Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет7/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара
Хрестоматия Б.Белғара
Жалқылаулыжалпылау әдіс
Бір жерде жалпылау, бір жерде жалқылау әдісі жүріп, ақырында екеуі жалқылаулы-жалпылау әдісі болып бірігеді.
Бұл әдістің өзі қолдану жүзіндегі баспалдақтарына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
I. «Шағын сөзді» деген түрі. Мұның асылы балаларға шағындап алған әр сөздің оқуы мен жазуын білдіру. Мұны әуелі қолданушылар Погел, Томас, Белме деген неміс оқытушылары, соңынан басқалар алып түрліше қолданады. Бірақ бәрінің негізі мынау болады:
Әліп-би кітабы болмақ. Ол кітаптың ішінде: 1) сүгіреттер болмақ, 2) сүгіреттегі нәрселердің атын көрсететін баспа да, жазба да сөздер болмақ, 3) сол сөздерге ұқсас басқа да болмақ, 4) түгел күйінде әліп-би ретімен жазылған әріптер болмақ. Бұл соңғысы үйрету үшін емес, әріп біткеннің бәрі үйретіліп болғандығын көрсету үшін қойылады.
Осылайша шығарылған әліп-би кітаптары бірінен-бірі негізгі жағынан емес, 1) шағындап алған сөзінің сандары жағынан, 2) сөздерінің түрлері жағынан, 3) сөздерінің орналасуы жағынан, 4) оқуға алынған әңгімелері жағынан алынады.
Үйрету көшесі былай:

  1. Әліп-би кітабының 1-і бетінде тұрған сүгіретті оқытушы тақтайға
    салады да, сол нәрсенің жайынан әңгіме қозғайды. Әңгіме
    балаларды қозғайды. Балалар мен оқытушы әңгімелесе-әңгімелесе
    барып, сол нәрсе турасындағы жұмбақтар, өлеңдер сияқты
    нәрселерді айтқызады немесе өзі айтады. Бұл әңгіменің пайдасы-
    алынған нәрсені балаларға анық танытып білім береді, сөйлесуге
    бойын да, тілін де үйретеді.

  2. Салынған сүгіретті балалар дәптерлеріне көшіреді. Бұл көшіру
    балаларды сүгірет салуға үйрету емес, салғандары ұқсасын,
    ұқсамасын әркім әлінше салса болғаны. Мұның пайдасы - сүгірет
    салуға балалар әуес болғандықтан, сүгірет салғандарына мәз болып
    өздері рахаттанады, қарындаш ұстауға қолдары үйренеді.

  3. Сүгіреттегі нәрсенің атын көшіру. Оқытушы сөзді тұтас күйінде
    тақтайға жазады. Балалар дәптерлеріне көшіреді. Дәптерлеріне
    көшіруден бұрын былай ету керек дейді: Оқытушы тақтайға жазып
    жатқанда, балалар қарап бағып отырады. Жазып болған соң,
    балалар орнында отырып, оқытушының жазуына еліктеп, жазған
    сияқты болып, сұқ қолдарымен тақтай бетіндегі жазу бойымен
    жүргізеді. Сонан соң барып қарындашпен дәптерлеріне жазады.

  4. Сөздің дұрыстарын айыру. Ол үшін оқытушы тиісті сөзді алады да,
    дыбыстарын анық етіп ашық дауыспен айтады. Әсіресе, кезінде
    үйретуге керек болып тұрған дыбысты айқындата айтады.

  5. Сөзді әріптен бұтарлау. Ол үшін оқытушы әріп араларын
    ашығырақ жазады. Балалар соның ішінен үйретіп жүрген әріпті
    танып алып, бірнеше рет жазады. Солай бірнеше әріпті
    танығаннан кейін оқытушы енді әр әріпті жеке күйінде алып
    тақтайға жазып, бұл қай сөзде, қандай орында тұр деп сұрайды.

Балалар әліп кітабынан жазылған әріпті сөздің ішінен танып көрсетеді.

  1. Әріптерден сөз жасау. Балалар 4-4 әріпті танитын болғаннан кейін
    солардан құрап, сөз жасайды.

  2. Баспа тану. Ол үшін жазба сөздің астына баспа сөз қойылып,
    екеуінің әрпі салыстырылады.

Шағын сөзді алдыңғы әдістерше не әріп жаттатып, не сөз жаттатып, балалардың басын қатырып жалықтыру жоқ. Жұмыстың бір ұшы оқытушыда, бір ұшы балаларда болып, бұлардың басы білім құятын тек ыдыс есебінде болмай, немесе бір жағы адамша, бір жағы машинаша істемей, екі жағы да зер салып істейтін болады.
Мұнысы алдыңғы әдістерден артық бір жері болмаса, екінші бір артық жері - аз сөзді оқи білумен балалар көп сөзді оқып кетуге жарайды. Сондай артықтығы болғандықтан, бұл әдіс мәдениетті жұрттардың бәріне де. жайылады. Жұрт өзінің тілінің, емлесінің жүйесіне қарай түрліше ыңғайлап қолданады. Сондықтан пәлен әдіс, түген әдіс деп түрлі атпен аталады. Атына қарамай, затына түптеп қарағанда бәрінің негізі бір болып шығады. Орыстарда түрлі атпен аталған әліп-би кітабы үйрететін әдістер, біздің қазақта да әліп-би кітабымен үйрететін, олардың бәрі де шағын сөз әдісінің негізінен құр емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет