Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӨРКЕНДЕУДІ



бет275/320
Дата06.02.2022
өлшемі28,25 Mb.
#34664
түріСборник
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   320
ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӨРКЕНДЕУДІ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ӘДІСНАМАНЫҢ РӨЛІ


Ә. Хожамұратова*, Д.Ө. Құсайнов**

*Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ ізденушісі,


**философия ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры


Кіріспе. Қазіргі кездегі әлемнің алпауыт елдеріндегі болып жатқан экономикалық дағдарыстардың әсерлері біздің мемлекетімізге де кері ықпалдарын тигізуде. Сондықтан да, қазіргі жүріп жатқан батыс елдерінің экономикалық дағдарысының кері әсерлерін бәсеңдету үшін, оған төтеп беру үшін, осы үдерістердің объективтік себептерін зерттеп, олардың заңдылықтарын дұрыс түсініп, себеп салдарларын игеру үшін жан-жақты жетілген, заман талаптарына сай ғылыми әдіснама қажет. Сол себептен қазіргі қоғамнаң саяси- әлеуметтік дамуының негізі болып есептелетін Қазақстан Республикасының экономикалық өрлеуін заман талаптарына сай қалыптастырғанда ғана біз жаңа онжылдыққа жоспарланған экономикалық өрлеуді реалдылыққа айналдыра аламыз. Оның қайнар көзі әлемнің өркениетті елдеріндегідей индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге асыру. Басқаша айтсақ алдыңғы қатарлы елдердегідей дамығын ғылым жетістіктерін өндірісте қолданылып отырғын жаңа технологияларға кіргізу арқылы, оларды күнбе-күнгі материалдық өндіріске енгізу, ел экономикасын тек қана шикізат қорына тәуелді қылмай, отандық кәсіпорындарғы халық тұтынатын тауарларды өңдеу үдерісін іске асыруды жетілдіру мәселелері қазіргі еліміздің ең өзекті мәселелерінің бірі.
Осы айтқан ойымыздың дәлелі ретінде Қазақстан Республикасы президенті Н.А. Назарбаев Қазақстан халқына биылғы жолдауында былай деді: «Менің тапсырмам бойынша Үкімет жедел индустриялық – инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын және елді индустрияландырудың егжей-тегжейлі картасын әзірледі. Бұл құжат – таяуда бес жылда біз нені, қайда және қашан салатынымыздың толық іс-қимыл жоспары» [1]. Ал енді индустриалды-инновациялық даму тек қана толыққанды ғылыми зерттеулердің көмегімен ғана жүзеге асырылатыны белгілі. Ол үшін біз қазіргі қазақ елінің білім беру жүйесінің, оның негізінде білікті мамандар дайындауды, ғылыми зерттеу институттарының жұмысын жетілдіруді, олардың жүргізіп жатқан іргелі зерттеулерін жаңа талаптарға сай дәрежеде ұйымдастыру қажет деп есептейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет