Б. Ж. Абжаппарова



бет15/16
Дата05.11.2016
өлшемі4,84 Mb.
түріМонография
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан тарихшылары кеңестік кезеңде өндірістік-техникалық интеллигенциясының қалыптасып дамуының ғылыми өзекті мәселелерін әр қырынан зерттеуде үлкен зерттеу жұмыстарын атқарды. Қазақстан өндірістік-техникалық интеллигенциясының маңызды мәселелеріне байланысты кеңестік және посткеңестік кезеңде жалпы көлемдегі тарихнамалық шолу еңбектері жарық көрді. Кеңестік кезеңдегі зерттеушілердің еңбектерінде мәселенің қандай да болмасын аспектілерін айқындағанда, ғылыми айналымға енгізген деректерінде формациялық тұжырымдаманың аясынан шыға алмады. Кеңестік кезең тарихын зерттеуші ғалымдар интеллигенция, өндірістік-техникалық интеллигенция тұжырымдамасын жасағанда коммунистік идеологияның ықпалынан таптық тұрғыда қарады. Егемендікке қол жеткізгелі бері қазақстандық тарихшылар маркстік-лениндік мұраға шығармашылық тұрғыда қарай бастады. Тарихшылардың бұрын артта қалған халықтардың капитализмге соқпай социализмге өтуінде кеңестік жұмысшы табы мен интеллигенциясы қалыптасты деген концепциясы пайда болды. Сонымен қатар ғалымдар капиталистік емес даму жолын таңдаған қазақ халқының орыс халқымен туысқандық көмегінің арқасында ұлттық жұмысшы табы мен интеллигенция қалыптасты деген концепцияны негіздеді. Сондықтан өндірістік-техникалық интеллигенция тарихнамасын жан-жақты зерттеудің ауқымы кеңейіп, үлкен көлемдегі тарихи деректер пайдаланылды.

Біз қарастырып отырған мәселеге байланысты еңбектердің барлығын ескі көзқарастағы еңбектер деп айтуға болмайды. Бұл еңбектер маркстік-лениндік методология тұрғысында жазылғанымен, фактілік материалдардың құндылығы, айқындап көрсетуімен маңыздылығын сақтаған. Олардың деректік базасы кең болғандықтан, әлі болса ғылыми айналымда жүр.

Қазақстан өндірістік-техникалық интеллигенциясының кеңестік кезеңдегі тарихнамасына арналған тарихи әдебиет кеңестік өндірістік-техникалық интеллигенция тарихнамасының құрамдас бөлімі болып саналғандықтан, онымен тығыз байланысты болды. Кеңестік кезеңде зерттеулерге ғылыми идеологиялық талаптар қойылып, сондықтан бұл мәселенің теориялық жағынан методологиялық аясын тарылтты. Методологиялық жағынан алғанда, мәселеге концептуальды тұрғыда зерттеу жүргізуге негіз болмады.

Мәселені теориялық жағынан зерттеуге шек қойылуына байланысты, интеллигенция, өндірістік-техникалық интеллигенция тұжырымдамасы, өндірістік-техникалық интеллигенцияға ұстанған мемлекеттік саясат, өндірістік-техникалық интеллигенцияны даярлау, әлеуметтік дамуы, қоғамдық-саяси және кәсіби қызметі тарихнамасы жалпы тарихи негізде зерттелді.

Кеңстік тарихшылар ғылыми жетіспеушілікті байқаса да, жаңаша, жүйелі кешенді зерттеуге мәселенің теориялық базасы тар болғандықтан, көп нәтижеге қол жеткізе алмады. Сондықтан интеллигенция, өндірістік-техникалық интеллигенция, практиктер концепциясын айқындағанда дәстүрлі концепция аясынан шыға алмады.

Қазақстандық тарихшылар мәселені зерттеуде жалпы зерттеу талаптарына сәйкес баяндау, тақырыптық құрылымын көрсету, негізгі мәселелерін айқындаумен шектелді.

Кеңестік кезеңде өндірістік-техникалық интеллигенция мамандарын даярлауға идеологиялық жағынан шек қойылғандықтан, мәселені зерттеуге консервативтік көзқарас сақталды.

1917-1991 жылдардағы интеллигенция, өндірістік-техникалық интеллигенцияны зерттеуге арналған еңбектер көбінесе тарихи тәжірибесін, Кеңес мемлекетінің ынтымақтастық көмегі, орыс халқының көмегі т.б. мәселелеріне арналды. Қарастырылған мәселелердің барлығы өз деңгейінде зерттелді деп айтуға болмайды.

Өндірістік-техникалық интеллигенцияға ұстанған саясат тарихнамасында төңкеріске дейінгі қалыптасқан интеллигенцияға алғашында ескі, буржуазиялық ұлтшыл, «контрреволюционерлер», «зиянкестер» деген көзқараста болып, кейін оларды кеңес мемлекеті жағына тарту керек деген саясатты ұстанғандығын көрсетті.

Көптеген еңбектерде ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейінгі мәдени революцияның жетістіктерінің нәтижесінде пайда болды деген көзқарас қалыптасты.

Жоғары оқу орындарының қалыптасуы тарихын зерттеушілер орталықтың үлкен қамқорлығының арқасында іске асты деп пайымдады.

1960-шы жылдары өндірістік-техникалық интеллигенцияның әлеуметтік дамуы тарихнамасында адам факторы, құндылығына мән берілмей, олардың сан және сапа жағынан артуы, ұлттық құрамы, территоиялық жағынан орналасуы, жыныстық құрамы әлеуметтік мәселелері тек тарихи, насихаттық тұрғыда қарастырылды.

Инженер-техникалық интеллигенцияның кәсіби және қоғамдық-саяси-қызметінің тарихнамасын саралауда кеңестік идеологияның шырмауында болды. 1990-шы жылдардың басынан бастап мәселеге өркениетті көзқарас тұрғысынан баға бере бастады.

Монография Қазақстан өндірістік-техникалық интеллигенциясының кеңестік кезеңдегі тарихнамасына арналған. Жүргізілген ғылыми зерттеулер бойынша жұмыстың негізгі тұжырымдары айқындалып, болашақта зерттелуі қажет қорытындылар алынды:

- Кеңестік кезеңдегі өндірістік-техникалық интеллигенцияның қалыптасып және даму тарихнамасын қорытындылай отырып, зерттеушілердің «интеллигенция», «өндірістік-техникалық интеллигенция», «инженерлік-техникалық интеллигенция» тұжырымдамасына тарихи-теориялық пайымдаулар жасауда өркениеттілік ұстаным орнығуда. Бұл теорияның негізіне тарихи үрдісті дамытуда имандылық, гуманизм принциптері алынып отыр. Өркениеттілік ұстаным тарихи принциппен тығыз байланыстылығы айқындады.

- «интеллигенция», «өндірістік-техникалық интеллигенция» ұғымдарының методологиялық мазмұнын, мәнін шет ел, отан, Қазақстан тарихын зерттеуші ғалымдардың ғылыми тұжырымдары арқылы негіздеп, олардың қоғамда алатын орны, рөлін айқындап, автор өзінің ғылыми пайымдауларын ұсынды;

- интеллигенция табиғатына әлеуметтік түрде интеллигенттілік тән. Өйткені білім мен сенім жиынтығы синтездік сипатымен ядро тұрғысында дүниетаным дәуіріне өтеді. Интеллигенцияның күшімен қоғамдық сана мен қоғамдық тұрмыста дәуірлер арасындағы өзара байланыс ұғымы ұлттық сана үздіксіздігі сипатымен түсіндіріледі. Бұл - қоғамдық дамудың әр сатысында ұлттық сана мен идея жаңа сипат алып даму үстінде болады деген ұғым мен сенім. Интеллигенция таптан тыс тарихи құбылыс, яғни шын мәнінде халықтың бөлігі және келешекте өзіне тән орыны бар, ол адамзаттың өзімен шамалас, оның құрамында болуға тиісті тарихи құбылыс болып саналатындығы айқындалады. Интеллигенцияның әлеуметтік табиғатын талдай келе нақты тарихи кезеңде ғылыми-тарихи дүниетанымды, көзқарасты жасаушы, жақтаушы және таратушы ретіндегі орынын анықтағанымызбен, дүниетаным барлық әлеуметтік жікке тән болғанымен, оны жүзеге асыруға олардың көпшілігі толық көлемде қатыспайды. Тек қана интеллигенция нақты тарихи мүдде мен құндылықтар негізінде тарихи-мәдени жағдайға сай күнделікті, үйреншікті көзқарас пен дүниетанымды жасайды, тудырады. Демек, интеллигенция ұғымын анықтауда басты методологиялық ұстаным оның дүниетанымдық, руханилық негізі мен көзқарасы болып табылатындығы дәлелденді;

- «өндірістік-техникалық интеллигенция», - деп дене еңбегімен жұмыс істейтіндерге қарағанда, негізгі айырмашылығы «басымен басымырақ ойлайтындығымен», яғни ой еңбегімен айналыса отырып, өндірісте материалдық өнім өндіруге тікелей қатысатын, жиынтық ішіндегі қызметкерлерді айтамыз. Өндірістік техникалық интеллигенция құрамына өнеркәсіп орындары мен оның құрылымдарының басшылары (шаруашылық жетекшілері, әкімшілік –техникалық кадрлар), жобалау, технологиялық, конструкторлық, өнеркәсіп орындарының, лабораториялық зерттеу бөлімінің, жоспарлау бөлімінің, еңбекті ұйымдастыру, экономикалық, қаржылық, өнеркәсіптік есеп пен статистика бөлімі, ауыл шаруашылығының зооинженер, экономист, инженер-техникалық мамандары кіреді деп пайымдалды.

- отандық тарихты зерттеушілермен қатар әлеуметтанушы, философ ғалымдардың кеңестік кезеңдегі қарастырып отырған мәселеге байланысты көзқарастарын анықтап, мәселеге тарихи объективті тұрғыда баға бере отырып, методологиядағы бұрынғы формациялық көзқарастың ақ-қарасын ажыратып, жалпы өркениетті көзқарасты қолдайтындығын негіздеді. Өндірістік-техникалық интеллигенция тарихын зерттеуші ғалымдардың жалпы адамзаттық құндылықты мойындап, кеңестік тарих ғылымында қалыптасқан формациялық көзқарасқа қарағанда, бірте-бірте өркениетті көзқарасқа негізделген өзіндік әдістері мен методологиясы қалыптасқандығын дәйектеді;

- Кеңестік кезеңде өндірістік-техникалық интеллигенцияға мемлекет тарапынан идеологиялық бақылау жүйесінің орнығуы мәселесін зерттеуге жете мән берілді. Өндірістік-техникалық интеллигенцияға кеңестік кезеңде ұстанған саясатты кезең-кезеңмен қарастырды: кеңес өкіметі орнаған күннен бастап-ақ әлі қалыптаса қоймаған өндірістік-техникалық интеллигенцияның қатарын бұрынғы буржазиялық деп есептелген өндірістік-техникалық мамандарды кеңес өкіметі жағына тарту саясатының деректанудағы көрініс табуы анықталды; 1920-шы жылдарың соңындағы «шахта ісі» оқиғасынан кейінгі «кеңестік өндірістік-техникалық интеллигенцияны» қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылғандығын айқындап, аралық жік ретінде ғана қарап, осыдан бастап мемлекет тарапынан осы «өндірістік-техникалық интеллигенцияға» ұстанған саясаттың тарихнамада, деректануда көрініс табуы, сталиндік өктемдік саясат жылдарында бірыңғай ойлау, жеке басқа табынушылық әрекетінің тарихнамада зерттелуі, Хрущевтің билік басына келіп, саясаттың кішкене де болса жұмсарып, «жылымық жылдары» деп аталған кезеңде тарихнамада өндірістік-техникалық интеллигенцияның өз алдына бөлек әлеуметтік топ ретінде қарап, объективті зерттеуге көңіл бөле бастағандығы сараланды; тоқырау жылдарындағы партиялық өктемдік саясаттың және тоталитарлық басқару жүйесінің өндірістік-техникалық интеллигенцияға тигізген ықпалы; 1980-ші жылдардың ортасында М.С. Горбачевтің «қайта құру», «жариялылық» саясатының белең алуы тарихшыларға қолайлы жағдай туғызып, Кеңес мемлекеті мен партияның басшылық рөлінің әлсіреуі тарихнамаға да жаңа жол ашқандығын, зерттеулерде ең алдымен марксистік-лениндік методологиядан тазарып, мәселеге объективті түрде баға беріп, өркениетті көзқарас тұрғысында қарауға мүмкіндік берілгендігі сараланды;

- тарихшылардың жоғары және орта арнаулы оқу орындарында өндірістік-техникалық интеллигенция мамандарын даярлау тарихының зерттелуі жүйеленіп, ұлттық мамандарды даярлау тарихының зерттелуі қандай деңгейде екендігін айқындалып, «практиктер» жеткілікті деңгейде терең білімі жоқ болғанымен, кеңестік интеллигенцияны оның ішінде өндірістік-техникалық интеллигенцияны қалыптастырудың бір түріне айналғандығы, оған әртүрлі тарихи факторлардың, этникалық, географиялық, экономикалық, демографиялық т.б ықпалының тарихнамада зерделенуі; әсіресе «практиктердің» деректануда, тарихнамада қарастырылуы қандай деңгейде екендігінің объективті бейнесін көрсетті;

- Сонымен 1960-шы жылдардың ортасы мен 1980-ші жылдардағы тарихнамада жоғарғы мектепте өндірістік-техникалық интеллигенция мамандарын даярлау мәселесінің зерттелуі өзінің қомақты нәтижелігін көрсетті. Әсіресе, өндірістік-техникалық интеллигенцияны даярлау мен тәрбиелеудегі партияның басшылық рөлі қарастырылып, нақты фактілерге талдау жасалды Партиялық-идеологиялық насихаттың мықтылығы соншама, тарихшылар арнайы сүзгіден өткізілген мұрағат құжаттарын пайдаланғандықтан, орталықтағылар ұлттық тарихнамада қандай да болмасын ерекше шығармашылық ерекшеліктердің болмауын, өзіндік ғылыми концепциялардың тууына сын көзбен қарады.

1980-ші жылдардың ортасында басталған қайта құру тарих ғылымына жаңаша талаптар қоя бастады. Жариялылық нәтижесінде тарихнамадағы қатаң партиялық бақылау әлсіреді. Соның нәтижесінде жоғары мектеп тарихына қатысты мәселелерге ғылыми талдау жасап, зерттеуге үлкен мүмкіндік берілді. Оның ішінде Қазақстан өндірістік-техникалың интеллигенция тарихнамасын жаңаша түрде зерделеу – тарих ғылымының басты міндеттерінің біріне айналды. Қайта құру кезеңінің алғашқы жылдары айта қаларлықтай түбегейлі өзгерістер бола қоймаса да, орта кезеңінде партиялық басшылық қайта құруды шын мәнінде мойындай бастады.

- Қазақстан өндірістік-техникалық интеллигенциясының әлеуметтік дамуының тарихы зерттеліп, өндірістік-техникалық интеллигенцияның әлеуметтік жағынан жіктеліп, арнайы топ ретінде тарихнамада қарастырылуын бір жүйеге келтіріп, оның әлі де болса қалыптасу кезеңінде екендігі қарастырылды;

- Қазақстан өндірістік-техникалық интеллигенциясының кәсіби және қоғамдық-саяси қызметінің әр тарихи кезеңдегі көрінісі бет-бейнесі айқындалды, кеңес өкіметі кезеңінде лениндік, сталиндік саясаттың сойылын соққандығы анықталды;

- ауылшаруашылығының өндірістік-техникалық интеллигенциясының кәсіби және қоғамдық саяси қызметінің зерттелу ерекшеліктері қарастырылып, оның әр тарихи кезеңдердегі бағыттары айқындалды;

- 1917-1991 жылдар аралығындағы Қазақстан өндірістік-техникалық интеллигенциясының тарихнамасы аясы кеңейтіліп, оны зерттеудің түрлі әдіс-тәсілдері пайдаланылды. Соңғы кезеңде қоғам үш тапқа: жоғарғы, орта, төменгі тап болып бөлініп отырғанда, өндірістік-техникалық интеллигенцияның да осы үш тап қатарында алатын өзіндік орны бар екендігі, әсіресе орта тап құрамында оның санының едәуір басым екендігін айта отырып, әлеуметтанушы ғалымдардың оны зерттей отырып болашағын айқындайтын жолдарды көрсетіп отырғандығын көрсетеді;

- тақырыптың тәуелсіз Қазақстан жағдайында пайымдалуына тоқталады;

- Қазақстан өндірістік-техникалық интеллигенцияының тарихнамасы ауқымын толықтыру, кеңейту, тереңдету үшін әлі болса зерттейтін жақтары көп. Көптеген пікірталас тудыратын мәселелері де әлі болса орын алып отыр. Сондықтан мәселені кешенді түрде зерттеу қажет.

Зерттеу қорытындылары бойынша Қазақстан өндірістік-техникалық интеллигенциясының тарихнамасын интеллигенция тарихнамасынан ажыратып қарауға болмайды.



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы. – Астана: Фолиант, 2007. - 88 б.

2 Акназаров Х.З. Формирование социалистической интеллигенции: автореф. ... канд. филос. наук. - Алма-Ата, 1954. - 17 с.; Тастанов Ш.Ю. Формирование казахской советской интеллигенции (1917-1937 гг.): дис. ... канд. ист. наук. – М., 1952. - 255 с.

3 Карагусов Ж. Казахская советская интеллигенция, рожденная Октябрем. - Алма-Ата: Казгосиздат, 1960. - 142 с.

4 Дахшлейгер Г.Ф. Историография Советского Казахстана. - Алма-Ата: Наука, 1969. - 190 с.

5 Сулейменов Р.Б., Бисенов Х.И. Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов: (история строительства советской культуры Казахстана. 1917-1965). - Алма-Ата: Наука, 1967. - 424 с.

6 Янулов В.К. Историография истории рабочего класса, крестьянства и интеллигенции Казахстана в 1960-1970 гг: дис. ... канд. ист. наук. – Л., 1986. – 274 с.

7 Мухамеджанов Е.Х. Деятельность партийной организации Казахстана по созданию кадров производственно-технической интеллигенции. Ученые записки КарПТИ. - Караганда, 1962. - 358 с.; Мухамеджанов Е.Х. Улучшить подготовку инженерно-технических кадров // Народное хозяйство Казахстана. - 1962. - №8. - С. 57-60; Джагфаров Н.Р. Руководство Коммунистической партии Казахстана подготовкой и воспитанием производственно-технической интеллигенции республики (1950-1958 гг.) // Некоторые вопросы истории Коммунистической партии Советского Союза: Сб. аспирантских статей. – Ташкент: Фан, 1969. – 192 с.; Партийное руководство трудовым воспитанием студенческой молодежи // Труд и коммунизм. Октябрьские чтения. - М.: МГУ, 1974. – 413 с.

8 Абилев А.К. Некоторые вопросы подготовки и воспитанием кадров молодых специалистов в республике // Изв. АН. КазССР. - Серия общественных наук. - 1974. - №5. – С. 58-62.; Батырбеков М. Братская помощь Казахстану в подготовке инженерно-технических кадров // Вопросы истории Компартии Казахстана. - Алма-Ата: Казахстан, 1972. - Вып. 10. – 276 с.; Рудзянский Д.И. Обмен инженерно-техническими кадрами в условиях развитого социалистического общества (на примере Казахской и Узбекской ССР) // Изв. АН КазССР. - Серия общественных наук. - 1976. - №2. – С. 49-53.

9 Тастанов Ш.Ю. Советский опыт формирования и развития интеллигенции ранее отсталых народов (На примере Казахстана). - Алма-Ата: Казахстан, 1975. – 200 с.

10 Аженов М.С. Изменения социально-классовой структуры Казахстана в процессе коммунистического строительства. - Алма-Ата: Казахстан, 1973. – 156 с.; Ишмухамедов А. Рабочий класс и научно-техническая интеллигенция. - Алма-Ата: Казахстан, 1977. – 184 с.; Евдокимов И.И. Научно-технический прогресс и общественное развитие. - Алма-Ата: Казахстан, 1974. – 224 с.

11 Абдакимов А. Деятельность Коммунистической партии Казахстана по подготовке и воспитанию кадров производственно-технической интеллигенции в вузах и техникумах(1966-1970 гг.): автореф. ... канд. ист. наук. - Л., 1982. - 16 с.; Гуревич Л.Я. Деятельность Компартии Казахстана по коммунистическому воспитанию инженерно-технической интеллигенции (1971-1975 гг): автореф. ... канд. ист. наук. – Алма-Ата, 1982. - 28 с.

12 Харченко С.В. Деятельность Компартии Казахстана по повышению роли инженерно-технических работников в идейно-политическом воспитании трудящихся (1971-1980 гг.): автореф. ... канд. ист. наук. - Алма-Ата, 1985. - 26 с.

13 Калкаманов Б. Сельская интеллигенция – активный помощник партии в идеологической и культурно-массовой работе среди населения в 1956-1966 гг: автореф. ... канд. ист. наук. – Алма-Ата, 1971. - 23 с.

14 Полякова В.Т. Деятельность партийных организаций промышленных предприятий Казахстана по усилению роли ИТР в воспитании коллектива (1959-1965 гг.): автореф. ... канд. ист. наук. - М., 1976. – 26 с.

15 Рыбакова О.В. Инженерно-техническая интеллигенция на современном этапе развития социализма (на материалах Казахстана): автореф. ... канд. филос. наук. – Алма-Ата, 1985. - 23 с.

16 Назханов Т.К. Развитие творческой деятельности инженерно-технической интеллигенции – важный фактор ускорения социально-экономического развития социалистического общества (на материалах промышленных предприятий Казахстана): автореф. ... канд. филос. наук. - Киев, 1988. - 24 с.

17 Әбубәкіров С.С. Қазақстан инженер-техникалық интеллигенциясы. -Алматы: Ғылым, 1989. - 136 б.

18 Шайхимова И. К вопросу об истории национальной интеллигенции. В кн.: О прошлом для будущего (некоторые актуальные проблемы истории компартии Казахстана в свете гласности). - Алма-Ата: Казахстан, 1990. - 256 с.; Ауанасова А.М. Национальная интеллигенция Казахстана в первые годы советской власти (1917-1923)гг): автореф. ... канд. ист. наук. - Бишкек, 1993. - 23 с.

19 Абжанов Х.М., Гуревич Л.Я. Интеллигенция Казахстана. История, теория, современность. – Алматы: ОНИОН АН Казахской ССР, 1991. - 51 с; Әбжанов Х.М., Әлпейісов Ә. Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы. Республикалық мәдениет қызметкерлерінің мамандығын арттыру институты. - Алматы, 1992. - 127 б.

20 Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски. – Алматы: Ғылым, 2000. - Т.1. - 420 с.

21 Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. - 256 б.

22 Ирмуханов Б. Независимый Казахстан: новая ситуация // Казахстанская правда. - 1994, март – 31.

23 Абжаппарова. Б.Ж. Қазақстан инженер-техникалық интеллигенциясының республика өнеркәсібін дамытудағы рөлі (1961-1970 жж): тарих ғыл. канд. ... дис. - Алматы, 1993. - 156 б.; Абжанов Х.М. Сельская интеллигенция Казахстана: исторический опыт формирования и социальной практики (1946-1985 гг.): дис. ... докт. ист. наук. - Алматы, 1992. - 540 с.; Касабекова А.И. Қазақстанда ауыл шаруашылығының жоғары және орта білімді мамандарын даярлаудың саяси тарихи тәжірибелері (70-80 жж): тарих ғыл. канд. ... автореф. - Алматы, 1993. - 25 б.; Төлеубаева К.М. Қазақстанның ауыл шаруашылығы интеллигенциясы (1946-1965 жж.): тарих ғыл. канд. ... автореф. - Алматы, 1995. - 28 б.; Іліпов М.Т. Қазақстанның ауыл шаруашылық интеллигенциясы (1966-1990 жж.): тарих ғыл. канд. ... автореф. - Алматы, 1997. - 28 б.; Пірманов Ә., Қапаева А. Қазақ интеллигенциясы (Ұлттық интеллигенцияның қалыптасу тарихынан). – Алматы: Атамұра, 1997. – 160 б.; Смағұлова С.Ә. Ұлттық интеллигенция және ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы аграрлық мәселе: тарих ғыл. канд. ... автореф. - Алматы, 1999. – 25 б.; Берлібаев Е.Т. Қазақстан интеллигенциясының әлеуметтік-саяси белсенділігі (1985-1995 жж.): тарих ғыл. канд. ... автореф. - Алматы, 1999. - 31 б. Рысбекова С.Т. История социального развития интеллигенции Западного Казахстана (1965-1985 гг.): дис. ... канд. ист. наук. - Алматы, 1999. – 139 с.

24 Рысбекова С.Т. История социального развития интеллигенции Западного Казахстана (1965-1985 гг.): дис. ... канд. ист. наук. - Алматы, 1999. -139 с.

25 Мұсағалиева А.С. Халық ағарту Комиссариаты қорының құжаттары Республика зиялыларының қызметі мен көзқарасы жөніндегі дерек көзі (1920-1936 жж): тарих ғыл. канд. ... дис. - Алматы, 2000. - 181 б;

26 Нұрәлиев К.Ә. Қазақстандағы зиялылар қауымы: саны, құрамы, қызметі.(ХХ ғ. 70-80 жж.) .): тарих ғыл. канд. ... автореф. - Алматы, 1999. - 30 б.; Шаяхметов Н.У. Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағындағы қазақ зиялыларының қос төңкеріс пен азаматтық қарсы тұру жылдарындағы қоғамдық-саяси қызметі (Ақмола және Семей облыстарының материалдары бойынша. 1917-1920 жж.) .): тарих ғыл. канд. ... автореф. - Алматы, 2000. – 29 б.; Бурин Т.Ғ. Қазақстанның ғылыми-педагогикалық интеллигенциясы тарихының проблемалары (1970-1990 жж.): тарих ғыл. канд. ... дис. - Алматы, 2000. – 127 б.; Рахимжанова Г.Ж. Проблемы истории и историографии науки и научной интеллигенции Казахстана (1946-1991 гг): дис. ... канд. ист. наук. - Алматы, 2002. – 159 с.; Хабижанова Г, Валиханов Э., Кривков А. Русская демократическая интеллигенция в Казахстане второй половине ХІХ начале ХХ века. – М.: Русская книга, 2003. - 288 с. ; Дүкенбаева З.О. Қазақ шығармашылық интеллигенциясының тарихы (1917-1941 жж.): тарих ғыл. докт. ... автореф. - Алматы, 2004. - 51 б.

27 Сужиков Б.М. Казахская политическая элита и трансформация этнической тожденственности на рубеже ХІХ-ХХ вв. в зарубежной историграфии // Казахстан в начале ХХ века: методология, историография, источниковедение. – Алматы, 1993. - С. 82-96.

28 Есмағамбетов К.Л. Қазақтар шетел әдебиетінде. – Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994. - 240 б.

29 Несипбаева К.Р. Современная англо-американская историография русской экспансии и колонизации Центральной Азии (ХҮІІІ – начало ХХ вв.): автореф. ... докт. ист. наук. – Алматы, 1999. - 52 с.

30 Мұхатова О.Х. Қазақстандағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы (ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. ) .): тарих ғыл. докт. ... дис. - Алматы, 1999. - 355 б.

31 Жумашев Р.М. Историография становления и развития культуры Казахстана, 1936-1991 гг: автореф. ... докт. ист. наук. – М., 2004. - 46 с.

32 Таштемханова Р.М. История изучения Казахстана в Германии (вторая половина ХІХв. -1991 г.): автореф. ... докт. ист. наук. – Алматы, 2005. - 54 с.

33 Кадысова Р.Ж. Социалистическая модель модернизации в Казахстане (1917-1940 гг.): Советская и постсоветская историграфия: автореф. ... докт. ист. наук. – Алматы, 2005. - 50 с.

34 Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 388 бет.

35 Какенова Г.М. Историография истории научной и художественной интеллигенции Казахстана (1917-1991 гг.): автореф. ... докт. ист. наук. – Алматы, 2006. - 44 с.

36 Сексенбаева Г.А. Киножурнал «Советский Казахстан» как исторический источник. // Отан тарихы. - 2006. - №4. - С. 172-181.

37 Степанов Ю.С. «Жрец» нарекись, и знаменуйся: «Жертва» (К понятию «интеллигенция» в истории российского менталитета). // Русская интеллигенция. История и судьба. / Сост. Т.Б. Князевская. – М.: Наука, 1999. - 423 с.

38 Степанов Ю.С. Константы: Словарь русской культуры: Опыт исслед. - М.: Школа языки рус. культуры, 1997. – 824 с.

39 Подосинов А.В., Козлова Г.Г., Глухов А.А. Lingua Latina: Латинско-русский словарь. –М.: Флинта, Наука, 1998. - С. 156.

40 Кондаков И.В. К феноменологии русской интеллигенции. – В кн.:»Русская интеллигенция. История и судьба./ Сост. Т.Б. Князевская. – М.: Наука, 1999. – 423 с.; Лукьянов А.В. Философия Иоганни Готлиба Фихте (1762-1814). – Оренбург: Издательский центр ОГАУ, 1997. - С. 105-107; Хайруллин Ф.Г. Гуманизация высшего технического образования как фактор духовно-нравственного воспроизводства инженерных кадров: дис. ... докт. социол. наук. – Уфа, 1998. – 380 с.; Бикбулатова А.Р. Сущность и формы самореализации национальной интеллигенции: автореф. ... канд. филос. наук. – Уфа: Изд-во БашГУ, 2001. - 21 с.

41 Фихте И.Г. Соч.: В. 2 т. – СПб.: Мифрил, 1993. – Т. 1. - 687 с.

42 Шеллинг Ф.В. Соч.: В 2т. – М.: Мысль, 1987. - Т. 1. – 637 с.

43 Гегель Г.Ф. Энциклопедия философских наук. – М.: Мысль, 1977. - Т. 3. - 471 с.

44 Карлов Н.В. Интеллигентна ли интеллигенция // Вопросы философии. -1998. - № 3. - С. 3-17.

45 Попова Г.А. К вопросу о происхождении и роли русской интеллигенциии в культурно-историческом процессе // Формирование профессиональной культуры будущего специалиста. Сборник статей и тезисов. / Под. ред. М.Ю. Ананченко П.Е. Овсянкина. – Архангельск: Издательство СГМУ, 2003. - С. 87-92.

46 Большая советская энциклопедия./ 3-е изд. - М.: Советская энциклопедия, 1972. - Т. 10. - С. 311-314.

47 Muller. O. Intersuchungen zur Geschichte eihes politisches Schlagwortes.Frankfurt, 1971.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет