Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет14/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

ҚАЗАҚ ЕМЛЕСІ МЕН ГРАММАТИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ


Жанғазы!
Тегіс аманбыз. Жәлештің де дені сау. Сұрауларыңа жауап берейін.

  1. Қазақ тілінің тұрақты емлесі биыл бекір деп ойлаймын. Сеніңше, осы күнгі емленің нендей кемістігі, нендей қиындығы бар? Терминдерді қоя тұрып, қазақтың өз сөздерін жазуға кемістік келтіретін не бар? Өзіңше ондайын қайтіп түзеу жөн? Осылардың жауабын сен де жаз.

  2. Халықаралық терминдердің емлесі де үзілді-кесілді шешілген жоқ. Орысша жазылуынша болсын деген жалпы бағытқа ешкімнің көріне дауы жоқ сияқты. Бірақ жалпы бағыт бар да, ереже бар. Бұл екеуі бір емес қой. Нағыз толық ереже беру мәселесі әліппе мен емлені түгел қарастырмай шешілмек емес. Сондықтан бұл да кешігіп тұр.

Еруліге қарулы болып, сұрауыңа сұрау төлеп бағасын етейін, сен мынаны айтшы:
Білек, тыраш, ыстаған (мес) сияқты қазақ сөздері, осылай, басқа ашық буында келте дауысты ы, і-лермен жазыла тұрып, пленум, трактор, стахановшы сияқты сөздер ы, і-лерсіз жазылатын болса, жеңіл соғар ма еді? Балаға мұны қалай түсіндірер едің? Шеттен келген сөздерді жаттатқаннан басқа амал табар ма едің?
Егер блек, траш, стаған деп жазуды дұрыс таба қойсақ, біл, тыр, ыс сияқты сөздерді осылай жаза тұрып, біледі, қырағы, ыстау сындыларын бледі, қрағы, стау түрінде - бір түбірді екі түрде (біл, бл; қыр, қр; ыс, с) жазар ма едік?
Бұл қиын болмас па еді? Әлде түбір емлесін біріктіру үшін бір буындыларына да ы, і жазбай, бл, қр, с жазар ма едік? Бұл соңғының көзге қораш көрінгенінен басқа не міні болар еді? (Буын айыртуды есепке алма. Қандай емле болса да, соған қарай буын жігін таптыру методикасын шығаруға болады). Осы күні хал(ы)қ-халқ-ы, мұр(ы)н-мұрн-ы сияқтыларда түбірдің ы, і
дыбыстары бірде жазылып (халық, мұрын), бірде жазылмай (халқ-ы, мұрн-ы) жүр. Осыдан көріп жүрген қиындығымыз жоқ. Сонда біл мен бл+еді, қыр мен қр+у сияқтылардағы ы, і-лердің ойнамалылығы қалайша қиындық көрсетпек?
3. Құрмалас сөйлемге қазіргі кітаптардың тісі батпаған. Бәрінікі де дұрыс емес.
Құрмалас (меніңше, күрделі) сөйлем екі түрлі:
а) сөйлемінің бір мүшесі (жалаң сөз-парсыша)
жасалмай, ішін жарып ақтағанда, өзі бір сөйлем болып
+ Бұл хатты проф. Қ.Жұбанов ауыл мұғалімі Жанғазы Жолаевқа 1936 жылы жазған. Баспа бетінде тұңғыш рет «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 1958 жылғы 2-номерінде жарияланған.-Редколлегия. (күрделі сөз — парсыша) болса, осындай күрделі мүшесі бар сөйлем күрделі сөйлемнің (құрмаластың) бір түрі – сабақтасы болады: мақтаулы жырау - осы. Жырау - бастауыш, осы-баяндауыш, мақтаулы - бастауыштың анықтауышы. Мұндағы мүшелердің бәрі де
жалаң (жалаң сөз - п.). Сондықтан бұл жай сөйлем. Ал, жұрт мақтайтын жырау — осы десек, күрделі сөйлем болады, күрделінің сабақтасы болады. Неге десең мұнда анықтауыш емес, өзі бір сөйлем: жұрт мақтайтын солайымен тұрып бір-ақ анықтауыш. Бірақ ішін жарып қарасақ, өз ара бір сөйлем: жұрт - бастауыш, мақтайтын - баяндауыш, екеуі қосылып барып жыраудың анықтауышы болады. Өйткені мақтайтын-ның тек өзі бұл арада анықтауыш емес: мақтайтын жырау десек, мағынасы өзгеріп, өзін өзгелер мақтайтын емес, өзін-өзі мақтайтын Науаш сықылды құдай ұрған болып шығады.
Сөйлемнің қай мүшесі де күрделі бола алады: Білегі жуан бірді жығады (бастауышы күрделі). Біздің мектеп - өзін көрген — (баяндауышы күрделі). Біз ай туа жүріп кеттік (мезгіл анықтауышы күрделі). Су қайтқасын барып қайтармын (бұ да). Ел жатқанша жүрдік (бұл да). Біз келгенде сен ояу едің (бұл да). Сөзі көптің ісі көнбейді (толықтауышы күрделі). Еңбегі аздан өнбек аз (толықтауышы күрделі). Ол аты бәйгеден келгенге мақтанып отыр (толықтауышы күрделі). Оның оқуы көп болғанмен, өсуі кем екен. Жасы жетсе де өзі қартаймапты (анықтауышы күрделі).
Күрделі сөйлем болу үшін, күрделі мүшенің бастауышы да, баяндауышы да болу шарт.
б)Жалғасқан сөйлемдердің жинағы-күрделінің салаласы болады. Жаңғазы - жуас та, Ақжарқын - асау. Бұл - салалас.
Екеуінің айырмасы:
Сабақтаста күрделі сөйлем бас сөйлемнің бір мүшесіне ғана байланысты да, салаласта олай емес, бір сөйлемнің екіншісіне солайымен байланысты болады, біріне-бірі мүше емес.
4. Тыныс белгілеріне ереже шыққан жоқ. Бұл синтаксис шешілмей, шешілмейді ғой. Ұсыныстар бар.
5. Бар, жоқ- зат есім. Жылдам, аз, көп - сын есім.
Кеше, бүгін (мезгілдік зат есім-п.) Абаттың грамматикасында, дұрысты қоя тұрып, дұрыс емес те бағыт жоқ. Бұл - тіл құралдарынан, менің кітабымнан, Телжандікінен теріп алған шөпіпек. «Мәні ретінде қазақ сөзі неше тапқа бөлінеді?»-депсің. Жалғыз мәнмен мәселе шешілмейді. Бұл тіл, (логика-п.) емес. Орыс тілінде «рама» (женский род), «окно» - (средний род - и.) Бұл тек формулануы, әйтпесе олар «раманы» ұрғашы, «окноны»
(қызтеке - п.) деп білмейді. Сондықтан сөз табын ашу үшін, әр тілдің өзіндегі әр мағына қалай формаланған? Осыны тиек қылу керек. Бұл (Алпар - татар ғалымы) марқұмша «nigezja toz» деген емес.. Формаланудың өзі әр тілде әр түрлі. Біздің тілімізде 3 түрлі өлшеуді қабат алып отыру дұрыс. Үшеуінің бірдей сынына толса, сонда ғана бұл пәлендей сөз табы деуіміз керек. Ол үшеудің бірі-мағына,екіншісі-морфология, үшіншісі -синтаксис( ) мағына, морфология, синтаксис - п.). Оның үстіне бірден таптастыра салмай, баспалдақтан тізу керек. Кісі мен үшін - ді қатар қойып, сөздің бір табы зат есім, бір табы демеу деу -қарыс пен құлашты қосып санап 51 шығарғанмен есеп бола ма? «кісі»-түбір сөз, «үшін» - шылау. Бұларды тең тап деп санау сом мен тиінді тең көру емес пе?
Есім - (мағынаша) заттың өзін, не тұрғылықты белгісін көрсетеді; морфологияда көптеледі, септеледі, тәуелденеді, жіктеледі; синтаксисте сөйлем мүшелерінің қайсысы да бола алады. Етістік (мағ.) заттың өзгермелі белгісін көрсетеді (морфологияда жіктелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, көптелмейді. Етіс қосымшаларын, болымсыз «ма»-ны, түрлеуіштерді ғана ертеді. Синтаксисте бастауыш сен сөзі болғанда ғана баяндауыш болады, басқа мүше бола алмайды).
Есімді өз ара жіктегенде де әр жігінің арнаулы белгілері болады. Тегінде, жоғарғы есім белгісі деп отырғанымыз зат есімдікі. Өйткені сын есім, сан есімдер септелгенде,
Мен былай деп топтастырсам:
Сөз


мүшелі мүшесіз



одағай
түбір шылау

қосалқы қосымша




дәйек аяқ үстеу жалғау

үстеуіш жалғауыш





Матау жалғауыш (союз)




Жетек жалғауыш (послеслог)

«мен», «да», т.т. бұлар бір сөзді екінші сөзге бағындырмай жетектетпей тек матастырады




«үшін», «сияқты», «арқылы», «сайын», т.т. Бұлар есептеулер есепті, өздері тағылып тұрған сөзді басқа бір сөзге жетектетеді.

Түбір


Есім Етістік

зат е. сын е. сан е. мез.мекен е.
Орынбасар жіктелгенде, тәуелденгенде, көптелгенде өз мағынасынан шығып, зат есім мағынасына ауысып кетеді.
Қызыл бояуға салған шүберек десек, қызыл - сын есім болып, бояу деген затқа сүйеніп тұрады. Ал, қызылга бояған шүберек десек те, қызыл бояуға бояған мағынасында болады. Мұндай сын есімнің ішінде жасырын тұрған зат мағынасы бар. Осы сияқты «Онға алып, беске сататын болсын- саудагер!» дегенде онға, беске дегендер тек сан емес, сан мен заттың мәнісін бірге қосып арқалап тұр.
Сонымен, зат есім дегеніміз мағына жағынан септік, тәуелдік, жіктік, көптік қосымшаларын ертетін сөз, синтаксис жағынан сөйлемнің анықтауыш мүшесі болғанда, тек затты анықтайтын, істі анықтай алмайтын сөз болады. (Мұны былай түсіну керек: сын есім мен сан есім заттың да, істің де сыны мен санын көрсете алады: жақсы кісі жақсы жазады; екі кісі екі келді сияқты. Зат есім тек зат есімді ғана анықтай алады. Тас үй дегендегі тас сияқты. Бірақ жақсы келдің, екі келдің, екі келдің дегендегі жақсы мен екінің орнына зат есім етістікке байланысып, іетің жайын айта келсе, ол істің не
(субъект-п.). не (объект-п). ғана болады да,
сыпатын көрсетпейді. Оның үстіне, зат есім өзге бір зат есім өзге бір зат есімге анықтауыш болып келсе, анықтауыш сөзіне тете ғана тұра алады, арасына сөз сала алмайды (мұны былай түсіндіру керек: биік үй дегенде анықтауыш сын есім- биік). Бұл арада өзінің анықталушы (үй-ге) тете тұр. Бірақ арасында зат анықтауыш салып, биік тас үй сияқты, бір табан кейін шегіне алады. Ал, тас үй дегендегі тас өзі мен үй-дің арасына сөз салдырмайды: тас биік үй болмайды. Зат есімге -шы, - ші қосымшасы да жалғанады (темір+ші), сын есім/сан есім, мезгіл-мекен есім, есімдік, етістік түбірлер мұны істей алмайды (ұзын-шы, бес-ші, бүгін-ші, оқы-шы болмайды).
Сөйтіп, зат есім заттың өзін көрсететін септік, тәуелдік, көптік, -шы (кәсіп) қосымшаларын ертетін затты ғана анықтап, анықталушы сөзіне жалғас қана тұра алатын түбір болады.
Есімнің бірқатары заттың өзін емес, заттың не істің тұрғылықты белгісін көрсетеді. Мұның өзі түрлі: сан белгі, сыпат белгі. Осыған қарай бірін сан есім, бірін сын есім дейміз. Сын есім морфологияда -рақ, -рек, -лаү, -леу қосымшаларын, қосақты қосар буынды өзіне ерте алады; қызыл-қызылырақ, қызылдау, қып-қызыл; сан есім морфологияда -ншы қосымшасын тағына алады: бес-бесінші. Сын есім мен сан есімнің екеуі де синтаксисте затты да анықтай алады, анықтауыш күйінде анықталушы мен екі араға зат есім анықтауышты не бірі бірін сала алады: биік (сын есім, анықтауыш), тас (зат есім, анықтауыш), үй (анықталушы); бес биік үй, биік бес үй дегендер сияқты.
Сөйтіп, сын есім деген заттың, не істің сыпат белгісін көрсететін, шырай үстеулері мен үстеуіштерін ертетін, зат есімге де, етістікке де анықтауыш бола алатын, анықтауыш - болғанда анықталушы мен өзінің арасына зат есім анықтауышты амалсыз салатын, сын есім анықтауышты еркін салатын түбір болып шығады.
Сан есім деген заттың не істің сан белгісін көрсететін, реттік үстеуін ертетін, зат есімге де, етістікке де анықтауыш бола алатын, анықтауыш күйінде өзі мен анықталушысының аралығына зат есім анықтауышты амалсыз салатын, сын есім анықтауышты еркін салатын түбір болып шығады.
Зат есім анықтауышты амалсыз араға салып, сын есімнің сан есімнің сын есім анықтауышты араға еркін салатыны қалай?
Бұл былай. Үй деген сөздің, мәселен, екі анықтауышы бар екен: бірі- биік (с.ес), бірі - тас (з.ес). Кәне, бұл екеуінің қайсысы бұрын, қайсысы соң тұруы керек? Биік бұрын,.тас соң тұру керек -биік тас үй түрінде. Тас сөзін үй сөзімен екі араға жібермеске биік сөзінің амалы жоқ. Екі тас үй десек, тас сөзін өзі мен үй сөзінің арасына салмасқа екі сөзінің амалы жоқ.
Ал олай болмай, үй сөзінің бірі биік, бірі екі деген екі анықтауышы болса, биік пен екі сөзінің қайсысы бұрын тұруы керек? М ұнда да бірі ілгері ғана, бірі кейін ғана тұрмасқа болмайтын амалсыздық бар ма? - Жоқ. Мұнда биік екі үй деуге де, екі биік үй деуге де болады. Әңгіме мағына екпінінің қайсысында екендігінде ғана: биіктігіне ала-бөле назар салдырғымыз келсе, биік сөзін бұрын, екі сөзін соң айтамыз (биік екі үй); екеулігін басып айтқымыз келсек, сан анықтауышты бұрын келтіреміз де, екі биік үй дейміз. Сондықтан сан есім мен сын есім анықталушыға тете орынды бір-біріне еркін береді дейміз. Биік тас үй дегенде бұл еркіндік жоқ.
Е с к е р т у: Сөз таптарының бір-бірінен енші алысып болғандары да,
болмағандары да бар: ағаш, темір сияқтылар тек зат есім
болып, жақсы, ұзын сияқтылар тек сын есім болып,
шекараларын түгел ашып болған таптар. Енді бұлардай
емес, зат есім мен сын есімге ортақ, шөре-шөре есімдер
де (әрі зат есім, әрі сын есім болатын) бар. Мысалы: бала,
жас, жарық, сұлу, бай, батыр, жарлы, кедей, т.т. Бұлар
әрі зат есім, әрі сын есім. Сондықтан жақсырақ,
ұзынырақ сияқты баларақ, жап-жас, жап-жарық,
байырақ, батырырақ, жарлырақ, . кедейірек т.т. бола
алады. Таза зат есімге бүл мүмкін емес: темірірек,
ағашырақ болмайды.
Мезгіл-мекен есім. Бұл орыстың наречиесі мен арабтың
-есім мәкан уа замандарының (үстеүдің-п.) бірқатар қызметін
атқарады (...).
Мезгіл-мекен есім болатындар: кеше, бүгін, мана, енді, әлі, қазір, бұрын, соң, жоғары, төмен, ас, үс, орта, ал; арт, ілгері, кейін, алғаш, бас, бастап, аяқ, т.т.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет