Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


Аңдатпа Орақ Жолмырзаұлы Алиевтің «Қазіргі ғылымды әсіреұғыну және пәндік тұрғыдан өзін-өзі ұғынуы



бет257/320
Дата06.02.2022
өлшемі28,25 Mb.
#34664
түріСборник
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   320
Аңдатпа
Орақ Жолмырзаұлы Алиевтің «Қазіргі ғылымды әсіреұғыну және пәндік тұрғыдан өзін-өзі ұғынуы» атты мақаласында қазіргі заманғы ғылымды қайта зерделеп ұғынудың қажеттігі мен жолдары қарастырылған. Ғылым туралы ғылым (ғылымтану) мәселелері де көтерілген.


Annotation
In this article of Urak Zholmyrzauly Aliyev «Metameaning and object selfmeaning of modern science» necessary of new meaning of science as a phenomena of spiritual production and some problems sciencelogy and innovation is considered.

ТҰЛҒАНЫҢ БЕЙІМДЕЛГІШ ҚАСИЕТТЕРІН НЫҒАЙТУДА
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ТІЛІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ


Тілеу Күзембайұлы Алимов

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының доценті, ф.ғ.к.





  1. Президент Н.Ә. Назарбаевтың мектеп қабырғасында білім алу барысында тұлға ретінде қалыптасу жайлары.

  2. Отбасы мен өскен ортаның ерекше қасиеттерінің қалыптасуына берген әсері туралы.

  3. Тіл мәдениеті және мемлекетті басқару шеберлігінің шындалуы жайлы.

  4. Қазақ мәдениеті және ислам дінінің ақиқаттары.

  5. Қазақ зиялыларымен мемлекет басшыларының президенттің елді басқару стилі мен өнегелік қасиеттері туралы ойлары.

Жақсы білім алу үшін мектептегі көзі; көкірегі ашық педагог мамандар оқушыларға өздері мол білім берумен қатар – олардың өздерінінде көптеген пәндерден қосымша ғалымдардың еңбектерімен танысып, өз беттерімен қажетті ғылыми ақиқаттарды ой түйіндерін, қорытындыларды іздестіріп, өзіндік пікірдің болуын талап етіп отырғандары туралы кітаптарда естелік ретінде жазылған.
Уақытында, яғни ХХ ғ. басында Үшқоңыр, Ұзынағаш аймағында үлкен тарихи оқиғалар болған.
Токаш Бокин сияқты қазақ халқының көрнекті мемлекет қайраткерлері шыққан. Ол халқымыздың адал ұлы болған, болашақта ел-жұртымыз бақытты өмір сүруі үшін қызмет еткен. Ол өзі ойшыл және өзінің шамасы келгенше кеңес өкіметін орнатуға атсалысқан азамат болған.
Мектепте сабақ беретін мұғалімдер қазақ халқының тарихында болған 1916 ж. Жетісу аймағындағы ұлт-азаттық көтерілістің себептерін және оның қалай болғанын; кімдер қандай ерлік көрсеткенін; қандай қызықты оқиғалар өткенін; сондай тарихи жағдайлардың кейінгі жастарды тәрбиелеуде қандай мәні бар екенін сипаттап беретінін қаскелеңнің мектебінде оқығандар естеріне алады. Оларға тарихи оқиғаларды әдебиет пәнінің мұғалімі Омаров Бекболат Әшекеев сабақта әңгіме айтып, оқушыларды қызықтырып отырған.
Алматы облысының Қаскелең қаласындағы Абай атындағы онжылдық мектеп-интернатта Н. Назарбаев оқыған. Осы аталған мектепте 1948 жылдан бері оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған әрі көптеген талантты шәкірттерге білім беріп тәрбиелеген ұлағатты ұстаз Сейтхан Ахметұлы Исаев жалпы осы мектептің білім берудегі қызметін айтудан жалықпайтын сөз шебер болған. Қаскелең қаласындағы мектепте мынандай атақты ұстаздар ел басшысына сабақ берген: Әбдірахман Байжанов (1948-1968 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарған) Сейтхан Исаев та 1948 жылдан бастап тарих пәнінен сабақ берген ұстаз, Уәли Игелманов 1945 жылдардан 1980 жылдарға дейін математикадан сабақ берген ұстаз. Әсет Асқаров биология пәнінің мұғалімі және одан да басқа осы аталған мектептің сол кездегі барлық түлектеріне білім берген Қабдолла-Гауһар Құлмағановтар, Бағман Кенжеков, Әзипа Сарыбаева, Қажыкен Қонқашбаев т.б. болғаны туралы мол мәліметтер бар. Өкінішке орай, аты аталған ұстаздардың көбісі қазіргі кезде жоқ. Егер олардың көзі тірі болғанда президент туралы қандай тамаша әңгіелер айтқан болар еді десеңізші. Мектеп қабырғасында Н.Ә. Назарбаевпен бірге оқыған сыныптастарына тарихтың небір қилы да күрделі сырларын тереңінен түсіндірген және қоғамдық ғылым пәндерінің ерекшеліктерін оның теориялық мәселелерін қызықты етіп баяндаған Сейітхан Исаев болған.
Кейініректе Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының хатшысы болып қызмет атқарып жүрген кездерінде туған жеріне келгенде Ә. Байжановпен кездесіп, ұстаз бен шәкірт мектептегі оқу-білім мәселелері туралы көп нәрселерді талқылап әрі өткен қызықты күндерін естеріне алып отырған.
Белгілі ардагер ұстаз Сейтхан Исаев Н. Назарбаевтың мектепте оқып жүргенде қандай ерекше қасиеттерімен көзге түскені туралы ойланып, бір кездескенде оның мейлінше білімге құштар, өзі алғыр, өте зерек, мінезі салмақты, достарының арасында абыройлы болғаны туралы әңгімелеген. Сол мектепте оқып жүргенде ерекше білімдарлығымен, өнерлілігімен аудан көлемінде атағы шыққанын әңгімелеген. Ал сонымен қатар ол мектептің қоғамдық жұмыстарына да белсене атсалысқан.
Нұрсұлтан Назарбаевпен бір сыныпта оқыған Зәрия Қуанышева, 10 сыныпта оқып жүргенде ол жоқ кезде жазу дәптерді ұрлап алып үйде жасаған тапсырмаларын ұл-қыздар көшіріп алатын еді деп еске алады. Бірге оқыған сыныптастарының айтуынша, ол сабаққа жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарап, білімнің қажеттілігін түсініп, әрі өзін құрбыларының арасында таныта білген.
Еліміздің басшысы ислам дінінің қағидаларын естеріне бекем сақтаған қалын қазақтың өскен. Көсемеміздің өмір баяның өмір жолын зерттеген жазушылардың жинақтаған нақтылық мәлеметтеріне қарағанда ислам дінің талабын шариғат заңын адамдар арасындағы қатынастар түралы өнегелік нормаларды жақсы білген. Бауыры Б. Әбішев өзінің «Аға» деген еңбегінде еліміздің басшысы Сауд Арабия еліне барғанда, қажылық кезіңде Аллаға қалай сыйынғаны туралы жазады. Сол қажылық сапар кезінде Фахд ас-Сауд қарсы алады. Сауд Арабия жеріндегі атақты ғимарат Әл-Масаджид әл Харам мешетіне барып құдретті қағбаны діни қағида бойынша жеті рет айналып өтіп, қаратасқа басын тигізіп, Аллаға сыйынып әрі халқымыздың бірлігі , бақыты, құт-берекесін тілегені түралы жазады.
Адамның шынайы ерекше белсенділік өміршенділік, адамгершілік, ата-ананы, туған-туысқанға деген сүйеспеншілік, үй тәрбиесінің дәстүрі, отанға, жерге, елге, ұлтқа, халыққа деген тарихи мәні бар қатынастардың алғашқы және барлық негіздері, үлгілері жастайынан отбасында қалыптасады.
Баланың, тіптен әрбір адам баласының ұлтына немесе нәсіліне, географиялық құрылымдарының қандай да бір айырмашылықтарына қарамастан, бүкіл өмірі мен алдағы болашағын оның қоғамда қандай адам болатынын жан-ұядан алған тәлім-тәрбиесі анықтайтынына күмән жоқ.
Қоршаған әлеуметтік ортаның, бірге жүретін достарының, әр түрлі әлеуметтік топтардың балаға беретін әсері бар. Бірақ олардың барлығы баланың дұрыс азамат болып өсуіне, оның көзқарасының өз ұлтының, отанның мақсатымен, мүддесімен сай келіп отырғаны абзал. XXI ғ. басындағы жастардың өзара бір-бірімен қарым-қатынастары, ұстаздарына деген көзқарастары сипаты жағынан қайшы болуы, тіптен қалыптасқан дәстүрлі тәртіпті бұзуға да баруы әбден мүмкін.
Қоғамға болашақта пайда әкелетін жастардың өркениетті ел қатарына қосылуына өзінің үлесін қосатын, білімге деген зор ынтасы бар, үнемі ізденісте болатын жасты қалыптастыруда жанұяның тәрбиесінің бірегей рухани тұрғыдан, идеялық жағынан бай болуы тиіс. Жанұяның сондай азаматты тәрбиелеуі үшін ата-ананың өздерінің де рухани мәдениеті мейлінше жетік және ондай құндылықтардың, ұлттық дәстүрдің үлгілерін өздері де мұқият зер салып жандүниелеріне бекітіп, негіздеп, толықтырып отыруы керек.
Қазіргі кездегі ағылшын ғалымдары – билік басындағы қызметкерлер тілдің қолдану жайына көп көңіл аудармайды – дейді. Шын мәнінде тілдің даму серпіні, қарқыны жалпы халықаралық саясат бақылауынан, өрісінен тіптен кеңірек болып келетіні өмір талабына сай – дейді.
Саясаттың белгілі бір табиғи даму жағдайлары қоғамның өзекті қағидалары мен теориялары арасындағы толассыз пікір таластардан тұрады. Сондықтан, бұл жерде қоғамдағы саясат тілі өте маңызды қызмет атқаратыны рас. Жастардың тіл мәдениеті, оның қызметтері қазіргі кездегі күрделі саясатты сипаттап қана қоймайды, ол сонымен қатар оның ішкі табиғатының бір бөлігіне айналады.
Қоғамның тарихи маңызды мәселелерін талқылау барысында әр түрлі сипаттағы пікір таластар өрбу барысында әр бір сөз нақтылы түрде саяси актіге айналуы мүмкін. Саясатты белгілі бір мекемелердің, арнаулы институттардың субъектілері өзекті мәселе ретінде талдағанда ол сонымен қатар жүретін әрі сөз өнері, белгілі бір деңгейдегі тіл мәдениеті адамның дүниетанымының әр қырлылығы. Міне, сонымен XXI ғ. саясат тілімен тікелей байланысты және ол оның даму құралы бола тұра, оның шеңберінен де кеңірек өзіндік маңыз көрсететін құбылыс.
Қазақтың дана ойшылы Абай Құнанбаев уақытында – көптің айтқан мадақтау сөзіне сенбе, тек қана өзіңнің қайратты еңбегің мен ақыл-парасатыңа сен – деді емес пе:
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар –
Еңбегің мен ақылың екі жақтап!

Осындай ойды ХХ ғасырда белгілі жазушы Хамит Ерғалиев былай жалғастырған еді:


Пейілге қоса нар талап қылса үстемдік
Жастарға тағылым саналы сақи үш кендік
Ақылды еңбек, әдеп пен білім біріксе,
Ортадан ондай дұшпан да таппас еш кемдік.

Міне, сонымен жалпы қазақ халқының ежелден келе жатқан даналықтарын қазіргі ұрпақтарда өздерінің күнделікті өмірде кеңінен пайдалануын Абай, Шәкәрім, Әлихан, Мағжан, Сәкен тағы басқалары да өсиет етіп қалдырған. Қазақ халқының ұлттық тілі ол мәңгілік асыл қазына және ол тікелей рухани мәдениеттің абсолюттік шындығы. Ол негізінде қазақтың табиғи ұлттық философиясының шындығы. Ал ХХ ғасырдың басындағы әрбір қазақ адал азаматы сол шындықтың болымдылығын одан әрі толықтыруы қажет. Тіл қызметі ол әлеуметтік қатынаспен байланыста болады. Қазақ тілінде сөйлеп, ойлап, қызмет ету әлеуметтік мәдениеттің бір ерекше көрінісі. Ежелден халқымыз тілдің аясын кенейте, жетілдіре отыра, ұлттық мәдениеттің маңызды ақиқаттарының сырын аша білген. Солай, халқымыздың тарихи-әлеуметтік танымы қалыптасып жоғары деңгейге жетті. ХХ ғасырдағы жаһандану үрдісі өмірдің әр саласында бой көрсетіп келеді. Жаһандану қазіргі кезде қазақ тілінің табиғи болмысын өзгертуі мүмкін. Жаһандану негізінде тек қана тілге зиян келтіріп қоймайды, сонымен қатар өмірдің әр жағына кері әсерлерін беріп, көптеген күтпеген келеңсіз жайларды тудырып, тіптен кейбір құндылықтарды мифке айналдырып жіберуі мүмкін. Сондықтан қазіргі кезден бастап жаһандану үдерісін дұрыс бағытқа қойып, оның күрделі мәселелерін барлық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін пайдаланып, оған шектеу қою қазақ зиялыларының бүгінгі тандағы кезек күттірмейтін міндеті.


Лидер қоғамның қандай бір даму, тіршілік ету кезеңі болмасын ол адамдардың қызметін біріктіріп, ұйымшылдықты арттырып, ұжымшылдықты қолдап, бойына біткен белсенділік қабілетін танытып, беделдік абыройына ие бола отыра, әр түрлі әлеуметтік топтардың, ағымдардың, бірлестіктердің мүдделерін, мұқтаждықтарын қанағаттандыруға және де солардың қызметтерінің жандануына әсер беретін субъекті – бейнысан.
Қоғамның саяси өмірінде лидер өзінің түпкілікті мақсатын тура түсініп, одан басқа бірге қызметтестер қандай үміт күтетінін, қандай нәтижелі істер атқаруды, талап ететінін біліп, ерекше жағдайлар қалыптасқанда оның мән-мағнасын алдын ала ойластырып, ақылға салып практикалық тәжірбиеге сүйеніп барлық нәрселердің арасалмақтарын анықтап, қандай әдістерді қолдана отырап оны қалай жемісті шешуге болатынын дұрыс болжамдап пайымдау керек.
Қазақтың өткен тарихында, ежелгі заманда ержүрек батырлар, өжет халықтың ауыр қамын ойлаған ерлер, ізгілікті істер істеу үшін бар күш-қуаттарын жұмсап, қыруар қатерлерден аман өтіп олар-жетті басты жалмауыздармен, жалғыз көзді дәулермен, мыстан кемпірмен, жезтырнақпен қорқау қасқырлармен жан тәнімен арпалысып өздерінің ізгі мақсат-мұраттарына жетіп ұлағатты істер атқарады. Олар сонымен алып күш иелері әрі сондай жалпы елінің бүгіні мен болашағына көз жіберіп басын өлімге тіккен сүйіскті азаматтары өткен заманда аз болмаған. Міне сондай тарихи тұлғалар туралы ұлы данышпан Мұхтар Әуезов өзінің шығармаларында жазған. Ал қазіргі заманда да жоғары да айтылған еліміздің сүйікті ұлдары бабалардың дәстүрін бүгінгі күнге дейін жалғастырып келеді (М. Әуезов. Қазақ ауыз әдебиеті. – Алматы: Жазушы, 1985. – 390 б.).
Бүкіл әлемнің зиялыларына белгілі Қайқауыстың өзінің ұлы Гиланшахқа арнап 1082-83 жазған «Кабуснама» атты еңбегінің былай деп аталатын тарауында, яғни «Падишалықтың шарттары мен әдеті туралы» бөлімін оқығанда мынандай зор даналықпен айтылған қағидаларды кездестіреміз: «Ей, перзентім, егер падиша болсаң, өзіңді жаман істерден аулақ ұстай білген. Жан дүниең таза болсың. Әр істі бастасан ақылдың бұйрығына сүйеніп баста, ақылға сыймайтын іске қол ұрма. Падишаның ақылшылары – уәзірлері олармен ойласып жұмыс істе. Көңілің істі ұнатса, жұмысты қалай аяқтауды ойлағын!». Осындай ежелгі шығыс халқының дана ойшылдары айтқан ұлы өсиеттерді Абай, Шәкәрім, Жамбыл, Сүйінбай, Ілияс тағы басқалары жақсы білген. Сонымен қазақ халқының рухани дүниесі шығыс мәдениетімен тығыз байланысты екеніне күмән келтіруге болмайды.
Қазіргі кездегі еліміздің зиялылары жоғарыда келтірілген рухани құндылықтың ережелерін өздерінің өмірінде және қызметтерінде басшылыққа алып отырады деуге де негіз бар.
Қазақ сахарасында XXI ғасырдың басында тіптен басқаша жағдай қалыптасып, бүгінгі әлеуметтік шындықтың жай-күйді, тыныс-тіршілікті және адам өзінің іс-әрекеттерінде өздерінің әрқырлы қабілеттерін танытып алдыңғы өркениетті елдердегідей қандай да болса жаңаша мейлінше көрнекті, ауқымды тарихи-әлеуметтік мәні бар істер атқаруды өмірдің өзі талап етеді.
Шығыстың атақты энциклопедиялық ойлау қабілеті болған философ-ғалымы Әл-Фараби өзінің «Мемлекеттік қызметкерлер афоризмдері», «Ізгілікті қала тұрғындары» т.б. еңбектерінде мемлекеттік қызметкерлердің қандай негізгі өнегелік қасиеттері болуға тиісті екені туралы толымды ойлар айтқан. Әл-Фарабидің пайымдауы бойынша, саяси қайраткердің болжағыштық, көрегендік, алғырлық, ұлылықтық мінез, айрықша пайымдаушылық, өзгешелік, мейрімділік, ақиқатты таңдаушылық, анық ой, мәнерлі тіл өнері, шешен, асқақ рухтық қасиет және шынайы ізгілік, батылдық сияқты қабілеттері болу керек деген.
Уақытында Әл-Фараби ерекше атап көрсеткен саяси қызметкер қабілетінің белгілері әлі күнге дейін өзінің маңызын жоймаған.
Қазақ халқының тарихында не бір ауыр да қиын қыстау жағдайлар болғанда беделді, сөзге шешен дана және халықтың қамын, намысын, бірлігін ойлайтын тұлғалар қажет болып тұрған.
Топтан озып шығатын, ерекше қабілетін танытатын Төле би, Әйтеке би, қаз дауысты Қазыбек би, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Сырым Датов, Амангелді Иманов, Абай Құнанбаев, Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин сияқты мыңнан жүйріктер мен асқақ мұратқа ұмтылған дара тұлғалар болған. Міне сондай ұлы қайраткерлер ұлтымыздың бірлігін сақтап, мәдениетін дамытуға өздерінің сүбелі үлестерін қосқан
Қазақ мәдениетінің тарихында ел билеген қайраткер болумен қатар «Жеті жарғы» әдет заңын шығарушылардың көрнекті өкілі болған. Олар өз заманында қазіргі кездегі Ташкент, қаласында билік жүргізіп өзінің табиғи таланттылығын танытып қазақ қауымдастықтарының бірлігін арттыруға ықпал еткен
Төле би бабамыз халық даналығын бойына сіңіре білген, әрбір тарихи жағдайлардың мән жайына тереңінен ой жібере отырып, туғаннан өте сезімтал ерекше тапқырлығымен, ұсатмдылығымен, алғырлығымен жауапкершіліктің қыр-сырын ұғатын және барлық тарихи оқиғаларды парасатылықпен сараптай білетін қабілетті тұлға болғанын уақытысында Бұхар жырауда білген.
Төле бидің ел қамын ойлап тынымсыз еңбек етіп әрі ол өзі қазақ халқының дәстүрін жалғастыра білген атақты шешен ойшыл, қабілетті қайраткер екеніне еліміздің зиялылары оған мынандай сипаттама береді: «Төле өзінің алдыңдағы түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би деген ел арасында мақал болған, хан біткеннің қазығы, қара бұқараның азығы атанып, кедей-кембалдарға пана, қамқор болған Майқы би, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Жиренше шешендердің сарқыты еді».
Қазіргі заманғы батыстың саясаттану ғылымының ең актуалды проблемаларының бірі ол лидерліктің жағдай концепциясы. Осы аталған жағдайдың мәні мен негізгі атқаратын қызметтерінің маңызын жағдай анықтайды.
Қандай қоғам болса да қазіргі таңда қайшылығы мол, кейде шиеленіскен табиғаты күрделі болатыны айдан анық. Міне осындай жағдайда шындығында адамның лидерлік қасиеттерін, адамға деген қатынастарын көптеген қоғамның жағдайлары мен адамдық фактірлері өзінің ықпалын береді немесе солардан туындайтын заңды салдардың сипатын анықтайтыны хақ.
Басқа өркениетті елдердегі сияқты Қазақстанда да саяси және басқа да жағдайлар толассыз өзгеріп отырады, ал соған сай лидерді таңдау да күрделенеді, оған қоятын талапта артады. Сондықтан ол өзі де қабілетінің мәдениетін жетілдіріп отыруға тиісті. Лидердің рухани болмысындағы мәңгілік берілген барлық қажетті қасиеттер өзгеріссіз қалып қоюға тиісті емес. Сол сияқты ондай қоғамдағы тарихи мәні бар лидерлік қасиеттер догмалардың жиынтығы емес. Негізінде әлемдік саясаттану ғылымының тарихында лидерліктің әлеуметтік жағдайының мәселелерін зерттеген атақты ойшылдар олар – Т. Хилтон, А. Голднер, Р. Стогдил.
Ал Қазақстанда бұл мәселемен айналысатын белгілі саясаттанушы Р.К. Қадыржанов, Д. Жамбылов, Ж. Жүнісова т.б. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін жалпы саясаттану ғылымы және соның негізгі ғылыми аспектілермен байланысты лидерлік қабілеттің оның кең түрдегі бір маңызды құрылымы ретінде өнегелік мәдениет те ерекше өнердің жарқын көрінісі ретінде жан-жақты зерттеліп келеді. Қазақстандық ғалымдар бұл мәселені алдағы уақыттарда да зерттей беруге тиіс.
Қазақ қоғамының тарихында лидерлік мәселе бұрында өзекті мәселе болып келгені даусыз. Ал қазақтың ұлы тұлғаларының қандай лидерлік қасиеттері болғаны және оның қазір реалдық өмірде оның алтын орны түгелімен толық зерттелген деп айту қиын.
ХХ ғ. басында елімізде қандай қоғамдық даму жолын таңдауымыз керек деген сұраққа – алаш партиясының ұлы тұлғалары: А. Бөкейханов, М. Шоқай, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және солармен қатар Т. Рысқұлов С. Сейфуллин т.б. жауап іздеген.
Қазақтан тарихында алаштың атақты зиялылары еліміздің әлеуметтік өмірінің өте күрделі де өтпелі кезеңдегі жайын ойлаумен қатар өздері де лидерлік қасиеттерін шындайтыны өмірдін өзінің туындайтын қажетілік.
Мысалы Мұстафа Шоқайды алатын болсақ, қазіргі ғалымдарымыз оның атқарған саяси және т.б. қызметтерін зерттеп, оның тұлғалық мінез-құлықтарын, табиғатына тән өзгешеліктерін, тайсалмайтын табанды қасиетін, көрегенділіктерін зерттеуде. Қазақтың зиялылары М. Шоқайдың ұлттық мәдениетке қосқан үлесін өздерінің шығармаларында орынды көрсеткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет