Б. М. Демеуова әлем халықтарының тамақтану дәСТҮрлері мен мәдениеті



Pdf көрінісі
бет18/45
Дата23.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#187686
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
Байланысты:
Демеуова-Б.М.-Әлем-халықтарының-тамақтану-дәстүрлері-мен-мәдениеті

 
УГРА ОШИ /ет кеспе
Қойдың, немесе сиырдың. 500 г еті, 2 түйір пияз, 3—4 түйір помидор, 
жарты кесе томат пастасы, көк бұрыш бен тұз дәмі мен татымына қарай.
Иленген қамырдың бетін 10 минут жауып қояды. Содан соң оқтаумен 
жұқалап жайылып, үстіне ұн себіледі де, шиыршықталып , кеспе кесіледі.
Таза орамалға ұн себіліп , оның үстіне кесілген кеспе кептіру үшін жайылып 
тасталады.
Ет жуылады, сүйегінен сылынып, туралады да, кастрюльге салынады. 
Кастрюльге 3,5 л су құйылып, отқа қойылады. 
Жұмсақ етке пияз және көк қосылып, еттарқышпен тартылады. 
Тұздалып, бұрышталады. Жақсылап араластырылады да, шиенің мөлшеріндей
фрикаделькалар жасалып, аздап ұнға аунатылады. Сорпа қайнаған кезде 
кепсермен көбігі тұздалады. Сөйтіп үстіне фрикаделькала салынып , 20—2ғ 
минут қайнатылады. Содан соң, сорпаға кеспе салынады. Бірақ оны саларда 
сілкіп , ұның түсіру қажет. Әйтпесе сорпа күңгірт, тартып кетеді. Сорпа 
қайнап кеспе бетіне қөтерілгенде, отты басып, тағы да 2—-3 минут 
қайнатылады. Томат пастасы, помидор мен пияз қосылып, қуырылады да, 
кастрюльге кеспеден бұрын салынады.
Чузма лагман 
Қойдың
500 г жұмса еті, 200 г май, 2 түйір пияз, 2-3 түір помидор, 3—
4 картоп, 3—4 сәбіз, 150 
г 
қырыққабат, 100 г шалғам, 2 түір болғар бұрышы, 
2 дана лавр жапырағы, 1 дана қызыя бұрыш, тұз татымына, көк ә
ркімнің 
қ
алауына қарай. 
Қамырдан 25—30 г тартатындай домалақтар жасалып, екі алақанның, 
арасына салынады да, саусақтың, жуандығына 
жеткенше 
ысқыланады. 
Сөйтіп өсімдік майы жағылады. Содан соң екі ұшынан ұсталады. Ортасын 
бүктеме тақтайына тигізіп, екі қолды қатты сермеп ұрылады да, созылады. 
Бұдан кейін екі ұшын қайта-қайта қосып, тағы да ұрғылайды. Осылайша төрт 
рет қайталаған соң, ұзын болып созылған кеспе стол үстіне тасталады. Бұдан 
кеін ол қайнап жатқан тұзды суға асылып сүзгімен алынады да, салқын суға 
жақсылап жуылып, лағман ыдысына салынады. 
Тұздық былай дайындалады: 
май қатты қыздырылады, пияз соған 
қызарғанша қуырылады. Оның үстіне ұсақтап туралып, қара бұрышпен 
араластырылған сарымсақ, қосылады. Ол да пиязбен бір қуырылады. Туралған 
помидор бөліктерін қосқан соң тағы да 3-4 минут қуыру қажет. Осы 
өнімдердің үстінен ұсақтап туралған ет салынып, ол да құырылады. Содан
соң ұшбұрыштап тұралған сәбіз , шалғам , картоп ұсақтап кесілген қырыққабат 
пен болгар бұрышы араластырылып, бырі қазанға салынады да 


28 
жартылай дайын болғанша қуырылып, тұздалады. Лавр жаңғағы, қызыл 
бұрыш салынып, су құйылады да, 10-15 минут асылады. Осы дайын тұздық 
кеспенің үстіне құйылады. 
ЯХНА ГУШТ 
/ салқындатылған асқан ет/ 
500 г 
жұмсақ, ет, 2—3 түір шалқан ,, 1 дана қызыл бұрыштың 
жартысы, 
5 — 7 
түір бұрыш, 2—3 дана лавр жапырағы, бірнеше тал аскө, 
тұз татымына қарай.
Ет жуылып, тұтасымен шөген қазанға салынады да, үстіне 2 литр суық 
су құйылады, тұздалып, түір бұрыш, лавр жапырағы салынып, қызыл бұрыш 
себіледі. Сөйтіп қазанның қақпағы жабылып, қайнатылады. Қайнаған соң от 
басылады да, көбігін алады. 1—1,5 сағат асылады. Піскен ет қазаннан алынып, 
суытылады, жапырақталып туралады, сопақша ыдысқа салынады. Ет 
сорпасына алдын-ала дайындалған шалқан пісіріліп, суытылады, 
кесектеп 
туралған соң етті айналдыра орналастырылады, көкпен әрлендіріледі. Қалған
сорпа басқа сұйық ет тағамдарын дайын-дауға пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет