ЖАЛҚЫЛАУ (АЙЫРЫНҚЫ) ӘДІС
Жалқылау әдіс – жалпылау әдіске қарсы жөніндегі әдіс. Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы-іріден ұсақтату.
Жалқылау әдістің жалпылау әдістен артықтығын қуаттайтын пікір 18 ғасырдың аяғында туады. Бастап туған жері - Франция. Бастап қуаттаушылар бұл әдістің артықтығын былайша дәлелдегендер: бір нәрсемен баланы таныстырғанда, онң бөлімдерінен бастап таныстырмаймыз, тұтас тұрған тұлғасында таныстырамыз. Оқу үйреткенде де сөздің әріптен, буынынан бастамай, сөздің тұтас тұрған тұлғасынан бастап үйрету керек дейді.
Бұларша оқу үйрету үшін әліп-би кітабы болсын, басқа кітаптар болсын – бірі де керек емес. Түсінікті сөздерді алып, балаларға көрсетумен балалар сөздерді танып, оқып кетеді. Мағынасыз әріптерді, ежіктерді жаттаудан мағыналы сөздерді жаттау балаларға жеңіл де болады, көңілді де болады дейді.
Францияда мұндай пікір туып тарай бастағанда, немістерде де осы пікірге келушілер болады.
Неміс әлімі Гедике 1- деген жалқылау әдісін қуаттаушының бірі болып пікір таратады.Ол қуаттағанда былай ділелдейдә: диние танып, білім білуіміздің бәрі жалқылау әдіс жолымен болады: дерекіз заттан деректі затты бұрын таримыз, мүшелерінен тұтас тұлғасын танимыз. Балаға оқу үйретуде сол жолмен болу тиіс, оқу үйрету балаларға түсініксіз әріп сияқты дерегі нәрседен басталмай, түсінікті тұтас сөзден бастау керек дейді.
1791 жылы Гедике тұтас сөзбен үйрететін әліп-би кітабын шығарады. Бес жасар қызын сонымен үйретіп, үш айда сауатын ашып, кітап оқитын етеді. Үш айда сауат ашып, кез-келген сөзді оқи білерлік ету о заманда болмайтын оқиға.
Бір әріпті үйрету үшін бір Гедике неше сөз алады. Мәселен «а»-ны үйрету үшін бізше болғанда мынадай сөздерді алған: ар, азық, арғын, ас, ақыл.
Кітаптың бірінші бетіндегі бірінші жлдағы сөздер осылар болмақ. Басқа жолдарындағы сөздер басқа болмақ, бірақ олардың ішіндегі «а» әрпі болмақ. Бұлардың «а»-сы басында келмейді, ортасында, аяғында келедц. Басында «а» келетін атау сөздер өз алдарына бір жол болып екі-үш жолдан кейін қайта-қайта келіп отырады. Елеулі болу үшін «а» әрпі бірде қызыл, бірде қара бояумен басылған. Үйрету тұтас сөзді оқудан басталады. Мұғалім 1-ші жолдағы сөздерді бір-бірлеп көрсетеді, оқиды; балалар көрсеткеніне қарап мұғалім айтқанын олар да айтады; солай етумен балалар әлгі алған бір жолдағы бес сөзді әбден танып көрсеткенде айтарлық, айтқанда көрсетелік дәрежеге жеткенде, сөздің буынын айыруға түседі; онан әрі буынның әріптерін айыруға түседі.
------------------------------------------------------
1770-1840 жылдарда болған адам.
Оны былай істегені мұғалім бірінші сөзді алып, «а-р» деп екеуін қоспай жіктерін ашып айтады да, неше бөлініп, айтылып тұр деп сұрайды, сонан соң әр бөлімін бөлек айтқызады. 2-інші, 3-нші, 4-нші, 5-нші сөздердіде солай етеді. Бәрінің де басындағы дыбысы бірдей болып, басқаларынікі ондай болмаған соң, «а» дыбысы айырықша болып шығады. Сонда бұл дыбыстың әрпі мынау деп, «а» әрпін көрсетеді. Басқа сөздерге де басқа әріптермен таныстырғанда істейтін тәсіл осылай болған. Балалар бір беттегі сөздерді танып, оқырлық дәрежеге жеткенде, 2-нші беттегі сөздерге түскен.
Мұның тәсілі жеке балаларды оқытуға жараса да, мектепте көп баланы оқытуға жарамсыз болып шыққан. Негізгі кемшілігі сөзді жаттау, сөз әріптен, буыннан мағыналы, балаларға түсінікті болғанмен, не үшін былай «ат» етіп сызған нәрсе ат болып оқылуға тиістігі, онысы балаларға түсініксіз, сондықтан бұл әдіс те іске асып жарамайды, бірақ жалқылау әдіс пікірі өшпейді.
Жалпылау әдіске жан беріп, күшейткен атақты француз оқытушысы Жакото.1.
Жакото үйрену талабын қоздырса, білімнің бәрін басқаның көмегінсіз өзі-ақ алады. Балаға талаптылық тәрбие беру үшін басынан табиғат жолымен үйрету керек. Табиғат жаратқан нәрсесін тұтас түрінде жаратады. Табиғат нәрсесін адам да әуелі тұтас түрінде түйеді. Бала, оқытушы осыны дәйім есінде сақтау керек. Балаға ән үйретпек болсақ, әуелі дауыстың түрін (нотасын), дауыстың даражасын (тонын), сң барып әнді үйретер ме едік. Әуелі әннен бастап үйретер ме едік. Әуелі әннен бастап үйретер ме едік дейді. Баланы өсімдікпен таныстырсақ, гүлінен, жапырағынан бастап таныстырамыз ба? Айуанымен таныстырсақ, сүйегінен бастап таныстырамыз ба? Тұлға түрінде алып таныстырамыз ғой. Бала үйреткенде сол жолмен үйрету керек. Нәрсенің бөлшегінен бастап үйретпей, тұтас тұлғасынан бастап үйрету – дерексіз заттан бұрын деректі қатты алып таныстыру дейді.
Мұның да дәлелі алдыңғылардікіндей, бұ да әліп-би кітабы керек мес дейді. Бала үйретуге айырықша кітаптың керегі жоқ, кез-келген кітап жарайды. Кез-келген кітаптың бір бетін ашып, ішіндегі сөйлемдерді оқытып, оларды сөзге бөліп оқытып, сөздерді буынға бөліп оқытып, буындарды әріпке бөліп таныстырса, сонымен бала оқуды үйреніп алады, үйткені әліп-би әрпінің бәрі кітаптың бір бетінен табылады дейді.
Жакотоның әдісін өзгертіңкіреп осы күнге де қолданып отырғандар бар. Американың әдісі деп айтылып жүрген әдістің негізі Жакотонікі.
Жакотоша үйрету былай болмақ.
Кітаптың алған бетіндегі әуелі келетін, мәселен, мынадай сөйлем екен – «қалаға жақын жердің бәрі жиын».
-------------------------------------------------------
1. 1770-1840 жылдары болған адам.
Осы сөйлемді мұғалім кеспе әріптен жасап, тақтай бетіне тізіп қойып, дауыстап әр сөзін қолымен көрсетіп оқиды. Сонан соң оны балалар оқығанда, бәрі дауыс қосып көптеп те, жеке де оқиды, жаңа да қалыпты ретпен оқымай, сөзді еске қосып былайшы оқиды:
Қалаға
Қалаға жақын
Қалаға жақын жердің
Қалаға жақын жердің бәрі
Қалаға жақын жердің бәрі жиын.
Осылай оқу балалар сөйлемнің ішішндегі кез-келген сөзді танып айтатын болғанша істеледі.
Сонан кейін мұғалім басындағы сөзді алып, кеспе әріптен буынға бөлген түрде бөлек шығарып қояды буын-буынына бөлгілеп оқиды. Балаларға да солайша оқытып, сөз неше бөлініп айтылатынын айтады. Сөздің бәрін солай оқытып, солай айттырып болғаннан кейін, пәлен буынды, түген буынды көрсет дейді. Пәлен буын қай сөзде, түген буын қай сөзде деп сұрайды. Пәлен буыны бар, түген буыны бар сөзді көрсет дейді. Пәлен сөздің бас буыны, аяқ буыны қайсы буыны сияқты сұраулар болады. Сөйтіп, бір сөйлемнің өзінде балаллар буынның бірнеше түрлерімен танысып қалады.
Әріппен таныстыру үшін де әстейтін тәсілі осы. Бір буынды алып, мәселен, «ла»-ны алып, екі арасын ашып қойып, арасын бөліп оқиды, балларға оқытады. Неше бөлініп айтылатынын сұрайды. Басындағы, аяғындағы әріп қайсысы не деп аталатынын айтады, оқығанда қалай айтылатынын айтады. Сонан соң білген әріптерін басқа сөздерден тапқызады. Сонан әрпі екінші, үшінші, тағысын тағы буындарды алып, істейтін ісінің реті бәрі осылайша болады.
Бір сөйлемді солайша үйреніп кейін басқаларын алып, бұлайша үйретеді. Жалғыз қойылатын шарт – 1) балалар үйренген нәрсесін нық білу, ол үшін оқу сабағын дәйім басына бірінші сөйлемнен бастап отыру, 2) жаңа сөйлемді оқытуға алғанда, ішінде келетін бұрынғы таныс буындармен таныс әріптерді балалардың өздері көрсетуі керек.
Сөйтіп, он шақты оқи білген кезде, балалар бір жағынан әріптерді, бір жағынан буын түрлерін танып алып, бір жағынан оқуға жаттығып, әрмен қарай өз беттерінен оқуға жараған.
Жакото оқытуға ұста, әдісінде шеберлік толық болғанмен, Гедикенің әдісіндегі кемшіліктен бұ да құтыла алмаған. Ол кемшілік – оқыған сөздерін балалар неге солай оқылатынын білместен жаттау. Ол кемшілігіне қарамай, Жакотоның әдісі тәуір-ақ жайылған. Немістер Жакото әдісінің мәнісіне түсінгенне кейін, Жакотоның әріпті әдісін дыбысты әдіске аудару шарасын қарастырады. Сөйтіп, бір заманда дыбысты жалқылау әдіспен дыбысты жалпылау әдіс – екеуі қатар өркендеп күшейген кезі болған. Онан әрі барып екеуі қосылып бір әдіс түрінде түскен, онысы – жалқылау-жалпылау әдіс. Ол келесі жолы сөз болмақ.
«Жаңа мектеп», 1927, № 11-12, 45-49б.
----------------------------------------------
Тұтас сөз-сөйлем әдісінің негізі осы мақалада айтылған болса да, бұл күнде басқаша ұсталатын кездері де бар. Ақаңның жалқылаулы-жалпылау әдісі дегені осы тұтас сөз сөйлем әдісі. Мұның бүге-шігесі келер санда басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |