Азықтың ауыз қуысында қорытылуы. Сілекейдің қасиеті



бет18/31
Дата04.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#130664
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
практикалық саб.5 физио

Марей капсуласы



Қарын қимылын балонография тәсілімен зерттеу.
Тири-Велла әдісі бойынша жекеленген ішек қиындысының моторикасын зерттеу.
Жұмыстың барысы: Бақаның, тауықтың, қоянның, егеуқұйрықтың ішегінен 5-6 см шамасында қиынды дайындайды. Ішек қиындасының бір ұшын жіппен буып, арнаулы иілген шыны таяқшаның ұшына байлайды, ал екінші ұшын жіп арқылы жазғыш рычагының ұшына жалғайды. (30-сурет ).Ішек қиындысын 38-40 градус Рингер-Локк ерітіндісі құйылған стаканда ұстайды. Бүкіл тәжіребие бойына стакандағы ерітіндінің осы температурасын сақтау керек. Ішек қиындысы бірден жиырылмайды. Оның қимылы жылы қанды жануарларда 10-30 минуттан соң басталады. Ішек қиындысының қимылын кимографқа жазып алады. Жалпы 5 минут бойы бақылау жүргізіп, алғашқы фонды анықтайды. Осыдан кейін препаратты ацитилхолин ерітіндісі (1:1000) құйылған стаканға ауыстырып, бақылауды әрі қарай жалғастырады. Ішектің қиынды қимылдарындағы өзгерістерді анықтап, жазып алған соң, препаратты жақсылап рингер ерітіндісімен шайып, адреналин ерітіндісі (1:1000) құйылған стаканға салып, тәжіребиені әрі қарай жалғастырады. Ацитилхолин мен адренналиннің ішек қимылына әсерін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет