«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет441/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

САБАҚТА АҚПАРАТТЫҚ 
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУ
Тусупова Гулден Капановна 
Тюлемисова Лайла Сериковна 
ҚМББ «Болашақ» колледжі 
 
Қазақстандық білім беру жүйесі жыл сайын әр түрлі өзгерістерге ұшырап отыр. Бұл 
өзгерістердің басты мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты дамыған, құзіретті 
азаматтар етіп тәрбиелеу. Осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Бәсекеге қабілетті дамыған 
мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деген.[1] Осы 
өзгерістерді, реформаларды іске асырып, дамыта алған қоғам ғана әлем елдерімен иық 
тірестіріп, бәсекеге қабілетті бола алады.
«Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастырар талап 
сыйлайды» дейді дана халқымыз. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз 
бүгінгі білім жүйесінде болып жатқан өзгерістерге байыппен қарап, өскелең ұрпақ бойына 
сапалы білім мен саналы тәрбие сіңіре отырып, білім биігінде әлемдік деңгейден көріне 
алатын азамат тәрбиелеуді көздейді.
«Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің 
азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау 
машығын меңгеруге дайын болуға тиіс» деген Елбасы оқытудың жаңа әдістемелерін енгізе 
отырып, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды 
қарқынды енгізуге тиіс екендігімізді де баса айтты.[1] Осы орайда білім беруде электронды 
оқыту әдіс-тәсілдерін пайдалану жаңа білім берудің бірден-бір шарты.
ХХІ ғасыр жаңа технологиялар ғасыры ретінде тарих бетінен орын ала бастаса, осы 
технологияларды меңгерген жас ұрпақ қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-
әрекетінде компьютерді дербес қолдана алуы қажет.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына 
ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып 
келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. 
Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті 
қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.


941 
941 
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп
аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды 
ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, 
ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты 
рөл мектепке жүктеледі. 
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен 
тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. 
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа 
сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім 
беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін 
арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының білім беруді 2020 жылға дейін 
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде ақпараттық-қатынастық 
технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі 
делінген. 
Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған 
жағдайында ақапараттық технологияларды меңгеру өзекті екені сөзсіз. Осы кезеңде 
біліктілігі жоғары дәрежеде дамыған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық 
еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесі Қазақстан оқу 
орындарының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.. 
Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа 
әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап 
етеді.Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен 
жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық 
оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік 
оқыту 
бағдарламаларына 
негізделеді. 
Ақпараттық 
әдістемелік 
материалдар 
коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді 
көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану 
айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалананып, 
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін 
қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды [5]. 
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды сабақ барысында пайдаланудың 
оқушы үшін тиімділігі: 
-
шапшаң ойлап, тез жұмыс істеп, қосымша құрылғыларды пайдалана алады;
-
түрлі-түсті иллюстрациялар, музыка, анимациялар арқылы есте сақтау 
қабілеттері артады; 
-
интернет желілерін пайдалану арқылы өздігінен ізденеді; 
-
дербес жұмыс істеу арқылы ұқыптылық, нақтылық пен түзету әрекетіне 
дағдыланады;
-
дұрыс жоспарлап және дұрыс шешім қабылдай алады.
Ақпараттық білім берудегі интерактив сөзі – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. 
Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып, "жеке 
тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. 
Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғы шарттары болып табылатын таным белсенділігі 
мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интербелсенді тақта - мультимедиалық электрондық оқыту құралдарының бірі.[2] Бұл 
білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға 
тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет