Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет68/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

Елді біріктіру жолындағы күрес. 
Қала халқының экономикалық 
жағдайының нығаюы қалада өзін-өзі басқарудың пайда болуынан көрініс 


тапты. Қала күзеті пайда болды, ақсақалдар кеңесі сайланды. Бұл ең алдымен 
портты қалаларда, теңіз саудасымен айналысушы Нагасаки, Хаката, Хонсю 
аралындағы Сакаи, Осака қалаларында, жалпы Тынық мұхиты 
жағалауындағы барлық дерлік портты қалаларда орын алды. Барлығы 30 
ерікті портты қала пайда болды. 
Сегунаттың әлсіреу дәуіріндегі өзара қырқыстар процесінде 
губернатор- князьдер (орталық билікке қызмет етуші жергілікті шенеунік-
князьдер) өз бақылауындағы провинцияларды жеке феодалдық иеліктерге 
айналдыра алмады. Бұл дәуірде керісінше, жергілікті провинция князьдері - 
кокудзиндер күшейді. Барынша күшейіп алған кокудзиндер (өзара 
қырқысушы провинция князьдері - сэнгоку дайме деген атқа ие болған) 
вотчиналарды (сеэн) біржолата жойды. Олар село қауымдарына сүйене 
отырып, өз билігін әскери күштің көмегімен нығайтып алды. 
Ел жағалауларында 1543 жылы португалдықтардың 6 жыл өткеннен 
кейін испандықтардың пайда болуы елге оқпен ататын қарудың келуіне 
ықпал етті. Бұл жағдай соғыс ісіндегі төңкеріске алып келді: бұрын ұрыста 
басты рөлді салт атты самурайлар атқарған болса, ал жаяу жауынгерлер тек 
қару-жарақ көтеріп жүрген болса, енді бірінші орынға жаяу әскер шықты, 
және оқпен ататын қаруды меңгерген кәсіби жауынгер дайындау қажеттігі 
туды. Князьдер өз жасақтарын тек самурайлардан ғана емес, шаруалардан да 
жасақтап отырды. 
Елге португалдықтар мен испандықтардың келуі Жапонияға 
хрисиандықтың тарауына алып келді. Католик миссионерлері, әсіресе Кюсю 
аралында ерекше белсенді болды, бұл жерде олар хрисиан шіркеуін, 
мектептер ашты; көптеген княздер христиандықты қабылдап, өз вассалдарын 
да бұл дінді қабылдауға күштеп көндірді. Олар осындай жолмен елге шетел 
саудагарлерін тартуға, оқпен ататын қарумен көптеп қарулануға және өзара 
қырқыс соғыстарда еуропалықтардың қолдауына ие болуға тырысты. 
Еуропалықтардың Жапонияға қызығушылығы жергілікті сауда 
капиталының күшеюіне, соғыс ісінің жетілуіне ықпал етті; олардың іс әрекеті 
өзара қырқыстардың одан сайын шиеленісуінің факторы болды, осындай 
жағдайда Жапонияның еуропалықтарға бағыну қауіпі айқын білінді.
Қалыптасқан қауіпті жағдай елді біріктіруге ұмтылыстарды күшейтті. 
Бұған ең алдымен соғысушы прововинция князьдері мүдделі болды, өйткені 
шаруалар көтерілісімен ұштасқан өзара қырқыс соғыстар феодалдардың 
өзінің өмір сүруіне қауіп төндірді. Елді біріктіріп, біртұтас рыноктың 
қалыптасуына, феодалдық кедергілерді жоюға сауда капиталының өкілдері 
де мүдделі болды. Қоғамда пайда болып келе жатқан елді шетжерліктерге 
бағыныштылықтан сақтап қалуға деген елжандылық ұмтылыстар да маңызды 
болды.
Жапонияны біріктіруде Хансю аралының орталық бөлігінен шыққан 
феодалдар – Ода Набунага, Тоетоми Хидэеси және Токугава Иэясу алға 
шықты. XVI ғасырдың 60-80 жылдары Жапония тарихында «Тыныштық жері 
дәуірі» деген атпен белгілі (Адзути дзидай). Дәуірдің атауы қазіргі Сига 


префектурасындағы, Ода Набунага 1577 жылы негізін салған замок маңы 
қаласы Адзутидің атауынан алынды, осы қала Оданың резиденциясы болды.
Ода Набунага Овари провинциясынан шықты, ол ұсақ феодалдың 
екінші ұлы еді, әкесі оны отбасынан бөліп, Нагоядан замок тұрғызып береді. 
1551 жылы, әкесі қайтыс болғаннан Ода көптеген айла-шарғылар, 
опасыздықтар арқылы өз туыстарының, көршілерінің жерлерін басып ала 
бастайды. Оданың әскери табыстарына оның жасағының оқпен ататын 
қарумен қарулануы ықпал етті. 
1562 жылы Ода императормен елде «бейбітшілікті қалпына келтіру» 
жөнінде құпия келіссөздер жүргізген болатын. Осы келіссөзден 6 жыл 
өткеннен кейін, ол Киотаға келіп ашық түрде императордың жағына шығып, 
оған үлкен көлемде қаржы берді. 1571 жылы ол Хиэй тауындағы «Заңның 
сөнбес шырағы» деп есептелген будда монастырын өртеу арқылы шіркеу 
оппозициясына қатты соққы берді, ал 2 жыл өткеннен кейін бүкіл іс 
жүзіндегі саяси ықпалынан айырылған соңғы Асикаганы құлатты. 
Әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Ода 1558 жылы рентаны 
азық-түлікпен өтеуді енгізді. Осы рента түрі феодалдық дәуірдің аяғына 
дейін сақталды.
Одаға ел территориясының жартысына жуығы бағынды, жауланып 
алынған жерлерде шекаралық кедергілер, кедендік алымдар жойылды, бұл 
алым-салықтар феодал, сарай аристократиясы мен шіркеу иелері табысының 
негізгі көзі болған еді, сондықтан да бұл шара аталған күштер тарапынан 
қатты қарсылыққа кездесті. Сондықтан да Киотадағы жойылған 7 кеден 
сарай аристократиясының бірнеше петициясынан кейін қайта қалпына 
келтірілді. Бұл Оданың сауда капиталының мүдделерін қорғаудағы 
саясатының тыңғылықсыздығын көрсетті. Бірақ Ода көптеген сауда 
капиталы өкілдерімен қызметтестікте болды, оларға қолдан келгенше 
жеңілдіктер жасап отырды. 
Ода дзаларды сарай аристократиясы мен шіркеу бақылауынан тартып 
алуға ұмтылды, сөйтіп одан түсетін табысты өз вассалдарына төлем ақы үшін 
пайдаланғысы келді. Ол жолдар салу, жол бойындағы қарақшылықпен күрес 
жүргізу, «еркін рыноктар» ашу арқылы сауданың дамуын жолға қоюға 
тырысты. 
Алайда 
еркін 
рыноктар 
замок 
маңы 
қалаларында 
орналасқандықтан солардың территориясымен ғана шектелді, ал басқа 
жерлерде дза монополиясы үстемдігі сақталып қалды.
Сұйық және шашырағыш заттардың жеке бірліктері жойылып, 
бірыңғайланған (унификацияланған) киоталық өлшем бірлігі (кё масу) 
енгізілді, ол шамамен 1,8 литрге тең болды. Айырбас бағамы бекітіліп, Ода 
күрішті айырбас құралы ретінде пайдалануға тыйым салды, алтын мен 
күмісті шетелден келетін тауарларға өтем құралы ретінде пайдалануды 
кеңейтті. Ол алтын монета (ханкин) соғуды бастады. 
Қалалардың маңыздылығын түсінген Ода өзіне сегун ұсынған құрметті 
титулдардан бас тартып, оның орнына Оцу, Кусацу және Сакаи қалаларына 
өз өкілдерін орналастыру құқығын алды. Ода өзін-өзі басқаруы бар қалаларда 
өз бақылауын орнатуға тырысты. 1568 жылы Ода Сакаи қаласына ауыр 


әскери салық салды, бұған қала халқы қатты қарсылық көрсетті, бірақ 
оппозиция тұншықтырылып, қала халқына қару-жарақ ұстауға тыйым 
салынды. 
Әр түрлі айла-шарғылармен өз иеліктерін кеңейтіп, шаруалар 
көтерілісін аяусыз жаныштай отырып, Ода Набунага «сегундық-князьдік» 
(бакухан) мемлекетінің қалыптасуына бастама жасады. 15821 жылы Киото 
храмдарының бірінде жауларының қоршауында қалған Ода өз-өзіне қол 
салып қайтыс болады.
1582-1598 жж. аралығы елдің екінші біріктірушісі – Тоетоми 
Хидэесидің резиденциясы болған Киото аудандарының бірінің атымен 
«Шабдалы тауы дәуірі» деп аталды (Момояма дзидай). 
Хидеэси 1536 жылы Накамура деревнясында ауқатты шаруа отбасында
дүниеге келген. 3 жасында ол әкесінен айырылып, өгей әкесі оны буддистік 
монастырға береді. Оның мінезі жеңіл, шайпау болса керек, сондықтан оны 
монахтар өз үйіне қайтарып жібереді. Үйіне қайтқан соң, өгей әкесі оны әр 
түрлі қолөнер түрлеріне оқуға жібереді, бұл өнерлерді ол тез арада үйреніп 
алып, жалығып та үлгереді. Ақырында ол басбұзарлар тобына кіріп, 
солардың арасында бірнеше жылын өткізеді.
Бірде ол синтоистік монахты кездестіріп, оынмен бірге ел аралап 
кетеді. Монах оны Мацусити деген феодалға қызмет етуге орналастырады, 
бұл жерде ол 5 жыл қызмет етеді. Мацусити оны жауынгер етейін деп оған 
қару-жарақ сатып алуға ақша беріп жібереді, қару сатып алған ол иесінен 
қашып кетіп, Ол Ода Набунагаға қызметке тұрады. Хидеэеси бұл жерде 
өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түседі. Ода бұл кезде замокты 
жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан болатын, жұмыс созылып кетіп, 
ол жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды Хидеэсиға тапсырады. Хидэеси 
жұмысшыларды ондықтарға бөліп, әрқайсысының басына бір-бір адамды 
жауапты етіп қояды, 2 күннен кейін жөндеу жұмыстары аяқталады. Бірде 
әскердің байқауы кезінде Ода өз командирлерінің біріне көңілі толмай, оны 
алып тастап, орнына малайы Хидеэсиді қояды. Хидеэси Оданың қызметінде 
жүріп, оның тапсырмаларын өте жоғары қабілетпен, дер кезінде орындап 
отырды, көбіне Оданың қарсыластарымен болған шайқастарда жеңістерге 
жетіп, оның иеліктерінің көлемін күннен күнге арттыра түседі. Ода 
Хидеэсиге өзі тартып әперген князь Сайтоның әскерінің бір бөлігін берді.
Ода қайтыс болғаннан кейін 2 жыл өткенде Хидеэси өз қарындасын 
Токугава Иэясуға ұзатып, онымен ықпал ету сфераларын бөлісуге тырысады: 
Токугава Хамамацу каласынан шығысқа қарай жатқан жерлерге бақылау 
орнату құқығына ие болады, ал Хидеэси – Нагоядан батысқа қарай жатқан 
жерлерді алады. Алайда келісімді бұза отырып, Хидеэси 1587 жылы Кюсю 
аралындағы Нагасаки қаласына бақылау орнатып қана қоймай, сондай-ақ 
Канто ауданын басып алды, ал 3 жыл өткеннен кейін, солтүстік-шығысқа 
жазалау экспедициясын жасап, Муцу провинциясын өзіне қаратып алады, 
осылайша елдің бірігуін аяқтайды.
Хидеэси ішкі істерде Оданың саясатын жалғастырды. Жауланып 
алынған территорияларда жер өлшемін жүргізді, бұл жерлер «тікелей 


бақылаудағы иеліктер» категориясына жатты, бұл категориядағы қалаларға: 
Осака, Киота, Нара, Оминото және сыртқы саудамен байланысты Хаката мен 
Нагасаки қалалары жатты. Хидеэсидің бұйрығымен Сакаи қаласының 
айналасындағы орға топырақ тасталып, жабылды, бұл қаланың 
қарсылығының символын жою болған еді. 
Хидеэси бүкіл ел көлемінде алғаш рет халық санағын жүргізді. 
Шаруалар 2 топқа бөлінді: салық төлейтін негізгі шаруалар, оларға ауқатты 
шаруаларды ғана емес, орташа шаруаларды да қосты, ондағы мақсат салық 
төлейтін шаруалардың санын көбейту болды, екінші топқа жері жоқ 
шаруалар жатты, олар жерге бекітілмеді. 
Хидеэси санағы вотчиналарда батыл түрде жойды, күшті село 
қауымдарының сақталып қалғандығын және дамыған вассалдық қатыстарды 
көрсетіп берді. Шаруалар ортасынан шыққанына қарамастан Хидеэси 
шаруалар көтерілістерін аяусыз басып-жаныштады.
Хидеэси бірқатар маңызды реформаларды іске асырды. 1568 жылы 
шаруаларды жерге бекіту туралы және салық мөлшері туралы жарлық 
шығарды. Жарлыққа сәйкес шаруаға астықтың 1/3-нен көп емес, ал сеньорға 
2/3-нен кем емес бөлігіне құқық берілді.
Шаруаларды тәуелділікке түсіру олардан қару-жарақтарын тартып 
алумен қатар жүрді. 1588 жылы жарлыққа сәйкес («Қылыштар аулау» деп 
аталып кеткен жарлық) шаруалардан тартып алынған қылыштар мен 
қанжарлардан Ұлы Будда мүсінін тұрғызуға қажет шегелер жасалды.
Осыдан 3 жыл өткеннен кейін, 1591 жылы әлеуметтік-сословиелік 
ерекшеліктерді бекіткен жарлық шықты. Үш сословиелік-әлеуметтік бөлініс 
орнықтырылды: самурайлар (си), шаруалар (но) және қалалықтар (симин). 
Соңғы топқа ол уақытта әлі де ара жігі ажыратылмаған қолөнершілер мен 
саудагерлер кірді. 
1597 жылы ең төменгі әкімшілік бірлік ретінде 5 және 10 қожалық 
қауымдар орнықтырылды және осы қауым шеңберінде шаруалар бірі үшін 
бірі жауап беретін болды. Шаруалардан жиналатын салықты көбейту үшін 
жер аудандарының бірлігі азайтылды, бірақ салық мөлшері бұрынғы 
деңгейде қалды, осының нәтижесінде салықпен қанау 30%-ға өсті.
Хидеэси католик миссионерлерінің қызметіне тыйым салды, бірақ бұл 
кезде «елдің жабылуы» толық болған жоқ, өйткені ол еуропалықтардың 
көмегімен кемелер мен қару-жараққа ие болып, өзінің сыртқы жауларына 
қолдануды ойлаған еді. Хидеэсидің билік құрған дәуіріне қаржылық базаның 
тұрақсыздығы тән болды, бұған үздіксіз жүріп отырған соғыстар ықпал етті. 
Хидеэсидің қаржы жағынан әлсіздігі оның сауда капиталымен одағын және 
соларды қолдау саясатын анықтады. Сауда-тауар қатынасының дамуына 
байланысты алтын, күміс және мыс индустриясының өсуіне байланысты 
теңге көптеп шығарылып отырылды. 
Хидеэсидің құнды металдарды өндіруге қызығушылығы оның ішкі 
саясатында белгілі дәрежеде меркантилизм тенденциясы болғандығын 
айғақтайды: ол байлықтың көзі өндірісте емес, айырбаста деп есептеді, 
байлық ақшамен байланыстырылды. 


Хидеэси тұсында «сегундық-князьдік» мемлекет нығайды, мемлекетте 
князьдар әкімшілік және сот құқықтарын сақтап қалды. 
Қытаймен және Кореямен ресми сауданы қалпына келтіруге ұмтылған 
Хидеэси 1591 жылы князь Соны Кореяға жіберіп, Корея билеушісі 
Жапонияның вассалы болуын талап етеді. Корея өкіметі вассал болудан бас 
тартты. Сондықтан 1592 жылы сәуірде жапондықтардың 137-мыңдық 
армиясы Корея түбегінің оңтүстігіне еніп, үш қатар сап түзеп, 20 күн ішінде 
маңызды стратегиялық мекендерді басып алып, Сеулге таяп келді. 
Корей халқының жапон басқыншыларына қарсы күресін дарынды 
адмирал Ли Сунсин басқарды, ол қысқа уақыт ішінде қорғанысты 
ұйымдастырып, жапондықтардың тылында партизандық қозғалысты 
өрістетті. Өйткені жапондықтар жергілікті халықты қатыгездікпен басып 
жаншып, өздерінің жеңісінің дәлелі ретінде корейліктердің құлағын кесіп, 38 
мың құлақты Жапонияға жіберген болатын. Бұл құлақтар Киотодағы 
«құлақтар мүрдесінде» жерленді.
1592-1597 жж. Хидэеси Кореяға екі үлкен жорық жасап, оның 
оңтүстігінен солтүстігіне дейін жетті. Бірақ аяғында жеңіліп, Кореядан 
кетуге мәжбүр болды. Бұл жеңілістен кейін Хидэесидің отаршылдық 
саясатын белсенді түрде қолдаушы сауда буржуазиясы өзінің саясат пен 
экономикадағы бұрынғы ықпалынан айырылды. Дегенмен, елдің бірігіуі, 
өзара қырқысулардың тоқтауы ішкі сауданың жедел қарқынмен дамуына 
мүмкіндік жасады. Кореяға жорық оңтүстік-батыс феодалдарының және 
сыртқы саудамен айналысатын сауда капиталының күшін әлсіретті. Алдыңғы 
позицияға соғыс ауыртпалықтарын аз көрген солтүстік-шығыс феодалдары 
мен Орталық Жапония князьдері шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет