2-жұмыс. Жануарлардың дене температурасы
Өсімдіктермен салыстырғанда жануарларда дене температурасын үнемі немесе уақытша бірқалыпты ұстап тұрудың әртүрлі мүмкіншіліктері бар. Жануардың денесі неғұрлым үлкен, бұлшық еттері жақсы дамыған болса, соғұрлым жылуды көп жұмсайды.
Жануарларда негізгі жылу реттегіш - температуралық бейімделудің жолдары мынадай:
Химиялық реттеу – қоршаған ортаның температурасының төмендеуіне байланысты, осыған жауап ретінде организмнің жылу бөлуді ұлғайтуы;
Физикалық реттеу – жылу бөліп беру дәрежесінің өзгеруі, жылуды ұстап қалу немесе артығын ысырап ету. Бұл кезде жануарлар өз денесінде жылу сақтайды.
Температураны физикалық реттеу жануардың ерекше анатомиялық немесе морфологиялық ерекшеліктеріне: денедегі жүнді немесе қауырсынды қабаты, қан айналу жүйесінің орналасу ерекшеліктері, майлы қорлардың болуы және терлеу арқылы судың булану нәтижесінде дененің салқындауына байланысты.
Организмдер мінез-құлқы. Кеңістікте бір жерден екінші жерге орын ауыстыру арқылы жануарлар өте суық жерлерден кете алады. Көптеген жануарлар үшін осы мінез-құлқы жылу балансын сақтауда ерекше роль атқарады.
Дене температурасы бірдей жағдайдың өзінде пойкилотермді жануарлар гомойотермділерге қарағанда зат алмасу процесінің баяу жүретіндігімен ерекшеленеді. Мысалы, шөлде тіршілік ететін игуана +37°С температурада өзінің дене мөлшеріне шамалас кемірушіге қарағанда оттегіні 7 рет аз пайдаланады.
Жануарлар мен құстар қолайсыз жағдайлардан қорғану мақсатында орын ауыстырады.
Дене температурасы — дененің түрлі бөлігінде жылылық әр түрлі болады.Дененің сыртында жылылық өте төмен, ал ішкі ағзаларда жоғары болады.
Дене температурасын бір қалыпта ұстап тұру механизмінде бірнеше ерекшеліктер байқалады. Кезінде американдық ғалым Д.Аллен (1877 ж.), көптеген солтүстік жарты шарда тіршілік ететін сүтқоректілер мен құстардың денесінің кейбір бөліктерінің - құйрығы, тұмсығы, құлағы және неғұрлым оңтүстікке (экваторға) жақын тіршілік етсе, соғұрлым ұзын болатындығын байқаған.
Түрлі жануарлардың орташа дене жылылығы да әр түрлі болады. Мысалы, дене температурасын тік ішек арқылы өлшегенде:
3-жұмыс. Әр түрлі жануарлар мен құстардың дене мен тері беткейінің температурасының орташа көрсеткіштерімен танысу.
Көптеген сүтқоректілер үшін дене температурасын бірқалыпты ұстауда қан тамырлары көп орналасқан құлақтарының манызы зор. Африка пілінің үлкен, шөл түлкісінің кішкене құлақтары және американ қояндарының құлақтары аса маңызды жылу реттейтін арнайы мүшелерге айналған.
Сыртқы орта температурасының ауытқуларына бейімделуіне байланысты жануарлар стенотермиялы және эвритермиялы болып бөлінеді.
Стенотермиялы жануарлар қоршаған орта температурасы аз ғана мөлшерде ауытқитын жағдайда тіршілік етеді. Оларға тропикалық теңіз жануарлары жатады.
Эвритермиялы жануарлар сыртқы орта температурасының көп мөлшердегі ауытқуларына төзіп, тіршілік етеді. Оларға құрлықта, тұщы суларда тіршілік ететін жануарлары жатады.
Жоғары сатыдағы жануарлар (сүтқоректілер мен құстар) денесінің температурасы қоршаған сыртқы орта температурасына тәуелсіз және біршама тұрақты деңгейде сақталады. Дене температурасының тұрақтылығын изотермия деп атайды.
Дене температурасының тұрақтылығын сақтай алмайтын жануарларды пойкилотермиялы жануарлар, ал ағза температурасын бір қалыпта сақтап тұратын жануарларды гомойотермиялы жануарлар деп атайды.
Дене қызуының қалыптан артық жоғарылауын гипертермия, ал төмендеуін – гипотермия деп атайды. Жылы қанды жануарлар денесінің 25ºС – дан төмендеуі немесе 43ºС – жоғарылауы тіршілікті тоқтатады. Оның себебі, төменгі температурада ферменттік процестер күрт баяуласа, жоғары температурада белоктың коллоидтық күйі өзгереді, денатурация процесі жүреді.
Зат алмасу процесінің соңғы көрінісі ретінде ұлпаларда үнемі жылу түзіледі де оны олар ортаға бөліп отырады. Бірақ, жылықанды организмдердің дене кызуы орта әсеріне байланысты болмайды, сондықтан бұл көрсеткіш малмен құстарда тұрақты болады. Бұл құбылыс нерв-жүйке жүйесі және гормондардың қатысуымен реттеліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |