«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет5/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты 
2.
«Біз мектепке барамыз» бағдарламасы (5-6 жас) Алматы, 2009ж. 
3.
«Бала мен балабақша» журналы. А.№желтоқсан/декабрь№12 (92) 2013ж. 
4.
«Туғаннан мектепке дейін» бағдарламасы (Н. Е. Вераксы) 
5.
«Баланың тілін дамыту бағдарламасы бойынша жинақ» (Т. А. 
Фалькович, Л. П. Барылкина)
 
 
«ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ» КУРСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ 
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АЛАР ОРНЫ 
 
Джумажанова Д.О. 
КМҚК №27 «Балдаурен» б/б 
 
«Адамға ең бірінші білім емес,
рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз 
берілген білім –
адамзаттың қас жауы...» 
Әл-Фараби 


22 
22 
Бүгінгі күн талабы - өскелең ұрпақтың бойындағы рухани байлығы мен 
мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен 
білімділігін жоғары қояды. Оған тек жас шыбықтай жайқалып өсіп келе жатқан өскелең 
ұрпақтың бойына шындық пен қайырымдылық, сенім мен сүйіспеншілік сияқты абзал 
қасиеттерді сіңіріп, табиғатпен, қоршаған ортамен өзара үйлесімдікті орнықтырған жағдайда 
ғана қол жеткізе аламыз. Жаны нәзік балалар әлемін адамзатқа жат құбылыстардан қорғап, 
ұлттық рухани байлығымызды әлемдік өркениетпен ұштастыра отырып, адамгершілік 
қасиеттерді қалптастыру мүмкіндігінің тиімді жолдарын көрсететін рухани құндылығы зор 
жаңа пән жас ұрпақтың жүрегіне дара жол сала білді.
Адамгершілікке тәрбиелеу - баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың 
нәтижесінде оның дүниетанымын сабақтан тыс уақытта да әртүрлі тәрбиелік мәні бар жұмыс 
түрлерін жасау арқылы қалыптастырады. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет 
барысында, түрлі ойындар ойнау, тәрбиелік мәні бар әңгімелер мен ертегілер тыңдау, әсем 
суреттер қарау, хиқаялар мен қойылымдарды сахналау арқылы беріледі. Себебі тәрбие 
дегеніміздің өзі – ең алдымен баланың сезімін оятып, әсершілігін дамыту. Ал сезімін
тәрбиелеу – баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден 
рахат, қуаныш табуға, өзін қоршаған табиғаттың сұлулығын көріп тамашалауға баулу 
болады. Осы орайда балалар қаламыздың саябағына, жыл мезгілдеріне байланысты саяхатқа 
барды. Балабақша ұжымы балаларға мейірімділік пен қамқорлық танытып, олардың үнемі 
қимылда болып, ойнап, еркін өсіп дамуына жағдай жасайды. Осыған орай тәрбиешілер 
топтарда жағымды психологиялық атмосфераның қалыптасуына яғни микроклиматтың 
оңтайлы болуына аса көп көңіл бөледі. Балабақша қабырғасында балалардың өсіп-дамуына 
барлық жағдай жасалған. Олар өздерін ортада еркін ұстап, өз пікірлері мен өмірден алған 
әсерлерін тұжырымдауға, ойларын жеткізуге қадам жаса бастайды. Осылай жеті жасқа 
толған бала балабақша қабырғасында талапқа сай білім алу мен қатар өзін қоршаған ортаға, 
адамдарға, табиғи құбылыстарға деген дара көз-қарасы қалыптасқан жеке тұлға болып
мектеп атты кемеге отырып үлкен өмірге жолдама алады. 
Педагогикалық ұжымның алдына қойылған басты міндеттерінің бірі – адамгершілік-
эстетикалық және рухани тәрбиесі ең алдымен «Өзін-өзі» тану курсымен бірлесе келе басқа 
да сабақтарында, әртүрлі жұмыстар жасау арқасында жалғасын тауып отырады. Балалардың 
бойына достық, адалдық, шыншылдық, махаббат секілді сезімдер және де мейірім мен 
кішіпейілділік, адалдық сияқты қасиеттер қалыптасады, Отанға деген сезімдері 
тәрбиеленеді, әсемдік пен сұлулық жұректерінен орын алады.. 
«Білім мен ізгілік - мұратқа жеткізеді» - дейді дана халқымыз. Тәуелсіз Қазақстан
үшін жалпыадамзаттық проблема, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі болып отыр. 
Жас ұрпақ бойына адамгершілік – рухани қайнарын сіңіріп, тәрбиелеу үшін адамзат 
құндылықтарын, адамгершілік қасиеттерін мұрат тұтуға бет бұру қажет. Мектепке дейінгі
кезеңде адамзат құндылықтарына сәйкес баланың тұлғалық мәдениетінің негіздері 
қаланады. Сондықтан баланың бойында туған-туыстарына, жақындарына сүйіспеншілік, 
айналадағы жанды-жансыз дүниеге қайырымды көзқарастары мен сезімталды қабілеттерін
қалыптастыру аса маңызды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі балабақшаның күн тәртібінен түскен емес, керісінше 
күн өте қанатын кеңінен жайып, басқа да міндеттермен ұштаса отырып бала тәрбиесінің 
маңыздылығын аңғартып келеді. Адам өмірінің «алтын бесігі» - балабақша есігін ашқан 
балдырғандарды жарығы мол, жаңаша өмірде адам баласына тән асыл қасиеттерді 
қастерлеп, әдептілік пен имандылыққа тәрбиелеуден шаршамайық.
Ізгілік пен мейірімнің мөлдір бастауындай өмірімізге біртіндеп орынды еніп келе 
жатқан, келешек ұрпағымызды рухани адамгершілік тәрбиеге жетелейтін «Өзін-өзі тану» 
курсының негізіндерін зерттеуге арналған семинарға қатысушыларға өресі биік, 
адамгершілігі мол жас ұрпақ тәрбиелеу жолында өзіндік ізін қалдырар деп білемін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет