Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет35/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
treatise20490
treatise20490

 
14.2 Эпистемология 
 
Эпистемология  білімнің  мәні  мен  табиғатын,  оның  құрылымы  мен 
дамуын  зерттейді.  Әдетте,  білім  анализі  теориялық  философияда,  тұрмыс 
туралы  ғылым  –  онтологияда  жүзеге  асырылады.  Классикалық 
жаңаевропалық философияда бұл анализ әдетте «адамның ақыл-ойы» туралы 
жалпы зерттеулер аясында беріледі.  Таным туралы түсініктің іргесін қалаған 
Декарт,  Локк,  Лейбниц,  Юм,  Кант  секілді  философтардың  еңбектерінде 
осылай кӛрсетілген.  
 XIX  ғасырдың  ортасынан  бастап  философиялық  білімнің  осы  саласы 
білімнің  мәнін,  оның  құрылымы  мен  дамуын  –  «гносеологияны»  немесе 
таным  теориясын  зерттеумен  айналысатын  ерекше  философиялық-
әдістемелік  пән  ретінде  ұғындырыла  бастады.  ХХ  ғасырдан  және  соңғы 
онжылдықтан бастап оны ағылшынша үлгімен – «эпистемология»  деп атау 
жиілеп  кетті.  Классикалық  философияда  осындай  терминдік  нақтылықтарға 
арналған қандай да бір терең себептер жоқ. Олар тек білім теориясы жайлы 
кӛбіне  ағылшын  тілді  философтар  жазатыны  туралы  фактті  кӛрсетеді.  
Классикалық 
емес 
философия 
«эпистемология» 
терминін 
кейбір 
категориялық  айырмашылықтарды  кӛрсетуге  қолданады.  Мысалы,  егер 
гносеологияда  таным  мәселелері  субъектілі-объектілі  қатынастар  арқылы 
қарастырылса, эпистемологияда акцент субъектіден объектіге (яғни, білімнің 

ӛзіне) алмасады. Білім туралы зерттеу тереңдей түсуде, жаңа философиялық-
әдістемелік  бағыттар  мен  тәсілдер,  ғылыми  әдістер  (аналитикалық, 
құрылымдық-функционалдық  және  басқалар)  пайда  болды.    Басқаша 
айтқанда,  білім  мен  объектінің  қатынасы  қазіргі  уақытта  таза  танымдық 
жағдайлардың шегінен шығып кетіп отыр.  
Эпистемология – бұл объект туралы білімді қалай алуға болатындығын 
және  ол  туралы  шынайы  ұсыныс  жасау  мәселесін  қарастыратын  теория. 
Басқаша  айтқанда,  эпистемология  –  ол  танымның  шығу  тегіне,  әдістеріне, 
дамуына және басқа да мәселелеріне байланысты сұрақтарға жауап табумен 
айналысатын теория.  
«Эпистемология»  сӛзі  гректің    «episteme»  –  білім,  және  «logos»  –  сӛз, 
ғылым деген сӛздерінің тіркесуінен пайда болған. Ең алғаш рет бұл терминді  
Дж.Ф. Ферье (1808-1864 жж.) қолданған.  Erkenntnistheorie (таным теориясы) 
немісше  түсінігі  К.Л.  Рейнхольдом  (1758-1823  жж.)  тарапынан  енгізілген. 
Орыс  тілі  әдебиеттерде  эпистемология  ұғымының  орнына  кӛбіне  таным 
ұғымы қолданылады.   
Таным теориясы (гносеология) – бұл философияның таным табиғатын, 
оның  мүмкіншіліктері  мен  шекараларын,  шынайылық  пен  білімнің  қарым-
қатынасы  мәселелерін  зерттейтін  саласы.  Ол  таным  процесінің  жаппай 
алғышарттарын,  білімнің  деректілік  шарттарын,  таным  формалары  мен 
деңгейлерін және басқа да мәліметтерді зерттейді.  
Таным – ең алдымен қоғамдық-тарихи тәжірибемен шартталатын білім 
алу және оны дамыту, оны үнемі тереңдету, кеңейту және жетілдіру процесі. 
«Білім» термині әдетте үш негізгі мағынада қолданылады:  
-  бір  нәрсені  жасау,  жүзеге  асырудағы  білгірлікке  негізделетін 
қабілеттер, икемділік пен дағдылар;  
- кез келген танымдылық мәні бар ақпарат;  
-  адамның  болмысқа  қатынасының  ерекше  танымдық  бірлігі, 
гносеологиялық  формасы,  ол  ӛзінің  тәжірибелік  байланыс  атты 
«жолдасымен» бірге не ӛзара байланыста ӛмір сүреді.  
Екінші  жіне  үшінші  аспектілер  –  гносеологияны,  таным  теориясын 
талқылау пәні болып табылады.  
Таным және оны зерттеу бір рет қана берілетін ӛзгеріссіз құбылыс емес, 
ол  белгілі  бір  заңдар  бойынша  дамитын  «әлдебір  диалектикалық»  құбылыс. 
Ӛзінің  даму  жолындағы  әрбір  кезеңінде  білім  таным  теориясы  тарихының 
бейнесін жасайды.  
Таным  қоғамдық  тәжірибемен  тығыз  байланыста  дамиды  және  жетіле 
түседі.  Тәжірибе  –  бұл  адамның  қоршаған  ортаны  материалдық  жағынан 
игеруі.  Бұл  әлемде  адамдар  ӛздерінің  мәнді  күштерін  мүлт  кеткізіп, 
материалдық заттар жасайды.   
Заманауаи  философияда  таным  процесіндегі  тәжірибенің  рӛлі 
талқыланады. Мысалы, К. Поппер теория мен практиканың бірлігін жоюдың 
немесе  (мистицизм  секілді)  оны  мифпен  алмастырудың  ретсіздікке  алып 
келетінін айтады.   Ол тәжірибе – теориялық білімнің дұшпаны емес, ал «оған 
баратын ынталандырғыш» деп кӛрсетеді.   

Танымның  кез  келген  формада  болса  да  тікелей  мақсаты  –  ол 
шындық.Оған  барар  жол  әдетте  күрделі,  қиын  және  қарама-қайшылықтарға 
толы.  Заманауи  философия  сӛздігіне  сәйкес,  «ақиқат  (грек  тілінен  aletheia 
«жасырын  болмау»)  –  ӛз  затына  сай  келетін  білім.  Ақиқаттың  басты 
қасиеттері мен белгілерінің қатарына: ӛзінің сыртқы бастауына байланысты 
объективтілік  және  ішкі  мінсіз  мазмұнына  байланысты  субъективтілік; 
процессуалдық сипат (ақиқат «жалаң нәтиже» емес, ол процесс); мазмұндағы 
абсолютті,  тұрақты  және  салыстырмалы,  нақты,  ӛзгермелі  сипаттардың 
бірлігі  (яғни,  «мәңгі  ақиқаттар»);  абстракті  және  нақтылықтың  ӛзара 
байланысы  («ақиқат  әр  уақытта  нақты»).  Кез  келген  шынайы  білім 
(ғылымдағы,  философиядағы  және  ӛнердегі)  ӛз  мазмұны  мен  қолданылуы 
жағынан  анықталады.  Ақиқаттың  қарама-қайшылығы  және  оған  қарай 
танымның  жылжуы  адасу  болып  табылады.  Ақиқат  критерийлері 
эмпирикалық  (машық,  тәжірибе)  және  эмпирикалық  емес  (логикалық, 
теориялық және қарапайымдылық, сұлулық, білімнің іштей жетілуі секілді) .  
Ақиқаттар  эмпирикалық  және  теориялық  болады.  Эмпирия  –  бұл 
тәжірибе.  Тәжірибелерден  біз  жеке  эмпирикалық  ақиқаттар  туралы  түсінік 
аламыз. Кӛбіне олар үстіртін болып келеді, заңды мәртебеге таласпайды және 
әр  түрлі  жағдайлармен  жеңіл  әшкереленуі  мүмкін.  Теориялық  шындықтар 
эмпирикалық шындыққа толықтай қарама-қайшы болып келеді. Олар заңның 
қатаң  тұжырымдарында  бекітілген,  яғни  кездейсоқ  немесе  үстіртін  емес, 
терең заттық байланыста болып келеді.  
Адам 
ақиқатты 
ашпай, 
ӛзінің 
субъективті 
образдарын 
айналасындағылармен  салыстырмай  ӛмір  сүре  де,  дами  да  алмайды. 
Сондықтан  да  ақиқат  туралы  шындық  ежелгі  уақыттарда  пайда  болды.    , 
ақиқатты  ашу  шарттары  және  оның  тұрмыстағы  жағдайы  туралы 
сұрақтармен бірге олардың жауаптары да туындап отырды. 
Біріншіден,  кӛне  замандардан  бастап  тарихтың  бүкіл  кезеңдерінде 
скептицизм  бағыты  (немесе  басқаша  релятивизм)  ӛмір  сүрді.  Скептиктер 
барлығына  ортақ  шындықты  іздеу  –  нәтижесіз,  қайырымсыз  жұмыс  деп 
есептеген.  Мораль  не  болмаса  табиғат  мәселелері  болсын,  кез  келген 
сұрақтар  бойынша  екі  тікелей  қарама-қарсы  пікірлерді  қалыптастыруға 
болады, олардың екеуі де теңдей негізделеді.   
Ақиқатты  танудағы  екінші  ірі  бағыт  объективті  идеализм  деп 
аталатын  ілімдерге  байланысты.  Оның  мәні  ежелгі  грек  философы 
Платонның  тұжырымдарында  кӛрсетілген.  Платон  объективті  идеялар 
(эйдостар)  әлемі  ӛмір  сүреді,  ал  біздің  күнделікті  ӛміріміз  –  тек  қана  оның 
кӛлеңкесі,  жартылай  кӛрінісі  деп  есептейді.  Сұлулық,  Әділдік,  Махаббат 
идеялары  шынайы  тұрмысты  құрайды.  Олар  барлығы  үшін  ақиқат,  ядро, 
нұсқа болып табылады.  
Шындықты ұғынудың және бір бағыты – бұл субъективті идеализм.  Ол 
әсіресе  XVIII  ғасырдағы  ағылшын  епископы  Джорж  Беркли  еңбектерінде 
жарқын кӛрініс тапты. Беркли біз нақтылықпен біле алатын жалғыз шындық 
ол  біздің  сезімдеріміздің  шындығы.  Қалғандарының  барлығы  –  ақылдың 
құрылымдары.   

XVII  ғасырдағы  неміс  философы,  таным  мен  сананың  белсенділік 
идеясын  алға  тартқан  Иммануил  Канттың  берген  түсініктері  үлкен 
эвристикалық  құндылықты  (танымға  себепші  болатын)  құрайды.  Ол  біздің 
танымдық  қабілетімізді  күрделі  құрал  деп  есептеді,  оның  кӛмегімен  әлем 
бейнесі дәйекті түрде ӛзінше құрылымданады. Бірақ әлем бейнесін жасайтын 
танымдық  қабілет  материалы  сыртқы  әлемнен,  яғни  «ӛзімен  ӛзі  жатқан» 
әлемнен  алынады.    Біздің  миымызда  ӛмір  сүретін  әлем  бейнелері,  Канттың 
ойынша,  адамгершіліктен  тыс  болмысты  кӛрсетпейді,  және  біз  адам 
кӛзқарасынан тыс болмыс кӛрінісінің қалай болатынын білмейміз және біле 
де алмаймыз, бірақ сонда да таным объективтілікке деген сүйенішсіз мүмкін 
емес. Танымның ӛз бейнесін жасайтын материалы сананың ӛзіне байланысты 
емес. Осылайша, ақиқат әлемнің ӛзінен шығатын сәттермен қоса субъективті-
объективті болып табылады.  
Ой  тарихында  шындық  туралы  екі  қарама-қайшы  түсінік  бар.  Бір 
кӛзқарас  шындықты  объективті,  ешқандай  жеке  ойларға  тәуелді  емес, 
сондықтан  да  абсолютті  деп  қарастырады.  Шындықтың  абсолюттілігі  –  бұл 
толық  кӛлемдегі  білім,  оның  мазмұны  толығымен  болмысқа  сәйкес  келеді 
және  ғылымның  ары  қарай  даму  жолында  ӛзгертілмейді.  Бұл  дегеніміз  осы 
шындықтың 
ешқайда, 
ешқашан, 
ешкімнің 
тарапынанто 
бұрмаланбайтындығын  білдіреді.  Ол  ашылған  сәтінен  бастап  барлық 
халықтар  мен  уақыттар  үшін  сол  қалпында  қалады.  Және  тек  қана  адамдар 
үшін ғана емес, кез келген саналы зат үшін ақиқат сол күйінде қалады.  
Скептиктер тарапынан насихатталған ақиқатқа деген және бір кӛзқарас 
біздің  білімдерімізде  ешқандай  ерекшелік  жоқ,  барлығы  релятивті,  яғни 
ӛткінші,  ӛзгермелі  деп  түсіндіреді.  Салыстырмалы  шындық  дегенде  олар 
ӛзінің  бүкіл  объективті  мазмұны  бойынша  аяқталмаған  және  толық  емес 
болып табылатын білімді меңзейді, яғни бұл білім ерте ме кеш пе ӛзгеріске 
түседі. Әрбір кезең және әрбір дәуір ӛзінің жаңа кӛзқарастарын енгізеді. 
Осы  жерде  мынадай  сұрақ  туындайды:  кімдікі  дұрыс,  абсолюттік 
шындықты  жақтаушылар  ма,  әлде  релятивистер  ме?  Ойымызша,  екеуі  де 
емес.  Шынайы  білім  –  бұл  болмыстың  дамушы  моделі,  сондықтан  да  ол 
тұрақтылық пен ӛзгергіштік сипаттарын қатар алып жүреді.  
Заманауи философияда шындықтың үш тұжырымы ерекше түрде бӛліп 
кӛрсетіледі: 
сәйкестік 
(корреспонденция), 
когеренттілік 
және 
прагматикалылық тұжырымдамасы.  
Сәйкестік  тұжырымдамасы  бойынша  шындық  субъект  және  объект 
психикасының  ӛзара  сәйкесу  формасы.    Аристотель  шынайы  және  жалған 
ұғымдар заттарда емес, ойда ӛмір сүреді деп есептеген. Сезім мен ойдың дәл 
сәйкестенуінің  қарабайыр  схемасы  объектіге  жеткіліксіз  болып  табылады.  
Жеке  ойлау  тек  ойлау  жүйесінде  ғана  ӛз  мәніне  ие  болады.  Жол-жӛнекей 
кӛпдыбысты 
логикалық 
құрылымдар 
болса, 
пайымдаулар 
мен 
талқылаулардың  нәтижелілігін, байланыстылығын есепке алуға тура келеді. 
Бұл  тұрғыда  шындықтың  когерентті  байланысы  туралы  айтуға  болады. 
Когеренттік  дегеніміз  айтылымдардың  ӛзара  үйлесімділігі.  Шындықтың 
когерентті  концепциясын  дамытуға  Лейбниц,  Спиноза,  Гегель  елеулі  үлес 

қосты. 
Шындықтың 
когеренттілік 
концепциясы 
сәйкестілік 
тұжырымдамасын жоққа шығармайды.  
Тәжірибені шындықтың критерийі ретінде есептейтін тұжырымдама ӛз 
бастауын  грек  софистикасы  мен  ежелгі  Қытай  философиясынан  алатын 
шындықтың  прагматикалық  тұжырымдамасы  деп  аталады.  Прагматикалық 
тұжырымдаманы  дамытуға  ӛзіндік  елеулі  үлес  қосқан  марксизм  және 
американдық  прагматизм  жақтастары.  Марксистер  шындық  істердің 
объективті  жағдайын  кӛрсетеді  деп  санаған;  ал  прагматиктер  шындықты 
сезімдер,  ойлар,  идеялардың  «жұмысқа  қабілеттілігі»,  олардың  кӛзделген 
мақсатқа қол жеткізудегі пайдалылығы деп санады.  
Американдық философ Н. Решердің ойы құнды болып табылады, оған 
сәйкес  шындықтың  үш  концепциясы  жойылмайды,  керісінше  бір-бірін 
толықтырып  отырады.  Философиядан  проблематиканы  алып  тастауға  деген 
ұмтылыс сәтсіздікке ұшырады.  
Ғылыми  рационалдылықтың  қазіргі  даму  жолында  ғалымдар  және 
әдіскерлер  тарапынан  кӛп  қайтара  болып  жатқан  зерттеулер  шындық 
критерийлерінің  жойғыш  реестрінің  мүмкін  еместігін  мойындауға  алып 
келеді.  Бұл  әр  уақытта  үдемелі  дамып  отыратын  ғылым  дамуымен,  оның 
трансформациясымен,  жаңа,  классикалық  емес  сатыға  алмасуымен 
ерекшеленеді.  Критерийлердің  кетігін  толтыру  үшін,  жаңа  үлгідегі 
прогрессизм  немесе  қарапайым  еместік,  нақтылық,  сыншылдық,  қажеттілік 
секілді  ұғымдарға  арқа  сүйейміз.  Заттық-тәжірибелік  қызмет,  объективтілік 
секілді  ұғымдар  бірінші  орынға  қойылатын,  ал  екінші  орынға  логикалық 
қайшылықсыздық,  қарапайымдылық  және  эстетикалық  ұйымдастырушылық 
секілді  ұғымдар  қалдырылатын  бұрынырақ  белгіленген  ӛлшемдер  шынайы 
білім ӛлшемдерінің қатарына жатады.  
 
     Бақылау сұрақтары: 
 
1.Диалектика 
адамның 
ғылыми-танымдық 
және 
тәжірибелік-
ӛзгерушілік қызметінің логикасы және әдістемесі ретінде. 
2.Диалектиканың басты ұстанымдары мен заңдары.  
3.Диалектиканың басты категориялары. 
4.Ғылыми танымның ерекшелігі және оның  динамикасы.  
5.Шындық пен адасудың қасиеттері мен критерийлері қандай? 
 
 
 
 
 
 
XV Бӛлім 
 Техника және глобалистика философиясы 
 
15.1. Техника философиясы 

 
Техника  мен  технология  әркез  болған,  себебі  адамзат  тарихы  еңбек 
құралдарын,  яғни  ең  қарапайым  техниканы  қолдана  бастаған  кезден 
басталады.  Бұдан  бетер,  адамзат  тарихының  барысы  кӛбіне  техниканың 
біртіндеп  дамуы  мен  қоғам  үшін  қолжетерлік  технологиялардың 
жиынтығымен анықталады. 
Техника  батыс  христиандық  ӛркениеттің  сол  бұрынғыдан  бар  ежелгі 
механизмдердің  үйлесімі  болып  табылатын  техниканың  ӛз  қарамағына  бу, 
минералды отын, электр тоғы, ең ақыры атомдық ыдырау түріндегі жаңа қуат 
кӛздерін  алған  Жаңа  және  Қазіргі  уақытта  қарқынды  дами  бастайды.  Сол 
кезден бастап әлемнің бір де бір мемлекеті техника саласында болып жатқан 
ӛзгерістерден тыс қалғысы келмеді. 
Ӛзінің  даму  барысына  қарай,  техника  философиялық  ұғыну 
тақырыбына  айналады.  1877  жылы  Брауншвейгте  техника  мәселелерін 
жүйелі  философиялық  қалыптастырудың  бастапқы  нүктесі  деп  саналатын 
философ-антрополог Э.Капптың «Техника философиясының негіздері» атты 
кітабы  жарық  кӛреді.  Шамамен  осы  уақытта  Францияда  А.Эспинас 
философиялық  тәсіл  мен  философиялық  терминдерге  негізделетін  жалпы 
техника  теориясын  қалыптастыру  жұмыстарын  жүргізе  бастайды,  оның 
аяқталуы  1897  жылға  келеді.  Орыс  философтарының  жұмыстары  арасында 
атақты  инженер  П.К.Энгельмейердің  «Шығармашылық  теориясы»  (1910) 
және  «Техника  философиясы»  (1910-1913жж.)  тәрізді  еңбектерін  атап  кету 
қажет.  
«Техника» ұғымының қатал, бірмәнді анықтамасы осы күнге дейін жоқ. 
Мысалы, техника ретінде жасанды түрде құрылған заттарды (артефакттарды) 
ұғынатын  болсақ,  онда,  мәселен,  қала  құрылыстарын,  картиналар  мен 
мүсіндерді  қайтпекпіз?  Француз  философы  әрі  әлеуметтанушысы  Жак 
Эллюль (1912-1994жж.) «Техникалық  жүйе» кітабында «техниканы «адам 
қызметінің  кез  келген  саласында  …  сӛзсіз  тиімділікке  ие  ұтымды 
қалыптастырылған  әдістердің  қосындысы  ретінде  анықтайды».  Басқаша 
сӛзбен  айтқанда,  техниканы  ол  техногенді  ӛркениетке  тән  белгілі  бір 
ұтымдылық  түрі  ретінде  қарастырады.  Неміс  техника  философы  Ф.Раппе 
анықтамалардың  екі  түрін  бӛліп  кӛрсетеді  –  тар  және  кең.  Тар  мғынада 
техника  ретінде  ол  инженерлік  қызметпен  байланысты  жасалған 
артефактыларды санайды. Ал кең мағынада – кез келген тиімді әдіснамалық 
қызмет саналады. 
Қазіргі кезде негізгі мәселелердің бірі ретінде техниканың табиғат пен 
қоғаммен  байланысына  қатысты  мәселе  қалып  отыр.  Әдетте  бұл  мәселені 
қарастыру  барысында  Жаңа  дәуір  ғылымы  мен  философиясымен 
қалыптастырылған  екі  базалық  идеяға  негізделеді.  Оның  біріншісі  – 
ғаламшардың  табиғи  қорларының  шектеусіздігі  туралы  түсінік  болса, 
екіншісі  –  адамның  табиғатқа  үстемдік  ететін  «табиғат  патшасы»  болып 
табылатындығы  туралы  түсінік.  Дегенмен  бұл  идеялар  бүгінде  қате  болып 
шықты.  Бір  жағынан,  ғаламшар  қорлары  шектелген,  себебі  ілгерілеудің 
шексіз  экстенсивті  дамуы  мүмкін  емес.  Екінші  жағынан,  адам  –  табиғаттан 

тыс  ӛмір  сүре  алмайтын,  бар  болғаны  табиғат  бӛлігі  ғана  екендігі  туралы 
ұғыну келеді. 
Осы  орайда  техника  философиясының  алдында  адами  қоғамның 
әлеуметтік  және  технологиялық  дамуындағы ӛзара байланыс  туралы  мәселе 
пайда  болды.  Детерминизм  үлгілерінің  алуан 
түрлігі  арасында 
«технологиялық  детерминизм»  ең  кӛп  таралғаны  болды,  оның  кӛптеген 
түрлері ажыратылды. Марксизм философиясына сәйкес, ӛндірістік күштердің 
даму  деңгейі,  яғни  техниканың  жағдайы  ӛндірістік  қатынастардың  деңгейін 
анықтайды.  Ӛндірістік  қатынастар  сипатының  ӛндірістік  күштердің  даму 
деңгейіне  сәйкестік  заңының  әсері  «формацияны»  анықтайтын  «ӛндіріс 
тәсілі»  ұғымы  арқылы  ашылады,  ал  аталған  формациялардың  бес  түрі 
ажыратылады  –  алғашқы  қауымдық,  құлиеленушілік,  феодалдық,  капита-
листік  және  болашақта  –  бүкіл  тарихтың  ақырғы  формациялары  ретінде 
социалистік және коммунистік. 
Марксистік  тәсілде  техникалық  ілгерілеу  бейнебір  квазиавтономды 
процесс  ретінде  ұғылады,  оның  барысымен  қоғамда  болып  жатқан  барлық 
әлеуметтік-мәдени 
ӛзгерістер 
анықталады. 
Мұндай 
тарихи 
және 
технологиялық  процеске  деген  кӛзқараста  қамтылған  ақиқат  адамдардың 
әрекеттері  толықтай  еркін  болып  табылмай,  сол  қоғамда  қалыптасқан 
технология ұсынатын құралдар жинағымен шектелетіндігінде кӛрініс табады. 
Бұл  тұрғыдан,  технологиялық  детерминизмді  жақтаушылардың  ұста-
нымы,  әрине,  дұрыс,  олардың  қатарында  Г.-М.  Мак-Люэнді,  М.  Кастельсті, 
Л. Мэмфордты атауға болады.  
Расында  да,  ХХІ  ғасырды  техниканы  әлеуметтік  ӛмірдің  түрлі 
салаларында  кеңінен  қолдануымен  сипаттауға  болады.  Ол  түрлі  басқару 
салаларында  да  бұрынғыдан  белсендірек  қолданыла  бастап,  әлеуметтік 
дамудың  қайсыбір  жолдарын  таңдауға  іс  жүзінде  әсер  ете  бастайды. 
Техниканың  осы  жаңа  қызметін  кейде  оның  әлеуметтік  күшке  айналуы 
ретінде сипаттайды. 
Канадалық  философ  әрі  мәдениеттанушы  Маршалла  Мак-Ллюэннің 
(1911-1980  жж.)  «бастапқыда  біз  технологияларды  қалыптастырамыз,  ал 
кейін  олар  бізді  қалыптастырады»  деген  сӛздері  қазір  де  ӛзектілігінен 
айырылған жоқ. Ӛз кезінде ғалым үлкен ӛмірге «ӛз анасының теледидарымен 
бірге  жарнама  арқылы  әлемнің  барлық  кезеңдері  мен  кеңістіктерін  бірге 
сорған  ұрпақтардың»  келуін  кӛрсеткен.  Ол  ХХ  ғасырдың  орта  тұсында-ақ 
адам 
қолының 
теледидар 
батырмасымен, 
теледидардың 
кӛзбен, 
компьютердің денемен, адамның Желімен бітісуін болжаған. Мак-Люэн жаңа 
шынайы болмыстың келуін жаршылаған.  
Әлеуметтанушы  Мануэль  Кастельс  «Ақпараттық  дәуір:  экономика, 
қоғам және мәдениет» трилогиясында былай деп көрсетеді: «Біз қарқынды 
әрі  индустриялық  дәуір  шегінен  асып кеткен  қозғалыс  туралы белгі  беретін 
жаңылысқан  жаңарулар  дәуірінде  ӛмір  сүреміз.  Бірақ  осы  ауысуды  картаға 
салатын  ұлы  әлеуметтанушылық  зерттеулер  қайда?  Зияттылығы  аздар 
ақпараттық  қоғамды  түсіндіріп  бақса,  зияттылықтан  жұрдай  постмо-
дернизмге дербес әлеуметтік түсініктеме беріп әуреленуде».  

Іргелі  ӛркениеттік  процестерді  Жан-жақты  талдау  негізінде  Кастельс 
ақпараттық  технологиялардың  қазіргі  әлемде  түбегейлі  жаңа  рӛл 
атқаратындығы  туралы  тұжырымға  келген.  Қарадүрсін  технологиялық 
детерминизмді сынай келе, ол ақпараттық технологиялар заманында ӛндіріс, 
тәжірибе, билік және әлеуметтік сәйкестіктер арасындағы ӛзара байланыс 
күшейе түсетіндігі туралы болжам айтады. 
Кастельстің пікірі бойынша, «даму тәсілдері – еңбектің материалға әсер 
етуін  жүзеге  асыратын  технологиялық  сызбалар,  олар  ӛнім  жасау  үшін, 
ақырында  экономикалық  артықшылықтың  кӛлемі  мен  сапасын  детерми-
нациялайды».  Оның  ойынша,  «дамудың  жаңа,  ақпараттық  тәсілінде 
ӛндірімділік  кӛзі  білімді  қалыптастыру,  ақпарат  пен  символикалық 
коммуникацияны  ӛңдеу  технологиясында  қамтылады.  Әрине,  білім  мен 
ақпарат  дамудың  барлық  тәсілдеріндегі  ең  маңызды  элементтер  болып 
табылады,  себебі  ӛндіріс  процесі  әркез  білім  деңгейі  мен  ақпараттың 
ӛңделуіне  негізделеді.  Дегенмен,  дамудың  ақпараттық  тәсілі  үшін,  білімге 
негізгі  ӛндірімділік  кӛзі  ретіндегі  білімнің  әсер  етуі  ӛзіндік  ерекшелік 
болып табылады». 
Американдық  философ  әрі  әлеуметтанушы  Льюис  Мэмфорд  (1895-
1990  жж.)  қоғам  дағдарысының  себебін  «мегамашиналар»  рӛлінің  тым 
күшейіп  кетуінде  кӛреді.  «Машина  туралы  миф»  кітабында  ол  адамды 
құрал  ӛндіріп,  оны  басқарушы  ретінде  технократиялық  бейнелеу  енді  артта 
қалғандығын  айтады.  Жағымсыз  технологиялық  детерминизм  тұрғысынан 
Мэмфорд  бүгінде  техниканы  пайдаланып  басқаратын  адам  емес,  керісінше 
техника  адамдарды  пайдаланып  басқаратындығын  кӛрсетеді.  Оның 
айтуынша,  адамдардың  техниканы  басқару  процесі  ӛзінің  шоғырлан-
дырылған  кӛрінісін  жансыз  әрі  келбетсіз  Мегамашинадан  тапқан.  Бұл 
Мэмфордтың  айтуынша,  адам  қызметінің  ӛте  ұтымды,  технократиялық 
әлеуметтік ұйымдастырылуы болып табылады. 
Техниканың  әлеуметтік  функциясының  қалыптасуының  жарқын 
кӛрінісі ретінде энергия мен білімді қолдану арқылы ӛндіріс құралдарын 
пайдалану  функциясы  ретіндегі  материал  мен  еңбек  арасындағы 
қатынастардың  ӛзгеруі  саналады.  Бұл  процесс  «даму  тәсілдерін» 
анықтайтын ӛндірістегі техникалық қатынастарды сипаттайды. 
Заманауи  техника  қоғам  ӛмірінің  барлық  салаларына  әсер  етті,  атап 
айтқанда, материалдық ӛндіріс саласы революциялық ӛзгерістерге ұшырады, 
әлемнің  дамыған  елдерінің  әлеуметтік  құрылымы  айтарлықтай  ӛзгерістерді 
ӛткерді.  «Қазіргі  техника»  кітабында  К.Ясперс  былай  деп  кӛрсетеді: 
«Техниканың  нақтылығы  адамзат  тарихында  ақылға  қонбайтын  ӛзгеріске 
алып  келді,  оның  барлық  салдары  тіпті  ең  қиялшыл  оймен  болжамдана 
алмайды. Бірақ бір нәрсе ғана айдан анық: техника – тек құрал ғана, ӛздігінен 
ол  жақсы  да,  жаман  да  бола  алмайды.  Мәселе  адамның  одан  не 
жасайтындығында,  оны  қандай  мақсатта  пайдаланып,  қандай  жағдайда 
қолданатындығында.  Оны  пайдаланатын  адамның  ӛзі  қандай,  техниканы 
қолдану  арқылы  оның  кӛздейтін  мақсаттары  қандай?  Техника  ӛзінің 

кӛмегімен  қол  жеткізілетін  нәтижелерге  тәуелсіз,  яғни  бұл  дербес  мәннен 
кӛрі құралдың мақсаттан үстем болуы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет