Б. М. Демеуова әлем халықтарының тамақтану дәСТҮрлері мен мәдениеті



Pdf көрінісі
бет15/45
Дата23.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#187686
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
Демеуова-Б.М.-Әлем-халықтарының-тамақтану-дәстүрлері-мен-мәдениеті

 
Ө3БЕК ПАЛАУЫ
300 
г қой еті, 400 г күріш, 3 түйір сәбіз, бір үлкен пияз, 100 г май, 1 шай 
қасық, ұнтақталған қызыл бұрыш және кептіріліп,, ұнтақталған барбарис 
қоспасы, 2 кесе су.
Бұл палау арнайы ыдыс — қазанда басылады немесе қабырғасы қалың 
кастрюль де, шөген де, каз етін пісіретін ыдыс та /эмальданбаған/ жарай 
береді. Ыдыстың түбіне 2—2,5 см қалындықта май құйылады. Ол майдың тең 
жартысы өсімдік майы /зәйтүн, күнбағыс, күнжұт майлары/ да, екінші 
жартысы отты ба-сыңқырап қойып ерітілген сары май немесе мал майы болуы 
керек. Ерітілген майға алдымен ұсақтап туралған ет кесектері, одан кейін 
сақиналап туралған пияз және ұзыншалап туралған сәбіз салынады. Бұл 
өнімдердің ыдыс түбіне жабыспауы, әрине күіп те кетпеуі қажет. Еттің сырты 
қызғылт тартып қуырылғанда әлгі өнімдердің үстіне су құйылады. 
Дәмдеуішггер қосылып, жақсылап жуылған күріш салынады. Күріштің 
ұзынша дәнділері дұрыс. Оны мұқият тегістеп қойған жақсы. Бірақ басқа 


25 
өнімдермен араластырып жіберуге болмайды. Күріштің әрқашан бетінде 
жатқаны және бетінде 1 см су болғаны дұрыс. 
Палау ыдыстың қақпағы жабылмай басылады. Қақпақ күріш суды өзіне 
әбден сіңіріп, шашпа күйге келгенде ғана жабылады. Сөйтіп 15—20 минут от 
басылып қойылады. Палау дастарқанға үлкен табаққа салынып әкеледі. 
Табақта күрішінің астында, етінің үстінде жатуы керек. 
 
МЕЙІ3 САЛЫП БАСЫЛҒАН БУХАР ПАЛАУЫ 
1 кг күріш /5—6 адамға есептелгенде/, 150 г меіз, 250 г өсімдік майы, 2—
3 түйір пияз, 400 г сәбіз, тұз татымына карай..
Күріш күрмегінен тазартылып, 2 сағат суға салынып қойылады. Қазанға 
майды әбден қыздырып, оған ұзыншалап туралған сәбіз, сақиналап туралған 
пияз салынып, 10—15 минут қуырылады да 3—4 кесе қайнап тұрған су 
құйылып, жақсылап жуылған мейіз салынады. Сөйтіп 5—7 минут 
қайнатылады. 
Қүріш салынып, оны 1 см жауып жататындай су құйылады. Сонымен, 
күріш суды сіңірген бойда қазанның қақпағы тығыз жабылып, от басыңқырап 
қойылады да, тағы да 25 минут асылады. Дайын болған палау араластырылады 
да, табаққа үйіліп салынады. Дастарқанға шалқан салатымен, анармен бірге 
әкелінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет