен объективтілік мүмкіндігін жоққа шығаратын «жаңа философия» жарияланады, «әділеттілік» немесе «дұрыстық» сияқты ұғымдар өз мағынасын жоғалтады.
Постмодернизм философиясы кез-келген философиялық тұжырымдаманың өмір сүруге құқығы бар және кез-келген тұжырымның тоталитаризміне қарсы соғыс жарияланатын ұғымдар арасындағы келісімді білдірмейді. Сонымен, постмодернизмге шабуыл қазіргі кезеңдегі жаңа идеологияларға көшу ретінде жүзеге асырылады. Алайда, хаос жағдайы ерте ме, кеш пе жаңа деңгейдегі жүйеге қонады деп болжауға болады және философияның болашағы оның жинақталған ғылыми және мәдени тәжірибені қорыту және түсіну қабілетімен анықталады деп күтуге толық негіз бар.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002
2.Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А.,2001
3. Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
4. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.
5.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
6.Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002
Достарыңызбен бөлісу: |