Бұл тақырыптарға лайық әдебиет:
Программа I оқушыға жетекші N 1, 2, 3 - әдіс басшылығы материалдары V) жаратылыстану әдіс хаттары, N 1, N 2, «Ауыл мұғалімі» журналы нөмерлері. 5) Халық ағарту Комиссариатының бюллетендері 6) түрлі нұсқау хаттар, 1933 жылғы политехника мектебі журналы 7) стабиль оқу құралдары 8) Социалистік Қазақстан газеті т.т.
Жылдың екінші жартысында жеке сабақтардан әдіс
үйірмелерінде талқыланатын мәселелер
I. Ана тілі
I. Оқушы балалардың жазу сымбатын оңдау (почерк) айырықша мектеп балаларының жазуы тексеріліп, жазу мақалалар бойынша баяндама қойылады.
|
|
Керек құралдар: балалардың жазу үлгілері, жаңа әліп әріптерінің кестесі, әліппедегі қол жазба, мақалалар
|
2. Мектепте (қай бөлімде екені аталсын) ана тілінен оқуға жаттықтырудың түрлері. Дұрыс оқуға жаттықтыру, оқуды шапшандату. Оқыған мазмұнды талдап түсіндіру жолдары.
|
|
Мектептерден терілген мәліметтер (айырықша бақылау жүргізіледі.) Оқу сабағының бірнешеуін алып салыстырып, құрылысын тексеру. Класс ішіндегі балалардың оқуда әр түрлі (жік-жік) болу себебі.
|
Балалардың оқуын (әр бөлімде, я бірнеше мектептегі қатар бөлімдерде ана тілінен оқытып, жаттықтыру сабағын қалай құрып, (ұйымдастырып), жүргізеді. Оқитын мақаланың баланың сөйлеу мен жазу тілін байытуға әсері.)
|
|
Мақалалар
|
3.Мектепте сурет бойынша немесе балалардың айырықша бақылаған көріністері бойынша
әңгімелесу, осы әңгіме материалдарын жазу, емле жұмысына пайдалану.
|
|
Суреттен көргенді дұрыс талдап, жақсы түсініп айта білуді маңызы. Мектепте бұл жұмыс қандай орын алып отыр. Дұрыстап оқудың жолдары. (Сурет бойынша әңгімелесу бір ғана ана тілі үшін емес,
қоғамтану мен жаратылыстану
сабақтарында бірдей қолданылады). Мақалалар «Ауыл мұғалімінде» жетекшілерде бар.
|
4. Баланың тіліндегі кемші ліктерді жойып түзеу.
|
|
Бала тілінің өзгешелігі сөзінің құрылысы.
|
5. Төмендегі бөлімдердің жазу жұмысын дұрыстау үшін тақтаға жазылатын жазуға қандай шарттар қойылатынын жалпылап алып, балалардың жазу жұмысына басшылық түрінде қоюға да болады.
|
|
Бұл мәселе оқытушының жазу сабағын дұрыс жолға қою үшін керек.
|
6. Емлемен байланысты сабақ түрлері емлеге, емле ережелеріне жаттықтыру үшін мысалдар теру, балаларға жазғызып түсіндіру, қате түзеу.
Достарыңызбен бөлісу: |