«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет4/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

БАРЛЫҚ ЕҢБЕК ТҮРІ ҚАДІРЛІ 
Тәрбиеші:Тусупова С. С. 
КГКП «Бәйтерек»балабақшасы 
Кешегі ойнақтаған құлыншағым,
Желменен желбіреген тұлымшағым
Қалайша уақыт тез-ақ өтті? 
Қол бұлғап шақырып тұр болашағың 
Еңбек жолын бастау, оңай жұмыс еместігін, мамандықты темпераментке сай таңдау 
керектігін адамдар ескермей жатады. Қазір мектеп түлектері ҰБТ сынағын бітіріп, оқу орны 
мен мамандықтарын қызу тандауда. Біздің бүгінгі әңгімеміз мамандық таңдауда ойланып 
жүрген түлектерге ғана емес, жұмысы бар маман иелерін және болашақ маман иелері болып 
табылатын балабақшадағы бүлдіршіндердің де қажетті мәселесінқозғамақпыз. 
"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге 
саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық 
жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар 
болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды 
өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген 
сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі 
жұмыстар,
 сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.
Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары 
бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, 
аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлені 
қажеттілігі.
Қазіргі таңда көптеген жастар мамандық тандаудан қателесіп, өздерін таба алмай
жатқандары да бар. Ол баланың кемшілігі емес, ол – қоғам кемшілігі. 
Алдымен мамандық атаулысы жайында білімді саналы түрде құюды мектеп 
қабырғасынан бастау маңызды емес, оны балабақша табалдырығынан бастаған жөн деп
санаймын. 
Себебі, мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті, арман - тілегі
ерекше ашық болады. Мектеп жасына дейінгі бала бойында адамгершілік – рухани
құндылықтары басымырақ, олар сол жастан бастап өз бойларына тән мамандықты
шынайы тандап, бойларында қалыптастыруы әбден мүмкін.
Сонымен қатар мамандық тек адамға қаржы тұрғысынан қажет деген ұғымнан
сараболады. Балабақшада берілген ұтымды әрі жеңіл тілде берілген біліммен жеткен
осындай жол арқылы бала қоғамда адал еңбек етуге деген ой қалыптастырады. 
Мектепке дейінгі мекемеде мамандық тақырыбы бойынша оқу әрекеттері өтпейді 
дегеннен аулақпыз, бірақ бұл тақырып тереңдетілмегені анық. Сондықтан қазақ
бабамыздың «адам өмірде бірін- мамандық тандаудан және жар таңдаудан қателеспеуі 
қажет» деген сөзі еске түседі. Қандай тәрбие болсын, ол бала жастан басталуы қажет. 
Осы себепті мен де жүргізіліп отырған жұмыстың балаға балабақшадан бастау
алғандығын қалап, жұмыс жүргізудемін. 
«Бәйтерек» балабақшасы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы
негізінде білім беруде. Бала рухани білім алумен қатар, бойындағы өзіне деген 
сенімділік, өз-өзін тануға, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау, үлкендердің еңбегін


20 
20 
бақылап, құрметтеу қасиеттері қалыптасуда. Балабақшадан еңбекке деген қызығушылығы 
оянған баланың мектепте де қоғамдық іс-шараларға қызығушылығы артады, үй-шаруасына 
белесене араласып ата-анасына қолғабыс ететіні даусыз. Ал еңбек – жақсы оқу, уақытты
дұрыс жұмсау, денсаулықты күту т.б. байланыстығын тәрбиеші әрбір сөзінде қайталап бала
санасына құю міндет.
«Ел боламын десен, бесігінді түзе» - деп М.Әуезов айтқандай, егер қоғамда
жұмыссыздықтың алдын алып, саналы, еңбексүйгіш азамат тәрбиелейміз десек, 
балабақша, үй тәрбиесіне мән берелік. 
Болашақ Қазақстандықтардың жеке тұлға болып қалыптасуына жол ашу және
қоғамда маңызды орыны барын сезінетін рухани бай азамат етіп тәрбиелеу. Өмірдің өз
кірпішін қалауына жол ашу, адал еңбек пен еңбекке деген қызығушылықтарын ояту. 
Рухани-адамгершілік тәрбие бере отырып үлкендерге, ата-анасына деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Қоғам талабына сай жаңа мамандықтармен таныстыру, оларды меңгерудегі басты 
мақсат білімде жатқандығын балаларға ойын іс – әрекеттері арқылы жеткізу. 
Ата – аналардың бала болашағына қазіргі таңнан бастап баса назар салуына жол 
ашу. 
Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып бала бойында үлкендердің еңбегіне құрметпен 
қарауды және мамандықтар туралы білімдерін арттыру, дамыту.Ересек топ балаларының
бойында алдыңғы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт – бағдар 
беру, мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. Жаңа заман
техникасының даму үрдісімен таныстырып, олардың қолданылу тәсілдерін меңгерту.
Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Мамандық туралы ойындар 
арқылы ата-аналардың бала еңбегіне қызығушылығын оятуды дамыту; Баланың өзі ұнатқан
мамандық жайында өз ойын ашық айта білуіне дағдыландыру.Еңбетің барлғы маңызды,
тек адал әрі адамгершілікпен атқарған еңбек жемісті де, табысты болатындығына
тәрбиелеу. Үлкендердің, үй-ішіндегі адамдардың әрбір еңбегін бағалауға, құрметтеуге
тәрбиелеу. - мектепке дейінгі ересек топ балаларының бойында ересектердің еңбегіне 
деген көзқарастарын аша түсу; 
- ересек топ балаларының қарым-қатынас, шығармашылық , еңбек іс- әрекет
қабілеттерін арттыру; 
- ата –аналардың бойында баланың еңбек іс әрекетіне деген жауапкершілікті ояту әрі
болашақ мамандығын тандауға жол ашудың сырларын үйрету; 
- балалар өз ата-аналарының мамандығын айта білу және атқаратын маңыздығын 
түсіну; 
- бірнеше мамандық атауларын, мақал-мәтелдер, еңбек құралдарын және еңбек
тақырыбында әңгіме құрай білулері қажет; 
-балалардың өз-өзіне қызмет етуіне және еркіндігіне жол көрсету; 
-ата-аналардың бойында балабақша өміріннің қоғамдық жұмыстарына белсенділігін 
арттыру, педагогтармен бала тәрбиесі мен білімі жөнінде әңгімелесіп тұруға 
қызығушылығын өсіру. 
Барлық еңбек түрі қадірлі» мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің еңбек іс- әрекетін 
анықтау мониторингі жүргізіліп балалардың құзіреттілігінің даму деңгейі анықталып 
отырылады да қандай іс-әрекеттерде көмек керектігі анықталады. Ұйымдастырылған жұмыс
жоспары және тапсырмалар бала жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған. 
Балаға берілген әртүрлі тапсырмалар қызығушылық таныта отырып орындауға, әрбір оқу 
іс-әрекеті эмоционалды бояулы, тақырыпқа сай өлеңдер, тақпақтар, жұмбақ, мақал-
мәтелдер т.б. алынған. Оқу жылының соңында баланың еңбекке, мамандыққа деген
қызығушылығы мен білімінің көрсеткішін анықтау мониторингіне 25 бала қатысты. Соның 


21 
21 
ішінде 5% бала не істейтінің түсінеді; 95% бала өзінің білетінін қолданады. Оқу жылының
басында шығарылған көрсеткіш нәтижесін ескере отырып жүргізілген жұмыстардың
арқасында мынадай көрсеткішке ие болдық. 
Балалармен, ата-аналармен кеңестер, ойын-сауықтар, ҰОІӘ, дидкатикалық ойындар, 
ертегілер желісін сахналау жұмыс формаларын қолдана отырып, балаларға мамандық
атауы және оның жаңа заманғы технологиялық үрдісі
жайында мағлұмат берілді. Балалар мамандық атауларын айта алады, мамандыққа
қандай құралдар, қоғамдағы басты маңыздылығын түсінеді.
Осындай жұмыс жүргізе отырып, ата-аналар да өз баласының болашақ мамандық
тандауына үреймен қарамайтындығына сенімідімін.
Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін 
ғылымның өз қағидасы бар. Ол — өмірлік өсиет, ұлағатты сөз. Бұл тарих тағылымының 
тәрбиелік үлгісі, еңбек етудің алғы шарты болса керек. Өміріміздің даму барысын дұрыс 
түсініп оның ішінде ғылымның, тәрбиенің, бүгінін танып, бағдарлап отыруда тәрбие мен 
еңбек бөлінбестей берік, маңызды да мәнді рөл атқарады. Расында, адамзаттың жинақталған 
материалдық байлықтары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да 
сондай көп. Бұлардың бірі баршаға бірдей қазына. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) бұл 
қазынаның барлығын халық жасайды, ол адал да ерінбей еткен еңбектің жемісі деген 
болатын.Адам, өмірінде екі - ақ нәрсесі дұрыс болса болғаны өзін бақыттымын деп санайды 
екен.
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай 
күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» 
десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ 
қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық 
иесі болайық. 
Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет