Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


§ 1. Индустриалды-инновациялық өркендеудің әдіснамасы



бет276/320
Дата06.02.2022
өлшемі28,25 Mb.
#34664
түріСборник
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   320
§ 1. Индустриалды-инновациялық өркендеудің әдіснамасы

Индустриалды-инновациялық өркендеуді ғылыми техникалық, технологиялық жетістіктердің көмегінсіз жүзеге асыру мүмкін емес, ал жаратылыс тану ғылымдарының зерттеу негізінде қазіргі философияның жаңа бағыты – ғылым мен техниканың философиясы мамандығы бастамалық функцияға ие. Осы бағытта егемен еліміздің 09.00.08 – ғылым мен техника философиясы мамандығы бойынша еңбек етіп жүрген философия ғылымдарының докторы Әубәкір Дәуренбек Әзенұлының бұл саланың дамуына қосқан үлесі өте зор. Ақпараттық қоғам жетістіктерінің арқасында әлеуметтік үдерістермен ғылым прогрессін жалпы адамзаттық құндылықтар мен байланыстыра отырып олардың арасында гармонияны жүзеге асыру мәселелері ғалымның көптеген іргелі ғылыми зерттеулерінде шешімін табады. Қазақстан философтарының ғалымның еңбектеріне берген бағалауларына қарайтын болсақ профессор Әубәкір философияның осы бағытында жаңа бастамалық қадамдар жасағаны мойындалуда. Өзі саналы өмірін республикамыздың жоғарғы оқу орындарында еңбек етуге арнағандықтан білім берудің әдіснамасы және ғылыми зерттеулер әдіснамасы мәселелеріне арнады. Сондықтанда біз осы мәселені кеңірек ашуға тырысамыз.


Ал енді осы мақалада қарастырылып отырған мәселенің шешілуінің бір қыры, аспектісі білімнің қалыптасып жетілуі мен білім беру жүйесін реформалап олардың философиялық әдіснамалық бастамаларын ашып ғылыми сараптау жүргізуді жөн көрдік. Себебі, инновациялық жетістіктердің негізі әрқашанда дұрыста, орынды пайдаланылған ғылыми әдіснама болып есептеледі. Елімізді индустрияландыру ғылым мен білімсіз мүмкін емес екендігі аксиома.
Қазіргі әлемде жүріп жатқан ғаламдану үдерісінің әсерінен Қазақстан Республикасының ғылымы мен білім беру жүйесі де көптеген өзгерістерге түсіп отыр. Өмір талабына сай болу үшін әлемдік білім беру жүйесінің өміршең жақтарын игере отырып бұл бағытта көптеген зерттеулер жүргізілуде. Егерде қазіргі Қазақстандағы ғылым мен білім беру жүйесін тереңірек қарастырып оның мәні мен мазмұнын айқара ашып талдайтын болсақ, ол үшін біз бұл бағыттағы әдіснамалық ұстанымдардың негізгі бағыттары мен нысандарын білуіміз керек. Заман талабына сай жасалған қазіргі білім беру жүйесі төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:
- формалды білім беру, арнайы институттандырылған формаларда жүзеге асырылады (коледждер, жоғарғы оқу орындары, оқытушылардың білімдерін жоғарылату жүйесі);
- формалды емес білім беру, білім берушілердің тәжірибе алмасуы барысында жүзеге асырылады (әдіскерлік ұйымдар, ұстаздар ассоциациясы, әртүрлі әдіскерлік жобалар), жұмыс орнында оқыту т.с.с.
- информалды білім беру, немесе барлық қоғамның білім беру мүмкіндігін қолдану (бұқаралық ақпарат құралдары, музейлер, кітапханалар, ұстаздар қатысатын саяси үдеріс).
Қазіргі Қазақстандық білім беру жүйесіндегі әдіснамалық зерттеулердің өзектілене түсуі, бұл бағыттың терең тамырларына көз жүгіртудің қажеттілігінен туып отыр. Еліміздің кешегі тарихи-мәдени үрдістерінде білім алу, білім беру қандай тәсілдермен, әдістермен жүзеге асты, оның қандай ерекшеліктері болды, білім жүйелерінің түсініктік-категориялық апаратының генезисі қалай қалыптасты деген сұрақтарға жауап іздей отырып біз бүгінгі күн қажеттіктеріне сай білім беру жүйесінің өзгеру механизімдерін көріп, оның мәнін түсіне аламыз. Мысалы Г.К. Ахметованың Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесіне қалыптасу тарихына арналған еңбегін алатын болсақ онда негізгі категория ретінде «білім беру идеалы» түсінігі алынған [2]. Басқа зерттеулерді қарастырғанда көз жеткізгеніміз «білім беру әдісі», «білім беру үдерісін қатысушыларының субьектілік дәрежесі», «білімді басқарудың сипаты» т.с.с. түсініктер жиі қолданылған.
Философиялық энциклопедиялық сөздікте әдіснама түсінігіне мынандай анықтама берілген: «теориялық және тәжірибелік іс-әрекетті құру және ұйымдастыру принциптері мен әдістерінің жүйесі» [3, 365 б] Әдіснама – ғылыми танымдық іс-әрекетің теориясы, ол ғылыми таным әдістерін қалыптастыруға бағытталған. Ол гносеология жалпы таным теориясының құрамдас бөлігі болып есептеледі, таным әдістері мен зерттеу тәсілдерін қалыптастыратын ілім. Соңғы кездерге дейін әдіснама тек қана теориялық ғылымда ғана қолданылады деген түсініктер қалыптасып келеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеулер әдіснаманы тәжірибелік іс-әрекет, ойындық әдістің әдіснамасы, жоспарлау іс-әрекеттің әдіснамасы сияқты бағыттарда қолданыс таба бастады. Осы зерттеулердің нәтижесінде біз әдіснаманы әртүрлі іс-әрекетті ұйымдастыру, жобалау, жоспарлау әдісі, тәсілдері ретінде қалыптасқан ілім ретінде де қолданатын болдық [4].
Мемлекеттік қажеттілік пен мәдени-әлеуметтік даму ерекшеліктеріне байланысты әдіснамалық бағыттар мен нысандар әртүрлі болуы мүмкін, яғни әдіснамалық бағытты таңдау әрқашанда өмір тәжірбиесінің қажеттігінен туындайды, ол саяси-әлеуметтік, экономикалық қажеттіктердің аясында қалыптасады.
Бүгінгі таңда көптеген зерттеушілер атап көрсеткендей (О.М. Анисимов, Г.С. Батищев, Г.С. Габор және т.б.) кейбір студент жастарда рухани қажеттілікке деген сұраныстардың өте төмен екендігіне көз жеткізуге болады, соның салдары ретінде ойлау мәдениетінің төмендігі; өзін-өзі білімге жетелеудің жоқтығы, тұлғалық мүмкіндіктеріңді толығымен пайдалана алмау сияқты кемшіліктер кездесіп отыр. Бұл бізге студент жастарда гуманитарлық білімдерінің тапшы екендігін көрсетеді. Осы себептерге байланысты зерттеуші М.А. Абрамова мәдениет мәселелеріне тәрбие жүиесінің қай сатысында болмасын аса зор көңіл бөлу қажеттігін айта отырып, оның төмендегі себептерін көрсетеді, қажеттілік аспектілеріне тоқталады:
- мәдениет феноменін әлеуметтік болмыстың барлық қырларын қамтитын құбылыс ретінде мойындау;
- әлемдік және локалдық мәдениеттердің сұқбаттасуын үдеріс ретінде мойындау;
- әлеуметтік-мәдени үдерістердегі гуманитарлық басымдылық парадигмасын қалыптастыратын күш ретінде мойындау;
- тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беруге көшуді жүзеге асыратын құбылыс екенін мойындау арқылы ғана мәдениет білім беру үдерісінде өзінің әділ орынын ала алады.
Қазіргі таңда антропологияның жетістіктері адамды үш өлшемде көрсетеді – табиғи, әлеуметтік және мәдени болмыс ретінде. Орыс философтары дамытқан адам концепциясында адам рухани мәнге мәдениетті игере отырып, оны жасай отырып қана қол жеткізе алады, яғни адамның мәдениеттік мәні оның, тұлға ретінде қалыптасуының жүйесін жасаушы компоненті болып есептеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет