Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет67/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

Шаруа көтерілістері. 
Өзара жауласушы провинциялар дәуіріндегі 
қырқыстар шаруалардың жағдайын нашарлатып жіберді. Жыртылатын жер 
көлемі қысқарып кетті, салық кобейіп, үнемі қосымша салықтар енгізіліп 
отырды. Бұл шаруалар көтерілісі толқынын туғызды. Мұндай көтерілістердің 
кейбірі бүтіндей провинцияларда шарпып, сондықтан да оларды провинция 
көтерілісі деп атады. Ең ірі көтеріліс 1485-1493 жж. Ямосиродағы көтеріліс 
болды. Шаруалар көтерілісі ХҮІ ғасырда да жалғасты. Көптеген қауымдар 
өзін-өзі басқаруды іске асырды. Атап айтқанда, қауым жерлерін пайдалану, 
суғару құралдарын пайдалану мәселелерін шешіп, феодалдарға тапсыратын 
талаптарды бірігіп құрастырды. Шаруа қауымының мүшелері қару-жараққа 
ие болып, самурайлық құрылыстың өзіне қауіп төндірді. Егер бұрын олар 
суды пайдалану үшін феодалдарға салық төлеген болса, енді қауымдарға 
төледі. Сөйтіп князьдер енді өзін-өзі басқаруды білмейтін вотчиналық 
деревнялармен емес, күшті ауыл қауымымен байланысқа түсті. ХҮІ ғ. 
шаруалар көтерілісі діни ту астында өтіп отырды. Шаруалардың 
наразылығын феодалдардың өзара қырқысына белсенді түрде қатысып 
отырған әр түрлі буддистік мектептер пайдаланғысы келді. Ол кезде 
шаруалар арасында «Бір туралы ілім (Икко)» буддистік мектебі үлкен 
ықпалға ие болды. Сондықтан бұл қозғалыс Икко көтерілісі деп аталды. Оны 
жақтаушылар адам жанын сақтап қалу үшін (жұмаққа түсу үшін) тек: 
«Амида будда рақымды» деген сөзді үнемі қайталап жүрсең жеткілікті деп 
үйретті. Олар ортодоксалды буддизмдегідей дүниелік жақсылықтардан бас 
тартуға, ерекше тақуалыққа үндемеді, сондықтан да бұл ілім шаруа 
бұқарасына түсінікті болып, кең қолдауға ие болды. Икко сектанттық мектебі 
Каага провинциясында әсіресе кең құлаш жайды. Сектаннтар көтерілісі 1488 
жылы басталып, 100 жылға созылды. Оған 200-дей шаруа қатысты.
Діни ту астында өтіп отырған шаруа көтерілістері жергілікті 
әкімшілікке қарсы бағытталды, бірақ түпкі нәтижесінде бұл көтерілістің бәрі 
жеңіліс тауып, жеңіске жеткен феодалдар өз провинцияларында көтеріліске 
дем берген буддистік мектепті жауып, халықты басқа мектепке ауысуға 
мәжбүрлеп отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет