Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы


А. Жаңа білім беру желісі мынадай болады



бет13/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

А. Жаңа білім беру желісі мынадай болады:
1. Бұрынғылармен байланыстыру (жаңа біліммен сабақтас бұрынғы білімдерін келте қайтару).
2. Балаларға жаңа ілімнің мақсатын түсіндіру. Мысалы, «Бүгін қос сөздер жағын үйренеміз» деген сияқты.
3. Жаңа білім беру: кітапта иә тақтада жазулы текстен керек құбылысты бақылап, оқытушының жетегімен көзін үйрету, салыстыру.
4. Оқытушы жетегімен қорыту шығару.
5. Қорытуды жазып алу.
6. Балалар өз бетімен жұмыс істеп, бұл білімді сіңіру.
а) ұсақ мысалдар ойлап табу;
б) сол ережеге ылайықты сөздерден кесте жасау.
с) кітаптан мысалдар іздеп табу;
ж) оқу құралдарында берілген жұмысты орындау.
7. Балалардың өз бетімен істеген жұмысатын тексеріп сынау.
8. Үйге жұмыс тапсыру.
9. Істеген жұмысын шолу (біз не істедік).

В. Емленің жаңа ережесін сіңіру сабағының желісі мынау:


1. Өткен сабақпен байланыстыру (өткен сабқта не білдік).
2. Мақсат қою (бәлендей ережені сіңіру).
3. Көрсету диктанты (жаңа, дұрыс жазылған үлгілерді байқату).
4. Керек сөздер кетесін жасау.
5. Мысал ойлап тауып, оны жазу.
6. Емле сөздігіне керек сөздерді жазып алу.
7. Үйге ықшамдау жұмыс беру.
Екінші сабақта да жаңа ереже өзі реттеп сіңіріледі. Оның үстіне көшіру, текстті оқу, түсіндіру, білім сынау, тексеру және үйге жұмыс тапсырулар болады.
Үшінші сабақта өткенді қайтарып, тақтаға керек сөздерді жаздырып, сабақ мақсатын түсіндіреді. Оның үстіне мынадай жұмыстар қосылады:
1. Оқытушы тұрғысынан керек текстті оқу
2. Оған сұрау қойылады (балалардың түсінігін байқау үшін).
3. Тексттен соң бөлек сөйлемдер оқылады.
4. Грамматика жағынан талдау болып, тақтаға жазылған сөздер емлесі түсіндіріледі.
5. Жазады.
6. Жазғанды тексеру, сынау.
7. Үйге жұмыс тапсыру.
Төртінші сабақта шығарма, диктант істеліп, керек сөздерді иә әіптерді балалардың өздері тауып жазады.
Балалрдың қателері түзеледі, тексеріледі, сыналады.
Бесінші сабақта тексру жұмысы жүргізіледі.
Алтыншы сабақта балаларға жіберілген қателер жайында қосымша сұрақ болады. Міне, сөйтіп, бір ереже балалардың миына әбден сіңген соң, келесі ережеге көшу керек.

11. Балалар жақсы сауатты бола алмауына бас себеп – оқытушылар білімінің тапшылығы, әдіске шорқақтығы, тәжірибесінің кемдігі, грамматика мен емлені дұрыс білмеуі, оқытушылардың бір жерден, екінші жерге суси беруі деді.


«Ауыл мұғалімі»


Құдайберген Жұбанов
(1899-1938)

Қ.Қ.Жұбанов 1899 жылы Ақтөбе облысы, Темір уезінде дүниеге келген.-


Қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен қазақ тіліноқытуісінің қалыптасуында өзіндік үлкен орны бар, қазақ лингвистикасындағы тұңғыш профессор.
Қазақ тілін бастауыш, орта буындарда және жоғары оқу орындарында оқыту ісіне арналған әдістемелік еңбектерінің бағасы зор. Ғалым және ұстаз ретінде қазақтың көптеген көрнекті ғалымдарын тәрбиелеп, олардың азаматтық тұлғаларын қалыптастыруда үлкен із қалдырды.
Қ.Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі грамматикасы» оқулығы (5-сыныпқа), қазақ тілі бағдарламасының Жобасы, көптеген әдістеме мәселелеріне қатысты мақалалары мен сөйленген сөздерінің маңызы үлкен. Өйткені, қазақ тілінің жағдайын сол кездегі саясатпен байланыстыра қарап, қалай болғанда қазақ тілін биікке қанат қақтыру мақсат болғанын ғалымның әрбір сөзінен тануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет