Әдіс бірлестіктері мен әдіс үйірмелерінде оқу жылының II жартсында талқыланатын әдіс- программа мәселелері
Программа - әдіс секторы әдіс бірлестіктерінің жұмысы бір негізбен құрылып, мектептің оқу-өндіріс жұмыстарына мықты байланысты жүруіне жәрдемдесу үшін үлгі жоспар ретінде төмендегі тақырыптарды ұсынады.
Әдіс бірлестіктері мен әдіс үйірмелерінің құрылысы Қ.А. Комиссариатының N 2 бюллетенінде жариаланған.
Оқытушылардың Маркс - Ленин педагогикасы негізін дұрыс
танып, коммунистік тәрбиенің күнделік мектеп тәжірибесі
үшін ең түйінді мәселелерді талқылауы баяндама түрінде,
пікір алысу ретінде, осы мәселелер туралы жаңа шыққан
мақала, кітаптармен бірлесіп отырып танысу түрінде жүреді.
(Мысалы -. екпінділер съезінің үндеу хаты; политехникалық
мектеп жол-жобасы, VІII - Өлкелік партия
конференциясына Мирзоян жолдастың жасаған баяндамасы,
«Ауыл мұғалімінде» басылған коммунистік тәрбие
мәселелері, XVII—п. сөзіндегі Сталин баяндамасы т.т ).
Мектептің әр бөлімінде оқылатын сабақтардың
программасына қарап бір жетілік, он-он бес күндік
тақырып, немесе жұмыстың бір түйдегін (бөлігін) талдап,
конспект жазуға сабақтың жоспарын, желісін құруға
дайындық. Сол сабақ мазмұны бойынша оқу құралы
материалына қатты сүйеніп көрнекті әдіс материалдары мен
құралдар әзірлеп алу.
Мектептердің күнделік іс тәжірбиесінен алып, жақсы немесе
нашар жүрген сабақ түрлерін талдап (деректі түрде) пікір
алысу; үлгі болардайларын басқаларға түсіндіріп, үлгі-өнеге
қылу.
Бұл қалыпты мәселелерде, бір жағынан, оқытушылар көпшілігіне алдағы оқу жұмысын дұрыстап түсіндіре отыру мақсаты көзделсе, екіншіден - мектептердің оқытып кеткен сабақтарынан алдағы сабақтарға үлгі болардай материалдарды сынап қорыту керек.
Бұл мәселелерді еш уақытта кесек күйінше ірілеп алмай, әр бөлімнің жеке сабақтарының бір-бір бөлігі алынады. Сабақтың сол бөлігінің мазмұны, желісі анықталып, программа мен оқу құралынан және басқа оқу кітаптарынан, қалай пайдаланатыны, көрнекті аспаптардан қай қайсыларын көрсетіп оқылатыны шешіледі. Онан соң балаларға жаттығу мысалдарының түрі, жүйесі, балалардың өз беттерімен жұмыс істеуі қалай қойылатыны шешіледі. Онан соң оқытушының сол оқылатын мазмұнды қалай түсіндіріп ұқтыратыны белгіленеді. Бұл жөнінде кітаптағы әңгімеге, мысалдарға жалғас жергілікті тұрмыстан, социалист: құрылыс табыстарынан материалдар теріледі; тағы басқа қосымша кітап, әдебиет сөздері, түрлі суреттер даярланады.
Оқыту жылының екінші жартысында әдіс бірлестіктерінде қаралып шешілетін әр мәселе қалай қойылатыны, кім-кімдерге тапсырылатыны, мерзімді сүрегі айтылып, күн бұрын белгіленеді. Әдіс бірлестігінің жетекшілері мен мектеп меңгерушілері, мектеп нұсқаушысы жұмыс тапсырған адамдарға толық нұсқау беріп, бірнеше рет айрықша барып, жұмысымен танысып отыруы керек; осылайша әдіс топтарына дайындап, қойылатын мәселелер алдын-ала
тексеріліп сыннан өту керек.
Әдіс топтары мен бірлестіктер берген тақырыпқа сәйкес нәтижелі жұмыс өндіруі үшін басшылықты оңдау керек. Бұл ретте мектеп нұсқаушысы әр тақырыптың қандай мақсатпен қойылып отырғанын анық түсіндіріп, тапсырылған адам мәселені әр жақтан терең тексеріп жұмыстауы үшін, жоспар жасасады, кітап, журнал материалдарын көрсетеді.
Әдіс бірлестіктерінің әр мәжілісінде ұзағырақ бір мәселені талдап, оған қосымша киініректеу бір мәселе қойылады. Мысалы төмендегі тізімнен бір мәселені тексеріп болған соң қосымша және бір мәселе етіп жеке бір сабақтың желісін, конспектісін қарауды қою керек. Немесе мектеп тәжірибесінен алып ана тілінен я есептен балалардың өз беттерімен жаттығу жұмыстарын дұрыс жүргізу деген сықылды тексеріп өту керек. Бұл мәселелер мектептің жалпы өндіріс жоспары бойынша белгіленуі мүмкін.
Төмендегі мәселелерді сүрегін қойып, жылдың аяғына дейін талқылап шешетін етіп қайта жоспарлау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |